Жетекші идеясы: мектептегі оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру шынайы этнос субъектісін қалыптастырады.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша философтардың, ғалымтанушылардың, әдіснамашылардың, педагогтардың, психологтардың ғылыми еңбектері, ҚР Конститутциясы, «Білім туралы», «Мәдениет туралы», «Тілдер туралы» заңдары, ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік тұжырымдамасы, ҚР этномәдени білім беру, гуманитарлық білім беру тұжырымдамалары, этнопедагогикалық білім беру, ҚР білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептер практикасы, этнопедагогика саласындағы ғылыми нәтижелер мен озат педагогикалық тәжірибелер.
Зерттеудің жаңалығы:
білім мазмұнына ұлттық құндылықтарды, халықтық білімдерді ендіру, арнайы курстар мен арнайы пәндер арқылы жүргізіледі;
мектеп және мектептен тыс тәрбие үрдісін этнопедагогикалық идеялар мен тұжырымдамалар негізінде құру сыныптан тыс үйірмелер жұмыстары арқылы ұйымдастырылады;
отбасы тәрбиесін этнопедагогикалық негізде құру ата-аналармен жұмыс жүргізу арқылы іске асады.
І. Оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландырудың теориялық негіздері
Достарыңызбен бөлісу: |