Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті



бет86/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

2.3 Орфографиялық талдау
Грамматикалық талдау ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Жазбаша жүргізілетін талдаудың қай түрінде (фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік) болмасын орфографиялық сипат болады. Өйткені жазбаша грамматикалық талдау қазақ тілінде жүргізілетін жазбаша жұмыстардың маңызды бір түрі болып саналады.
Жазбаша грамматикалық талдау жүргізуді ұйымдастырылуда мыналар ескерілуі керек.

  1. морфологиялық толық талдау жасау үшін көптеген графалар
    сызуға тура келетіндіктен (түбір, қосымша-жалғау түрлері, жақтар мен
    шақтар т.б.), дәптердің тек бір бетін ғана емес, екі бетін бірдей пайдалану
    тиімді. Кейде дәптердің екі бетін бірдей тиімді пайдалануды былайша
    үйымдастыруға болады: дәптердің бір бетіне талданатын текст жазылады, оң
    жақтағы бетіне талдау жүргізіледі.

  2. Грамматикалық талдау жасауға дәптер парағының шетіндегі ақ
    жиекті пайдалануға болады. Егер текстен шылауларды талдап жазу керек болса, текст дәптерге әдеттегідей жазылады да, ақ жиекке шылаулар (мен, және, бірақ т.б.) теріліп жазылады.

Орфографиялық талдауға да, негізінен, грамматикалық талдауға қойылатын талаптар қойылады. Көлем жағынан да, мақсаты, орындалу тәсілі жағынан да орфографиялық талдау грамматикалық талдауға ұқсас және фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар кейде орфографиялық мақсатты да шешуге көмектеседі. Фонетика мектепте өзінше курс болмай, грамматикаға қосыла оқытылатыны сияқты орфографиялық талдау да фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктермен өтіліп отырады.
Сөз тұлғасын талдау кезінде лексикалық жұмыстың мынадай түрлері ескеріліп отыруы тиіс:
А) оқушылар талдап отырған сөздің мағынасын анықтап отыруы;
ә) оқушылардың сөздік қорын толықтыру;
б) өздері білетін сөздік қорын тиімді пайдалануға дағдыландыру;
Сөздерді тұлғасына қарай морфлогиялық талдау да мыналарға басты назар аударылады:

  1. Берілген сөздің негізгі түбірін тауып, оның мәнін анықтау.

  2. Сол түбірден бірнеше сөз өрбіту.

  3. Сөз қатыстырып сөйлем құрау.

  4. Түбірлес сөздерге ортақнегізгі түбірді табу.

  1. Сөздердің құрамына қарай (қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз)
    қалай жасалып тұрғандығын анықтау.

  2. Түбірге қосымшалар қосылудағы орфографиялык
    заңдылықтарды аңғарту.

Сөз таптарына байланысты морфологиялық талдау кезінде: А) әуелі сөздің қай табына жататындығы айтылады; ә) сөздің қандай мағына беріп тұрғандығы ашылады;
б) формалық белгілері көрсетіледі;
в) сөз таптарының түрленуі кезіндегі формалық құбылыскд қарай
орфографиялық ерекшеліктердің дұрыс сақталуына назар аударылады.
Грамматикалық (морфологиялық) талдау талданып отырған сөздің қай сөз табына жататындығын табумен шектелмейді, сонымен бірге синтаксистік қызметі де ашылады. Мәселен, сөйлемдегі сөздер сөйлем мүшелеріне синтаксистік талдау кезінде қай сөз табынан жасалып тұрғандығын айту талап етіледі.
Грамматикалық-орфографиялық талдау сауатты жазуды қамтамасыз ететін бірден-бір жұмыс түрі емес. Ол - білім мен дағды аралығындағы жұмыс түрлерінің бірі ғана. Жазбаша орфографиялық жаттығулар ретінде талдау — көшіріп жазу, диктант және басқа жұмыстарда қолданылады. Грамматикалық-орфографиялық талдау жүргізудің мынадай түрі де озат мұғалімдер тәжірибесінен орын алып жүр. Мұғалім сөйлемді оқиды, ал оқушылар сол сөйлемді талдайды. Мұнда талданған текст окушылар алдында әзір тұрған жоқ. Талдаудың мұндай түрі оқушылардыңесту қабілетін арттыруға көмектеседі,сөздің айтылуы мен жазылуы арасындағы ерекшеліктерді аңғартады. Талдаудың тағы бір жолыдайын карточкабойынша талдауболып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет