Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Алаш қайраткерлерінің болашақ тәуелсіз мемлекет құрылымы туралы көзқарасы


Мемлекеттік Думада ұлт мүддесін қорғай алатын, қазақтың жоғынжоқтап, тілегін жеткізетін бірден-бір адам екеніне халқы сенсе керек



бет7/8
Дата31.05.2024
өлшемі275.38 Kb.
#502141
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
дипломдық жұмыс арман

Мемлекеттік Думада ұлт мүддесін қорғай алатын, қазақтың жоғынжоқтап, тілегін жеткізетін бірден-бір адам екеніне халқы сенсе керек» – деп жазды.Бөкейханов ұлттық мүддеге қатысты ойларын жалпы мемлекеттік деңгейде айтуға мүмкіндік алды. Оның Мемлекеттік Думадағы баяндамалары қоныстандыру саясатына, жер мәселесіне қатысты болатын, сонымен қатар далалы аймақтардабілім беру және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне де көп көңілаударды. Орыс шаруаларына су жағалауындағы құнарлы жерден 15 десятинадан жер бөлу,ал қазақтарға тура сондай көлемдегі жерді сусыз тақырдан берудің әділетсіз шешім екенінайтып шырылдады. Яғни, Ә.Бөкейханов сол кездегі өзге де қоғамдық қайраткерлер сияқтыпатша өкіметінің саясатын сынады. «Қазақ» газетінің 1913 ж. 30 қыркүйектегі 28-санындажарияланған «Жауапхат» атты мақалаларында «Степное положениенің» 120-бабына қосымшасында: «Қазақта нартық жерді алмақ. Бұлай болғанда, әуелі қазақты орнықтыру керекемес пе? «15-тен алсаң, жер белгілеймін, қазақ болып отырсаң, жерден күнде көшіремін»,- деп, қазақты күнде көшіріп отыр
48

. Осылай жұртты билеген патшалық бар ма екен? Біздің қазақ жерінен күнде көшіретін не жазып еді?» – деп сынайды1911-1915 жылдар аралығында Ә. Бөкейханов А.Ф. Керенскиймен үш мәрте кездесіп (1916 ж. Уақытша Үкіметтің басшысы болған), саяси мәселелердіталқылайды, онымен саяси билікке ие болған жағдайында Ресей құрамындағыҚазақстан автономиясын жасақтау туралы келіссөз жүргізеді.Ақпан төңкерісінен кейін Алаш қайраткерлерінің саяси белсенділігі арта түсті.1917 жылы 20 наурызда Уақытша үкімет ресейлік азаматтардың қандай да бір дінге, ұлтқақатысты шектеулерін жою туралы саяси шешім шығарды. Сол жылы 7 сәуірде бұрынғыТүркістан генерал-губернаторлығын басқаратын Түркістан комитетін құру туралы қаулышығарды. Комиет құрамына Ә.Бөкейханов, Н.Н. Щепкина, М.Тынышпаев, А.А. Даулетшина т.б. кірді. Осылайша, алғаш рет эсерлік-кадеттер партиялық блогына кіретін, көзқарастары үндес қазақ зиялы қауымының өкілдері Қазақстанды басқару органының құрамына кірді. Ә. Бөкейханов, М. Дулатов және М. Шоқаев бірігіп, Петроградтан 1917 жылдың12 сәуірінде жазған «Алаш ұлына» (Қазақ газеті, 1917. № 87) мақаласында ақпан революциясының идеяларын қолдап, жаңа өзгерістерге сай қазақ халқына пайдасы тиетін нақтысаяси қадамдар жасау қажеттілігін көтереді. Алайда, 1917 жылдың шілде айында қазақ зиялылары жердің сатылуын қолдап, ұлтавтономиясын мойындамайтын, діннің саясаттан бөлінуін құптамаған кадет партиясынаншығып, Алаш партиясын құруға кіріседі. Ә. Бөкейханов жерге жеке меншік құқығын беруүлкен қателік екенін атап айтады себебі бұл қазақтар үшін тиімсіз, ұлтқа кесірін тигізетін,қазақтардың жерден айырылуына әкеліп соғады. Сонымен қатар мемлекеттік құрылысқақатысты мәселелер бойынша да жаңа үкіметпен келіспейтінін көрсетеді. «Мен неге кадетпартиясынан шықтым?» атты мақаласында осындай жәйттер жазылған Бұл кезеңде Ә.Бөкейханов мемлекет формасы, жергілікті бостандық негізі, құқық, дін ісі, билік және сот,ел қорғау, салық, жұмысшылар жағдайы, ғылым-білім, жер мәселесі деген он түрлі қоғамдық мәселе бойынша нақты концепцияны демократиялық үлгіде әзірлейді. Бұл концепцияқазақ автономиясын жариялаған, елді президенттің билеуін қолдаған, жердің сатылмау принципін ұстанған Алаш партиясы бағдарламасына негіз болады.


49

1917 жылдың 21-26шілдесі аралығында Орынборда өткен бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» саяси партиясы құрылады, оның атқарушы комитеті сайланады. Оның жұмысына 6 облыстан – Ақмола,Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана облыстары мен Бөкей ордасынан өкілдер қатысады.Съезде А. Байтұрсынов пен М. Дулатов «



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет