Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi. Несие қамтамасыздығы



бет4/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#124599
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

1999 жылдың сәуірінде теңгенің еркін құбылатын айырбастау бағамы (ЕҚАБ) енгізілді. Бірнеше рет қоғамқабылдаған шаралар қазақстандық экспорттың қалпына келуіне және өндіріс артуын жаңғыртуға ықпал етті. Қазақстандық банктер енді посткеңестік кеңістіктегі өзінің көшбасшылығына нық келе жатты. 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі Халықаралық валюта қоры алдындағы барлық міндеттемесін – 390,5 млн. доллар – мерзімінен бұрын толық өтеді. Бұл әлемдік сенсация және елдің банктік жүйесі үшін кезеңдік сәт сияқты болды. 2001 жылы Қазкоммерцбанк елде бірінші болып қаржылық институттан – 7 жылға DEG неміс банкінен тікелей – үкімет кепілдігінсіз ұзақ мерзімді несие алды. Елге деген сенім, яғни елдің де, қазақстандық банктердің де рейтингісі арта түсті.

2002 жыл Қазақстан экономикасы үшін қолайлы жыл болды. Қаржылық аяда алдыңғы екі жылдың оң үрдістері жалғаса берді: инфляция мен теңгенің құнсыздану қарқыны төмендеді, алтынвалюта резервтері едәуір өсті, банктерді капиталдандыру және тұрғындар салымдары ұлғайды, банктердің жоғары несие белсенділігі мен несие бойынша мөлшерлемелерді төмендетуі байқалды. Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші болып Moody`s Investors Services агенттігіне инвестициялық рейтингісін алды. Айырбастау бағамын девальвациялау нәтижесінде, теңге 1999 – 2002 жылдар ішінде 64,66 % - дан 3,3% - ға едәуір төмендеді, алтынвалюта резервтері 1,6 есе өсті. Осы жылы Қазкоммерцбанк шетелдік, яғни көршілес нарыққа шығып, Қырғызавтобанктің 74% акциясын алды, соның нәтижесінде ол Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті.

2003 жылдан теңге бағамы мұнайға әлемдік бағаның артуына байланысты нығая бастады. Елге валюталық түсім ағыны артты. Банктер халықаралық ынтымақтастықты дамытып, бизнесті бірлесе жүргізу позициясы тұрғысынан тартымды бола бастады.

2004 жылы банктік сектор айналым ала бастады: жыл қорытындысы бойынша жиынтық банктік капитал 347 миллиард доллардан асып түсті. Банктік сектор бұрынғыдан да әлеуметтік бағдарланған банкке айналуда. Осы жолда Қазмоммерцбанк тағы бір маңызды қадам жасады, оның қолдауымен 2004 жылдың маусымында « Құс Жолы» қайырымдылық қоры құрылады. Қайырымдылыққа жыл сайынғы шығыстар енді бір миллион долларға дейін жетеді.

2005 жылы Қазақстан қаржы нарығындағы жағдай, сонымен бірге айырбастау бағамының динамикасы бойынша да бірқалыптылау болды. 2005 жылы ел аумағында жүзеге асырылатын төлемдер мөлшері мен көлемі ұлғайғаны байқалды, Ұлттық банк төлем карточкалары нарығын дамытуға ерекше көңіл аударды. Қазкоммерцбанкке келетін болсақ, 2005 жыл банк тарихындағы тамаша жылдың бірі болды. ҚКБ отандық нарықтағы өзінің көшбасшылығын нығайтты. The Banker журналы құрастырған бірінші деңгейдегі меншік капиталынің мөлшері бойынша әлемнің 1000 ірі банкі тізімінде Қазкоммерцбанк 2004 жылғы 718 орыннан 626 – шы орынға көтерілді.

2006 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық есеп – қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,4 триллион теңгеге (2444 млрд. теңге немесе $19,2 млрд.) теңесті. (2.1 – суретке қараңыз)


Активтер


Млрд.

теңге


2004 503,3 200,7



2005 743,4 451,5

2006 1678,8 765,5





2.1 - сурет
Ал, осы көлемнің 60% - ын (5,4 млрд.$) қарыз «қоржыны» алады. 2006 жылы банк 20,563 млрд. теңге мөлшерінде (154,7 млн.$) пайда тапты. Бұл бір акцияға есептелгенде 51,17 теңгені құрайды. Ал, банктің меншік капиталы 2006 жылы 87,4 млрд. теңгеге дейін (652,1 млн.$) артты.

Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен шетел валютасында несие беру болып табылады. Банк сонымен бірге клиенттердің дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты төлемдерін, сондай – ақ, бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шоттаына қызмет көрсету бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Банктік депозиттер қаражат тартудың елеулі көзі болып табылады. Олар жалпы қорландыру көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды. 2006 жылдың қорытындысы бойынша клиенттер шотындағы қалдықтар көлемі бір жарым есеге өсіп, 303,4 млрд. теңгеге (2,3 млрд. $) жетті. Тұрғындардың шұғыл депозиттерінің көлемі 652 млн. доллардан асып түсті. Депозиттік шоттар саны 2006 жылдың өзінде ғана 65,06 мыңнан 73 мыңға дейін артты.

2006 жылғы 31 желтоқсандағы жай – күйі бойынша банкте ипотеканы қосқанда, 67 мың тұтынушылық несиесіне қызмет көрсетілді. Тұтынушылық несиенің жалпы көлемі 641 млн. долларды құрады.

Банк VISA және Europay/MasterCard (Cirrus/Maestro карточкаларын қосқанда) халықаралық жүйенің кредиттік және дебеттік карточкаларын шығарады..

Сонымен қатар, Банктің тармақталған банкоматтар торабы бар. 2006 жылдың 1 наурызында банкоматтар саны – 399, сауда/қызмет көрсету кәсіпорындарында орнатылған POS – терминалдар саны – 162. Банк, сондай – ақ, Қазақстанда өз клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік қызметтер көрсету бойынша жетекші банк болып табылады: Homebank.kz – жеке тұлғалар үшін, Olinebank.kz – заңды тұлғалар үшін.

Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай – ақ, қысқа мерзімді несилеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейінгі орташа мерзімге несие, сондай – ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұиымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.

Қакоммерцбанк жеке тұлғалар үшін тұтынушылық несиенің:жедел несиелеу, кезек күттірмейтін мұқтаждарды несиелеу, автомобиль сатып алуға несие беру, ипотекалық несиелеу бағдарламаларын ұсынады.

Ипотекалық несиелек саласында жаңалық ойлап табу қиынырақ. Алайда Қазкоммерцбанк «Ипотека – тиімді айырбас» атты мүлде жаңа бірегей бағдарлама ұсынып отыр.

Бұл бағдарлама көптеген қазақстандықтар үшін тұрғын үй жағдайын жақсратудың нақты тәсілі бола алады. Өзінің пәтерін жаңа үйдегі тұрғын үйге ауыстырғысы келгендер осыуақытқа дейін көптеген проблемаларға тап болды. Егер салынып жатқан үйден пәтер салып алып, үнемдегісі келсе, әуелі ескі пәтерді сатып, дан соң барып қана құрылыстың аяқталуын күтіп бір жерден пәтер жалдауы тиіс болды. Ал, егер пәтерін сатпаса, банкте қажетті несие сомасын береді дегенге кім кепілдік береді. Көпшілігіне несиені төлеу ауыртпалығына төтеп беру қиынға түседі емес пе . Азаматтардың осындай категорияларына арналған Қазкоммерцбанктің «Ипотека - тиімді айырбас атты» жаңа бағдарламасы шын мәнінде қиын жағдайдан жол тауып шығуға мүмкіндік береді.

Бірншіден, енді ескі пәтерді бірден сатпай – ақ, құрылыстың аяқталуын күтуге болады. Екіншіден, несиені төлеудің ыңғайлы схемасы арқасында оны төлеуге шамасы әбден келеді.

Бағдарлманың мәні мынада, екі несие аласыз – біреуі бар пәтерді кепілге қойып, екіншісі – салынып жатқан үйді кепілге қойып. Әрі ескі пәтер кепілзат болатын бірінші несиені төлеуде салынып жатқан үйді пайдалануға тапсырғанға дейін жеңілдетілген кезең ұсынылады. Жаңа тұрғын үй салынып біткен соң, сонда көшіп, ескі пәтерді сатып, неисені жабасыз.

Жылжымайтын мүлік бағасының үнемі артуын ескере отырып, өз тұрғын үйіңізді бір жылдан соң анағұрлым қымбатқа сатып, банк төлемі мен пәтердің нақты бағасы арамындағы айырмашылықты жаңа тұрғын үйді жайластыруға не болмаса екінші несиені мерзімінен бұрын өтеуге нақты мүмкіншілік болады .

«»Ипотека - тиімді айырбас»атты бағдарлама бойынша жаңа тұрғын үйді бағдарлама серіктестері - құрылыс компаниялары ұсынады. Барлық болуы мүмкін тәуекелдерден тұтынушыны қорғайтын қосымша фактор осы, өйткені банк ынтымақтастықты бастамас бұрын компанияның өзіне, сондай – ақ оның салып жатқан нысандарына сараптама жасайды. Мұндай серіктемскомпаниялар Қазкоммерцбанкте көп, сондықтан таңдау мол.

2007 жылдың 1 сәуірінен 29 маусымы аралығында Қазкоммерцбанкте бизнесті дамытуға несие ресімдей отырып, несие, ағымдағы шот ашу бойынша жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесін және «Эквайринг» банктік қызметтеріне төмен тарифтер алуға болады.Аталған акция шеңберінде Қазкоммерцбанктің тұрақты клиенттері мен өзге банк клиенттері арасында бағдарламаларды тестілеу негізінде шағын және орта бизнес мұқтаждықтарын терең зерттеуді ескере отырып әзірленген «Өз ісінің капитандарына» деген жалпы атаумен Қазкоммерцбанктен шағын және орта бизнесті неиелеудің 9 бағдарламасы ұсынылды. «Бизнес - даму»(1 000 – нан 10 000 АҚШ долларына дейінгі сомада несие беріледі).Бұл несиелендіру бағдарламасы жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған. Несиелендіру мерзімі айналым қаражаттарын толықтыру үшін 3 жылға, инвестицияға 5 жылға дейінгі уақыт аралығына беріледі.Сыйақы мөлшері жылына теңгеде де,АҚШ долларында да 17%- дан,18,8%(60ай),19%(36 ай) – ға дейін беріледі.

«Бизнес - өсу» бағдарламасы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған несиелендіру мерзімі мен мақсатына байланысты төмендетілген пайыздық мөлшерлемелер.Несие сомасы 10 001 АҚШ долларынан 200 000 АҚШ долларына дейін.Несиелендіру мерзімі айналым қаражаттарын толықтыру мақсатында 3 айдан 12 айға дейін (15%,16%,17% пайыздық ставкаларымен), инвестицияға 12 айдан 120 айға дейін (17%, 18%, 20% пайыздық ставкаларымен), «Бизнес - бедел» бағдарламасы заңды және жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлерге арналған.Несие мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейінгі уақыт аралығы.50 және 1 500 АҚШ доллары сомасын 15%, 18% сыйақы мөлшерлемесінде ала алады, «Ұшқыр несие» бағдарламасында несие табысты растама ай – ақ, қамсыздандыруға жылжымайтын мүлікті қоюға болады.Несие сомасы 5000 АҚШ долларынан 500 000 АҚШ долларына дейін беріледі. Несиелеу мерзімі 36 айдан 120 айға дейін, 16% (АҚШ долларында),17%(теңгемен), пайыздық мөлшерлемесімен беріледі, «Ең әдемісі» атты несиелеу бағдарламалары бойынша айналым қаражатын немесе инвестицияларды толықтыруға несие алып, несие бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесімен 12 айдан 120 айға дейінгі мерзімде несие алуға болады.Несие бойынша ай сайынғы сомаға негізгі қарыз сомасы мен сыйақы сомасы кіреді. Сыйақы негізгі қарыз қалдығы сомасына байланысты есептеледі.Акция шеңберінде құбылмалы сыйақы мөлшерлемесінде пайыздар төлеу есебі бүкіл несие мерзіміне оны бірқалыпты ұлғайта отырып, төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен есептеледі. Нәтижесінде клиент сыйақы мөлшерлемесі бойынша сома төлеуде үнемдейтін болып шығады. Құбылмалы сыйақы мөлшерлемесінен басқа, аталған акция шеңберінде Қазкоммерцбанк өз клиенттеріне ағымдағы банктік шотты тегін ашуды және банктік «Эквайринг» қызметтеріне жеңілдетілген тариф ұсынады.

«Табыс кепілі»бағдарламасы бойынша несие алушы клиент, оны қамсыздандыруға қарыз сомасынан 20% - дан кем емес сомаға салым немесе жылжымайтын мүлік ұсынады. Қалған 80% - ын кәсіпкерлер алған негізгі қаражатпен ШКДҚ жабады.

«Бизнес – Экспресс Плюс» атты несиелеу бағдарламасы жаңа қарызгерге 100 – ден 5 000 АҚШ долларына дейінгі сомада несие алуға мүмкіндік береді. Оның басты артықшылығы – несие ресімдеудің жылдамдатылған және жеңілдетілген сызбасы.

«Алтын шешім»бағдарламасы бойынша негізгі борышты ҚКБ – да орналасқан депозиттермен өтеу мүмкіндігін және ең төменгі пайызда несие алуға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылығы министрлігімен бірлесе әзірлеген «Ерекше дақылдар» несиелеу бағдарламасы Қазақстандық фермерлері үшін арнайы дайындаған бағдарлама. Олнесие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 80% мемлекеттік бюджеттен төлеу есебінен, ауылшаруашылығы өңдеушілері үшін сыйақы мөлшерлемесін арзандатуды білдіреді.


2.2. «Қазкоммерцбанк» АҚ несиелік портфеліне талдау

Банктің несие портфелі – бұл берілген ссудалардың, нақты критерилер бойынша жіктелген, құрылымы мен сапасының сипаттамасы.

Осындай критерилердің бірі болып, шетелдік және отандық тәжірибеде қолданылатын несие тәуекелінің деңгейі табылады. Сондықтан критериде несие портфелінің сапасы анықталады. Несие портфелінің сапасын талдау мен бағалау, банк менеджерлеріне , оның ссудалық ссудалық операцияларын басқаруға мүмкіндік береді. Несие портфелін басқарудың бірнеше этаптары бар:


  • жеке алынған ссуданың сапасын бағалау критериін таңдау;

  • ссудалардың негізгі топтарын, олармен байланысты тәуекел пайызын көрсетуімен анықтау;

  • банктен берілген әр ссуданы бағалау;

  • топтастырылған ссудалар кескінінде несие портфелінің құрылымын анықтау;

  • несие портфелінің сапасын бүтіндей бағалау;

  • динамикадағы несие портфелі құрылымының өзгерісіне әсер ететін факторларды талдау;

  • банк несие портфелінің тәуекелге ортақ резервтік қор сомасын анықтау;

  • несие портфелінің сапасын жақсарту мақсатында шаралар ұйымдастыру.

«Қазкоммерцбанк» АҚ - ның 2006 жылдың 31 желтоқсандағы жай – күйі бойынша несие портфелі (брутто) 772,006млн. теңгені құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда (524,810 млн. теңге) 247,196 млн. теңгеге (47,1%) өскен. 2.1 – суретте диаграма түрінде келтірілген

2006 жылдың 31 желтоқсанынд активтердегі несие портфелінің үлесі (брутто) 2004 жылдың жай – күйі бойынша 74,6% - бен салыстырғанда 64,6 % - ды құрады. 2006 жыл ішінде банктен саудалық және жобалық қаржыландыруға берілген документарлық несиелендірудің өсу қарқыны (брутто) 54,9 % - ды құрады. Бұл көрсеткіш несие портфелі көлемінің 2005 жылдың аяғында 64,462 млн. теңгемен салыстырғанда 2006 жыл аяғында 99, 879 млн. теңгеге ұлғаюына әкелді. 2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жай – күйі бойынша несие портфелінің жалпы көлемі (кепілдік және аккредитив көлемін қоса) 2005 жылдың 31 желтоқсанындағы жай – күйі бойынша 557,9 млрд. теңгемен салыстырғанда 48,3% өсіп, 827,1% - ды құрады.


«Қазкоммерцбанк» АҚ – ның несие портфелі

2.1 - кесте




2005 жыл

31 желтоқсан

2006 жыл

31 желтоқсан




млн. теңге

Клиенттерге берілген ссудалар

772,006

524,810

Клеиенттер берілген ссудалары бойынша шығындарға резервтер

(42,162)


(29,879)

Клиенттерге берілген ссудалар, нетто

729,844

494,931

Шартты міндеттемелер







Кепілдіктер

39,928

22,972

Аккредитивтер

59,951

41,490

Шартты міндеттемелер бойынша шығындарға резервтер

(2,589)

(1,530)

Шартты міндеттемелерр, нетто

97,290

62,932

Барлық ссудалар және шартты міндеттемелерр, нетто

827,134

557,863

Қазақстандағы ірі және орташа кәсіпорындарға және Қазақстанда жұмыс істейтін трансұлттық компанияларға қызмет көрсетеді,саудалық қаржыландыру, жобалық қаржыландыру, қысқа мерзімге несиелендіру, шағын және орта бизнесті несиелендіру сияқты бірнеше бағыттар бойынша жұмыс істеп, қызмет көрсетеді. Мұнымен бірге банк,тұтыну және ипотекалық несиелендіруді, несиелік карталар бойынша несиелендіру, сонымен бірге шағын бизнесті дамыту бағдарламасының төңірегінде жеке кәсіпкерлерді несиелендіруді жүргізе отырып, жеке секторға да өз қызметін көрсетеді

Банк, 2006 жылы экономиканың құрылыс және құрылыс материалдар секторын несиелендіру, жеке секторды, транспорт және байланыс, металлургия және машина жасау және металл өндіру саласында несиелендіру көлемін ұлғайтуды жалғастырды. Несиелік портфельдің көп мөлшерін құрылысқа, сауда және жеке секторды несиелеуге бағытталған ссудалар алып отыр. Олардың несиелік порфельдегі жиынтық үлесі 59,6% құрайды. Сонымен қатар шағын компанияларға қаржылық жағдай жасайды немесе Қазақстандағы ірі жобаларды жүртізетін компанияларға қызмет көрсетеді.

2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша несие портфелінің құрылымы біршама өзгерген.Құрылысқа несиелер 2,3 есеге ұлғайған, және олардың үлесі 2004 жылдың аяғында 17,2 % - дан, 2006 жылдың аяғында 27,3 % - дейін Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы ірі масштабты құрылыстардың дамуымен байланысты өсті.

Сауда компанияларына берілген несиелер 51,7 % - ға өсіп,олардың портфельдегі жалпы үлесі 2005 жылдың аяғында 18,5% бен салыстырғанда 2006 жылдың аяғында 19,1% - ға дейін өсті. Жеке секторларға берілген тұтыну несиелері, құрылыс және тұрғын үйді несиелендіруге берілген (2005 жылдың аяғымен салыстырғанда) ссудалар көлемі өсу үстінде. Берілген ссудалардың үлесі жалпы портфельде 2005 жылдың 31 желтоқсанындағы жай - күйі бойынша 13,9% – дан 2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жай - күйі бойынша 13,2% дейін төмендеген. Көлік компанияларына және байланыс кәсіпорындарына берілген қарыздар 31,9% - ға өскен, бірақ, олардың жалпы ссудалық портфельдегі үлесі 2005 жылдың аяғында 5,9% - дан 2005 жылдың аяғында 5,3 % - ға дейін төмендеген.

2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жай - күйі бойынша отын – энергетикалық өнеркәсіпке ссудалар көлемі жылдың басымен салыстырғанда 33,9 млрд. теңгеге дейін төмендеген 37 млрд. теңге барысында, 2005 жылдың 31 желтоқсанында (8,3 %– ға азайған), олардың жалпы ссудалық портфельдегі үлесі 2005 жылдың аяғына 7,1% - дан 4,4% дейін азайған.

Ауылшаруашылық компанияларға берілген несиелер 3,3% төмендеп, бұл несиелердің үлесі банктің жалпы ссудалық портфелінде 2005 жылдың аяғында 6,5% - дан 2005 жылдың 31 желтоқсанындағы жай – күйі бойынша 4,3% - ға дейін азайған.

Тамақ өнеркәсібі несиелерінің үлесі жалпы ссудалық портфельдерде 2005 жылдың аяғында 3,7% - дан 2005 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша 3,9 % - ға дейін төмендеген. Берілген сектор компанияларының несиелері потенциялдық экспорттық қабілетімен ірі конгломраттарға беріледі. (Төменде көрсетiлген диаграмма түрiнде салынған 2.2 – суретке қараңыз)

Тәуекелдік позициялардың валюталық ауытқуларға шектелуі банк саясатымен байланысты, банктің ссудалық портфелінің негізгі бөлігін шетел валютасындағы несиелер құрайды және біршама үлесі АҚШ долларындағы ссудаларға тиесілі (диаграмма түрінде салынған 2.3 – суретте көрсетілген). 2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жай – күйі бойынша АҚШ долларындағы несиелер банктін ссудалық портфелінен 2005 жылдың жай – күйімен салыстырғанда 75,3% - дан 68% - ды құрады. Теңгемен берілген несиелер көлемі 2005 жыл аяғындағы мәліметтерімен салыстырғанда 2006 жыл 93,7% - ға өскен. Олардың жалпы портфельдегі үлесі 30,3% – ға дейін ұлғайған.





2.2 – сурет
Несиелер клиенттерге жылжымайтын мүлік, кепілдіктер, тауарлы – босалқылар, құрал жабдықтар, мемлекеттік бағалы қағаздарды, акциялар мен депозиттерді кепілге ала отырып беріледі. Кепілдік өте консервативті түрде бағаланады, қажет болған жағдайда тәуелсіз сараптаушылар шақырылады. 2005 жылдың аяғынан 9,1% - бен салыстырғанда, 2006 жылдың 31 желтоқсанның жай – күйі бойынша қамтамсыз етілген 10,2% - ды құрады. Қамтамасыз етілмеген ссудалар құрылымында сенімді клиенттерге берілген қысқа мерзімді несиелер орын алады.

Банк әрдайым ссудалық портфель сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді. « Үмітті» және «Потенциалды үмітті» несиелердің көлемі 240,1 млрд. теңгеге өскен.Ол 2005 жылдың аяғымен салыстырғанда 465,7 млрд. теңгеден 2006 жылы 31 желтоқсанда 705,8 млрд. теңгені құрады. «Үмітті» және «Потенциалды үмітті» несиелердің үлесі 2005 жылдың аяғына 88,7% - дан 2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 91,4% - ға дейін өскен. «Үмітсіз» және «күмәнді» несиелердің категориялары 2,6 млрд. теңгеге (11,5% -ға) өскен. Олардың жалпы ссудалық портфель көлеміндегі үлесі 2005 жылдың аяғымен салыстырғанда 4,3 % -дан 2006 жыл 31 жеолтоқсанда 3,3 % -ға дейін төмендеген.


2.2 - кесте

2006 жыл 31 желтоқсан 2005 жыл 31 желтоқсан

млн.теңге үлесі% млн.теңге үлесі %



қамтамасыз етілген несиелер

693,162

89,8

476,881

90,86

Қамтамасыз етілмеген несиелер

78,844

10,2

47,929

9,14

Барлығы

772,006

100

524,81

100

Банктің несие тәуекелі ссудалар портфелінде аккредитивтерде және клиенттер кепілдіктерімен негізделген. Қарыз алушылардың қаржылық жағдайының жақсаруы арқасында (Қазақстан экономикасы дамуы жағдайында), резервілеу тиімді ставкасы клиенттердің ссудалары бойынша төмендеп жатыр және 2005 жыл 31 желтоқсанда 5,7% - бен салыстырғанда 2006 жылы 31 желтоқсанда 5,5% құрады.

2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша жалпы несие тәуекелінің,үлесі жиырма ең ірі қарыз алушылардың, жалпы несиелік портфельде 26,8% құрады. Банк, жаңа қарыз алушыларды тарту арқылы шоғырланған несие порфелінің тәуекелін ары қарай төмендеуіне үміттенеді. Соңғы жылдардың ортақ беталысы клиенттердің тұтынуымен байланысты несиелендіру мерзімінің ұзаруы болып табылады. 2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша 5 жылдан ұзақ мерзімге өтелетін ссудалар көлемі 55,7% өсті. Бес жылдан жоғары өтелетін ұзақ мерзімді несиелер үлесі 2005 жыл 31 желтоқсанындағы жай – күйі бойынша 24,8% - дан 2006 жыл аяғында 26,2% дейін өсті. Бұл көрсеткіш банктің өз қаражаттары есебінен, ЕБРР кредиттік несие желісі төңірегінде және халықаралық қаржылық ұйымдар есебінен беретін ұзақ мерзімді несиелердегі клиенттердің қажеттілігін көрсетеді. Қысқа мерзімді несиелер үлесі (бір ай, бір айдан бір жылға дейін және бір жылдан бес жылға дейін) 2005 жыл аяғымен салыстырғанда 7,8%, 30,7% және 36,7% - дан 2006 жылдың аяғында 5,5%,29,9% және 38,4% дейін азайды.(диаграмма түрінде салынған 2.4 – сурет)


2003 2004 2005 2006
6.6% 13.2% 24.8% 26.2%

52.9% 41.1% 36.7% 38.4%

34.2% 36.3% 30.7% 29.9%

2.3 – сурет
2006 жыл аралығындағы банк міндеттемелері 71,6% - ға өсті, ұзақ мерзімді қорландыруда клиенттің тұтынуын қамтамасыз ету мақсатымен халықаралық нарықтардан ұзақ мерзімге тартылған қаражаттардың арқасында. Негізінен халықаралық нарықтар есебінен, ұзақ мерзімге тартылған, клиенттердің қажеттілігін ұзақ мерзімге қорландыруды қамтамасыз ету мақсатында, пайыздық міндеттемелер 2005 жыл аяғында, 628,356 млн. теңгеден 2006 жыл аяғында 1082,519 млн. теңгеге 72,3% өсті.
2.3. «Дәулет» ЖШС – ін несиелеу процесіне талдау жасау
«Қазкоммерцбанк» АҚ заңды тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау тәжірибесін «Дәулет» ЖШС мысалында қарастыратын болсақ

«Қазкоммерцбанк» АҚ заңды тұлғаларды несиелеу процесі қарыз алушыға кеңес беруден басталады.Қазкоммерцбанк несиелеу үшін кәсіпорындарға мынандай негізгі талаптар қояды:



  • несиені өтеу үшін нақты ресурстардың болуы;

  • несиені өтімді кепілмен қамтамасыз ету;

  • жобаны қаржыландыруда меншікті қаражаттарының қатысуы;

  • қатаң қаржылық тәртіпті ұстау;

  • кәсіби менеджмент.

Несиелеудің келесі кезеңі несиеге өтінішті қарау үшін қажетті құжаттарды тапсыру болып табылады.Осыған байланысты «Даулет» ЖШС мынадай құжаттарды тапсырады.

  • несие алуға өтініш;

  • бизнес – жоспар немесе техникалық – экономикалық негіздеме;

  • басшының суреті бар қарыз алушының анкетасы;

  • кәсіпорынның қаржылық құжаттары ( № 1,2,3 формалар);

  • дебиторлық және кредиторлық қарыздардың тауарлар мен қызметтердің тізімі;

  • ссудалық міндеттемелердің болуы немесе болмауы туралы анықтаманың түпнұсқасы;

  • бюджет алдындағы қарыздардың болуы немесе болмауы туралы анықтаманың түпнұсқасы;

  • құрылтайшылық құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;

  • құрылтайшылардың несиені алу туралы жиналысының шешімі.

Құжаттардың толықтығы және нақтылығы заң бөлімімен тексерілгеннен кейін қарыз алушының қаржылық жағдайы, оның несиелік қабілеті және жоба тиімділігі бағаланады. Ол несиелік офицердің эксперттік қорытындысы түрінде рәсімделеді.

Бұл қорытынды да ең бірінші кезекте несиенің негізгі көрсеткіштері:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет