8
АҢДАТПА
Бұл
дипломдық жұмыста «Регион Нефтепродукт»
ЖШС-нің
мысалында еңбек ақы бойынша есеп айырысудың теориялық және
практикалық мәселелері қарастырылды. «Еңбек
ақы бойынша есеп
айырысудың есебі мен аудиті және оларды жетілдіру жолдары»
тақырыбындағы дипломдық жобаның мақсаты - нақты мысал негізінде
компанияның еңбек ақы бойынша есеп
айырысудың тиімді жолдарын
жетілдіру мен анықтау болып табылады. Сондай – ақ еңбек ақы төлеу
нысандары бойынша және еңбек ақы төлеу
әдістерін пайдалана отырып
компания жұмысшыларының еңбек ақысын есептеу. Бұл зерттеуді жүзеге
асыру үшін «Регион Нефтепродукт» ЖШС-нің еңбек ақы туралы мәліметтері
қолданылды.
Дипломдық жобаның алғашқы бөлімінде қазіргі нарықтағы еңбек ақы
ұғымының мәні мен атқаратын қызметтері айқындалды.
Еңбек ақы
нысандары мен жүйелері жан – жақты талданды.
Екінші бөлімде «Регион Нефтепродукт» ЖШС-іне қысқаша сипаттама
берілген. Кәсіпорынның атқаратын қызметі,
нарықтағы алатын орны және
жұмыс істеу жүйесі қарастырылған. «Регион Нефтепродукт» ЖШС-нің
қаржылық жағдайы туралы есептілігінің көрсеткіштеріне талдау жүргізілген.
Жобаның үшінші бөлімінде «Регион Нефтепродукт» ЖШС-нің
еңбекақы құрылымын оңтайландыруға ықпал ететін практикалық ұсыныстар
ұсынылған. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың
есебі мен аудитін
жетілдіру жолдары қарастырылды.