Нұсқа ішінен суландыру кезінде су айдауға ұңғымаларды қабаттың мұнай бөлігінде меңгереді. Бұл жағдай өрт сөндіру қауіпсіздігінің барлық ережелерін өте қатаң сақтау қажет ұңғымадағы өрт үлкен материалды зиян келтіруі мүмкін және адамдар қатерлі жағдайларға ұшырауы мүмкін. Сондықтан сағада отты қолдануға, темекі тартуға, электро жабдықтарын қосуға пісіру жұмыстарын жүргізуге тиым салынады. Жандыруды жою керек жалынды қатты су ағынымен немесе инертті газбен, ауадан айырумен т.с.с. әдістерімен сөндіруге болады.
Жануды өрт сөндірудің біріншілік инвенторының көмегімен жояды.
Инвенторлар өрт сөндіру орындарында және ұңғыманы зерттеу автомашиналарында болады.
4 Қоршаған ортаны қорғау 4.1 Қоршаған ортаға тасымалдау және газ мұнай өңдеу технологиясы әсерінің негізгі факторлары.
Мұнай өндірудің жылдам өсуі және сәйкесінше мұнай–газды өңдеумен тасымалдаудың, пайдалану және барлама бұрғылаудың әсіресе теңіз шельфтерінде өсуі, жоғары қысымдардың, температураның, жылдамдықтардың жаңа физико – химиялық тәсілдерінің технологиясын кеңінен қолдану, кәсіпшіліктерде қуаттылығы үлкен технологиялық қондырғыларды орналастыру экологиялық тез зақымданатын аудандарда трансконтиненталды мұнай газ құбырларын құру адамға, жануарлар әлеміне, өсімдіктерге, топыраққа, суға, ауаға мұнай газ өндірістерінің нақты және мүмкін әсерлерінің экологиялық қауіптілігін айтарлықтай арттырады.
Мұнай және газ өнеркәсібінің ірі кешендері және адамдар қоныстанған мекендер табиғаттың барлық компоненттерін (ауа, су, топырақ жануарлар әлемі және т.б) өзгертеді. Дүние жүзінде жылына атмосфераға, суаттарға және топыраққа 3 млрд.т қатты өндірістік қалдықтар, 500 км3 қауіпті бұралқы сулар және 1 млрд. шамасында химиялық құрамы және ірілігі әртүрлі ауа тозаңдары тасталады.
Өнеркәсіп саласының мұнай және мұнай өңдеуші кәсіпорындары 40 %-ке жер атмосферасының күкірт ангидридімен ластану деңгеиін анықтайды. Ол осы кәсіпорындар ауасын 8 – 12 км радиуста "қанықтырады" делінетін мәліметтер бар (олардың қуаттылығынан тәуелді). Мұнай және мұнай өнімдері бұралқы суларды ластаушы негізгі компоненттер болып табылады.
Мұхиттарға жылына 4 млн. тоннадай мұнай тасталады және 9 млн.т күкіртсутектер атмосферадан тұнба ретінде түседі. Мұхиттар бетінің бесінші бөлігі барлық уақытта мұнай қабықшасымен жабулы. Бұл су астында тіршілік ететін жәндіктердің өмір сүру жағдайына зиян келтіреді. Мұнай және газ өнеркәсібінің өндіріс обьектілерінің барлығы дерлік сәйкесті жағдайларда қоршаған ортаның экологиялық мәні әртүрлі көптеген қауіпті, зиянды заттармен ластайды. Табиғаттың өзінің көмірсутектермен, олардың серіктерінен және өңдеу өнімдерінен басқа, ластаушылардың құрамында көптеген реагенттер,котализаторлар, беттік активті заттар (БАЗ), ингибиторлар, сілтілер, қышқылдар және т.б. болады. Олардың ең қауіптісі және адам ағзасына әсері [35;36] жұмыстарда қаралған.
Шикі мұнай.
Шикі мұнай буларының адам ағзасына әсері тұрақсыз және оның құрамына байланысты. Мұнай аромат көмірсутектерге кедей, әсері бензинге ұқсас. Шикі мұнай булары онша улы емес. Адам терісінің сұйық мұнаймен жанасуы үлкен әсер тудырады, нәтижесінде экземалар пайда болуы мүмкін.
Бензин адам ағзасына негізінен дем алу жолдары арқылы ауамен жұтылады және кейін ішекқарын жолымен қанға сорылады. Бензиннің ағзаға әсер етуінің негізінде оның липоидтермен майларды еріту қабілетінің болуы жатыр. Бензин орталық жүйке жүйесіне, теріге ерекше күшті әсер етеді. Өткір улануды болдыруы мүмкін, кейде олар аяғы өлімен аяқталуы мүкін. Өткір уланулар ауадағы бензин буларының шоғырлануы 0,005 0,010 мг/м3 жеткенде болады, бензин буларының шекті мүмкін шоғырлануы (ШМШ ПДК) 0,003 мг/м3.
Керосин.
Керосин жалпы әсер етуі бензинге ұқсас. Керосин буларының шырышты қабықтарға бұзушы әсері айқын көрінеді. Теріге әсер етеді, экземалар және дермотиттер шығуын болдырады.
Көмір тотығы СОтүссіз,дәмсіз және иіссіз газ.
38 0Стемпературада адам қанында бөлініп таралу коэффициенті 0,1709. Жұмыс аймағының ауасындағы күкірт тотығының ШМШ 20 мг/м3ке тең. 300 мг/м3 шоғырлануды адам 2-4 сағат ішінде елеулі әсерсіз өткізеді, 600 мг/м3–бұл уақытта жеңіл улану болады; 1800 мг/м3–10-30 минуттан кейін ауыр улану болады; 3600 мг/м3 – 1 - 5- минутта адам қаза болады.
Көмір екі тотығы–түссіз, ауыр, аз реакциялы газ. Төмен және қалыпты температураларда жеңіл қышқыл иісі және дәмі болады.
Ауада бір %-ке дейін болғанда улы әсер етпейді, 4-5%-те дем алуды айтарлықтай жиілетіп, дем алу мүшелеріне тітіркендіреді, 10%-те ауыр улануды болдырады.
Шекті көмір сутектер.
Органикалық қоспалар ішінде химиялық жағынан анағұрлым инертті олар сонымен қатар күшті анаша болып табылады. Сумен қанда аз ерігіштігі оның әсерін әлсіретеді, сондықтан тек қана үлкен шоғырланулары бұл заттармен улану қаупін тудырады. Шектік көмірсутектермен тұрақты жанасу терінің қызаруын, дақтануын болдырады. ШМШ–300 мг/м3.
Табиғи газ.
Оның әсері шектік көмірсутектердің әсеріне ұқсас. Басты қауіп оттегі жетіспеген жағдайда ауасыз тұншығуын байланысты. Бұл ауада CH4–тың үлкен мөлшерінің болуында болуы мүмкін, онда оттегінің меншікті мөлшері және парциалды қысым азаяды. Құрамында H2S бар табиғи газдар өте улы.
Күкіртті қоспалар.
Күкіртті қоспалардың зияндылығы аз күкіртті мұнайлардан, табиғи газдармен конденсаттардан анағұрлым улы құрамдас бөлікті газ бөліп шығарылуымен анықталынады. Әртүрлі кен орындардың мұнайлары күкіртті қоспалары құрамының біртекті еместігімен сипатталады және осыған байланысты әртүрлі улы қасиеттері болады.
Меркаптандар.
Жоғары улы органикалық күкіртті газ. Мұнайы бар күкірттерге термиялық (жылулық) әсер еткенде қалыптасады.
Күкіртті.
1:1000000 елеусіз шоғырлануында сезілетін, ұнамсыз иісті, түссіз газ.
Күкіртсутек көп күкіртсутекті мұнайды және газды өндірумен өңдеу объектілері атмосферасы құрамындағы анағұрлым улы құрам бөлігі болып табылады, соның ішінде оның ауа бассейінін ластау сипатындағы саны бойынша да.
Ағзаға күкіртсутек негізінен тыныс алу мүшелері арқылы және аз мөлшерде тері арқылы өтеді. Күкіртсутектің негізгі улы әсері шырышты қабықшаны тітіркендірумен емес, ағзаға жалпы әсерімен көрінеді. Қазіргі уақытта күкіртсутектің улы динамикасының негізінде үш үрдісте – орталық жүйке жүйесіне, қышықылдандыру үрдістеріне және қанға әсері үрдістері жатқаны анықталды деп есептеуге болады. Күкіртсутек–жоғары улы у. 1000мг/м3-тан жоғары шоғырлануда улану жылдам болады, 140-150 мг/м3 шоғырлануда және бірнеше сағат әсер етуінде шырышты қабықшалардың тітіркенуі болады. Өткір уланғаннан кейін адамдар – пневмониямен, менингитпен және энцебролитпен ауырулары жиі болады. Көмірсутек С1–С5-3 мг/м3 қоспасымен күкіртсутектің ШМШ–10 мг/м3.
Күкіртті ангидрит.
Өткір иісті және түссіз газ. Тыныс жолдарының беттерінде күкірт және күкіртті қышқылдарды жинап тітіркендіреді. Күкіртті газ жалпы улы әсер етеді, көмірсулы және зат алмасуын бұзады. 20-60 мг/м3 шоғырлануында – тыныс жолдарының шырышты қабықшаларын және көзді тітіркендіреді, 120 мг/м3–тыныс алу тарылады, адам бұл шоғырлануда 3 минут өткізе алады; 300 мг/м3-та сананың бұзылуы болады. 1 минут әсер еткенде адам есінен танады. ШМШ–10 мг/м3.
Азот тотығы.
Азоттың екі тотығына жылдам тотығатын түссіз газ.
Азот тотығы – қанды у. Ол гемоглобинді метгемоглобинге өзгертеді. Орталық жүйе жүйкесіне тікелей әсер етеді.
Детергенттер (жұғыш заттектер).
Детеркенттер деп–БАЗ, сондай-ақ қосымшалар, активаторлар, толтырғыштар, қосылатын заттар түсініледі. Детеркенттер қоршаған ортаны ластаушы бола отырып адамға, флораға және фаунаға қауіп төндіреді. Бұралқы сулармен суаттарға түсіп судың өздігінен тазару үрдісін және су асты тіршілік етуші жәндіктердің өмір жағдайын бұза отырып, атмосферамен суаттар арасындағы газ алмасуды бұзады және де кейбір кедергілердің пайда болуына себепші болатын үлкен көлемде көбіктер қалыптастырады.
БАЗ–ң күшті улы әсері оның судағы шоғырлануы 2000–3000 мг/м3 болғанда көрінуі мүмкін.
Осылайша мұнай және газ өнеркәсібі қоршаған ортаны және оның жеке объектілерін ластауда аса қауіптілерде жатады. Олардың ауаға, суға, топыраққа, өсімдіктер, жануарлар әлеміне және адамға мүмкін әсерлеріне табиғи көмірсутектердің ұлылығы,олардың сүліктерінің улылығы, химиялық үрдістерде қолданылатын химиялық заттардың өте көп түрлілігі, сондай-ақ мұнай - газды өндірудің, дайындаудың, тасымалдаудың, сақтаудың, өңдеудің және пайдалану аумағының өсуі себепкер.
Қазіргі уақытта мұнайдың және мұнай өнімдерінің 1-16%-і өндіру, дайындау, өңдеу және тасымалдау үрдістерінде шығындалады. Мұнай-газ үрдістеріндегі барлық технологиялық үрдістер (барлау, бұрғылау, өндіру, тасымалдау, өңдеу) сәйкесті жағдайларда табиғи экологиялық жағдайды бұзуы мүмкін.
Мұнаймен ластанудың кейбір экологиялық аспектілерін және олардың алдын алу жолдарын қарастырайық. Қоршаған ортаның ластануы деп–қазір, сондай-ақ болашақта атмосфераның, жердің және судың жасанды немесе табиғи өзгеруі, өсімдіктердің және жануарлардың өмір сүру жағдайларының нашарлауы түсініледі. Өнеркәсіптік өндірістің қуатын үзіліссіз өсіру табиғи шикізаттарды қарқынды пайдаланумен,айтарлықтай су шығындарымен және атмосфераға ластаушы заттардың тасталынуының көбеюімен байланысты. Сондықтан табиғатқа адамның күшті әсерінің нәтижесін және осымен байланысты экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу қаупін елемеуге болмайды.
Мұнай–газ өнеркәсібінде қоршаған ортаны ластаудың және көмірсутектердің шығу көздері болып табылатын көптеген объектілер және әртүрлі технологиялық үрдістер бар.
4.1 кестеде газ желілері объектіндегі қоршаған ортаны негізгі ластаушылар көрсетілген.
4.1 кесте–Газ желілері объектіндегі қоршаған ортаны негізгі ластаушылар.
Ластаушы
|
Объект
|
Қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсартуға кеңес берілетін шаралар
|
1
|
2
|
3
|
Көмірсутегі бар табиғи газдар (метан, этан, пропан, бутан, және т.б)
|
Газкомпрессорлы және газ үлестіруші станциялар (ГКС және ГУС) магистралды газ құбырла- рының сызықты бөлігі.
|
Коррозия ингибитор- ларын қолдану, газ құбырларын тазалаудың тиімді тәсілдерін қолдану.
|
Газ айдайтын агрегаттардың шығаратын газдары (СО, СО2, СН4, КО, NО2, SО2, күлді бөлшектері)
|
ГКС
|
Арнайы сүзгілерді қолдану.
|
Органикалық және неорганикалық текті улы өнімдермен, фенолдармен, метанолмен, майлармен, газконденсаттарымен ластанған сулар (қабаттық, беттік )
|
Магистралды газқұбыр желісінің сызықты бөлігі ГКС, ГУС, өндірістік алаң.
|
Магистралды газқұбырларын сызықты кәсіпшілік басқару пунктіне тасымалдау және жинау, органикалық бөлігін термопештерде жағу.
|
Мұнаймен ластанудың кейбір экологиялық аспектілерін және олардың алдын алу жолдарын қарастырайық. Қоршаған ортаның ластануы деп – қазір, сондай-ақ болашақта атмосфераның, жердің және судың жасанды немесе табиғи өзгеруі, өсімдіктердің және жануарлардың өмір сүру жағдайларының нашарлауы түсініледі. Өнеркәсіптік өндірістің қуатын үзіліссіз өсіру табиғи шикізаттарды қарқынды пайдаланумен, айтарлықтай су шығындарымен және атмосфераға ластаушы заттардың тасталынуының көбеюімен байланысты. Сондықтан табиғатқа адамның күшті әсерінің нәтижесін және осымен байланысты экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу қаупін елемеуге болмайды.
Мұнай–газ өнеркәсібінде қоршаған ортаны ластаудың және көмірсутектердің шығу көздері болып табылатын көптеген объектілер және әртүрлі технологиялық үрдістер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |