Дипломдық жоба Тақырыбы : «Ғасырлар тереңінен»



бет1/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#125418
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік Университеті

Шымкент институты

«Өнер» факультеті
«Өндірістік Дизайн» кафедрасы
Дипломдық жоба

Тақырыбы : «Ғасырлар тереңінен»

Орындаған Мырзабекова Ж

Ғылыми жетекші : Досанова

Шымкент 2009
Мазмұны

Кіріспе бет

Бөлім 1

I Концептуалды тәсіл мен концепциясы бет

1.1 Тарихи аспектілер бет

1.2 Дипломдық жобаның концепциясын жасаудағы жұмыстың өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық бастауы. бет

1.3 ХХI ғасырдағы сән дамуын қысқаша талдау. бет
Бөлім 2

II Киім жиынтығының жобалау бөлімі бет

2.1 Киім жиынтығының образды ассоциативтік негізгі-ізденістері. бет

2.2 Киім жиынтығын құру мақсаты және жобаланған киім жиынтығындағы функциональды ерекшеліктер бет

2.3 Форма және пластикалық ұйымдастыру бет

2.4 Колористикалық шешім бет

2.5 Киім жиынтығындағы ою-өрнек бет
Бөлім 3

III Құрастыру бөлімі. бет

3.1 Таңдалған моделдің техникалық эскизі мен сырт көрінісін суреттеу бет

3.2 Құрастыру әдісінің негізін таңдау бет

3.3 Сызба тұрғызудағы бастапқы берілгенді негіздеу мен таңдау бет

3.4 Сызба тұрғызудың есебі бет

3.5 Құрастыру сызбасының негізін тұрғызу. бет

3.6 Құрастыру моделдік ерекшеліктерін көрсету бет

3.7Үлгінің спецификациясы бет
Бөлім 4

IV Техникалық бөлім бет

4.1 Құрал жабдықтарды талдау және оларға сипаттама беру бет

4.2 Құрал жабдықтардың жұмыс кестесі бет

4.3 Негізгі түйінді өңдеулер бет

4.4 Бұйымды дайындаудағы технологиялық реттілік бет

Қорытынды бет

Әдебиеттер бет

Қосымшалар бет
Кіріспе
Өз ұлтыңа, өз ұлтының дәстүріне, ұлттың қол өнеріне деген сүйіспеншілік, - ол ұлттық үлкен қоғамдық әлеуметтік мүдде.

Киім дизайны өнерінің жаңа тәсілдерін ойластырып, олардан жаңадан киім үлгілерін жасап шығару кезеңі келіп жеткен сияқты. Бұдан шығатын тұжырым жас ұрпақты өз халқының салт дәстүрін, ұлттық өнерін, өнер сүйер өнерлі жастардың жүрегіне ұялатып, жаңа деконструкциялық, инновациялық, авангард киім жиынтықтарын ұлттық бағытта жасап шығару болып табылады.

Киім үлгісін жасауда халықтың әдеп- ғұрпына үлкен мағына беріледі және ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы мұра етіп келген өнерін көрсете білу. Дипломдық жобадағы “Ғажайып аяш” киім жиынтығы эксклюзив стильде таңдалынып алынды, сонымен қатар тасқа қашап жазу мәдениеті арқылы қазіргі заман талабына сай өзгере келе қайта жанданып иновациялық тәсіл мен орындалып дүниеге келген киім жиынтығы. Әрине терең зерттеулері қажет ететін “Ғажайып аяш” тақырыбын таңдау өте үлкен талғампаздық пен ізденімпаздықты талап етеді. Өнердің қарапайым тіршіліктен бастау алып, кейін мүлде бөлек жалпы тіршіліктен жоғарғы ұғымға айналуының өзі адамзат ұрпағының алғашқы бастамаларынан бері қаншалықты дамып, жетілгенін қапысыз байқатса керек. Алғашқы сұлулық туралы ұғым оны түсініп қажет еткен адам баласы қоршаған ортадан мағынасы сызықтар, алғашқы тірішілікті, аң аулау сәттерін мистикалық қоршаған ортаға еліктеп, образды даму арқасында костюмдегі дизайн өзінше бір өнер саласы ретінде қалыптасты. Киім мистикалық мағынаға ие болғаннан бастап әдеп-ғұрыптық жоралғылар арқасында дизайндық бастау алады.

Архитектоникалық салада стильдік бағытқа байланысты костюмде образдық шешім пайда болады. Осылайша дамып саладағы ең озық ойлау мен қиял құдіреті киім дизайнын қазіргі заман талабына сай қайта жаңарту дипломдық жобаның негізгі мақсаты.

Киім дизайны адамдардың ойлау және шығармашылық әрекетінің ең негізгі және теориялық тұрғыдан негіздендірілген саласы. Оның нәтижесі адамдар ойлауы мен қиялдап туындаған әдеміліктер әлемі. Дизайнердің қияли ойлауы мен іс-әрекеті нәтижесінде адамзаттың материалдық және рухани қажеттілігі дамиды. Ұлттық киім үлгісі - өзіне тән ерекшеліктерін сақтап бізге жеткен заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден бір көрінісі және көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде сақтап болашақ ұрпаққа жеткізу және киім дизайнындағы жобалау әдістері арқылы жаңа үлгілерін жасап шығарып одан әрі дамыту дипломдық жобаның басты мақсаты мен міндеті. Ерте заманда тасқа адам және жануар бейнелерін сюжет немесе көрініс ретінде салған.

Осындай тастар тек Қазақстан жерінде ғана емес дүние жүзі бойынша көптеген мемлекеттерден табылған мысалы: Италия, Англия, Германия, Францияның Фон де Гом үнгірлерінен табылған. Тарихи деректерге сүйене отырып ертедегі мезолит және неолит заманындағы дүниеге келген тасқа шегіп жазу мәдениеті арқылы дипломдық жұмыстың тақырыбы «Ғажайып аяш» деп аталды. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі міндеті ұлттық киім үлгілерін ерекшелігін ескере отырып ұлттық киімдерге дәстүрді ұштастырып, қазіргі заман талабына сай ұлттық киім үлгісін жасап көпшілік назарына ұсыну.

Зерттеу міндеті мен мақсаты:


  1. Тас дәуірінің негізгі мұрасы петроглифтерге және тарихи деректерге

шолу жасау.

  1. Ұлттық киім үлгілері зерттеулеріне шолу жасау.

  1. Ұлттық киім үлгілеріндегі әшекей, сәндік бұйым, кесте өнері, зерлеп тігу бастырмалау түрлеріне шолу жасау.

  1. Ұлттық кіим үлгілерінің көшірмелерін жасау.

  1. Ою-өрнек көшірмелерін жасау.

  1. Жаңа үлгідегі ұлттық киімдерге шығармашылық ізденіс жасау.

  1. Жасалынған көшірме эскиздерді негізге ала отырып, жаңа киім үлгісін жобалау.

  1. Бұйымды модельдеу, конструкциялау, үлгілеу және өңделу технологиясын ашып көрсету зерттеудің іс жүзіндегі мақсаты мен маңыздылығы киім дизайны жобалау әдістері негізінде ұлттық киімдерді жаңарту, жаңа үлгілер жасап шығару.

ХХI ғасыр Ғылым мен өнердің өркен жайып адамзаттың инновациялық тәсілдерді көптеп қолдану ғасыры. Ұлттық дәстүр мен қол өнерге баули отырып оны сапалы түрде қабылдауға тәрбие ала білу біздің ұлттық болмыстың басты мақсаты және міндеті. Өз ұлтына, осы ұлттық дәстүріне, ұлттық қол өнерге деген сүйіспеншілік – ол ұлттық үлкен қоғамдық - әлеуметтік мүдде.

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасып аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан қазақтың ұлттық киімінің формасын, көлемін, конструкциялық құрылымын терең зерттеуді қажет етіп отырған дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты:

Енді қазіргі Қазақстанда сән мен сымбатты, әдемілік пен әсемдіктің бірден- бір ордасы болып отырған үлкен сән орталықтарының, сән үйлерінің, тігін ательелерінің бірінші кезектегі міндеті халықтық киім тіктіру, сатып алу және киіну мәдениетін көтсру. Көшеде сатылып жатқан киімнің бәрі сәнді еместігін түсіндіріп, халыққа бағыт беру дизайнерлер міндеті.

Концептуалдық бөлім

1.1 Тарихи аспектілер
Өз құрамына көптеген тайпалар мен халықтарды енгізген және еуразия даласы тарихында маңызды роль атқарған қазақ этносы, халықтардың бірі болып табылады. Ежелгі және орта ғасырлық Қазақстанның қазақ халқының қалыптасу және бірігу үдерісіне осы тайпалар халықтардың әлеуметтік тарихи даму барысында тудырған тарихи этникалық нақтылы көп санының қатысу ортақтығы қазақ халқын мәдени мұраның мирасқоры деп қарауға негіздеме береді. Б.з.д. 2 мыңжылдық адам қоғамының дамуының сапалы жаңа сатысын анықтаған тұтас бірқатар ерекшеліктермен атап өтілді. Оңтүстік Сібір, Орталық және Солтүстік Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мал шаруашылығында ірі жетістіктерге қол жеткізді, ол ежелгі өндірістің жетекші саласына айналды. Бұл тері мен жүн түріндегі шикізатты киім тігу үшін пайдалануға мүмкіндік берді. Шикізат пен металдың артығы матаның әр түрлеріне айырбасталды. Басқа бір маңызды ерекшелігі полиметалл мен алтын өндірісін игеру болды. «Ғажайып Аяш» тақырыбындағы дипломдық жобадағы ою өрнек тасғы таңбалар мен сақ шеберлерінің аң стиліндегі алтын бұйымдарын зерттеу барысында өрнектелді.

Андрондық металлург шеберлер көптеген әр түрлі әшекейлер жасай білді, оларға арнайы андрондық белгілер тән: сырғаларды көбінесе бір ұшын кең етіп жасады, көзілдірік тәрізді және табан салпыншақтар, ұштары шиыршықты бұралған білезіктер мен сақиналар, геометриялық ою өрнектеліп салынған белдіктер. Сақтар ежелгі тайпа, Еуроазияның кең даласында оларға қарсы тұратын күш болмады . Олар мысты ғана емес, сонымен бірге темірді де қорыта білді. Сақтардың алтынының көптігі жөнінде аңыздар айтылды. Алтынмен жездері есепсіз болды, олармен бас киімдерін, киімдерін, сауыттарын, жылқы ат саймандарын әшекейледі деп жазады, өзінің сүйсінуін жасырмай б.з.д. v ғ. ежелгі грек тарихшысы Геродот. Зергерлік алтын бұйымдарды сәндік стильдеу бұл заманның қайталанбас жоғары көркем орындау шеберлігін көрсетеді. Сақтар әлемге темір балқытуды, қайып тігілген жеңдері бар желбегей киімдерді, жүген, ер тоқым басқа да көптеген заттарды силады. Ғұндар Орталық Азия, Солтүстік Қытай, Монғолия Байқал аумағын мекендеді және көшпелі әрі отырықшы өмір сүрді. Олар мал шарушылығы, жер шаруашылығы, металлургия және қыш –құмыра кәсіпкерлігімен айналысты. Ғұндар тамаша зергерлер болды. Алтын мен күмісті түйіршіктеу мен безендірудің ғұндық тәсілі осы кезге дейін қолданылуда. Ғұндар, сондай-ақ киіз, тері және аң терісін безендіру тәсілдерін білген .

Қыпшақтар ежелгі түркі тайпалары, олар қазақ халқы мен басқа түркі тілді халықтардың қалыптасуына негіз болды. Бұл орта ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген Дешті және қыпшақ деп аталған ірі тайпалық бірлестік болды. Қыпшақтардың билеген аймағы Алтайдан батыста Византия, Булгария, Русь, Трансильвания, Молдавия, Египеттің оңтүстік батысы. Таңбалы тастар үңгір қабырғаларына, таулы жер тастарына немесе жеке бір тастарға шекілген суреттер мен түрлі белгілер. Қазақстан территориясында таңбалы тастар көптеп кездеседі. Олардың ең ірілері мыналар: Арпаөзен таңбалы тастары, Қаратау шимайлы тастары, Қапшағай таңбалы тасы, тағы басқалар. Таңбалы тастар сол дәуірдегі адамдардың тұрмыс –тіршілігінен мол мәлімет береді, мысалы: Маңғышлақ өңіріндегі Айрақты тауындағы мына бір суретті «Көшпенділер өмірінен көрініс»деп атауға болады. Таңбалы таста жан-жануарлардың көшпенділер өміріндегі орны айқын көрініс тапқан. Жеті жерінен жараланған таутеке суреті аңшылық өнердің де көшпенділер өмірінде ерекше маңызды болғанын көрсетеді. Арпаөзен таңбалы тастары – Қазақстан жерінде қола дәуірден сақталған тастардағы таңбалы суреттер. Археология ғылымында бұл ескерткіштерді «Арпаөзен петроглифтері» деп атайды. Арпаөзен таңбалы тастары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданына қарасты Абай қыстағына жақын Қаратаудың Келіншектау деген жотасында орналасқан. Қазақстан ғылым Академиясының археологиялық экспедициясы біздің халқымыздың арғы тарихынан мол мәлімет беретін құнды ескерткішті екі рет зерттеді. Арпаөзен таңбалы тастарындағы суреттер тақырыбының ауқымы өте кең. Дегенмен негізгі тақырыбы аңшылыққа, жаугершілікке арналған, сондай-ақ, жан-жануарлардың тіршілігіне ерекше көңіл аударылған. Аттарды, өгіз бен түйені жеккен соғыс және шаруашылық арбалардың суреттері кездеседі. Жартасқа салынған қос атты жауынгерлік арбалар біздің арғы бабаларымыздың батырлық рухының биіктігін көрсетеді. Жартастарда салынған қайсібір суреттерде жылдың төрт мезгілінің ауысып келуі сияқты табиғи құбылыстар бейнеленген. Арпаөзен таңбалы тастарындағы кейбір көріністер металдан, ағаштан, теріден жасалған күнделікті тұрмысқа қажетті заттарға да салынған. Ескерткіш біздің заманымыздан бұрынғы 2-1 мың жылдыққа жатады. Арпаөзен таңбалы тастарының ішіндегі мына ерекше топты суреттерді ғылымда «Тіршілік тынысы» деп атайды. Таңбалы тастағы суретте түйе малына ерекше көңіл аударылған. Түйе қазақ халқының ерекше қастерлеп ұстаған малы екенін ескерсек, сонау қола дәуірден жалғасын тапқан дәстүр екеніне көзіміз жетеді. Түйе малын сол дәуірде қолға үйретіп ұстағанын түйенің тұсаулы және мұрындық кигізілуі суреті айқын көрсетеді.

Қаратау шимайлы тастарының біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдық пен орта ғасыр аралығында өмір сүрген адамдардың тастарға шекіп салған суреттері. Археология ғылымында оны «Қаратау петроглифтері» деп те атайды. Мұндай шекіп салынған суреттер Қаратаудың шатқалдары мен сайларында өте көп. Мысалы: Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданына қарасты Қойбағар маңында 3045 таңбалы тастар болса, Арпаөзеннен 65 таңбалы тас табылған. Қаратау шимайлы тастарында аңдар мен жануарлардың, құстардың суреттері салынған. Бұл суреттер түрлі тақырыптарға салынып, белгілі бір мағына береді. Мысалы, түйенің бейнесі байлық пен күштің символын білдірген. Ал, таутекеге ит қосу, садақпен ату, құс аулау сияқты суреттер аңшылық қөріністерді білдірген. Адамдардың бейнесі салынып, олардың қылыштасып немесе сойылдатып тұруы батырлардың жекпе-жегін білдіріп, соғыс тақырыбына салынғанын көрсетеді. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы жылдары табылған елуге тарта әскери және жүк арбалардың суреттері Қаратау шимайлы тастарының аса құнды тундылары болып есептеледі. Суреттерде Қаратауды мекендеген көшпелі тайпалардың аң мен құс, жан-жануарларды ерекше қадір тұтып, оларды киелі ие, пір санағаны да бейнеленген. Бұнын өзі Тәңірге табынудың бір көрінісі болып табылады. Сол кезеңде өмір сүрген адамдардың салт-дәстүрі, таным ұғымы мыңдаған жылдардың ар жағында қалғанмен қазақ халқының дәстүрімен ұштасып жатыр. Қазақ халқы ешкінің иесін «Шекшек ата», қойдың пірін «Шопан ата», түйенің пірін «Ойсыл қара», сиыр иесін «Зеңгі баба» деп атауы төрт түлік малды аса қадірлеуден туған.

Қаратауда ұшырасатын көптеген суреттер, негізінен, мал өсірумен айналысқан тайпалардың көктемгі, күзгі мал төлдету, күйек, күзем алу науқандарында өткізілетін салт-жораларды бейнелейді. Қаратау шимайлы тастары Қазақстанның жергілікті халқының ежелгі рухани өмірін көрсететін бірден бір құнды көне мәдениет ескерткіші саналады. Арба үстіндегі жауынгер» - Қаратау шимайлы тастарының аса құнды туындыларының бірі. Бұл сурет ерлік рухын көрсетеді. Шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтық бас кезі. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Арпаөзен сайындағы жартастан табылған сурет. Ат жегіп, арба міну, оны өз Отанын қорғау үшін әскери жорықтарға пайдалану қазақ даласын мекендеген тайпалардан бастау алғанына осы таңбалы тастардағы суреттер дәлел бола алады. Қарт Қаратау қойнауындағы Арпаөзен таңбалы тастары көптеген тарихи оқиғалардан мәлімет береді. Мына суретте тайпалар соғысы бейнеленген. Түрлі қару-жарақ ұстаған жауынгерлердің батыл қимылдары шынайы бейнеленген. Бірінің қолында сойыл, екінші біреуі қанжар, найза немесе бұзау тіс қамшы ұстап айқасқа кірген, көшпенділер өміріндегі ерекше бір көрініс.

Итті қолға ұстап үйреткені, оны аңшылыққа тағы басқа жағдайда көмекші ретінде ұстағаны да осы суретте бейнеленген. «Бұғы мен таутеке»Бұл суретте Қаратау шимайлы тастары тобына жатады. Аңшылар өмірі бейнеленген. Шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың ортасы. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Майдамтал сайындағы жартастан табылған сурет. Күн Құдай. Тамғалы алқабы. Шу-Іле тауларының оңтүстік беті. Қола дәуірі. Біздің заманымызға дейінгі 2-мыңжылдықтың жартысы. Ойшыл. Тамғалы алқабы. Шу-Іле тауларының оңтүстік беті. Қола дәуірі. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мың жылдықтың жартысы. Бұл екі суретте де адамның ойлау қаблетіне ерекше құрметпен қараған таным бейнеленген. Тайпаға рухани жетекші бола алатын ой еңбегінің иесі, бәлкім, Абызды осылай таңбалап берген болар.

Өгіз үстінде тұрған Күн Құдай. Тамғалы алқабы. Шу-Іле тауларының оңтүстік беті. Қола дәуірі. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдық жартысы. Күн күркіретуші. Тамғалы алқабы. Шу-Іле тауларының Оңтүстік беті. Қола дәуірі. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың жартысы. Қазақ халқының ұғымында жаңбыр шақыру үшін «тасаттық» беретін салт-дәстүр бар. Соның бастауы көне дәуірден екенін осы сурет танытады. Таңбалы тастардағы суреттер ұлы даланы мекендеген тайпалардың байырғы өмірінен мол мәлімет береді. Бестерек таңбалы тастары – Қазақстандағы қола дәуірінен сақталған ескерткіштер тобы. Бұл ескерткіштер Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Бестерек ауылының жанындағы Қолба тауының етегіндегі жоталардан табылған. Бестерек петроглифтері қола дәуірінің біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасы мен 1-мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Бестерек таңбалы тастарындағы мына суретте аңдар бейнеленген. Аңдар мен жан-жануарлар бейнелері Бестерек таңбалы тастарында көптеп кездеседі. Бесоба-Қазақстандағы қола дәуірінен сақталған обалардың бір тобы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Бесоба ауылының маңынан табылған. Бесобадан табылған түрлі бұйымдардан басқа, онда көптеген таңбалы тастар бар. Соның ішінде «Әйел мен еркек» таңбалы тасында мәңгілік өмір, ұрпақ жалғастығы бейнеленген. Ұлы даланы мекендеген тайпалар, яғни біздің ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ тағдырына ерекше көңіл бөлген. Балқаш көлінің солтүстік-шығыс жағындағы Бесоба жазығынан тадылған өгіздің суреті. Бұл да қола дәуіріндегі тамғалы дәстүрімен салынған. Шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдық шамасы, Ірі қараны қолға үйретіп ұстау, көлік ретінде пайдалануды көшпенділер ертеден бастаған. Қазақтың ұлы даласындағы таулар мен қыраттардағы таңбалы тастарды тарих шежіресі деуге болады. Өз құрамына көптеген тайпалар мен халықтарды енгізген және еуразия даласы тарихында маңызды роль атқарған қазақ этносы, халықтардың бірі болып табылады.

Ежелгі және орта ғасырлық Қазақстанның қазақ халқының қалыптасу және бірігу үдерісіне осы тайпалар халықтардың әлеуметтік тарихи даму барысында тудырған тарихи этникалық нақтылы көп санының қатысу ортақтығы қазақ халқын мәдени мұраның мирасқоры деп қарауға негіздеме береді. Б.з.д. 2 мыңжылдық адам қоғамының дамуының сапалы жаңа сатысын анықтаған тұтас бірқатар ерекшеліктермен атап өтілді.

Оңтүстік Сібір, Орталық және Солтүстік Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мал шаруашылығында ірі жетістіктерге қол жеткізді, ол ежелгі өндірістің жетекші саласына айналды. Бұл тері мен жүн түріндегі шикізатты киім тігу үшін пайдалануға мүмкіндік берді. Шикізат пен металдың артығы матаның әр түрлеріне айырбасталды. Басқа бір маңызды ерекшелігі полиметалл мен алтын өндірісін игеру болды. Андрондық металлург шеберлер көптеген әр түрлі әшекейлер жасай білді, оларға арнайы андрондық белгілер тән: сырғаларды көбінесе бір ұшын кең етіп жасады, көзілдірік тәрізді және табан салпыншақтар, ұштары шиыршықты бұралған білезіктер мен сақиналар, геометриялық ою өрнектеліп салынған белдіктер.

Сақтар ежелгі тайпа. Еуразияның кең даласында оларға қарсы тұратын күш болмады. Олар мысты ғана емес, сонымен бірге темірді де қорыта білді. Сақтардың алтынының көптігі жөнінде аңыздар айтылды. Алтынмен жездері есепсіз болды, олармен бас киімдерін, сауыттарын, жылқы ат саймандарын әшекейледі деп жазады, өзінің сүйсінуін жасырмай б.з.д. v ғ. ежелгі грек тарихшысы Геродот. Зергерлік алтын бұйымдарды сәндік стильдеу бұл заманның қайталанбас жоғары көркем орындау шеберлігін көрсетеді. Сақтар әлемге темір балқытуды, қайып тігілген жеңдері бар желбегей киімдерді, жүген, ер тоқым басқа да көптеген заттарды силады .

Ғұндар Орталық Азия, Солтүстік Қытай, Монғолия Байқал аумағын мекендеді және көшпелі әрі отырықшы өмір сүрді. Олар мал шарушылығы, жер шаруашылығы, металлургия және қыш –құмыра кәсіпкерлігімен айналысты . Ғұндар тамаша зергерлер болды .Алтын мен күмісті түйіршіктеу мен безендірудің ғұндық тәсілі осы кезге дейін қолданылуда . Ғұндар, сондай-ақ киіз, тері және аң терісін безендіру тәсілдерін білген .

Қыпшақтар ежелгі түркі тайпалары, олар қазақ халқы мен басқа түркі тілді халықтардың қалыптасуына негіз болды. Бұл орта ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген Дешті және қыпшақ деп аталган ірі тайпалық бірлестік болды. Қыпшақтардың билеген аймағы Алтайдан батыста Византия, Булгария, Русь, Трансильвания, Молдавия, Египеттің оңтүстік батысы. Тарихи деректерге сүйене отырып ертедегі мезолит және неолит заманындағы дүниеге келген тасқа шегіп жазу мәдениеті арқылы дипломдық жұмыстың тақырыбы «Ғажайып аяш» деп зерттелінетін болды.

«Ғажайып Аяш» тақырыбындағы дипломдық жобаны зерттеуді бастауда көптеген тарихи деректерге сүйену қажет болады, өйткені киім жиынтығындағы бүкіл ою өрнектер ертедегі мезолит және неолит заманындағы дүниеге келген тасқа шегіп жазу мәдениеті арқылы зерттелініп барып жобаланды. Ерте заманнан адамдар аң терісінен жамылғы жасап, одан алуан түрлі киімдер жасап шығарды. Қазақ халқының ою-өрнек әшекейінің ең бір көп кездесетіні ұлттық киімдер. Сол қазақ киімдерінің ұлттық түрлерін жинап, оның әр алуан әсем үлгілерін жасауда өркен жайған қазақ театрлары мен көркем өнерпаздар коллективтері үлкен еңбек сіңіреді. Мысалы қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік опера жіне балет театры, М.Әуезов атындағы Академиялық қазақ драма театрының коллективтері көптеген еңбек сіңірді. Олар “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу”, “Қобыланды Батыр” сияқты тарихи эпостық дүниелерді сахнаға шығару мен бірге қазақ киімдерінің неше алуан әшекейлі түрлерінде қалпына келтірді. Бұл коллективтердің өнерпаздары, әрине соның барлығын өз жандарынан шығарған жоқ, олар ізденді, тапты, көрді, архив пен музей қазыналарының деректеріне сүйенеді.

Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттары мен айырып айтылады. Мысалы арғын тымақ, найман тымақ, қыпшақ тымақ, адай бөрік, қызай бөрік, ноғай бөрік тағы сондай сияқты кейде географиялық мекен атына қарайды ерекше үлгіге бөлінеді: Қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі т.б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерінің ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Мысалы шапан үлгісін алайық. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы етек жеңдері ұзын ашық жағалы келеді. Оңтүстік елі осы жүздің киімдерімен бар жағдайды жасап отырған. Өз құрамына көптеген тайпалар мен халықтарды енгізген және еуроазия даласы тарихында маңызды роль атқарған қазақ этносы, халықтардың бірі болып табылады . Ежелгі және орта ғасырлық Қазақстанның қазақ халқының қалыптасу және бірігу үдерісіне осы тайпалар халықтардың әлеуметтік тарихи даму барысында тудырған тарихи этникалық нақтылы көп санының қатысу ортақтығы қазақ халқын мәдени мұраның мирасқоры деп қарауға негіздеме береді .Б.з.д. 2 мыңжылдық адам қоғамының дамуының сапалы жаңа сатысын анықтаған тұтас бірқатар ерекшеліктермен атап өтілді . Оңтүстік Сібір, Орталық және Солтүстік Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мал шаруашылығында ірі жетістіктерге қол жеткізді , ол ежелгі өндірістің жетекші саласына айналды .Бұл тері мен жүн түріндегі шикізатты киім тігу үшін пайдалануға мүмкіндік берді .Шикізат пен металдың артығы матаның әр түрлеріне айырбасталды. Басқа бір маңызды ерекшелігі полиметалл мен алтын өндірісін игеру болды. «Ғажайып Аяш» тақырыбындағы дипломдық жобадағы ою өрнек тасғы таңбалар мен сақ шеберлерінің аң стиліндегі алтын бұйымдарын зерттеу барысында өрнектелді.

Андрондық металлург шеберлер көптеген әр түрлі әшекейлер жасай білді, оларға арнайы андрондық белгілер тән: сырғаларды көбінесе бір ұшын кең етіп жасады, көзілдірік тәрізді және табан салпыншақтар, ұштары шиыршықты бұралған білезіктер мен сақиналар, геометриялық ою өрнектеліп салынған белдіктер. Сақтар ежелгі тайпа, Еуроазияның кең даласында оларға қарсы тұратын күш болмады . Олар мысты ғана емес, сонымен бірге темірді де қорыта білді. Сақтардың алтынының көптігі жөнінде аңыздар айтылды. Алтынмен жездері есепсіз болды, олармен бас киімдерін, киімдерін, сауыттарын, жылқы ат саймандарын әшекейледі деп жазады, өзінің сүйсінуін жасырмай б.з.д. v ғ. ежелгі грек тарихшысы Геродот. Зергерлік алтын бұйымдарды сәндік стильдеу бұл заманның қайталанбас жоғары көркем орындау шеберлігін көрсетеді. Сақтар әлемге темір балқытуды, қайып тігілген жеңдері бар желбегей киімдерді, жүген, ер тоқым басқа да көптеген заттарды силады .

Ғұндар Орталық Азия, Солтүстік Қытай, Монғолия Байқал аумағын мекендеді және көшпелі әрі отырықшы өмір сүрді. Олар мал шарушылығы, жер шаруашылығы, металлургия және қыш –құмыра кәсіпкерлігімен айналысты. Ғұндар тамаша зергерлер болды. Алтын мен күмісті түйіршіктеу мен безендірудің ғұндық тәсілі осы кезге дейін қолданылуда. Ғұндар, сондай-ақ киіз, тері және аң терісін безендіру тәсілдерін білген .

Қыпшақтар ежелгі түркі тайпалары, олар қазақ халқы мен басқа түркі тілді халықтардың қалыптасуына негіз болды. Бұл орта ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген Дешті және қыпшақ деп аталған ірі тайпалық бірлестік болды. Қыпшақтардың билеген аймағы Алтайдан батыста Византия, Булгария, Русь, Трансильвания, Молдавия, Египеттің оңтүстік батысы.

Таңбалы тастар үңгір қабырғаларына, таулы жер тастарына немесе жеке бір тастарға шекілген суреттер мен түрлі белгілер. Қазақстан территориясында таңбалы тастар көптеп кездеседі. Олардың ең ірілері мыналар: Арпаөзен таңбалы тастары, Қаратау шимайлы тастары, Қапшағай таңбалы тасы, тағы басқалар. Таңбалы тастар сол дәуірдегі адамдардың тұрмыс –тіршілігінен мол мәлімет береді, мысалы: Маңғышлақ өңіріндегі Айрақты тауындағы мына бір суретті « Көшпенділер өмірінен көрініс»деп атауға болады. Таңбалы таста жан-жануарлардың көшпенділер өміріндегі орны айқын көрініс тапқан. Жеті жерінен жараланған таутеке суреті аңшылық өнердің де көшпенділер өмірінде ерекше маңызды болғанын көрсетеді. Арпаөзен таңбалы тастары – Қазақстан жерінде қола дәуірден сақталған тастардағы таңбалы суреттер. Археология ғылымында бұл ескерткіштерді «Арпаөзен петроглифтері» деп атайды. Арпаөзен таңбалы тастары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданына қарасты Абай қыстағына жақын Қаратаудың Келіншектау деген жотасында орналасқан. Қазақстан ғылым Академиясының археологиялық экспедициясы біздің халқымыздың арғы тарихынан мол мәлімет беретін құнды ескерткішті екі рет зерттеді. Арпаөзен таңбалы тастарындағы суреттер тақырыбының ауқымы өте кең. Дегенмен негізгі тақырыбы аңшылыққа, жаугершілікке арналған, сондай-ақ, жан-жануарлардың тіршілігіне ерекше көңіл аударылған. Аттарды, өгіз бен түйені жеккен соғыс және шаруашылық арбалардың суреттері кездеседі. Жартасқа салынған қос атты жауынгерлік арбалар біздің арғы бабаларымыздың батырлық рухының биіктігін көрсетеді. Жартастарда салынған қайсібір суреттерде жылдың төрт мезгілінің ауысып келуі сияқты табиғи құбылыстар бейнеленген. Арпаөзен таңбалы тастарындағы кейбір көріністер металдан, ағаштан, теріден жасалған күнделікті тұрмысқа қажетті заттарға да салынған. Ескерткіш біздің заманымыздан бұрынғы 2-1 мың жылдыққа жатады.

Арпаөзен таңбалы тастарының ішіндегі мына ерекше топты суреттерді ғылымда «Тіршілік тынысы» деп атайды. Таңбалы тастағы суретте түйе малына ерекше көңіл аударылған. Түйе қазақ халқының ерекше қастерлеп ұстаған малы екенін ескерсек, сонау қола дәуірден жалғасын тапқан дәстүр екеніне көзіміз жетеді. Түйе малын сол дәуірде қолға үйретіп ұстағанын түйенің тұсаулы және мұрындық кигізілуі суреті айқын көрсетеді.

Қаратау шимайлы тастарының біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдық пен орта ғасыр аралығында өмір сүрген адамдардың тастарға шекіп салған суреттері. Археология ғылымында оны «Қаратау петроглифтері» деп те атайды. Мұндай шекіп салынған суреттер Қаратаудың шатқалдары мен сайларында өте көп. Мысалы: Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданына қарасты Қойбағар маңында 3045 таңбалы тастар болса, Арпаөзеннен 65 таңбалы тас табылған. Қаратау шимайлы тастарында аңдар мен жануарлардың, құстардың суреттері салынған. Бұл суреттер түрлі тақырыптарға салынып, белгілі бір мағына береді. Мысалы, түйенің бейнесі байлық пен күштің символын білдірген. Ал, таутекеге ит қосу, садақпен ату, құс аулау сияқты суреттер аңшылық қөріністерді білдірген. Адамдардың бейнесі салынып, олардың қылыштасып немесе сойылдатып тұруы батырлардың жекпе-жегін білдіріп, соғыс тақырыбына салынғанын көрсетеді. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы жылдары табылған елуге тарта әскери және жүк арбалардың суреттері Қаратау шимайлы тастарының аса құнды тундылары болып есептеледі. Суреттерде Қаратауды мекендеген көшпелі тайпалардың аң мен құс, жан-жануарларды ерекше қадір тұтып, оларды киелі ие, пір санағаны да бейнеленген. Бұнын өзі Тәңірге табынудың бір көрінісі болып табылады. Сол кезеңде өмір сүрген адамдардың салт-дәстүрі, таным ұғымы мыңдаған жылдардың ар жағында қалғанмен қазақ халқының дәстүрімен ұштасып жатыр. Қазақ халқы ешкінің иесін «Шекшек ата», қойдың пірін «Шопан ата», түйенің пірін «Ойсыл қара», сиыр иесін «Зеңгі баба» деп атауы төрт түлік малды аса қадірлеуден туған.

Қаратауда ұшырасатын көптеген суреттер, негізінен, мал өсірумен айналысқан тайпалардың көктемгі, күзгі мал төлдету, күйек, күзем алу науқандарында өткізілетін салт-жораларды бейнелейді. Қаратау шимайлы тастары Қазақстанның жергілікті халқының ежелгі рухани өмірін көрсететін бірден бір құнды көне мәдениет ескерткіші саналады.

«Арба үстіндегі жауынгер» - Қаратау шимайлы тастарының аса құнды туындыларының бірі. Бұл сурет ерлік рухын көрсетеді. Шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтық бас кезі. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Арпаөзен сайындағы жартастан табылған сурет. Ат жегіп, арба міну, оны өз Отанын қорғау үшін әскери жорықтарға пайдалану қазақ даласын мекендеген тайпалардан бастау алғанына осы таңбалы тастардағы суреттер дәлел бола алады. Қарт Қаратау қойнауындағы Арпаөзен таңбалы тастары көптеген тарихи оқиғалардан мәлімет береді. Мына суретте тайпалар соғысы бейнеленген. Түрлі қару-жарақ ұстаған жауынгерлердің батыл қимылдары шынайы бейнеленген. Бірінің қолында сойыл, екінші біреуі қанжар, найза немесе бұзау тіс қамшы ұстап айқасқа кірген, көшпенділер өміріндегі ерекше бір көрініс.

Итті қолға ұстап үйреткені, оны аңшылыққа тағы басқа жағдайда көмекші ретінде ұстағаны да осы суретте бейнеленген. «Бұғы мен таутеке»Бұл суретте Қаратау шимайлы тастары тобына жатады. Аңшылар өмірі бейнеленген. Шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың ортасы. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Майдамтал сайындағы жартастан табылған сурет. Күн Құдай. Тамғалы алқабы. Шу-Іле тауларының оңтүстік беті. Қола дәуірі. Біздің заманымызға дейінгі 2-мыңжылдықтың жартысы. Ойшыл. Тамғалы алқабы. Шу-Іле тауларының оңтүстік беті. Қола дәуірі. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мың жылдықтың жартысы. Бұл екі суретте де адамның ойлау қаблетіне ерекше құрметпен қараған таным бейнеленген. Тайпаға рухани жетекші бола алатын ой еңбегінің иесі, бәлкім, Абызды осылай таңбалап берген болар.

Өгіз үстінде тұрған Күн Құдай. Тамғалы алқабы. Шу-Іле тауларының оңтүстік беті. Қола дәуірі. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдық жартысы. Күн күркіретуші. Тамғалы алқабы. Шу-Іле тауларының Оңтүстік беті. Қола дәуірі. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың жартысы. Қазақ халқының ұғымында жаңбыр шақыру үшін «тасаттық» беретін салт-дәстүр бар. Соның бастауы көне дәуірден екенін осы сурет танытады. Таңбалы тастардағы суреттер ұлы даланы мекендеген тайпалардың байырғы өмірінен мол мәлімет береді. Бестерек таңбалы тастары – Қазақстандағы қола дәуірінен сақталған ескерткіштер тобы. Бұл ескерткіштер Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Бестерек ауылының жанындағы Қолба тауының етегіндегі жоталардан табылған. Бестерек петроглифтері қола дәуірінің біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасы мен 1-мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Бестерек таңбалы тастарындағы мына суретте аңдар бейнеленген. Аңдар мен жан-жануарлар бейнелері Бестерек таңбалы тастарында көптеп кездеседі. Бесоба-Қазақстандағы қола дәуірінен сақталған обалардың бір тобы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Бесоба ауылының маңынан табылған. Бесобадан табылған түрлі бұйымдардан басқа, онда көптеген таңбалы тастар бар. Соның ішінде «Әйел мен еркек» таңбалы тасында мәңгілік өмір, ұрпақ жалғастығы бейнеленген. Ұлы даланы мекендеген тайпалар, яғни біздің ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ тағдырына ерекше көңіл бөлген. Балқаш көлінің солтүстік-шығыс жағындағы Бесоба жазығынан тадылған өгіздің суреті. Бұл да қола дәуіріндегі тамғалы дәстүрімен салынған. Шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдық шамасы, Ірі қараны қолға үйретіп ұстау, көлік ретінде пайдалануды көшпенділер ертеден бастаған. Қазақтың ұлы даласындағы таулар мен қыраттардағы таңбалы тастарды тарих шежіресі деуге болады.

Өз құрамына көптеген тайпалар мен халықтарды енгізген және еуроазия даласы тарихында маңызды роль атқарған қазақ этносы, халықтардың бірі болып табылады . Ежелгі және орта ғасырлық Қазақстанның қазақ халқының қалыптасу және бірігу үдерісіне осы тайпалар халықтардың әлеуметтік тарихи даму барысында тудырған тарихи этникалық нақтылы көп санының қатысу ортақтығы қазақ халқын мәдени мұраның мирасқоры деп қарауға негіздеме береді. Б.з.д. 2 мыңжылдық адам қоғамының дамуының сапалы жаңа сатысын анықтаған тұтас бірқатар ерекшеліктермен атап өтілді. Оңтүстік Сібір, Орталық және Солтүстік Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мал шаруашылығында ірі жетістіктерге қол жеткізді, ол ежелгі өндірістің жетекші саласына айналды. Бұл тері мен жүн түріндегі шикізатты киім тігу үшін пайдалануға мүмкіндік берді. Шикізат пен металдың артығы матаның әр түрлеріне айырбасталды. Басқа бір маңызды ерекшелігі полиметалл мен алтын өндірісін игеру болды. Андрондық металлург шеберлер көптеген әр түрлі әшекейлер жасай білді, оларға арнайы андрондық белгілер тән: сырғаларды көбінесе бір ұшын кең етіп жасады, көзілдірік тәрізді және табан салпыншақтар, ұштары шиыршықты бұралған білезіктер мен сақиналар, геометриялық ою өрнектеліп салынған белдіктер. Сақтар ежелгі тайпа. Еуроазияның кең даласында оларға қарсы тұратын күш болмады. Олар мысты ғана емес, сонымен бірге темірді де қорыта білді. Сақтардың алтынының көптігі жөнінде аңыздар айтылды. Алтынмен жездері есепсіз болды, олармен бас киімдерін, сауыттарын, жылқы ат саймандарын әшекейледі деп жазады, өзінің сүйсінуін жасырмай б.з.д. v ғ. ежелгі грек тарихшысы Геродот. Зергерлік алтын бұйымдарды сәндік стильдеу бұл заманның қайталанбас жоғары көркем орындау шеберлігін көрсетеді. Сақтар әлемге темір балқытуды, қайып тігілген жеңдері бар желбегей киімдерді, жүген, ер тоқым басқа да көптеген заттарды силады .

Ғұндар Орталық Азия, Солтүстік Қытай, Монғолия Байқал аумағын мекендеді және көшпелі әрі отырықшы өмір сүрді. Олар мал шарушылығы, жер шаруашылығы, металлургия және қыш –құмыра кәсіпкерлігімен айналысты . Ғұндар тамаша зергерлер болды. Алтын мен күмісті түйіршіктеу мен безендірудің ғұндық тәсілі осы кезге дейін қолданылуда . Ғұндар, сондай-ақ киіз, тері және аң терісін безендіру тәсілдерін білген .

Қыпшақтар ежелгі түркі тайпалары, олар қазақ халқы мен басқа түркі тілді халықтардың қалыптасуына негіз болды. Бұл орта ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген Дешті және қыпшақ деп аталган ірі тайпалық бірлестік болды. Қыпшақтардың билеген аймағы Алтайдан батыста Византия, Булгария, Русь, Трансильвания, Молдавия, Египеттің оңтүстік батысы.

Қазақ киімдері іштік-сырттық, сулық, біркиер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдер – көйлек, дамбал, желетке, камзол, кәзекей, сыртқы киімдерге – шапан, күртке, тон, шиделі: сулық киімдерге – шекпен, қартал шапан, берзент, кебенек, сырттық жатады. Қазақстанның орталық аймақтарында тон, ішік, тайжақсы сияқты сыртқы киімдерді оң киімдер деп де атады. Бір киер кіим деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той думандарға, жиын тойларға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың “Танылған жерде – бой сыйлы, танылмаған жерде – тон сыйлы” дейтін мәтеліде осыны аңғартады. Қазақ салтында ержігіт егіске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең көріктісін киген. Еркек киімдерінің ең қымбатты – аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес, бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінеді. Аң терісінен тігілген ішіктерін сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көкберен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалыда ширақты маталармен тысталған, кейде осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелер, су моншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек жеңіне алтын, күміс зер ұстар, кейде бөлек қапталған кестелер мен сыртынан қаптап киген.

Қазақстандағы оңтүстік өңірде шапанның да, ішіктіңде, ойып етек түрлері кездеседі. Ондай ойық кейде тұра арт бойдың етегінен, кейде екі жақ шабудың үстінен жасалады да айналасы жұрындалып, кестеленіп, әдемі өрнектер мен әшекейленеді. Шалбарды барқыт, пүліш, шұға, тібен трико, шөшінше, шибарқыт, шегрен, ләмбас, қырмызы, көк мауыт сияқты ширақы маталардан, қой, ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп-тұруға молдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы етік қонышының ішіне салынатыны да бар, кейде қоныштың сыртындада жүреді. Жеңіл шапан мен бешпеттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алады. Шалбардың балағы екі жағынан ойық болып, ол кестеленіп қойылатын. Сондықтан да шалбар өте сәнді, көрікті киімдердің бірі болып саналады. Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуден бірнеше метр оралған. Белдік пен кісені қайыстан, қабатталған былғары, білезіктермен, терме, белбеулер де болған.

Әйелдер киімдері де әр айшықта әр түрлі болған. Олардың түрлері де әр алуан болған. Солардың ішінде қазаққа тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, кебіс, мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйелдер киімдері әшекей ажар жағынан жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер қарт бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдері өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтар мен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, қатипа тақия киіп, шолпы тағып жүреді. Қыздар төсін жасыру үшін көкірекшесімен кеудесін қатты тартып тастап жүрген.

Қазақтың ұлттық киімдері өзінің сипаты мен сыры мен, сұлулығы мен сәнімен сан ғасырлық тарихтық куәсі ретінде бізге жеткен асыл мұра, ерекше өнер түрі. Киім үлгісін жасауда халықтың әдеп- ғұрпына үлкен мағына беріледі және ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы мұра етіп келген өнерін көрсете білу. Дипломдық жобадағы “Ғажаып аяш” киім жиынтығы эксклюзив стильде таңдалынып алынды, сонымен қатар тасқа қашап жазу мәдениеті арқылы қазіргі заман талабына сай өзгере келе қайта жанданып иновациялық тәсіл мен орындалып дүниеге келген киім жиынтығы. Әрине терең зерттеулері қажет ететін “Ғажайып аяш” тақырыбын таңдау өте үлкен талғампаздық пен ізденімпаздықты талап етеді. Өнердің қарапайым тіршіліктен бастау алып, кейін мүлде бөлек жалпы тіршіліктен жоғарғы ұғымға айналуының өзі адамзат ұрпағының алғашқы бастамаларынан бері қаншалықты дамып, жетілгенін қапысыз байқатса керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет