Дискурс теориясының негіздері



бет1/7
Дата13.04.2024
өлшемі80.78 Kb.
#498613
  1   2   3   4   5   6   7
ДискурсЛекция17

Дискурс теориясы: дискурсивтік талдаудың әдістері және контент-талдау

Дәріс 1. Дискурс теориясының негіздері пәні туралы жалпы мағлұмат

  • «Дискурс теориясы негіздерінің» пәні, нысаны.
  • Мақсаттары мен міндеттері;
  • Лингвистикалық пәндер қатарында алатын орны.

Дәріс 2. Дискурс және оның зерттелуі.

  • Дискурс прагмалингвистиканың бір аспектісі ретінде.
  • Тіл білімі дамуының кейінгі кезеңінде дискурс теориясына байланысты арнайы зерттеулер өріс алып, дискурс пен мәтінді ажырата көрсетуге ұмтылған еңбектер жариялануда. Тұтас алғанда дискурс мәселесі қазақ тіл білімі үшін жас, әлі толық қалыптаса қоймаған, лингвистиканың пәнаралық сипаттағы саласы. Дискурстың мәні мен мазмұнына терең бойламас бұрын, оның зерттелуіне тоқтала кеткен жөн. Дискурс талдау теориясына қатысты жарияланған шетелдік зерттеушілер еңбектері (Т.Гивон, А.Е.Кибрик, Т.А.ван Дейк, Н.Хомский, Л.С.Выготский, Т.В.Ахутина т.б.) және қазақ тіл білімінде мәтін лингвистикасына, стилистикаға, синтаксиске және когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеу жүргізген ғалымдар (Р.Сыздық, Р.Әмір, Т.Сайрамбаев, Б.Шалабай, А.Жұбанов, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Г.Қосымова, З.Ш.Ерназарова, Г.Әзімжанова, Қ.Есенова, Ж.Қайшығұлова, Қ.Айтмұхаметова т.б.), дискурсқа қатысты пікір білдірген Н.Уәли, Д.Әлкебаева, Г.Бүркітбаева, Ж.М.Кеншінбаева т.б. зерттеулері бар. 
  • «Дискурс» ұғымын алғашында шетелдік зерттеушілер әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарап зерттеді. Мысалы, Т.ван Дейк, Дж. Остин, Дж. Серля, М.Фуко, Э.Гофман, С.И.Виноградов, Б.П.Паршин, В.З.Демьянков, Ю.С Степанов және т.б. 
  • Ю.С.Степанов бойынша дискурс дегеніміз «тіл ішіндегі тіл».

Дәріс 2. Дискурс және оның зерттелуі.

  • Дискурс теориясының қалыптасуында екі дәстүрдегі мектеп өкілдері (американдық мектеп, оның негізін салушы – Франц Бае, чеш лингвистикалық мектебінің дәстүрі, негізгі өкілі – Вильям Матезиус) маңызды рөл атқарды. Дискурс талдау теориясының жеке пән ретінде қалыптасуы жалпы тіл білімінде ХХ ғ-ң 70-жылдарына, қазақ тіл білімінде бұл мәселеге қатысты зерттеулердің ғылыми айналысқа түсуі өмір сүріп жатқан ғасырымыз, ХХІ ғасырдың басына жатқызылады. 
  • Қазіргі филологиялық ғылымда дискурс пен оның табиғатын ашуға байланысты пікірлер әр тарапты. Оны «белгілі бір аядағы ағымдық тілдік қызмет», «тілдік байланыстар арқылы жасалатын мәтін», «аяқталған тілдік қарым-қатынас», «оқиғалық аспектідегі мәтін» тағы сол сияқты көптеген анықтамалар беріледі. Сонда «дискурс» ұғымы тілдік қызметті де, мәтінді де, мәтін аясын да, ойтолғамды да білдіретін көп қырлы термин. Яғни, бір сөзбен айтқанда, дискурс мәтіннен басқа экстралингвистикалық факторларды (қоршаған ортаны, ойтұжырымды, қағидалар мен адресаттың мақсаты) білдіретін күрделі экстралингвистикалық құбылыс. Бұл жөнінде Л.Дж.Филиппс, М.В.Йоргенсен, М.Л.Макаров, Е.И.Шейгалдардың зерттеулерінде кең айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет