Дістемелік кешені


Эпикалық шығарманың көркемдік шешімі - мұсылмандык тәуба. Сабыр, қанағат



бет15/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Эпикалық шығарманың көркемдік шешімі - мұсылмандык тәуба. Сабыр, қанағат ұстанымындағы имандылық ұлағатын ұлықтау («Тәубаға кеп ойға батты Арыстан, жастық арын шықпас болды қалыптан»).
Жаратушы Жаппар хақтан қуат-дәрмен, Мұхаммед пайғамбардың ұлағатынан тағылым алған Әзірет Әлінің Ислам дінін жер жүзіне таратуда
астамшылыққа ұрынбай, әрқашан Жаратушының құдіретін сезіне жүріп аянбай еңбек еткенін айта келе оқырмандарына тікелей адресаттық насихатын арнайды:
... Бұл аңызға сеніңдер я сенбеңдер,
Астамдық қып әзәзілге ермеңдер!
Пайғамбардың өнегесін ойға алсын
Жерді допша тепкілері келгендер! [22. 38 б.].
Ақын Баянғалидың «Марал ишанның аманаты» атты шығармасы - толғау-дастан. Ол тарихи таным философиясының заңдылықтары аясында жырланған шығарманың идеялық-композициялық желісінде бірнеше мәселелер егізделе өрілген: біріншісі - адамзат ұрпақтары үшін Жаратушы Алланың еркін өмір, жайлы тұрмыс-тіршілік ету құқығын берген құдіретін дәріптеу, адам еркіндігінің туған жері, елі, Отаны үшін арналатын халықшыл-отаншыл қуатын дәлелдеу; екіншісі - Қазақ тарихындағы ислам ағартушылығы мен ұлттық-азаттық күресі қызметтерін тұтастыра өнегелі өмір сүрген, осы уақытқа дейін қазақ халқы ұрпақтары киесінен тірек, медеу, қолдау тапқан, бейітіне келін дертке дауа,көңілге жұбаныш алып жүрген Марал Баба ишан Құрманұлының адамзат ұрпақтары үшін жасаған еңбегін қазіргі заман мұраттарымен сабақтастыра бағалауға арналған.
Марал ишан Бабаның Қазақ даласының өзі өмір сүрген атыраптарында ауруларды емдеуді, отырықшылыққа, егіншілік кәсібіне баулуды, діни- исламдық оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруы, Ресей империясы отаршылдығы саясатына және Хиуа Қоқан хандығы басқыншылығына карсы халық қозғалысында жетекші тұлға болғандығы [30. 70-77 бб.] мәлім. Ақын Баянғалидың толғау-дастанындағы негізгі поэтикалық идея - адамзат ұрпақтарын қауіп-қатерден, қайғы-қасіреттен арылту жолында аянбай күрескен бабалар рухын ұлықтау. Тарихи-философиялық туындының композициялық-психологиялық сарынды тебіреністерінен, толғаныстарынан адамзат ұрпақтарының Жаратушы Алланың құдіретімен еңбек етіп, еркін, адал өмір сүру үшін жаратылғаны, сол жағдайды зорлықпен бұзушылардың, қуыс кеуде мақтаншақтардың, шындықты тұншықтырушылардың («Мен, мен деп күмпілдеген қуыс кеуде шашылған бұлт секілді қалқыр шеттеп,,. «Шыңғырған шындығыңды тұншықтырып, шегенден, шеңберімен койған шектеп») - бәрібір кейін анықталып айыпталатынын әшкерелеп жырлайды:
... Бой сұнып бір Аллаға хақ мұсылман,
Адалдан нәсіп теріп, еңбек етпек.
Шүкірсіз, көпсінгендер басқа жұртты,
Неліктен баса-көктеп, басқа теппек?!
Ешкімге Құдай ерік бермеген ғой
«Қырып-жой, күш жеткенді бодан ет!» - деп [22. 60 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет