Дістемелік кешені


Эпос – болмысты белгілі бір уақытпен кеңістік аясында, оқиғалар шеңберңнде, сюжеттік желі негізінде суреттейді. Драма



бет72/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
tzha keshen-2022-2023

Эпосболмысты белгілі бір уақытпен кеңістік аясында, оқиғалар шеңберңнде, сюжеттік желі негізінде суреттейді.
Драма – кейіпкерлердің тікелей қатысуымен олардың арасындағы тартыс, қақтығыстарды әлеуметтік-психологиялық сипатта беруімен ерекшеленеді.
Фигура – образ, түр. 6-ға бөлінеді: 1) арнау, 2) қайталау, 3) шендестіру,4) дамыту,5)инверсия, 6) элепсис.
Арнау – Жазушы не өзіне, не біреуге, не көпшілікке қайырыла сөйлесе, арнау дейді.
Үшке бөлінеді: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.
Сұрай арнау – жазушы біреуге не көпшілікке қайырыла сөйлесе және сұрағына жауап күтсе, сұрай арнау дейді.
Желі толған сары түйе,
Ағажан, кімге тапсырдың?
Зарлай арнау. – Монолог түрінде кездеседі. Қаһармандардың басында болған күйініш-сүйінішті, жалпы сезім дүниесіндегі психологиялық ауыр халдерді суреттеуде зарлай арнау көркем әдебиетте жиі ұшырасады.
Қайталау – белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды атайды.
Анафора – биіктеу, жоғары шығу. Өлеңнің әр жолы ылғи бір сөзден басталып, отыруы.
Эпифора – ері – соңғы, алып жүру Шығармаларда сөйлемнің әсерлілігін күшейту үшін белгілі бір сөз, сөз тіркесі жол аяғында қайталанады.
Инверсия –орын ауыстыру. Поэтикалық сөйлемдерде сөйлем ішіндегі сөздерді жай кездегі реттерінен өзгертіп, сөйлем мүшелерін екінші орынға қоюшылық.
Келдік талай жерге енді
Кіруге-ақ қалды көрге енді. Келдік сөз аяғында келу керек. Кіру көрге деген сөзден кейін келу керек.
Шендестіру – антитеза –мағына жағынан біріне-бірі қарсы, аралары алшақ жатқан: екі нәрсені бетпе-бет қоюды шендестіру дейді.
Дамыту – біртіндеп күшейте түсу. Сөйлегенде алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы оқиғадан соңғы оқиған күшейтіп айтуды дамыту – градация дейді. Қиқу салып құзға ұшқан,
Сюжет (фр. Sujet – зат) – өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі – өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт әр түрлі адамдардың іс-әрекетіндегі немесе ой-сана көзқарасындағы қарама-қайшылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет