Дістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды



Дата21.06.2016
өлшемі96.45 Kb.
#151417

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер кафедрасы

«Түркі филологиясына кіріспе» пәнінен 5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар


дістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

(қолы) (аты-жөні)

20__ж. «___»____________



Қ ұрастырушы: _____________ф.ғ.к, доцент Қадырова Б.М.

Филология, журналистика және өнер кафедрасы

«Түркі филологиясына кіріспе» пәні бойынша 5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

Пәнді оқыту бойынша

Кафедраның отырысында ұсынылды 20__ж. «___»______________,№__ Хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ.

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

Курс бойынша қамтылатын тақырыптар



1-тақырып. Түркі филологиясына кіріспе пәні, оның мазмұны қарастыратын мәселелері. Түркі филологиясы гуманитарлық пән болғандықтан, оның аясындағы түркі жазба мәтіндері лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи –мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады. Жазба ескерткіштерді зерттеу тілдің тарихын, қоғамның рухани мәдениетін терең тануға мүмкіндік туғызады. Сондықтан «Түркі филологиясына кіріспе» курсы түркі халықтарының тарихи- филологиялық, мәдени- идеологиялық проблемаларын зерттеуге ерекше көңіл бөледі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [5].



2-тақырып.Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Тіл тарихы мен қоғамның рухани мәдениетін анықтауда жазба ескерткіштерін зерттеудің мәні. Түркі филологиясы мен түркологияның қалыптасып дамуы, негізгі кезеңдері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [7], [6].



3-тақырып.Тіл және этнос. Көне түркі этногенезі проблемасы. Орталық және Орта Азияны мекендеген түркі тілдес тайпалар туралы алғашқы мағлұматтар. Сақ, үйсін, хун және көне түркілердің этникалық жақындық проблемасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [4], [6].



4-тақырып.Қазіргі түркі халықтары. Түркі тілдері және олардың классификациясы. Түркі халықтарының дүниеде таралуы, демографиясы. Түрік, өзбек, ұйғыр, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, татар, башқұрт, әзербайжан, түркімен, чуваш, саха, құмық, қарашай, балқар, ноғай, гагауыз, хакас,т.б. халықтары.Қазіргі түркі халықтарының этнографиясы, материалдық және рухани мәдениеті туралы мәліметтер. Тілдердің материалдық туыстастығын айқындайтын критерийлер. Түркі тілдерінің құрылысы, типологиялық сипаттамасы. Түркі тілдерін жіктеу прициптері(тарихи, географиялық, фонетикалық, фонетика- морфологиялық).Түркі тілдерінің негізгі классификациясына шолу. Өткен ғасыр түркологтарының( И.Н.Березин, В.В. Радлов, Ф.Е.Корш) түркі тілдерін жіктеудегі тәжірибелері.А.Н:Самойлович, В:В:Богородицкий, С:Е:Малов, Н.А.Баскаков, И.Бенцинг,К.Менгес, А.Дж.мре,т.б. жасаған классификациясы. Бұл классификацилардың кемістіктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [10], [11].

5-тақырып.Түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдері. Жазу мен жазба тіл. Жазба тіл мен ауызекі тілдің өзіндік ерекшеліктері. Жазу таңбасы мен дыбыс жазудың даму тарихы жөнінде жалпы түсінік. Жазу жүйесінің түрлері.Пиктографиялық жазу.Идеографиялық жазу .Буын жазуы. Алфавит(әріп жазуы),оның пайда болуы мен тармақталуы жөніндегі негізгі мәліметтер. Орта Азия, Қазақстан, Оңтүстік Сібір жеріндегі жазудың алғашқы түрлері.Бұлардың сипаттамасы, табылған жерлері. Көне түркі және қазақтың рулық елтаңбалары туралы түсінік, олардың бастыларын атап көрсету. Графикалық лингвистиканың негізгі тараулары. Палеография менэпиграфика.Грфһафика мен орфография. Графемика. Графемика мен әріптің байланысы. Графема мен фонеманың өзара қарым –қатынасы.. Графикалық лингвистика және жазу тарихы.. Түркі тілдері, қазақ тілі графикасының дамуындағы басты кезеңдер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [13], [15].



6- тақырып. Көне түркі руникалық ескерткіштері. Руникалық көне түркі( орхон- енисей) жазу ескерткіштері, олардың зерттелу тарихы мен тараған аймақтары. Орхон жазу ескерткіштері(ҮІІІғ). Енисей жазу ескерткіштері.(Ү-ҮІІІғ. шамасы).Руникалық жазулар тастан басқа заттарға да ойылып жазылатыны(алтын, күміс, қола, сүйек,ағаш,саз балшықтан жасалған бұйымдарда).Шығыс Түркістанда қағазға жазылған руникалық мәтіндердің табылуы.(ҮІІІ-ІХғғ). Қазақстан жерінен соңғы кезде табылған руникалық көне түркі ескерткіштері, олардың зерттелуі, оқылуы, ғылымдық маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [11], [15].



7-тақырып. Графикалық жүйе болып қалыптасқан көне түркі руникалық алфавиті. Руникалық көне түркі алфавитінің құрамы(35 әріп және дауыссыздар тіркесін беретін 4 таңба). Бұл алфавиттің қалыптасқан графикалық жүйе болып табылуы және көне түркі тілінің фонетикалық жүйесімен негізінен үйлес келуі.Дауысты дыбыстардың таңбалануы. 8 дауысты фонеманың(а-е, ы-і, о-у, ө-ү) 4 қана полифонды әріппен белгіленуі.Дауыссыз дыбыстардың таңбалануы. 16 дауыссыз фонеманың және фонема варианттарының 31 әріппен белгіленуі. 11 дауыссыз фонеманың(б, д, г-ғ, й,к-қ, л,н,р,с,ш,т) өзінің жуан, жіңішке варианттары таңбасымен ажыратылуы. Кейде жіңішке әріптің орнына қолданылуы. Бұдан тыс 5 фонеманың( ч,м,ң,п,з) дара таңбамен ғана белгіленуі. Дауыссыз дыбыс тіркесінің жалғыз таңбамен берілуі(лт, нт,нч,рт ).

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [8], [11].



8-тақырып. Көне түркі алфавитінің генезисі .Көне түркі алфавитінің шығу тегі проблемасы, оның көне түркі этногенезі, көне түркі тайпалары мәдениетінің тарихы және түркі тілдерінің тарихи грамматикасымәселелерімен байланысы. Түркологияның әрі қарай дамуы үшін бұл проблеманы дұрыс шешудің аса маңызды екендігі. Руникалық көне түркі алфавитінің шығу тегі жөніндегі болжамдар мен деректер. В.Томсен, О.Доннер. Н. Аристов, А.Дж Эмре, т.б. зерттеуші ғалымдардың пікірлері. Бұл пікірлерде кездесетін қайшылықтар, нақты дәлелдердің жетімсіздіктері. Түркі руникалық таңбаларының (графемалардың) полеографиялық және фонологиялық байланыстары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [7], [8].



9-тақырып. Манихей жазуындағы көне түркі ескерткіштері. Бұл қолжазбалардың көбіне соғды(орта парсы) тілінен аударылып, Жетісудан Шығыс Түркістанға қарай жайылуы. Олардың батыс түркі тайпалардың тіліне жақындығы. «Хуастуанифт» жазба ескерткіштері(Ү-ҮІІІғғ).Манихей алфавитінің құрамы(36 әріп), графикалық жүйесінің көне түркі фонетикасына біршама сәйкес келуі. Дауысты дыбыстарды белгілейтін әріптер.Әріптердің сөз басында, ортасында, соңында келуіне қарай, үш түрлі жазылуы.Манихей алфавитінің шығу тегі, арамей жазуымен байланысы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [14], [13].



10- тақырып. Ұйғыр жазуындағы көне, орта түркі ескерткіштері. Ұйғыр жазуындағы көне түркі ескерткіштері. Бұларға мазмұны хтистиан, манихей, будда дініндегі түрлі жалбарыну дұғалары, діни уағыздар, түрлі заң документтері мен емдеу шіріткілері, жылнамалар, болжаулар жататыны. Ұйғыр жазуының кеңінен пайдаланған кезеңі(ҮІІІ-ХІІІғғ), таралу алқабы. Ұйғыр алфавиті негізінде монғол жазуының пайда болуы. Ақсақ Темір және Алтынорда хандарының бұл жазуды қолданғаны(14-15ғғ). Ганьсудағы будда монострьлеріне ұйғыр жазуының ХҮІІІ ғасырға дейін өмір сүргені. Қазақстаннан табылған ұйғыр алфавитіндегі түркі жазулары. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тіліне қысқаша шолу. Көне түркі тіліне жақындығы, орта түркі тіліне тигізген әсері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [14], [12].



11-тақырып. Ұйғыр алфавитінің құрамы.Ұйғыр алфавитінің құрамы(23 әріп), оның графикалық жүйесінің көне түркі (көне ұйғыр) тілінің фонетикалық жүйесімен үйлес келмеуі.Дауысты дыбыстадың берілуі. Кейбір ұяң мен қатаң дауыссыз дыбыстардың ажыратылмай таңбалануы( қ-к,к-г, т-д,п-б, с-з, ш-ж, ч-ж)

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [5], [7].[8], [14] , [15].



12-тақырып.Араб жазуындағы ХІ-ХҮІ ғасыр түркі тілдес ескерткіштері, олардың тіл ерекшеліктері.Араб алфавитінің ХІ ғасырдан бастап түркі тілдеріне пайдаланылуы. Абаб алфавитіндегі алғашқы(ескі) түркі жазба ескерткіштері, олардың тіл ерекшеліктері.Ю.Баласағұнидің «Құдадғу біліг»,М.Қашқаридің «Диван лұғат ат- түрк»,А.Югнекидің «Хибат ал-хақайық,Н.Рабғузидің «Қиссас ал-анбия» атты туындылары.Араб жазуындағы орта түркі ескерткіштері, тіл ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [5], [10].



13-тақырып. Араб алфавитінің құрамы мен оның түркі тілдерінде қолданылу тарихы.Араб алфавитінің құрамы(28 әріп), байырғы араб графикасының классикалық араб тілінің фонетикалық жүйесіне сүйенгені.. Барлық әріптердің дауыссыз дыбыстарды таңбалайтыны, сонымен қатар үш әріптің созылыңқы дауысты а, у, и дыбыстарына жұмсалатыны( «алиф», «уау», «йа» деп аталатын әріптер).«Құран» кітабын, әліппені дұрыс оқыту мақсатымен қысқа дауысты дыбыстардың да диакритикалық сызықша таңбалар арқылы(жолдыңүстіне, астына қойылған) көрсетілуі. Араб алфавитінің арамей жазуының бір тармағы набатей алфавитінің негізінде шығуы, оның ислам дінінен бұрын пада болғаны туралы түсінік.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [5], [6].



14-тақырып. Араб графикасына негізделген қазақ алфавитінің даму кезеңдері.Араб-қазақ алфавитінің ескі және реформаланған жаңа түрі. 1924 жылы жаңартылған алфавитінің қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне біраз икемделуі.Әріп саны ықшамдалып, 32 әріптен 25 әріпке түсуі. Араб графикасы негізіндегі алфавиттің басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінде де түбегейлі сай келмеуі, әріптердің сыртқы тұлғасы бір-бірімен ұқсас болуы, көпшілігінің диакритикалық таңбалар арқылы белгіленуі, дара әріптің бірнеше вариантпен берілуі, сөйтіп таңба санының мейлінше көбеюі, қолданыстағы ыңғайсыздығы. Осы сияқты кемшілік жәйттердің жазуды қиындатуы, араб графикасынан бас тартуға әкеп соғуы. Қытай, Пакистан,Ауғанстан, Ирандағы қазақтардың араб графикасын қолдануы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] , [4], [5].



15-тақырып.Орта түркі тілдері және олардың қазіргі түркі әдеби тілдерге тигізген әсері. Латын және орыс графикасына негізделіп жасалған түркі графикасы.Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістанда кең тараған түркі жазба әдеби тілі(ХІҮ-ХҮІ ғасырдағы ортаазиялық әдеби «түркі» тілі). «Түркі» тіліндегі ортаазиялық әдеби шығармаларының өзбек, ұйғыр, түркмен, қазақ, қарақалпақ халықтарының ескі әдеби тілдеріне еткен әсері. Латын алфавитінің шығу тегі, даму тарихы, графикалық құрамы(21 әріп, кейін 23 әріп, орта ғасырда 26 әріпке жетуі.)Латын графикасының латын тілінің фонетикалық жүйесіне сәйкесуі. Латын тілі мен латын жазуының Рим католик миссионерлері арқылы кең таралуы. Қазіргі түркі әдеби тілдеріне шолу. Олардың негізгі даму бағыттары.Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларының жетілуі. Орфография(емле) мен терминологияны жақындатып үйлестіру проблемалары. Түркі халықтары үшін ортақ әдеби тіл жасау проблемасы.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2] , [4], [6].



Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Аманжолов А.С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. А.1996ж

  2. Қайдаров Ә, Оразов М. Түркологияға кіріспе. А.1985

Қосымша әдебиет:

3.Айдаров Г, Құрысжанов Ә, Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А,1971ж.

4.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А,1986ж

5.Аманжолов А.С. Түркская руническая графика. А,1980ж

6.Аманжолов А.С. Введение в тюркскую филологию. А, 1986ж

7.Баскаков Н.А. Тюркские языки. М.1960.

8.Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. М.1966

9.Вопросы совершенствования алфавитов тюркских языков. М.1972.

10.Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. М.1962.

11.Жолдасбеков М. Орхон ескерткіштері. Астана.2001ж.

12.Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в России Л.1972,1982.

13.Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников ҮІІ- ІХ вв. М. 1980.



14. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М- Л,1951.

15.Стеблева И.В. Поэзия тюрков ҮІ-ҮІІІ веков. М.1976.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет