Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері



бет24/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері. Қазіргі кезде балалар спортпен өте жас кезінен шұғылдана бастайды. Сондықтан жаттықтыру процесіне, жарыстар өткізуге айрықша көңіл бөлген жөн. Жатықтыру кезінде дене қуаты дайындығы жан-жақты дамытылуға, организмнің жұмыс істеу қабілеті арттырылуға тиіс. Психикалық және дене күші өсіп келе жатқан бала организмінің мүмкіндігіне, жасына, жынысына, дайындық деңгейіне сай болуы керек. Жаттықтыру жетісіне 3-6 рет өткезіліп, жаттығу балалрды жалықтырмайтындай әр түрлі әсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет. Организмнің бастапқы қалпына келу тәртібі, жаттықтырушының, дәрігердің ұсыныстары, ұйқы, тамақтану, дем алу тәртібі қатаң сақталғаны жөн. Жаттықтырулардың бастапқы кезінде толық және қарапайым қалпына келу тәртібі, дене қуаты дайындығының денгейі көтерілген соң қатаң қалпына келу тәртібі қолданылады. Қалпына келу процесін жеңілдету үшін күндік күш түсірулі бөліп өткізуге болады. Сол кезде өзінше күндік микроциклдер пайда болады да, аздап және орта күш түсіру қалпына келу процестерінің жеңіл өтуіне себебін тигізеді.
Жыныстық жетілу мерзімі кезінде спортшы организмінің қызметі қатан бақылауға алынады. Бұл мерзімде жасөспірім ұл мен балаларға берілген өте күш түсіру олардың денсаулығына зиянынтигізуі мүмкін. Әсіресе қыз балаларға айрықша көңіл бөлген жөн. Олардың жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі, тез әсерлінгіш көңіл күйлері көбінесе етеккір келу циклдерінің мерзіміне байланысты. Етеккір келер алдында және келген кезде жаттықтыру жүктемелерін азайту. Цикл аяқталған соң спортшы қыздардың жұмыс қабілетінің тез қалпына келуіне көмектеседі. Ал енді қыз балалар организмінің ерекшеліктері ескерілмей жүргізілген жаттықтыру жұмыстары олардың қабілетін төмендетіп, жатықтыруға ықыласын азайтады. Жаттықтырушының беделіне, біліміне сенімсіздік тұғызады. Өте көп күш түсіру балалардың жыныстық жетілуіне кері әсерін тигізеді. Балаларға «аз уақыттын ішінде өте жоғары спорттық көрсеткіштерге жету керек» деген міндет қоюға болмайды. Ондай асығыс дайындықтардың бала организміне зияннан басқа алып келері жоқ. Спорт жаттықтыруларын жоспарлағанда мектептегі оқу процесін де ескерген жөн. Денеге көп күш түсіруді демалыс кезіне орайластыра қолдану керек. Дене қуаты және психикалық ширығуларды азайту үшін жарыстарды жеңілірек өткезуге тырысу қажет. Ол жарыстар жүгіру қашықтығын қысқарту, спорт ойындарында, жеке сайыстарда жарыс уақытын азайту түрінде өткізіледі. Спорт жарыстарына жас балаларды қатыстырғанда жас шекьеуге қатаң қараған жөн. Мектеп жарыстарына 9-10 жастағы, қалалық жарыстарға 11-12 жастағы, республикалық жарыстарға 15-16 жастағы халық-аралық жарыстарға 16-18 жастағы балалар қатыстырылады. Оқуорындарындағы сабақтардың қызу кезінде жарысты аз өткізуге тырысу керек. Балалардың жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты жеңіл арнайв спорт құрал-жабдықтарын пайдаланған жөн.
Балалардың дене тәрбиесі екі бағытта жүргізіледі: 1. Дене қуаты қасиеттерін және қимыл шеберлігі мен дағдысын дамыту. 2. Жас спортшыны көпшіл әрі қоғамшыл болуға баулып, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Спорттың негізгі әлеуметтік қызметі дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдысын жетілдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спортпен шұғылдану балалардың бойвнда көпшілдік, адалды, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, табындылық тәрізді мінез-құлықтарды қалыптастырады.
Жас спортшыларды тәрбиелеуде жаттықтырушы ата-аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланысты жұмыс істеуі қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Тәрбиелеу әдістері сендіру және дағдыландыру әдістерінен тұрады. Сендіру әдісінің көмегімен спортшының ақыл-ойында қоғамның талыптарына сай мінез-құлық, жүріс-тұрыс тәртіптері қалыптастырылады. Спортшы қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға дағдыланып, тіртіптілікке, ұжымның мүддесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да жақсы әдеттерді бойына сіңіруі керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет