ДҮниежүзілік сауда ұйымы


Шифрлау құралдарын және арнайы техникалық құралдарды қамтитын тауарларды қоса алғанда, криптографиялық қасиеттері бар өнімдер



бет13/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78

Шифрлау құралдарын және арнайы техникалық құралдарды қамтитын тауарларды қоса алғанда, криптографиялық қасиеттері бар өнімдер





  1. Кейбір мүшелер Қазақстанның шифрлау құралдарын қамтитын тауарларды өндіру немесе өткізу үшін пайдалануға арналған қызмет түріне лицензия талап ететінін және шифрлау құралдарын қамтитын белгілі бір тауарларды лицензиялау үшін өтініш берушіде осы қызмет түріне лицензиясының болуын талап ететінін атап көрсетті. Жұмыс тобы мүшесінің пікірінше, шифрлау құралдарын қамтитын тауарларды әкелудің немесе әкетудің шарттары ретіндегі қызмет түріне арналған лицензия туралы Қазақстан қойып отырған талаптар өткізудің орнына әкелу және әкету құқығына басы артық кедергіні құрайды. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстан оның импорттық лицензиялау режимін ДСҰ талаптарына қалай сәйкес келтірмек екенін сұрады. Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері импорттық лицензияны алудың шарты ретінде қызмет түріне арналған лицензияның болу талабы, яғни мұндай тауарларды қарапайым түрде әкелу оларды әкелуге қойылатын жөнсіз шектеу ретінде қолданылмайтынын қамтамасыз етуді сұрады.




  1. Жауап ретінде Қазақстан өкілі «өткізу» деген анықтаманың «әкелу» деген анықтаманы қамтымайтынын түсіндірді. Лицензиялау туралы заңға сәйкес шифрлау құралдарын қамтитын тауарларды әзірлеу мен өткізу Қазақстанда лицензияланған қызмет түрлері болып табылады. Осылайша, шифрлау құралдарын қамтитын тауарларды өткізуге арналған қызмет түріне берілетін лицензия тауарларды әкелу үшін талап етіледі.




  1. Қазақстан өкілі импорттық лицензиялау бойынша талап етілетін тауарлардың сезімталдығы туралы ескертті және ДСҰ-ның көптеген мүшелері шифрлау құралдарын қамтитын тауарлар саудасын реттеп отыратынын мәлімдеді. Ол лицензиялау жүйесі импортты кемсітушілікке бағытталмағанын қоса айтты. Сондай-ақ, ол № 134 Алқа Шешімімен мақұлданған «Шифрлау құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы» Ережеге (бұдан әрі – Шифрлау құралдары туралы ереже) сәйкес және осы Баяндаманың А «Импорттық реттеу» деген бөлімінің (б) «Импорттық лицензиялау» деген кіші бөлімінің «Тауарлар саудасы саласындағы саясат» деген IV тарауында сипатталғандай, шифрлау құралдарын қамтитын көптеген тауарларға енді импорттық лицензия талап етілмейтінін және осының нәтижесінде, оларды әкелу үшін қызмет түріне арналған лицензияның талап етілмейтінін атап көрсетті.




  1. Жеке қойылған сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі жұмыс тобының мүшелеріне шифрлау құралдарын қамтитын тауарларды әзірлеу мен өткізуге арналған лицензияны алу үшін Қазақстанның заңды тұлғасы ретінде тіркелген шетелдік компанияны қоса алғанда, компанияның жоғары техникалық білімі бар бір сарапшысы болуға тиіс екенін хабарлады. Бұл сарапшылар Қазақстан азаматтары да, шетелдік азаматтар да болуы мүмкін.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Лицензиялау туралы заңның 18-бабының «мемлекеттік құпияларды қорғау үшін техникалық құралдарды жөндеу және оларға сервистік қызмет көрсетуді» қоса алғанда, «мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау» және «ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу мен өткізу (өзге де ілгерілетуді қоса алғанда)» қызмет түріне арналған лицензияны талап ететінін айтты. Жұмыс тобының осы мүшесі бұл әрекеттер коммерциялық тұрғыдан қолжетімді электрондық жабдықтарды, мемлекеттік құпияларды қорғауға қарағанда, басқа мақсаттар үшін пайдаланылатын криптографиялық технологиялары бар бағдарламаларды, яғни компьютерлерді, электрондық карточкаларды, ұялы телефондарды және басқаларын әкелуді, көтерме және бөлшек саудада өткізуді, жалға алуды немесе электрондық жабдықтарды, мемлекеттік құпияларды қорғауға қарағанда, басқа мақсаттар үшін пайдаланылатын криптографиялық технологиялары бар бағдарламаларға сервистік қызмет көрсету және кейіннен қызмет көрсете отырып оларды жөндеуді қамти ма деп сұрады. Жауап ретінде Қазақстан өкілі «мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау» деген қызмет түріне арналған лицензияны алуға қойылатын талаптың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі № 36-V Заңмен күші жойылғанын атап көрсетті. Қазақстан өкілі ЕАЭО-ның шеңберінде, Шифрлау құралдары туралы ереженің 11-тармағына сәйкес «жаппай тұтыну тауарларын» қоса алғанда, шифрлау құралдарын қамтитын белгілі бір тауарларды әкелудің бір реттік нотификациялауға жататынын атап өтті, яғни, импорттық лицензия да, қызмет түріне арналған лицензия да талап етілмейді. Тауарларға қызмет көрсету және оларды жөндеу лицензиялауға жатпайды. Дегенмен, шифрлау құралдарын қамтитын тауарларды Қазақстан аумағында көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу үшін отандық тауарлар үшін де, әкелінетін тауарлар үшін де қызмет түріне арналған лицензия талап етіледі.




  1. Арнайы техникалық құралдарды импорттауға арналған лицензияны алу үшін №134 Алқа Шешімімен мақұлданған «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы» Ережеде айқындалғандай, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияны ұсыну қажет. Мынадай: (і) арнайы техникалық құралдарды әзірлеу мен дайындау; (іі) арнайы техникалық құралдарды жөндеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия арнайы техникалық құралдар (импортталған немесе отандық өндірістен шыққан) Қазақстан аумағында жедел-іздестіру қызметі субъектілеріне берілген жағдайда қажет болады. Лицензияны алу үшін мұндай компаниялардың негізін қалаушыларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына қол жеткізу рұқсаттары болуға тиіс.




  1. Жеке қойылған сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі Қазақстанда өндірілген арнайы техникалық құралдар әкелінген арнайы техникалық құралдар сияқты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде келісілу рәсімінен өтуге тиіс екенін айтты. Қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензия «әзірлеу мен дайындау» және «жөндеу мен өткізу» үшін ғана талап етіледі. Ол «өткізу» термині жекелеген әрекет ретінде импортты қамтымайтынын, бірақ арнайы техникалық құралдарды импорттаушыда осы тауарлардың сезімталдығына байланысты қызмет түріне арналған лицензиялар түрлерінің біреуі болуға тиіс екенін растады. Бұған дейін, қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия 45 күн ішінде беріліп келді. Дегенмен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV Заңға сәйкес қызмет түріне арналған лицензияны беру кезеңі 15 күнге дейін қысқартылды. Лицензиялауға жататын қызмет түрлері осы Баяндаманың
    6-қосымшасының соңғы бағанында тізбеленген.



1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет