ДҮниежүзілік сауда ұйымы


- Зияткерлік меншік туралы халықаралық конвенцияларға қатысу



бет48/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78


- Зияткерлік меншік туралы халықаралық конвенцияларға қатысу





  1. Қазақстан өкілі Қазақстанның бірқатар негізгі халықаралық шарттардың, келісімдер мен конвенциялардың, атап айтқанда Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымын (ВОИС) құратын Конвенцияның; Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының (бұдан әрі – Париж конвенциясы); Тауар белгілерін халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің; Тауар белгілерін халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттаманың; Патенттік кооперация келісімінің (РСТ); «Әдеби және көркемөнер туындыларын қорғау туралы» Берн конвенциясының Патенттік құқық келісімінің (PLT); «Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы туралы» Ницца келісімінің; «Халықаралық патент сыныптамасы» туралы Страсбург келісімінің; «Патенттік рәсім мақсатында микроағзаларды депонирлеуді халықаралық тану туралы» Будапешт Келісімінің; Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік Конвенцияның; Өнеркәсіп үлгілерінің Халықаралық сыныптамасын құру туралы Локарно келісімінің; Тауар белгілері жөнінде заңдар туралы шарттың (TLT); Еуразиялық патент конвенциясының және фонограмма шығарушылардың фонограммаларын заңсыз түрде жаңғыртудан қорғау Конвенциясының; Олимпиада нышанын қорғау туралы Найроби келісімінің; Фонограмма орындаушылары, шығарушылары, хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын қорғау туралы Рим конвенциясының (бұдан әрі - Рим конвенциясы); және Тауар белгілері туралы заңдар жөніндегі Сингапур шартының толыққанды қатысушысы екендігін растады. 2004 жылғы сәуірде Қазақстан авторлық құқық бойынша БЗМҰ шартына және орындаушылар мен фонограммалар бойынша БЗМҰ шартына қосылды.




  1. Еуразиялық Патент Конвенциясына қатысу туралы сұраққа, ол Қазақстан Конвенция мүшесі болғаннан кейін өзіне Париж Конвенциясында ескерілмеген қандай да бір міндеттемелер қабылдамағанын айтты.




  1. Ол Қазақстанның зияткерлік меншік саласында Әзірбайжанмен, Грузиямен, Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Өзбекстанмен ынтымақтастық туралы екіжақты келісім жасағанын айтты. Аталған елдермен және ТМД-ның басқа да елдерімен жасалған екіжақты келісімдердің бір де біреуі басқа елдерге қатысты қолданылуы мүмкін қандай да бір айрықша міндеттемелерді көздемейді.




  1. ЕАЭО туралы шарттың «Зияткерлік меншік» атты XXIII бөлімі мен «Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғау туралы Хаттама» атты №26 Қосымшасы ЕАЭО шеңберінде зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттарының құқықтық негізі болып табылады. ЕАЭО туралы шарт Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы Келісімнің ережелерін толығымен көрсетеді және оны алмастырады. ЕАЭО туралы шарттың негізгі ережелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына ортақ болып табылатын нормаларды білдіреді. Олар жалпы ережелерді, авторлық құқық пен сабақтас құқық туралы, тауар белгілері, тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары (географиялық нұсқаулар), патенттер, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы, ноу-хау және құқық қолдану туралы ережелерді қамтиды. ЕАЭО туралы шарт құқықтарды өңірлік жою қағидатын көздейді, оған сәйкес қорғалатын тауар белгісі бар тауарларды иесінің немесе оның келісімімен бірінші сату тауар белгісіне осы тауарларға қатысты ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар барлық өңір шегінде кез келген құқықтарды жояды, бұдан соң өңір шеңберінде жүзеге асырылатын қабаттас импорт тауар белгісіне құқықтар негізінде шектеле алмайды. Еуразиялық Экономикалық Комиссия (бұдан әрі - ЕЭК немесе Комиссия) Алқасының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №172 шешімімен Зияткерлік меншік жөніндегі Консультативтік комитет құрылды. ЕЭК үшін зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттерінің өкілдерімен консультациалар жүргізу Зияткерлік меншік жөніндегі Консультативтік комитеттінің негізгі міндеттері болып табылады. Атап айтқанда, Зияткерлік меншік жөніндегі Консультативтік комитет ЕАЭО мүше мемлекеттерінің халықаралық шарттары мен ұлттық заңнамасын талдау жүргізуге қатысады; ұлттық заңнаманы үйлестіру және жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды; және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен ЕЭК арасында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар арасында ақпарат алмасуға жәрдемдеседі. Комитет отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда бір реттен жиі емес өткізіледі.




  1. Мүше авторлық құқықты қорғауға және құқықты қолдануға қатысты арнайы ережелер туралы және ЕАЭО туралы шартта көзделген авторлық құқықты қорғау қазақстандық авторлық құқықты қорғау мен сабақтас құқықтар туралы Заңына қалай сәйкес келетіні мен өзара байланыс жасайтыны туралы сұрақ қойды. Жауап ретінде Қазақстанның өкілі ЕАЭО туралы шарттың № 26 қосымшасының II бөлімі авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы ережелерді қамтитынын, олар мүше мемлекеттер зияткерлік меншікті қорғауды Берн конвенциясы мен Рим конвенциясының ережелерін негізге ала отырып, қамтамасыз етуді көздейтінін түсіндірді. Белгілі бір баптарда авторлық құқық пен оларды қорғау мерзімдері; құрама және туынды туындылар; кинематография туындылары; фонограмма орындаушылары мен шығарушылардың құқықтарын қоса алғанда, сабақтас құқықтар; және құқықты ұжымдық басқару ұйымдары жөніндегі мәселелерді көздейді. ЕАЭО туралы шартқа № 26 Қосымшасының ХIIІ бөлімі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша мүше мемлекеттердің үйлестірілімін қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер арасында жасалуы жоспарланған халықаралық шартқа сілтемені қамтиды. ЕАЭО туралы шарт Қазақстанның ұлттық заңнамасынан басым болатын және оның ережелерін имплементациялайтын ұлттық заңнама актісін қабылдаусыз тікелей қолданыла алатын халықаралық келісім болып табылады.




  1. ЕАЭО шеңберінде зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғауды үйлесімді ету жоспарлары туралы сұраққа Қазақстан өкілі ЕАЭО мүше мемлекеттері зияткерлік меншік құқығы бойынша мынадай келісімдерді қабылдауды ниет етіп отыр деп жауап берді, олар: Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың мүше мемлекеттер аумағында шығарылатын жерлерінің атаулары туралы шарт; Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқарудың бірыңғай тәртібі туралы келісім; және Зияткерлік меншік объектілеріне құқықты қорғау әрекеттерін үйлестіру туралы шарт. Аталған келісімдер Қазақстанда ратификацияланғаннан кейін ұлттық заңнамадан басым болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет