47
үлкен орын алғанымен, қазіргіге аз сенделіп жүрді. Айыптаушы
ретінде әрбіреуі шыға алды, бірақ айыпталушы өзін-өзі қорғауы қажет
болған. Айыптаушы сөзі нақты айып тағылған жерді көрсетіп тұрған,
арыздану
себебінен көрінген, осының нәтижесінде айыптың
абстрактілі орны дәлелденіп, жасалып отырды. Соттың өзі көптеген
құраммен ерекшеленіп отырды. Мысалы, афиндік өкілеттік ант
беруші соты (гелиэ) қылмыстық істерді қарастырды, оның
отырысында 501 сот өкілдері қатысқан. Әрине, айыпталушы өзінің
кінәсіз екендігін сотқа дәлелдеумен болады, аяушылық танытуын
сұрайды, өз жағына соттың көңілін бөлуге тырысады. Логикалық
дәлелдемелер күшімен ешқандай үміт артпаса да, ол қандай да
болсын
тәсілмен сезімге әсер етуге тырысты. Осындай мақсатқа болмас
тәсілдер қолданылды. Егер айыпталушының отбасы бар болған
жағдайда, ол өз балаларын сотқа әкеліп, сотты өзін аяушылық
танытуына жалынды, егер айыпкер соғыс жауынгері болса, ол
кеудесін ашып соғыстан қалған тыртықтарын көрсететін, егер
айыпталушы ақын болса, ол өз өлеңдерін оқитын. Сондықтан ежелгі
грек риториктері осындай оғаш көрінетін,
егер оларды сол кездің
заңымен бағалайтын болсақ: «сот өкілдері мен айыпталушы бір адам
болса, сендіру үшін өте көп көз жасты төгуге және мыңдаған
аяушылықтарды танытуға тура келеді»-деп жазған (Платон).
Әйтеуір, шатасқан сот құқығы жағдайымен ежелгі Афина
қаласында соттасу оңай болмайды, өйткені барлығы бірдей
тыңдаушыны өзіне қарататындай сөз дарынына ие емес. Сөйлеген
адамның тағдыры тек қана соттағы сот өкілдерінің тыңдаушылардың
өзінің кінәсіз екендігін айтып жеткізуіне байланысты болған. Ал сот
өкілдерінің дарыны өз қамқорлықтастықтарына қай жерде
айыпталушы дұрыс екендігін, қай жерде бұрыс екендігін ажырата
білуінде.
Сондықтан көбіне сот өкілдері, ретінде шешен адамдарға
сүйенген болатын. Бұл адамдар істің мән-жайына құлақ түріп, сөз
сөйлеу үшін ақша талап ететін, ал өз клиенттеріне сотта барлық
мәліметтерді
жаттап,
ауызша
айтатын.
Осындай
ойлап
шығарушыларды логографтар деп атады. Логограф жағдайы оңай
болған жоқ: ол өзінің авторлығын көрсетпей жасыра білді, клиент
стиліне қарай барлық сөзін айта білді. Сөйлей алмайтын адамның сөзі
өзі айтып тұрғандай болған. Оратор мақсаты дауды көтеру немесе
кемітуді біржақты тырысуы болды. «Александрға деген риторика»
атты кеңес кездейсоқ емес: «онысы шын сияқты, тыңдаушы
ақылында еске түсіру жанында дайын үлгілері тұрады».
Адамдарға
қарсы айыптаушылық сөзде шын дәлелдерді қолданатын болсаң, сол
адамның бұрын да сондай іске барғанын дәлелдеп шық. Ол іске
бармаса да, соған ұқсас іс жасағанын дәлелде. Ол адамға осылай істеу
тиімді болғанын дәлелде. Өйткені көптеген адамдар өз тиімділігін
ойлайды және бөгде адамдардың қамын да ойлайды, сондықтан да
олар
осындай
істерге
барады.
Егер
өз
қарсыласының
48
ықтималдылығын тапсаң, оны осылай жина. Ал егер таппасаң,
дәстүрлі түрде ұқсас кеткеніңе сілте - деп көрсетілді.
Ежелгі Грекияның атақты логографтары, белгілі сот шешендері
болған - Демосфен, Лисия, Коракс, Исократ. Бірақ Лисиямен
дайындалған сөзі (445-380 жж. жуық біздің э.д.) сотта сөйлеудің ең
жоғарғы нүктесіне барады. Ол сот сөзінің негізін қалаған 400-ге жуық
сөз жазған, осының 34-і сақталған. Лисияның басты сөзіндегі табысы
клиенттің
бейнесін шындық ретінде, оның мінезін нақты сипаттай
алуында. Әрбір сөйлеуші өзін аңқылдық, айтыс-тартыстарда
сынамаған, өзін адал және ақкөңіл адам, мемлекеттің алдында зор
еңбектері бар екендігін айтады. Осыған орай олардың сөйлеу тілдері
«қарапайым стилде» болып табылатын. Лисияның ең бір сүйікті тәсілі
ретінде-типизация түрі болатын, ол оңайлықпен мақсат қоя алатын,
қарсыласын соттағы іске байланысты емес, оның жеке өмірі мен оның
шыққан тегін де қопарып шығатын. «Агоратқа қарсы» сөзінде Лисий
Агораттың теріс қылықтары деректеріне сүйене отырып, тұрақтылық
сызығын қоса береді, бұл айыпталу- шының айыпталу дәлелін
күшейте түседі:
«...Агорат өлім жазасына қиған сыйлы адамдары
осындай екен, өз отанынан қашырып жіберген, ал өзі қандай адам?
Менің айтайын дегенім, біліп қойыңыздар, құл тегінен құл шығады,
сондықтан осындай адамдардан зиян келеді. Оның әкесі Евмар деген
кісі болған, бұл Евмар Никокл мен Антиклдің құлы болған... Содан
кейін, өзінің осындай тектен шыққанына қарамастан, заңсыз
байланыстар жасаған және басы бос әйелдермен көңілдес болған. Ол
қылмыс жасаған жерден ұсталған, сондықтан оған жаза-өлім
жазасы» қолданылады деп сөзін аяқтаған.
Лисиямен дайындалған барлық сөздердің сотта сөйлеудің
барлық ережелеріне жауап беретін құрылымы болған, олар:
1) тыңдаушылардың мейірбандылығын және назарын аудару
мақсаты, кіріспе;
2) сөйлей алу мазмұны, барлық істің жағдайларын жасау, қазіргі
заңды тәжірибеде істің фабуласы деген ұғыммен анықталады;
3) қарсыластың дәлелдерін жалған
екендігін анықтау және өз
пайдасына келтіру;
Софистиканың кейбір шабуылының арқасында және ежелгі грек
риторлардың айыптаудың жалған екендігінің әртүрлі тәсілмен
талқылау бір жағынан дау болып келеді: «Дауға қарсы жүру, бұл
белгілі бір адамға зиян екендігі не мынаны жоқ немесе не мынау тап
осы беттердің артынан зиянсыз ; не мынау еш дәл осылай маңызды
емес немесе ұяттысыз немесе ана мөлшерлерде бола алмайды,
қандайлар да оған қосымша жазады. Тағы да әділетсіздікке түсуді
айта отырып, ауыстырғанға бір нәрсе береміз немесе бұл зиян болса,
бірақ бұл жақсы болса немесе қайғылы болса, тағы сол сияқты;
«Үшінші тәсілге жасалған әрекеттің қателі түрде жасалғаны жатса,
немесе қайғылы жағдаймен болғаны немесе қажеттіліктен болғаны