№ 5 Сабақ КӘСІПКЕРЛІК ТӘСІЛДЕМЕ: БАСТАМАШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ДАМУ МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҮЗДІКСІЗ ҰМТЫЛУ
Автор: Проектный офис ОПИБ
Сабақ мақсаттары:
• Кәсіпкерлікті жеке уәждеме мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастыру;
• Кәсіпкер біліктілігі ретінде идеяның қалыптасу маңызын бағалау
Экономикалық даму, соның ішінде мемлекеттік дамудың негізгі факторы — кәсіпкерлік болып табылады, өйткені кәсіпкер экономикалық қатынастардың мобильді субъектісі болып табылады және жаңа нарықтық жағдайларға оңай бейімделеді. «Сондықтан, елде кәсіпкерлік неғұрлым дамыса, соғұрлым оның экономикалық өсімі қарқынды жүреді..» Қай аймақта шағын кәсiпорын көбейген кезде, яғни оның жалпы өнiмi (яғни осы аймақта бiр жылда өндiрiлген барлық тауар мен қызмет құны) өскен уақытта сол аймақтағы тұрғындардың өмiрi жақсара бастағаны байқалған. Кез келген кәсіпкерліктің негізі — идея (дәлірек айтқанда, нені, қалай және қай жерде өндіру керек) болып табылады. Жақсы идеяны жүзеге асыру үшін, ең бастысы, оны іске асырумен айналысатын адамдар қажет. Біз кәсіпкерлік ойлау қабілеті туралы айтқан болатынбыз, ал енді кәсіпкердің қандай қасиеттері оның бизнестегі жетістігін анықтайтыны туралы қарастырамыз. Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болуы керек - Өз-өзін іске асыру
- Уәжділік
- Бастамашылық,
- Табандылық пен дербестік
- Шығармашылыққа бейімділік
- Батылдық пен өзіне деген сенімділік
- Ұстамдылық,
- Міндеттілік пен кепілділік
- Жігерлілік пен ынталылық
- Өз-өзін бағалаудағы амбициялық пен адекваттылық
- Өз ісіне деген сүйіспеншілік, адалдық
- Тапқырлық пен икемділік
Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болуы керек Өз-өзін іске асыру — бұл өз қабілетіңді, мүмкіндігіңді, шеберлігіңді ұғыну және оларды таңдаған қызметіңде қолдану болып табылады. Біз өз қабілетімізді өзге адамдарға қажеті бар қызметтерде қолдана білсек, қабілеттілігімізді айқындай түсеміз (суретші ешкім қызықпайтын сурет салмайды және кинорежиссер ешкім көрмейтін фильм түсірмейді). Сондықтан өз-өзін іске асырудың кемелденуі кәсіби істерде ашылады
Достарыңызбен бөлісу: |