Шығынды оңтайландыру бойыншаөндірілетін және өндірілмейтін шығындар деп бөледі.
Өндірілетін деп – өндірісті ұйымдастыру мен оңтайлы технология жағдайында белгілі сападағы өнім өндірісінің еңбек шығынын айтамыз (жоспарланған шығын). Өндірілмейтін шығын өндірісті ұйымдастыру мен технологияның жетіспеушілігі салдарынан туындайды (өнім ақауы, тоқтап қалу және т.б.) (жоспардан тыс шығын).
Кәсіпорындағы шығыс баптарының жіктелуін толық қамтуына байланысты өзіндік қорды мынадай түрлерге жіктейді:
•Сатылған өнімнің өзіндік құны;
•Толық және толық емес өндірістік өзіндік құн болып жіктелетін өндірістік өзіндік құн.
Сатылған өнімнің өзіндік құны – өнімді өндіру мен сатуға кеткен, барлық 12 шығыс баптарының жиынтығынан тұратын кәсіпорын шығыны.
Өндідірістік өзіндік құн – шығарылған өнім өндірісіне кеткен кәсіпорын шығыны. Толық өндірістік өзіндік құн(фабрикалық-зауыттық) кәсіпорынның өндірісі мен басқарумен байланысты кеткен кәсіпорынның 11 шығыс баптарынан қалыптасады.
Өнімнің толық емес өндірістік өзіндік құны (цехтық) кәсіпорын бөлімшелерінің (цехтар, учаскелер) шығынан және шығыстың 8 бабынан қалыптасады.
Загрузка…
Шығын баптары
Өзіндік құн түрлері
1.Шикізат пен материал
2.Қайтарылған қалдық
3.Сатып алынатын жинақтау-шы бұйым, жартылай фабри-каттар мен өндірістік сипаттағы қызметтер
4.Технологиялық мақсаттағы отын мен энергия
5.Өнім өндіру процесіне тікелей қатысатын жұмысшы-лардың еңбекақы төлеу шығыны
6.Әлеуметтік салық пен салалық сақтандыру төлемі
7.Өндірісті әзірлеу мен игеру шығысы
Достарыңызбен бөлісу: |