Әдеби жанрлар Эпикалық жанрға



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата10.03.2024
өлшемі0.52 Mb.
#494835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Көркемдегіш құралдар (1)

 
Диалог - екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі. Диалог сөздерде ой толық 
жеткізілмейді, сөйлем толық айтылмайды. Диалог түріне ашық сабақтан келтірілген үзінді. 
- Балалар, мына сөз дұрыс жазылған ба? 
- Дұрыс емес. 
- Қалай жазылу керек? 
- Сызықша арқылы 
- Не себепті? 
- Қос сөз 
- Сәкен дұрыс айтты ма? 
- Иә 
 
Теңеу - заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын 
өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына 
беру.
Академик Қажым Жұмалиев теңеулердің жасалу жолын мынадай түрлерге бөледі: 
1. -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін жұрнақтары арқылы; 
2. -ша, -ше жұрнақтары арқылы; 
3. секілді, сияқты, тәрізді сөздерінің көмегімен; 
4. бейне сөзінің көмегімен; 
5. тең сөзінің көмегімен; 
6. ұқсас сөзінің көмегімен. 
«...Ожымбай қияда қомданған алып бүркітше екі иығын қозғап қойып сөз 
бастады.Сыбығыны енді асықпай бозторғайдың үніндей шырылдата бастап, жан-сезімді 
қытықтағандай әдемі бұлбұл үніне ауысты.» (Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романынан ) 
Жүрегіңде бар жалын, 
Жыры бейне кең дала 
... Тегеште тез көпірген сүтке теңбіз. 
( Қ.Бекхожин )
Эпитет - заттың не құбылыстың айырықша сипаты мен сапасын анықтап,ерекше 
көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар. Абайдың өлеңдерінен эпитеті бар бір 
шумақ. 
 Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты 
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? 
Бұраң бел,бойы сұлу, түзу аяқ 
Болады осындай қыз некен-саяқ. 
 
Метафора - суреттеліп отырған зат не құбылсты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге 
затқа не құбылысқа балап айту. Метафораны ауыстыру деп те атайды. Метафоралық 
тіркестер бейнелеп суреттеуге шеберлікті аңғартады. Айтайын деген ойдың әсемдігі ғана 
емес, әсерлігі үшін де құбылту тәсілі керек. «Құбылту – сөздердің тура мағынасында емес, 
бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды 
өзгертіп, кейде тіпті ойды өңін айналдырып айту. 
Фариза Оңғарсынованың «Түн» өлеңінен мысал: 
Түн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет