Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет34/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Фигура, айшықтау (лат. figura – сыртқы кескін, кейіп) – сөз орамын дәстүрлі қалыптан, тілдік нормадан өзгеше қолданып, ерекше әсер, жаңа тыныс беру. Фигура троптың түрлері сияқты поэтикалық тәсілдерді қолдану арқылы сөзге айрықша ажар бе- реді, алайда ол сөздің мағынасын өзгертпейді, оған көркем ай- шық, мәнерлі түр береді. Айшықтаудың бірнеше түрлері бар.
Фигураның бір түрі – арнау. Арнау - ақынның өзіне тән не өзгеге, кейде жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайы- рыла сөйлесуі, олармен іштей кеңесуі. З.Қабдолов «Көзқарас» еңбегінде бұл турасында: «Бүкіл дүниежүзілік әдебиет теория- сында «Арнау» деген бір-ақ түр; шауып шықса бұған Шешендік сұрау қосылып қана аздап ажарлануы мүмкін. Ал, қазақ поэзиясында Ахаң осының үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жарлай арнау) қосып, құбылтып, тотының түгіндей құлпыртып әкетеді. Әдеттегі дәстүр жалғастығының заңына орай осы үш түрлі арнауды әрқайсысымыз өзімізше пайымдап, қисын- дап, кейде тіпті қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмалиев те, Ысмайылов та, Қабдолов та) кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр болдық»1 - деп толғана жазады.
Арнауды ғалым А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышта» үшке бөлген:

  1. Жарлай арнауда ақын жеке адамға емес, көпшілікке тіл қатады. Мысалы, Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде, М.Мақатаев «Халыққа хат» өлеңінде жұртына, көпші- лікке қарата сөйлейді:

Туған халқым! Қатемді кешір менің.

1 Қабдолов З. Көзқарас. –Алматы, 1996. 72-б.


Сенің арқаң – сескенбей, есіргенім. Егерде жырың болмай, ұрың болсам, Алақанға саласың несін мені
М.Мақтаев «Ей, ақындардың жарлары» өлеңінде жалпы әйелдерге тіл қатады:
Ей, ақындардың жарлары! Ақын деген табиғат қой, Қысы, күзі, жазы бар, Көктемі бар шуақты,
Аймала да, ақыныңды жазып ал, Кеше біреу жылатты.

  1. Сұрай арнау – ақын не лирикалық кейіпкер өз ойын бас- қаға сұрақтар қою арқылы бейнелеп, сауалына жауап іздеуі. Жауабы сұрақтың бойында болатын сұрай арнау түрін ритори- калық айшық дейді.

Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мен сені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім.
Қарауытқан таулардан сені іздедім. (М. Мақатаев) М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында қайғыға, күйі-
нішке, орны толмас өкінішке толы Баянның монологы сұрай ар- нау үлгісінде, қасіреті дамыта суреттелген:
Ойламай, белді бекем будым неге? Қозымды қас дұшпандай қудым неге? Майысып, Ноян қалқам, ерке марқам, Қасқайып қарсы алдымда тұрдың неге?
Поэмада қайғы жұтқан Баянның толғанысы негізінен налаға, қасіретке құрылған. Бұл - зарлай арнау үлгісі:
Күй жүрек! Көл бол, жасым! Өртен, ішім! Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.
Сұм садақ кетсе де үзіп жас жүрегін, Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін. Сорлы ағаң атып жығып өз інісін, Иіскейді енді зарлап аппақ төсін.
Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағың! Қайтейін, арымадың, арда күшім!



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет