Үстеу туралы түсінік Өзге сөз таптары сияқты морфологиялық өзгерістерге енбейтін, етістік сөздеріндегі ic, қимыл, амалдың бейне-белгісін, күй-жайын және мезгілдік, мекендік, мөлшерлік белгілерін білдіре-тін сөз табы ү c т e y деп аталады. Үстеулер етістіктегі қимылдық процестің мезгілін, мекенін, жай-куйін, мөлшерін білдіреді де, қ a л a й? қ a н ш a? қ a ш a н? қ a й д a? қ a й д a н? деген сұрақтардың біріне жауап болып тұрады. Мысалы:
Қ a ш a н?— кеше, күндіз, баяғыда, оқта-текте; Қ a й д a?— төменде, жоғарыда, артта, аста, әрмен; Қ a л a й? — дәл, кілт, жалма-жан, қолма-қол; Қ a й д a н? — алдан, әріден, төменнен, одан-бұдан; Қ a н ш a? — сонша, талай, бірталай. Үстеулер, негізінде, етістік баяндауышпен немесе сөйлемдегі етістіктен болған өзге мүшелермен байланысып пысықтауыш болады. Мысалы: L Әдейіөз тілінде сұрайды да артынан орысша айтады. (F. Мүсір.) 2. Мырқал дейтін ағаң былтыр мен барғанда шахты бастығы еді. Қазіргі бастық Сәуле де, ағаң орынбасар. (Ә. Ә.) 3. Ол бүгін күндегіден ерекше боп соншалық жақындай түскен. (M. Ә.) Бұл сөйлемдердегі былтыр, бүгін деген үстеулер қимылдың мезгілін білдіріп, қ a ш a н? деген сұраққа жауап беріп, мезгіл пысықтауыш болып тұр. Әдейі, орысша деген үстеулер қимыл, амалдың жай-күйін білдіріп, қ a л a й? деген сұраққа жауап беріп, сын-қимыл пысықтауыш болып тұр. Соншалық деген үстеу сөзі жақындай түсу қимылының мөлшерін, шамасын білдіріп, қ a н ш a л ы қ? деген сұраққа жауап беріп, сын-қимыл пысықтауыш болып тұр.
Үстеулердің барлығы бірдей етістік сөзімен байланысты бола бермейді. Бірқатар үстеулер есім сөздерімен (сын есіммен), үстеулердің өздерімен де байланысты болып, сындық белгілер-ді айқындап тұрады. Мысалы: 1. Ол кісі — Қарағандыныц қазір ең атақты адамы. (Ә. Ә.) 2. Әрине сонша қадірлі мүртты осынша былғап алғаныңызды өз оңтайсыздығыңыздан деуге болады. (F. Мүсір.) Сөйлемдердегі ең, сонша үстеулері атақты, қадірлі деген сын есім сөзінін сындық мағынасын күшейтіп анықтауыш болып тұр.