39
Бұл үзіндіде «Жетісу» бес нәрсеге баланып отыр: сыр, жыр, күйме,
жұмақ, әннің қайырмасы. Сондықтан бұл метафораның күрделі түріне жатады.
Кейіптеу - троптың бір түрі; жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап
жанды нәрселердей етіп жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп
суреттеу.
Аспантау, Бөркің бе еді? Көркің бе еді?
Ақ бұлттар Шалкөденде төркіндеді.
Жоғалып кете барды келесі күн
Жайлауға ертіп келген Еркін мені.
Нұр түсіп көңілімнің күмбезіне,
Нар таулар шақырады күнде өзіне.
Бір-екі сүңгіп шығып тастай суға
,
Бусанып жатам үзақ күн көзіне.
Осы келтірілген үзінділердің бәрі де кейіптеуге жатады. Кейіптеу арқылы
автор
жансызға жан беріп, тілсізге тіл бітіреді, не
қайғылы, не қуанышты
оқиғаны суреттегенде, оған және табиғат қосылады да, оны бұрынғыдан да
күшейте түседі. Шығармадағы оқиғаға табиғатты қатыстырып не қайғыртып, не
қуантып суреттелген жерлер өте әдемі, оқушыны еліткендей әсерлі және күшті
боп келеді.
Заттандыру (овеществление: «Гвозди б делать из этих людей:
Крепче б
не было в мире гвоздей» - Н.Тихонов) –
керісінше жанды затты жансыз затқа
балау. Мысалы: Әйел- үйдің шегесі.
Кейіптеу де, заттандыру да метафораның түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: