Әдістеме сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдалану кезінде материалдық ресурс шығындарының техникалық ЖӘне технологиялық нормаларын анықтау мазм ұ н ы



бет1/52
Дата14.06.2016
өлшемі7.1 Mb.
#135784
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 29.12.2010 жылғы № 606 бірлескен бұйрығы.



ӘДІСТЕМЕ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ЖҮЙЕСІН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАРЫН АНЫҚТАУ

М А З М Ұ Н Ы


  1. Терминдер және ұғымдар




  1. Қолданылу мақсаты мен саласы




  1. Жалпы ережелер

3.1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдаланудың және оның жұмысын бақылаудың ұйымдастыру-әдістемелік негізі

3.2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, оның жағдайын бақылау және жөндеу

3.3. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін ағымдық және күрделі жөндеуді ұйымдастыру




  1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде материалдық ресурс шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын анықтау




    1. Жалпы ережелер

    2. Су сапасын бақылау

    3. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің желілері мен олардың құрылыстарында техникалық қызмет көрсету

    4. Жерасты және жерүстi су көздерінен су тарту құрылысында техникалық қызмет көрсету

    5. Қысымды реттегіш құрылғылар мен құрылыстарда техникалық қызмет көрсету

    6. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарында техникалық қызмет көрсету




      1. Жалпы ережелер

      2. Табиғи суды өлшенген заттардан тазарту

      3. Сарқынды суды механикалық тазарту

      4. Сарқынды суды биологиялық тазарту

      5. Ауыз суды және сарқынды суды залалсыздандыру



    1. Сумен жабдықтау және су бұру сорғы станцияларында техникалық қызмет көрсету

    2. Электрқозғалтқыштарға, электржабдықтарға, электртаратқыш құрылғыларға және трансформаторлы қосалқы станцияларға техникалық қызмет көрсету

    3. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде пайдаланылатын басқа материалдық ресурстарды нормалау




  1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде ресурс үнемдеудің негізгі проблемалары


Қосымша (ақжұпаттық). Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде материалдық ресурс шығындарының техникалық және технологиялық нормалары
Әдебиеттер тізімі



  1. Терминдер және ұғымдар

Осы Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде материалдық ресурс шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын анықтау әдістемесінде (бұдан әрі – Әдістеме) мынадай терминдер және ұғымдар қолданылған:



Сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, берудi және сумен жабдықтау жүйесi арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар жиынтығы.

Сумен жабдықтау жүйесi - суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлiк желiлер мен құрылыстар кешенi.

Сумен жабдықтау желілері - сумен жабдықтауға арналған құбырлар мен олардағы құрылыстардың жүйесі.

Су бұру - сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелерi арқылы су объектiлерiне және (немесе) жер бедерiне бұруды қамтамасыз ететiн iс-шаралардың жиынтығы.

Су бұру жүйесi - сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға бағытталған инженерлiк желiлер мен құрылыстардың кешенi.

Су бұру желілері - су бұруға арналған құбыржолдар, коллекторлар, арналар және олардағы құрылыстар жүйесі.

Су шаруашылығы ұйымдары - қызметi суларды реттеумен, жеткiзумен, ұдайы молайтумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен және су объектiлерiн пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар.

Су үнемдеу - су ресурстарының ұтымды және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн шаралар жүйесi.

Пайдалану – объектінің өмірлік циклының сапасы (жұмысқа қабілеттілік жағдайы) іске асырылатын, қолдау көрсетілетін және қалпына келтірілетін сатысы.

Қалыпты пайдалану – жобалау нормаларында немесе тапсырмаларында көзделген технологиялық немесе тұрмыстық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын (шектеусіз) пайдалану.

Пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - тараптардың келісімімен белгіленетін міндеттер (оларды пайдалану жауапкершілігі) белгісі бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелері элементтерінің бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы бойынша белгіленеді.

Теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - меншіктік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иеленушілер арасындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін бөлу сызығы.

Авария - сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілетін қызметтерді тоқтатуға не көлемін, ауыз су сапасын айтарлықтай азайтуға және халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға әрі жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің немесе жекелеген құрылыстардың, жабдықтардың, құрылғылардың бұзылуы немесе істен шығуы.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету - жүйелер мен олардың элементтерін мақсатына қарай қолдану, күту, сақтау және тасымалдау кезінде олардың жарамдылығын және жұмыс қабілетін сақтау жөніндегі операциялар кешені, сондай-ақ оның техникалық құрылғыларының жұмыс режимдерін сақтау бойынша жұмыстар кешені.

Жөндеу – объектінің жұмысқа қабілеттілігін және бұйымның немесе оның құрама бөліктерінің қорын қалпына келтіруге бағытталған операциялар кешені.

Жосжұплы алдын ала жөндеу – алдын ала құрылған жосжұп-кесте бойынша белгілі жүйелікте жабдықтың белгіленген жұмыс сағатының санынан кейін алдын алу мақсатында және бөлшектердің, тораптардың, агрегаттардың, машиналардың уақыттан бұрын тозуының алдын алуға және олардың жұмысқа қабілеттілігін сақтауға бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шараларының кешені.

Жосжұплы жөндеу – нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сай жүзеге асырылатын жөндеу. Жосжұплы жөндеуге ағымдық және күрделі жөндеулер жатады.

Ағымдық жөндеу – бұйымның және (немесе) оның құрамындағы жеке бөліктерінің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін ағымдық жөндеу – нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген көлемде жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, олардың номенклатурамен шектелген құрама бөліктерін ауыстыру немесе қалпына келтірумен қатар ресурстарын ішінара қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.

Күрделі жөндеу – жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру және бұйымның кез келген бөлігін ауыстыру немесе қалпына келтірумен қатар оның ресурсын толық немесе толық шамасында қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.

Қызмет көрсетуші - сумен жабдықтау мен су бұрудың толық технологиялық үдерісін жүзеге асыратын және тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету мақсатында елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланатын, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, тұтастай алғанда елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің дамуын реттейтін және бақылайтын су шаруашылығы ұйымы (сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорны).

Тұтынушы - меншігінде немесе өзге де заңды негізде сумен жабдықтау және су бұру жүйелері бар, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған және қызмет көрсетушінің сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерін шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.

Материалдық ресурс шығыстарының нормасы (бұдан әрі - норма) - жұмыс бірлігін өндіруге қажетті материалдық ресурстар мөлшері.

Материалдық ресурс шығыстарының техникалық нормасы – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жалпы пайдалануға байланысты жұмыс бірлігін өндіруге қажетті материалдық ресурстар мөлшері (мысалы, жалпы құрылыс жұмыстарын орындау үшін құрылыс балшығының құрамы ретінде қажетті құм мөлшері).

Материалдық ресурс шығыстарының технологиялық нормасы – технологиялық процесті орындауға байланысты жұмыс бірлігін өндіруге қажетті материалдық ресурстар мөлшері (мысалы, табиғи және сарқынды суды тазарту процесіне сүзгі материалы ретінде қажетті кварц құмының мөлшері).



  1. Қолданылу мақсаты мен саласы

Осы Әдістеме су шаруашылығы ұйымдарының шикізаттар мен материалдар, отын, электр және жылу энергиясы шығындарын нормалау кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында Су шаруашылығы мен табиғат қорғау саласындағы ҚР Кодекстеріне /1, 2/, «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту» Тұжырымдамасының ережелеріне /3/, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.06.2009 жылғы № 832 қаулысымен бекітілген Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесіне /8/, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 19 маусымдағы № 360 бұйрығымен бекітілген Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесіне /13/ сәйкес әзірленген.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде өндірісі мен қолдану шарттарының әр түрлі салалық сипаттарын қамтитын материалдық-техникалық ресурстар кең спектрде пайдаланылады. Қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелері өзінің құрамы, техникалық жабдықтары және жай-күйі деңгейі бойынша әр түрлі.

Мұндай жағдайда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету үшін материалдық ресурс шығындарының біркелкі техникалық және технологиялық нормаларын әзірлеу мүмкін емес. Бұл басқа ТМД мемлекеттеріндегі нормативтік базаларға жасалған талдаумен расталады, ол елдерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануға арналған материалдық ресурс шығындарын нормалау кезінде кәсіпорынмен жүргізілген қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуды ескеріп, алдыңғы кезеңдегі материалдық шығындарды зерттеу негізінде оларды жосжұплау қағидаты қолданылады. Баяндалғанды негізге ала отырып, осы Әдістеме сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде материалдық ресурс шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын анықтаудың негізгі қағидаттары мен тетіктерін көрсетеді. Су шаруашылығы ұйымдары өз жүйелерін пайдалану үшін материалдық ресурс шығындарының нақты нормаларын өз бетінше әзірлейді. Әдістеме су шаруашылығы ұйымдарының материалдық ресурс шығындарын бақылау үшін, сондай-ақ, өндірістік-қаржы қызметіне алдын ала талдау жасау үшін қолданылуы мүмкін. Осы құжат елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдаланушы ұйымдардың тарифтік сметасы мен тариф деңгейлерін есептеу кезінде қолдануға арналған.




  1. Жалпы ережелер

Осы Әдістемеде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану үшін қажетті негізгі жұмыстардың тізімі және нормаларды анықтау тәртібі баяндалған.

Нормалар еңбекті ұйымдастыру және нормалау, сондай-ақ, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын орындау кезінде материалдық ресурс шығындарын өлшеу мәселелері бойынша қолданыстағы салалық нормативтік-әдістемелік нұсқаулардың негізінде қабылданады. Бұл нормалар жұмыс (операция) бірлігінің заттай шамасын (кг, л, м, м2, м3 және т.б.) белгіленеді.

Әдістемеде нормалар топтарға бөлінеді – сумен жабдықтау жүйелері үшін, су бұру жүйелері үшін және магистральды құбырлар мен тарату желілері бойынша су берген кезде. Әдістеменің Қосымшасында берілген нормалар жөндеу жұмыстарының әр түрін жүргізудің жалпы қабылданған технология мен ұйымдастыру бойынша шығындардың орта салалық деңгейін сипаттайды. Әдістеменің нормаларымен жұмыстарды Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесіне, сондай-ақ, Техникалық қауіпсіздік ережесіне сәйкес орындау қарастырылған.

Әдістемеде пайдаланылатын жабдық үшін нормалар болмаған жағдайда барынша жақын сипаттамасы бар жабдықтарға арналған нормаларды қолдануға жол беріледі. Күрделілігі жоғары жұмыстарды орындаған кезде ұсынылған нормаларға кәсіпорын дербес әзірлеген жоғары коэффициенттерді қолдануы мүмкін. Әдістемедегі стандарттар мен ұйымдастыру-техникалық шарттардан (технологиядан, материалдық ресурс түрлерінен) өзгелерді қолданған жағдайда, сондай-ақ Әдістемеде қарастырылмаған жұмыстарды орындағанда кәсіпорындар дербес техникалық негізделген нормалар әзірлейді, басқа экономика саласының нормативтік-әдістемелік құжаттамаларын қолдануға болады.

Әдістемеге Қосымшада Алматы қаласының мысалында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормаларының үлгі тізбесі берілген. Тізбелер нақты елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдаланатын түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар үшін әр түрлі болады, себебі жүйелердің өздері бір-бірінен ерекше, сондай-ақ, жүйелерді пайдалану шарттары да өзара айрықша.

Мысалы, таза жерасты суын алған кезде кейбір сумен жабдықтау жүйелерінде сутазарту құрылыстары толығымен болмайды, тек қана бастапқы суды залалсыздандыру қажет. Басқаларда темірсіздендіру, фторсызндандыру және өзге құрылғылар бар.

Кейбір елді мекендердің су бұру жүйелерінде сарқынды суды механикалық, физика-химиялық және биологиялық тазартудың толық циклы, қосымша тазарту болады, басқаларда сарқынды суды биологиялық тазарту мен қосымша тазартудың жоқ болуы мүмкін. Мұндай жүйелерді пайдалану кезінде материалдық ресурс шығын әр түрлі болады. Материалдық ресурс шығынына жүйелерді пайдаланудың жер бедеріне, қоршаған ортаның температурасына, топырақ судың болуына немесе жоқтығына, топырақтың сипатына және басқа факторларға қатысты шарттары елеулі ықпал етеді.



3.1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдаланудың және оның жұмысын бақылаудың ұйымдастыру-әдістемелік негізі
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану осы жүйелерде техникалық қызмет көрсету, ағымдық және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қамтиды. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің желілері, құрылыстары мен құрал-жабдықтары тұрақты бақылауда болады және олардың түгелдігі мен жұмыс қабілеттілігі үшін жауапты тұлғалармен жүйелі тексеріліп қаралады. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану жөніндегі кәсіпорын басшысы олардың техникалық жарамдылығына жауапты адамдарды тағайындайды және олардың қызмет көрсету мен жұмыс жүргізу құқығына техникалық минимумнан өтуін қамтамасыз етеді. Кезекші персонал мен пайдалану бригадасының, бөлімше басшылары тиісті жазбалармен бірге барлық байқалған кемшіліктер туралы журнал жүргізеді. Жою үшін арнайы дайындықты талап етпейтін ұсақ ақаулар дереу жойылады. Авария тудыруы ықтимал ақаулар барынша кідіріссіз жойылады, ал авариялар тоқтатылады.

Құрылыстарда, желілер мен құрал-жабдықтарда ақауларды, тозуды және басқа кемшіліктерді уақытылы анықтау үшін, олардың пайда болу себептерін анықтау үшін мерзімдік комиссиялық тексеру өткізіледі. Жосжұплы мерзімдік тексерулер кесте бойынша жүргізіледі. Мерзімдік тексерулерді сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарының авариясыз жұмыс істеуіне мүдделі басқа адамдарды тартумен қатар цехтың техникалық басшысының немесе кәсіпорынның бас инженерінің басшылық етуімен және жөндеу жүргізуге жауапты адамдар, сондай-ақ, осы құрылыстарға, желілерге, құрал-жабдықтарға қызмет көрсететін жұмыскерлер жүзеге асырады. Тексеріп қарау барысында қажетті жөндеу сипаты анықталады, оны өткізу мерзімі белгіленеді, ал тексеріп қараудың қорытындылары бойынша ҚР ҚН 1.04-07-2001 /7/ сәйкес ақау ведомості жасалады. Ағымдық жөндеуге жататын жұмыстардың тізбесі, олардың кезеңділігі, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің желілерін, құрылыстары мен құрал-жабдықтарын жосжұплы тексеруден және ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңділігі осы құжатпен регламенттеледі.

Жосжұпдан тыс тексерулер сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде авария, іргетастардың, құрылыс конструкциялары мен басқа құрылыстардың бұзылуын тудыруы мүмкін жер сілкінісінен, сел тасқынынан, нөсерлерден, дауыл желдерден, қалың қар жауғаннан, су тасқынынан және басқа дүлей сипаттағы құбылыстардан кейін жүргізілуі тиіс. Қызмет көрсетуші мен тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсетеді және әрқайсысы өз пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде олардың қалыпты техникалық жағдайын қамтамасыз етеді. Пайдалану жауапкершілігі:

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиісті техникалық жағдайда ұстап тұруды қамтамасыз етуді;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тұтастығын қамтамасыз етуді;

жыл бойы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жосжұплы-ескерту жұмыстарын жүргізуді;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қысқы маусымға дайындау жөніндегі іс-шараларды;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізуді;

аварияларды жою және судың жайылып кетуін жоюды;

су бұру жүйелеріне ағызатын сарқынды сулардың сапасын бақылауды;

аварияларды, техникалық шығындарды және суды ұтымсыз пайдалануды төмендету жөніндегі іс-шараларды;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жүргізілген жұмыстардан кейінгі бұзылған тұрмысқа жайлылықты қалпына келтіруді қамтиды.




    1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық қызмет көрсету, оның жағдайын бақылау және жөндеу

Техникалық қызмет көрсету – жосжұплы немесе авариялық жөндеулер аралығында жүйелер мен құрылыстардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемін қысқарту бойынша негізгі алдын алу іс-шарасы.

Техникалық қызмет көрсету желілер мен құрылыстарды күтіп ұстауды, мерзімді тексеру жүргізуді, желілердің, құрылыстар мен жабдықтардың жарамды жағдайын жүйелі бақылауды, олардың жұмысының режимін бақылауды, пайдалану ережелерін, зауыт-өндірушінің нұсқаулықтарын және пайдалану жөніндегі жергілікті нұсқаулықтарды сақтауды, пайдалану процесінде туындайтын кішігірім ақауларды жоюды көздейді.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу жөніндегі жұмыстардың көлемі мен кезеңділігі жергілікті нұсқаулықтарда көрсетілген және Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесіне, зауыт-өндірушінің нұсқаулықтары мен Техникалық қауіпсіздік ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Үлгіден (жүргізілген жаңғырту, қайта жаңарту немесе қуатын арттыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу есебінен және т.б.) ерекше жабдықтың белгілі бірлігіне техникалық қызмет көрсету көлемін жосжұплау кезінде қосымша жұмыстарға арналған материалдар мен қосалқы бөлшектердің шығыны жеке есептеледі.

Техникалық қызмет көрсету сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдаланатын кәсіпорындардың өз күшімен, сондай-ақ, шет арнайы жөндеу кәсіпорындармен жүзеге асырылады. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу кезінде жұмысты ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін стандартты құрал-саймандарды, арнайы құрал-жабдықтарды және үлгі жобалау жұмыстарын орындау үшін қажетті басқа құрал-жабдықтарын қолдану ұсынылады.
3.3. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін ағымдық және күрделі жөндеуді ұйымдастыру
Сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарының желілерін, құрылыстары мен жабдықтарын жөндеу желілердің, құрылыстар мен жабдықтардың жалпы немесе олардың жеке конструкциялары мен тораптарының бастапқы пайдалану сапасын сүйемелдеуге немесе қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралардың негізгі түрі болып табылады. Сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарының (су шаруашылығы ұйымдарының) жүйелерін, құрылыстары мен жабдықтарын жосжұплы алдын ала жөндеу құрылыстарды қадағалау мен күтіп ұстау және жүйесі мерзімнен бұрын тозудың алдына алу мен аварияларға жол бермеу және шаруашылық-ауыз су, техникалық пен өртке қарсы арналған сапалы судың үздіксіз берілуін, сондай-ақ сарқынды суды бұру мен тазартуды қамтамасыз ету мақсатында алдын ала жасалған жосжұп бойынша кезеңімен жүзеге асырылатын жөндеудің барлық түрлеріне қатысты ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының жиынтығына жатады.

Желілер, құрылыстар мен жабдықтар бойынша жөндеу жұмыстар ағымдық, орташа және күрделі болып үш түрге бөлінеді. Жөндеу жұмыстарының күрделiгiн құрылыс нормалары және ережелерінің сметалық нормативтері бойынша қабылдау ұсынылады. Сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарының желілері мен құрылыстарында жосжұплы алдын ала жөндеу жүргізу нормалары олардың меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар (ұйымдар) үшін және осы желілер мен құрылыстар қарамағындағы жеке тұлғалар үшін міндетті. Ағымдық жөндеу желілерді, құрылыстар мен жабдықтарды мерзімінен бұрын тозудан және авариялардан сақтап қалу үшін жүйелі жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Ағымдық жөндеудің барлық жұмыстары үш топқа бөлінеді:

1-топ – көлемі мен оны орындау уақыты бойынша саны айқындалатын және алдын ала жосжұпланатын алдын ала жөндеу;

2-топ – пайдалану процесінде анықталған және шұғыл тәртіпте орындалатын тосын жөндеу;

3-топ – дүлей апаттардың нәтижесінде анықталған тосын жөндеу.

Ағымдық жөндеу кезеңді қарау кезінде немесе пайдалану процесінде анықталған қажетті жұмыс тізімдемесінің негізінде құрылатын жылдық сметалар (жосжұплар) бойынша орындалуы тиіс. Ағымдық алдын ала жөндеу ақшалай және заттай көрсеткіштерде жосжұпланады және кесте бойынша жүргізіледі. Осы мақсаттарға ағымдық жөндеуге көзделген ақша бөлудің 75-80 % бөлу ұсынылады.

Жосжұплы тәртіпте жүргізілетін алдын ала жөндеуден ерекше тосын жөндеуге бұрын анықтау және алдын ала жөндеу кезінде жою мүмкін болмаған кішігірім, кездейсоқ зақымдарды шұғыл түзету жатады, ал осы кемшіліктерді жоюды кідірту аварияға немесе пайдалану жағдайын елеулі нашарлатуға әкеп соғуы мүмкін. Мұндай кішігірім ақаулар дереу жойылады. Шұғыл тосын жұмыстар жүргізуге ағымдық жөндеуге көзделген ақша бөлудің 20-25 % сақтау ұсынылады. Ағымдық жөндеу кәсіпорынның, желілер мен құрылыстың меншік иесінің жеке қаражаты есебінен жүргізіледі. Бұл жөндеу, ереже бойынша, жөндеу цехының немесе тұрақты жөндеу-құрылыс бригадасының күшімен (ірі кәсіпорындарында) не пайдаланушы персоналмен жүзеге асырылады.

Орташа жөндеу сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің желілерін, құрылыстары мен жабдықтарын ішінара бөлшектеу және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің желілерін, құрылыстары мен жабдықтарын күрделі жөндеуге мынадай жұмыстар жатады, олардың процесінде тозған желілерді, конструкцияларды, тораптарды, бөлшектерді ауыстыру немесе оларды ең берік және үнемділерге айырбастау жүргізіледі, бөлшектеу олардың қирауына әкеп соғатын ғимараттар мен құрылыстардың негізгі конструкцияларын толық ауыстыруды немесе өзгертуді қоспағанда. Күрделі жөндеу өз меншік қаражаттары немесе банктердің кредиттері, қайырымдылық жарналар және басқа түсімдердің есебінен жүзеге асырылады. Күрделі жөндеуге жататын жұмыстардың тізбесі ҚР ҚН келтірілген /7, 27/.

Жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізген кезде өнімділігін арттыруға, пайдаланылуын жеңілдетуге және энергия ресурстарын үнемдеуге бағытталған жаңғыртуды жүзеге асыру орынды. Бұл экономикалық орынды болған жеке жағдайларда кәсіпорын күрделі жөндеудің орнына күрделі жөндеуге арналған қаражаттар есебінен жаңа жабдық сатып алуына болады.

Күрделі жөндеу қаражаттары есебінен орындалатын жұмыстарға мыналар жатуы мүмкін:

суды, газды, жауын-шашынды есепке алу және қажетті жұпаметрлерін өлшеу аспаптарын орнату жөнінде реттеу жұмыстары;

өндірістік процестерді автоматтандыру және дистанциялық басқару;

қарқындату және оңтайландырылған технологиялық режим құру, электр энергиясын үнемдеу мақсатында жүргізілетін реттеу жұмыстары.

Құрылыстарды немесе құрылыс кешеніне күрделі жөндеу жүргізу экономикалық орынсыз болған жағдайда күрделі жөндеуге бөлінген ақша қаражаттары есебінен белгіленген кезең ішінде қалыпты пайдалануды қамтамасыз ететін жай-күйде жеке құрылыстың конструкциясын сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларға мыналар жатады:

а) жөндеуді талап ететін құрылыс қамтитын аумақта басқа объектілер салуға байланысты оның жосжұплы бұзылуы немесе көшірілуі;

б) кәсіпорынның мұқтажына салынған осы құрылысты пайдаланудың аяқталуы;

в) бұл кәсіпорынды ұйғарылған қайта жаңартудың барысында осы құрылыстың қайта құруға ұшырауы.

Күрделі жөндеу үшін объектілерді іріктеу заттай қарау нәтижесінде жасалған ақау ведомості, кезекшілік журналындағы жазбалар, ақаулар туралы мәлімдемелер, сондай-ақ арнайы комиссияның қорытындылары, реттеу ұйымдарының зерттеулері мен жаңғырту жобалары негізінде жүзеге асырылады. Күрделі жөндеу тағайындалған барлық объектілер бойынша жөндеу және реттеу жұмыстарының техникалық сипаттамасын жасау қажет.

Сумен жабдықтау және су бұру объектілері бойынша күрделі жөндеу жосжұплары кәсіпорынның басшысымен, ал басқа жағдайларда меншік иесімен немесе техникалық жарамдылығы үшін жауапты тұлғамен бекітіледі. Бұл ретте, сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын (желілері, сорғы станциялары, тазартқыш құрылыстар және т.б.) олардың құрамына кіретін барлық жабдықтармен, құралдармен, арматурамен, құбырлармен және т.б. бірге кешенді қаралуы ұсынылады. Сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарында күрделі жөндеу жүргізу кәсіпорынның (ұйымның) басшысымен немесе желілер, құрылыс меншік иесімен бекітілген сметалар мен жобалар бойынша, жүргізілген сараптаманың қорытындылары бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Күрделі жөндеудің сметасын әр объект бойынша жұмыс тізімдемесінің негізінде жеке жасау ұсынылады. Жұмыс тізімдемесіне қысқаша түсіндірме жазба қосымша берілуі тиіс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет