Бейметалдардың қасиеттерін зерттеу
Ең маңызды s, p және d элементтерінің типтік реакциялары
Жұмыстың мақсаты: лекцияда өткен материалдағы бор және алюминий қосылыстарның касиеттерін тәжірбие арқылы бекіту
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сулы монша, штатив, шыны таяқша, бор қышықылы, бура, магний ұнтағы, кристаллды кобальт нитраты, хрос сульфтының ерітінділері, күкірт қышқылы
Жұмыстың мазмұны
1 тәжірбие. Орта бор қышқылын алу
5-6 тамшы ыстық қаныққан бура ерііндісі бар пробьиркаға 2-3 центірлі күкірт қшқылын құйыңыз. Осы кезде бор қышқылы кристалының тұнбаға түскеніні байқайсыз. Тәжірбие мәліметін жазыңыз.
2 тәжірбие. Бор қышқылының қасиеті.
5-8 тамшы дистилденген суы бар пробиркаға бор қыышқылының бірнеше түйірлерін ерітіңіз (қыздыра отрып). Бірінші пробиркаға бейтарап лакмус ерітіндісін қосып ерітіндінің түсін өзгергенін байқаңыз. Екінші пробиркаға магний ұнтағын салыңыз. Реакция нәтижесінде газдың бөлінгенін байқайсыз. Қандай газ бөліді? Үшінші пробиркаға универсальды лакмус қағазын салып оның тұсын этллон тұсымен салыстырыңыз. Алынған ерітіндінің сутек көрстекішін анықтаңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз.
3 тәжірбие. Натрий титроборатының гидролизі.
5-6 тамшы бейтарап лакмус ерітіндісі бар пробиркаға бура ерітіндісінің 3-4 тамшы лакмустың тұсынын қандай болып өзгергенін байқаңыз. Гидролиздің бірінші сатысында орта бор қышқлы және күйдіргіш натр түзілетінін еске ала отырып, натрий тетраборатының сатылы гидролизінің теңдеулерін жазыңыз.
4 тәжірбие. Аз ерігіш бораттарды алу.
3-4 тамшы қаныққан бура ерітіндісі құйылған 3 пробиркаға бірнеше тамшыдан өмендегі ерітінділерді қосыңыз: 1-не күміс нитратын, 2-не мыс сульфатын, 3-не алюминий сульфатын. Түскен тұнбалардың түсі байқаңыз. Тәжірбе мәліметін жазыңыз. Барлық пробиркадағы реакциялар судың қатысуы арқылы жүріп, ортфосфор қышқылы түзілетінін еске алыңыз. 1-ші пробиркада – күмісітің метобораты, 2-ші пробиркада – мыстың негіздік тұзы (CuOHBO2), үшінші пробиркада алюминий гидрооксиді түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |