А
лғы сөз
Әдістемелік құрал орыс тілді орта мектептің 5-6 сынып оқушысына мемлекеттік тілді қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтінтүзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игертуді көздейді.
Әдістемелік құрал оқушылардың қазақ тілінде қабілетін арттыратын, сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытатын, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мәтіндер бойынша түзілді.
Әдістемелік құрал бірнеше лексикалық тақырыпты қамтиды. Алайда әр тақырып бойынша қазақ тілінің лексикасы мен морфологиясы бойынша орыс тілді мектептердің қазақ тілі сабағында оқытылатын грмамматикалық тақырыптарға сай тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі іріктеліп берілген. Оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту.
Әдістемелік құралдың міндеттері:
тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;
қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе білуге төселдіру;
тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;
дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;
оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;
шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;
1 тақырып: Отбасы
«Отбасы шағын мемлекет» демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз –жан әкешім, «Әке - асқар тау, Ана- етегіндегі бұлақ, Бала - жасындағы құрақ» деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиері анық. Осының бәрі «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенің арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі. «Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет» демекші, сыйласу арқылы бірлікте өмір өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білген дер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке- шешеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |