Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер кафедрасы
«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәнінен 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.
(қолы) (аты-жөні)
20__ж. «___»____________
|
Қ ұрастырушы: _____________ ф.ғ.к, доцент Қадырова Б.М.
( қолы) (аты-жөні)
Филология, журналистика және өнер кафедрасы
(кафедра атауы)
«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәні бойынша 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР
Пәнді оқыту бойынша
Кафедраның отырысында ұсынылды
20__ж. «___»______________,№__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________
(қолы) (аты-жөні)
Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды
(факультет атауы)
20__ж. «___»______________, №____ Хаттама
ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________
(қолы) (аты-жөні)
МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________
(қолы) (аты-жөні)
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
Курс бойынша қамтылатын тақырыптар
№1 - Орхон жазба ескерткіштері
Тарихи шындық. Скиф, үйсін, қаңлы, дулат, оғыз, қыпшақ тайпалары бірігіп, Түркі қағанатын орнатады. Түркі халықтарының тірлесуін тарихшылар 545 жылдан (Бумын қаған) санайды. 6-ғасырдың 80-жылдары хан тұқымдарының арасындағы дау-жанжал өршіп, соның салдарынан Түркі қағанаты екіге бөлінеді. 656 жылы Қытай империясы БТҚ-на шабуыл жасайды, басып алады. Бірақ әбден қорлық көргег түркі халқы көтеріліп, Құтлығ қаған дана Төныкөкті ертіп, 683 жылыҚытай басқыншыларыанан түркі жерін азат етеді. Осы әрекеті үшін халық оны Елтеріс қаған деп атайды. 396 жылы Елтеріс дүние салады. Оның орнына қатал, көтерілісшілер қорлынан қаза тапқан Қапаған хан болған. Оданк ейінгі тақтың екі мұрагері – Білге қаған мен Күлтегін.
Ескерткіштегі түркілердің наным-сезімі.Қаған көк Тәңірі Ата мен жер Ананың құдіретімен дүниеге келеді. Бұл көне түркілердің аспанды-ата, жерді –ана деп ұғынуының көрінісі.
Әдебиеттер: 1-5, 29, 35, 37, 53, 64, 69, 78
№2 – "Қорқыт ата кітабы"
Қорқыт туралы. Қорқыт тарихи шежірелер мен халық аңыздары бойынша 8-ғасырда Сыр бойында өмір сүрген атақты ақын , асқан күйші, аңыз кейіпкері, заманының ақыл-ойлы биі. Оның 3 хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Қорқыттың бейіті бүгінде Қызылорда облысының Қармақшы станциясынан 18 шақырым жерде тұр. Өзі оғыз тайпасының Баят руынан, анасы қыпшақ қызы. Түркі шежіресін жазған Әбілғазы:" Оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, ақылшы, кеңесші. Ол Оғыз заманындағы үлгі айтып, билік құрған дана кісі,"-деп жазады. Қорқыт есімі түркі тілдес халықтар арасында кеңінен мәлім.
"Қорқыт ата кітабы". Түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, бай танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. Ғалымдар В.Бартольд В. Жирмунский т.б. бұл кітап қырғыз, қазақ, өзбек, түрікмен, әзербайжан халықтары арасында кең тараған ескі аңыз сюжеттері негізінде жасалды дейді.
Әдебиеттер: 1-10, 13, 16, 23, 26, 37, 69, 81
№3 – "Оғыз -наме" дастаны
Түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын шығарма, әрі көркем, әрі тарихи туынды.13-ғасырдың аяғы мен 14-ғасырдың басында хатқа түскен, бірақ соған дейін көп замандар бұрын Орта Азияда, Сыр бойында эпос дәстүрімен айызша айтылып келген аңыз-жыр. Қ. Өмірәлиев: "Оғыз қаған" жыры ежелгі ғұндардың ұрпақтары Ашина түріктерінің тарихи аренағашыққан кезінен бұрын 6-5 ғасырға дейінгі жерде-ақ түпкілікті жасалып болса керек. 12-13 ғасырларда жазуға түскен, бірақ 13-ғасырдың мұрасы деуге болмайды. Дәлел:
Әдебиеттер: 1-7, 24, 30, 57, 61, 67, 79
№4 – Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы
Дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын. Толық аты-жөні-Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн ұзлағ Тархани.
"Мұсылман мәдениеті" феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді.
Ғалымдар айтуынша, артына 160-қа тарта еңбек қалдырған (түгелі жеткен жоқ).
"Заң кітабы", "Субстанция туралы", "Ақыл мен сананың мәні", "Ғалымдардың тілі мен түрі", "Өлең сөз және шешендік туралы" т.б.
Трактаттарының қолжазбаларын Каир, Бейрут, Стамбул, Лейденариж, Мадрид, Париж, Лондан, Тегеран, Нью-Йорк т.б. қалалардың кітапханаларынан кездестіруге болады.
Әдебиет теориясына байланысты. "Риторика туралы кітап", "Жазу өнері туралы кітап", "Ұйқас пен ырғақ тураы кітап", "Өлең ұйқасы мен өлшемі туралы кітап" т.б.
Логикалық шығармаларында поэтика мәселелеріне көп көңіл бөлген.
Орта ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Ибн Аби Усайбианың айтуы бойынша, Фарабидың өлең құрылысын зерттеуге арналған "Өлең және ұйқас туралы сөз" деген шығармасы болған. Бірақ әлі табылған жоқ.
Әдебиеттер: 1-10, 27, 33, 59, 68, 72, 85
№5 – Жүсіп Баласағұни "Құтты білік"
"Құтты білік". 1069 жылы жазылған. Дастанды Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтайды. Еңбекті Бограханға (Табғаш Қара Богра хан, Қарахан мемлекетінң қожасы) тарту етеді. Бұған разы болған Бограхан Хас Хажип атағы, береді (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы).
Басылуы, зерттелуі, аударылуы. Дастан жөнінде баспасөзде хабар беріп, нұсқасының бір бөлігінің 1823 жылы "Азия журналында" бастырып шығарған француз ғалымы ЖаубертАмадес.
Нұсқалары.
-
Вена (Герат). Бұл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Герат нұсқасы деп атауының себебі, 1439 жылы Гератта көшірілген. Араб әрпімен жазылған нұсқадан ұйғыр әрпімен көшірілген. Оны ұйғыр әрпімен көшірген адамның есімі- Хасан Қара Сейіл. Бұл қолжазба Гераттан әлдекімдер арқылы Түркияға жеткізіледі. 1474 жылы біреу сатып алып, Стамбулға әкетеді.1796 жылы Австрия ғалымы Иосиф фон Хаммер-Пуршаль қолжазбаны сатып алып, Венаның Корольдік кітапханасына сыйға тартады. Тұңғыш 1870 жылы Г. Вамбери Инсбург қаласында неміс тілінде бастырады. 1890 жылы Радлов жариялайды.
-
Каир. Араб әрпімен көшірілген.1896 жылы Каирден неміс ғалымы Б. Морий тапқан. 1898 жылы көшірмесін В. Радлов Петербург ҒА-ның Азия музейіне алдырған.
-
Наманган (...Ферғана). Оны 1913 жылы А.З. Валидов Наманган шаһарынан тапқан. Араб әрпімен көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқа Өзбек ҒА-ның әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында.
Әдебиеттер: 1-10, 41, 62, 70, 91
№6- Ахмед Иүгінеки «Хибатул-Хқайық»
«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма. Композияциялық құрылысы. Идеялық мазмұны.
«Ақиқат сыйы» - ақын өмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез+құлық нормаларын жыр еткен жинақ.
«Ақиқат сыйы» - оқу-білім, мораль, мінез-құлық, әдептілік, тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейрімділік, ізгі қасиеттер туралы.
«Ақиқат сыйы» дастанының негізгі тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазулу себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тию - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы», «Жақсының игі қалығы мен дүниеқоңыздың жарамсыз қылығы туралы» т.б.
Әдебиеттер: 1-10, 15, 24, 29, 59, 68, 96
№7- Ахмет Яссауи «Диуани хикмат»
Ахмет Яссауи – сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, есімі ислам әлеміне мәшһур болған ойшыл қайраткер.
«Даналық кітабын» зерттеуші ғалымдар /М.Ф.Кепрюлю-заде, А.К.Боровков, А.Н.Самойлович, Е.Э.Бертельс, Э.Р.Рустамов, Н.М.Маллаев, Г.Ф. Благова, т.б. туралы/.
«Диуани хикматтың » қазақ тіліне тәржіма жасалуы /М.Жармұхаметұлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи, Б.Сағындықов т.б./.
«Диуани хикмат» - исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен белгілеген жыр жинағы. «Даналық кітабы» - адамзатты туыстық-бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің қағида шарттарын, Аланы танудың жолдарын баяндайды.
«Диуани хикматтағы» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы, т.б.
Әдебиеттер: 1-11, 64, 68, 75, 83, 91
№8- Сүлеймен Бақырғани шығармашылығы
Сүлеймен Бақырғани – сопылық сарындағы хикмат-жырларымен есімі машһүр ақын. Ахмет Яссауидің фйилософиялық ой-пікірлерін ислам қағидалары бойынша жалғастырушы шәкірті.
Бақырғани кітабының негізгі идеясы – сопылық дәстүрді мадақтау, адамгершілікке, ізгілікке, бауырмалдыққа үндеу. Гуманистік бағыттағы ой-пікірді ислам діні қағидалары тұрғысынан баяндау.
Әдебиеттер: 1-11, 59, 62, 67, 81, 85, 87
№9- Насреддин Рабғұзи
"Қисса-сұл әнбия" еңбегі
Орта ғасырлардағы шығыс ертегі-аңыздарының, мифтік сюжеттердіңғ шағын әңгіме-повесть, өлеңдерінің жинағы. Олардың көпшілігі күні бүгінге дейін қазақ ертегілерінде айтылады. 1310 жылы Насреддин Тоқбұғы бек деген кісіге арналып жазылған. Туындыгері-Рабат Оғыз қыстағының қазысы Бурһанеддинұлы қазы Насреддин.
Басылуы, зерттелуі, аударылуы. 19-20 ғасырдың басында Қазақ, Ташкент қалаларынан соны рет қайталанып басылып шығып, ел арасында кеңірек танымал болған.
Көшірме нұсқалары. Ең ескі көшірме қолжазбалары Лондондағы Британия музейінің кітапханасында, Санкт-Петербургтегі М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада сақталған. Бірнеше көшірмесі бұрынғы Кеңестер Одағы Ғылым Академиясының Шығыстану институтының Санкт-Петербург бөлімінің кітапханасында бар. Ең алғаш 1859 жылы Н.И. Ильминский Қазақ университетінің баспаханасынан толық мәтінін бастырып шығарған.
Әдебиеттер: 1-11, 63, 66, 76, 95, 102
№10- «Кодекс Куманикус» сөздігі
«Кодекс Куманикус» - жұмбақтар, христиандар діни аңыздарынан түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі, Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар .
«Кодекс Куманикусты» зерттеуші, тәржіма жасаушы, бастырып шығарушы ғалымдар /Г.Ю.Клапрот, Г.Кун, В.В.Радлов, К.Гренбек, Ә.Құрышжанов/ туралы.
Әдебиеттер: 1-11, 66, 71, 76, 83, 90, 92
№11 -Хорезми "Махаббат-наме"
Хат түріндегі дастан.
Нұсқалары. Екі көшірмесі бар. Ұйғыр(1432) және араб(1503-1509). Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы А.М. Щербактың аудармасы арқылы жақсы таныс, ал араб әрпіндегі нұсқасын Э.Н.Наджип орыс тіліне аударып зерттеген. Араб нұсқасы әлдеқайда толық, дұрыс сақталған.
Зерттелуі, аударылуы.Екі аудармасы жасалған: А. Қыраубайқызы (1983) және Ө. Күмісбаев пен М. Жармұхамбетов (1985).
Тілі. Екі тілде жазылған. Сегіз хаты түркі тілінде, үшеуі парсы тілінде.
Көркемдігі. Араб, парсы поэзиясының түрлері байқалады. Мысалы, бәйіт, ғазал, мәснәуи т.б. Жалпы алғанда, аруз өлең өлшемімен жазылған лирикалық дастан деуге болады.
Басылуы, зерттелуі. Париж ұлттық кітапханасында сақтаулы. Көшірген ақын-Берке Факих. Транскрипциясын поляк ғалымы А. Зайончковский 1961 жылы латын әрпімен жаниялаған. Қазақ тіліне аударып, тілдік тұрғыдан зерттеген-Ә. Ибатов.
Әдебиеттер: 1-11, 23, 34, 45, 56, 67, 78, 89, 91
№12- Дүрбек «Жүсіп-Зылиха» дастаны
«Жүсіп-Зылиқа» дастанының негізгі идеясы – ел билеушілер арасында тәж Бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстарды, туыс адамдар арасындағы алаауыздық зардаптарын паш ету.
Дүрбек «Жүсіп-Зылиқа» сюжетіне тұңғыш реет түркі тілінде көркем туынды жазған ақын екендігі.
«Жүсіп-Зылиқа» дастанының басты қаһармандары – Жүсіп, оның 11 бауыры, Зылиқа, Жүсіптің әкесі Жақып, Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр патшасы Райян, т.б.
Дастанның зерттелуі. \Е.Э.Бертельс, С.Хайдаров,В.Валихожаев\
Дүрбектің «Жүсіп-Зылиқа» дастаны негізінде назирагөйлік дәстүрі бойынша қазақтың бірқатар «кітаби ақындары» хисса-хикаяттар жазғаны.
Әдебиеттер: 1-11, 22, 34, 45, 56, 67, 78, 99
№13- Тарихи тақырыптарға жазылған көркем шежірелер
Тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелерге Әбілғазының «Түрік шежіресі», Қадырғали Жалайыридың «Шежірелер жинағы», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди», Захиридин Мұхамед Бабырдың «Бабыр наме» атты шығармалары жатады.
Әдебиеттер: 1-11, 42, 53, 64, 75, 86, 97, 100
Әдебиеттер тізімі:
-
Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі.Оқулық.А.1986.
-
Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. 1- кітап.Оқулық.А.1991.
-
Ежелгі дәуір әдебиеті. 2- кітап.Хрестоматия.(Құрастырған Қыраубаева А, А.1991.
-
Келімбетов Н, Қанафин Ә.Түркі халықтары әдебиеті.Оқулық-хрестоматия.А.,1996.
-
Қыраубаева А.Ғасырлар мұрасы.Зерттеу.А.,1998.
-
Келімбетов Н.Қазақ әдебиеті бастаулары.Зерттеу.А.,1998.
-
Айдаров Ғ.Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.А.,1986.
-
Гумилев Л.Көне түріктер.А.,1994.
-
Жолдасбеков М.Асыл арналар.А.,1986.
-
Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеу.А.,1983.
-
Қазақ ССР тарихы.1-том.А.,1980.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
-
Абай.Шығармаларының екі томдық толық жинағы.1,2-томдары.
-
А.,1995.
-
Ахмет Иүгінеки.Ақиқат сыйы.А.,1985.
-
Ахметов З.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі.А.,1996.
-
Ахметбекова А. Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы.(Авторе-
-
ферат). А.,1995.
-
Аманжолов С.Қазақ тілінің тарихы және диалектология мәселе-
-
лері.А.,1960.
-
Ақсауыт.Батырлық дастандар.(Екі томдық).2-том.А.,1977.
-
Әуезов М.Қырғыздың батырлық эпосы «Манас». 12 томдық
-
шығармалар жинағы.11-том.А.,1969.
-
Әуезов М.Әдебиет тарихы.А.,1991.
-
Әбілғазы. Түрік шежіресі.А.,1992.
-
Бабыр. Бабырнама.А.,1993.
-
Батырлық дастандар. А.,1995.
-
Батырлар жыры.1-5тт.А.,1989.
-
Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш.Шығармалары.А.,1989.
-
Бейсенбайұлы Ж.Қазақ шежіресі.А.,1994.
-
Бердібаев Р.Дәстүр тағылымы.А., 1973.
-
Бердібай Р.Эпос—ел қазынасы.А.,1995.
-
Бекхожин Қ.Дәстүр және жаңашылдық.А.,1969.
-
Бес ғасыр жырлайды.1-том.А.,1989.
-
Ғабдуллин М, Сыздықов Т.Қазақ халқының батырлық эпосы.
-
А.,1972.
-
Ғабдиров И.Дәстүр және жаңашылдық.А.,1978.
-
Ғашықтық дастандар.А.,1994.
-
Ғабдуллин М.Қазақ халқының ауыз әдебиеті.А.,1974.
-
Дәстүр және жаңашылдық.А.,1980; 1984.
-
Дәстүрдің озығы бар.А.,1981.
-
Дербісәлин Ә.Дәстүр және жалғастық.А.,1976.
-
Дербісәлиев Ә.Қазақ даласының жұлдыздары.А.,1995.
-
Диваев Ә.Тарту. Зерттеу.А.,1992.
-
Дүйсенов М.Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі.А.,1962.
-
Ертедегі мәдениет куәлері.Жинақ.А.,1966.
-
Ел қазынасы—ескі сөз.А.,1994.
-
Жұбанов А.Ғасырлар пернесі.А.,1976.
-
Жұмалиев Қ.Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері.
-
А.,1959.
-
Жүсіп Баласағұн.Құтты білік.А.,1986.
-
Ибраев Ш.Қазақтың батырлық эпосының поэтикасы.А.,1993.
-
Йоллығтегін.Күлтегін.А.,1986.
-
Кәкішев Т.Билер сөзі.А.,1992.
-
Кенжебаев Б.Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері.А.,1973.
-
Келімбетов Н.Тарихи шежірелерді әдебиет сабағында оқыту
-
туралы.А.,1986.
-
Келімбетов Н.Шығыстың классикалық поэзиясы және қазақ
-
әдебиеті.А.,1989.
-
Көбесов А. Әл- Фараби.Зерттеу.А.,1971.
-
Қабдолов З.Сөз өнері.А.,1992.
-
Қабдолов З.Көзқарас.(Талдаулар және толғаныстар).А.,1996.
-
Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы.А.,1997.
-
Қасқабасов С.Қазақтың халық прозасы.А.,1984.
-
Қазақ фольклористикасының тарихы.А.,1988.
-
Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы.А.,1981.
-
Қазақтың көне тарихы.Зерттеу.А.,1993.
-
Қоңыратбаев Ә.Қазақ эпосы және түркология.А.,1987.
-
Қожа Ахмет Яссауи.Диуани хикмет.(Ақыл кітабы).А.,1993.
-
Қорқыт ата кітабы.А.,1986.
-
Махмұд Қашқари.Түбі бір түркі тілі.(Диуани лұғат ат-түрік)
-
А.,1993.
-
Махмұд Қашқари.Жаз бен қыстың айтысы.А.,1985.
-
Марғұлан Ә.Ежелгі жыр,аңыздар.А.,1985.
-
Машанов Ә.Әл-Фараби.Зерттеу.А.,1971.
-
Манас.Қырғыз халқының батырлық дастаны.1- кітап.А.,1961.
-
Негимов С.Ақын- жыраулар поэзиясының бейнелілігі.А.,1991.
-
Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі.А.,1983.
-
Оғыз-наме.Мұхаббат-наме. А.,1986.
-
Өмірәлиев Қ. Оғыз- қаған эпосының тілі.А.,1988.
-
Өмірәлиев Қ. 15-19 ғғ.қазақ поэзиясының тілі. А.,1976.
-
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.А.,1967.
-
Сүйіншәлиев Х. 9-12 ғғ.әдеби ескерткіштер.А.,1977.
-
Сөзстан.2-кітап.А.,1980.
-
Сыдықов Т.Ғасырлардың кәусар бұлағы.А.,1980.
-
Сыздықова Р.Қазақ әдеби тілінің тарихы.А.,1993.
-
Ысқақов Б. Қазақ- татар әдеби байланысы.А.,1976.
-
Албани Б.Қ. Тарихи таным. А., 1994.
-
Бартольд В.В. Шайбаниды. Соч.т.2 М., 1964.
-
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. М., 1989.
-
Ибатов А. Құтбтың «Хұсрау уа Шырын» поэмасының сөздігі.
-
А., 1974.
-
Иванов С.Н. Родословное древо тюрок Абул-гази-хана.Ташкент,
-
1969.
-
Наджип Э.Н. Мухаббат-наме Хорезми.М,1965.
-
Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы. А.,1992.
-
Письменные памятники и проблемы истории культуры народов
-
Востока. М., 1970.
-
Лихачев Д.С. Поэтика древнерусской литературы. М., 1979.
-
Рашид ад-дин. Сборник летописей.1.М-Л., 1952.
-
Стеблева И.В. Поэзия тюрков 6-8 веков.М., 1969.
-
Сейдімбеков А.Күңгір-күңгір күмбездер. А.,1989.
-
Бартольд В.В. Двенадцать лекции по истории турецких народов
-
Средней Азии. Соч. т.5. М.,1968.
-
Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. А., 1995.
Древности Казахстана.Сборник.А.,1975
Достарыңызбен бөлісу: |