әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің Ғылыми Кеңесі және әдістемелік бюросы ұсынған
Сын пікір жазған:
э.ғ.д., профессор Байдильдина А.М.
«Статистика» пәні бойынша қысқаша дәріс материалдары/ Құрастырғандар: э.ғ.д., Байдильдина А.М., э.ғ.к., Асқарова Ж.А. – Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ: ОЗ, 201. – 39 б.
«Статистика» пәні студенттердің экономикалық пәндерден оқу барысындағы алған білімдерін дамытуға, тереңдетуге және нақтылай түсуге көмектеседі. Осы пәнді оқытуда студенттерге Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес және дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар бағдарламасын жүзеге асыру мен әлеуметтік-экономикалық қатынастар және процестерді жетілдіру, жақсарту мақсатында статистикалық көрсеткіштер жүйесін зерттеуді, талдауды үйретеді.
Сонымен қатар, студенттердің өзіндік жұмыстар есептері ұсынылған. Дәріс жинағы экономика мамандығында оқитын студенттердің типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
КІРІСПЕ
«Статистика» пәні студенттердің экономикалық пәндерден оқу барысындағы алған білімдерін дамытуға, тереңдетуге және нақтылай түсуге көмектеседі. Осы пәнді оқытуда студенттерге Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес және дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар бағдарламасын жүзеге асыру мен әлеуметтік-экономикалық қатынастар және процестерді жетілдіру, жақсарту мақсатында статистикалық көрсеткіштер жүйесін зерттеуді, талдауды үйретеді.
Курстың мақсаты - студенттерге ғылыми пән ретінде статистиканың мазмұны туралы, оның негізгі түсініктерімен, маңызды статистикалық талдамалық көрсеткіштерді есептеу әдістері мен әдістемелерін оқыту.
Пәнді оқытудың негізгі міндеті - арнайы пәндерде қолданылатын статистиканың негізгі әдістерін оқыту.
Пәннің міндеттері:
- әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің даму дәрежесін, құрылымын және өсіңкілігін зерттеу кезінде түрлі статисткалық әдістерін қолдана білу;
- жиналған мәліметтерге талдау және болашаққа болжай жасай білу;
- статистика туралы классиктердің, ғалымдардың еңбектерін оқып- үйрену және оны іс жүзінде тәжірибеде қолдана білу;
- мәліметтерді есептеу кезінде есептелген статистикалық көрсеткіштерге қысқаша қорытынды жасай білу;
- ұлттық шоттар жүйесін, салааралық балансты құру, өндіріс тиімділігін талдау; халықтың өмір сүру деңгейін және оған әсерін тигізетін себептерді талдай білу;
- халықаралық стандартқа сәйкес статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілерді білулері керек:
- Қазақстан Республикасындағы статистиканың ұйымдастырылуын;
- мәліметтерді жинау және өңдеу әдістерін;
- статистикалық өзара байланыстарды талдау әдістерін;
- статистикалық бақылау жүргізуді, бақылау бағдарламасын жасауды және әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарға статистикалық зерттеулер жүргізуде басқа да әдістер мен тәсілдерді қолдануды, қорытынды жасауды;
- абсолюттік, қатысты және орташа шамаларды қолдану, есептеу жолдарын үйрену және мәліметтерді график арқылы бейнелеуді үйрену;
- динамикалық қатарды талдауды және индекстік әдісті қолдануды үйрену;
-қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын зерттеуді үйрену және оған талдау жасау;
- халықтың санын, құрылымын және еңбек ресурстарының көрсеткіштерін оқып білу;
- экономикалық процестің негізгі нәтижесін динамикасын талдай білу;