84
Әйел әдебі
кесі қиылғанша оңаша қалуына болмайды.
Алдап-арбауға
ұрынып қалмауы үшін еркектермен араласуына болмайды.
Қысылтаяң уақытта қасында қамқоршы ер адам болмай қалған
аса қажеттілік жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Мысалы,
дәрігерлік қызметте болса, мұғалима болса, келісімшартқа оты-
ру кезінде. Мұндай рұқсат берілгеннің өзінде де шариғат қойған
әдептілік аясында іске асуы қажет.
ӘУРЕТ
Әурет араб тілінен енген сөз. Мағынасы «ұятты жер» де-
генді білдіреді. Шариғаттағы мағынасы: «Адамның тәніндегі
басқаларға көрсетпей жауып жүруі тиіс болған жерлер». Аллаһ
Тағала мұсылман ер мен әйелге
өздеріне тән әурет жерлерін
білдіріп, оларды бөгде адамдардың көз алдында көрсетуге тый-
ым салған. Сондай-ақ, Құранда
«Ей, адам баласы! Сендерге
ұятты жерлеріңді жабатын және сәнді киімдер түсірдік» де-
лінген
(Ағраф сүресі 26-аят)
.
Әйелдердің әурет жерлері тұрмыс құруға болатын және бол-
майтын еркектер мен өзге әйелдер тұрғысынан үш түрлі бола-
ды.
1. Бет, саусақ, алақанының іші-сырты, білезік және аяқтары-
ның тобықтан төменгі бөлігінен басқа бүткіл денесі тұрмыс
құруына болатын ер адамдар үшін әурет болып есептеледі.
Сондықтан мұсылман әйелге аталмыш ағзаларынан тыс жерле-
рін бөгде ерлерге көрсетуі харам етілген. Бұл турасында Құран
Кәрімде мынадай аят бар:
«Ей, Мұхаммед! Мүмін әйелдерге
Достарыңызбен бөлісу: