Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет38/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
40hadis

��������������������
Жауапкершілік


70
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Мағынасы:
Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.) риуаят етілген хадисте Ха-
зіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай деген: «Caқ болыңдар! Сен-
дер шопансыңдар. Әркім өз отарынан сұралады (жауапты). 
Адамдардың басындағы әмірші шопан болып есептеледі. Ол өз 
отарына жауап береді. Отағасы жанұя мүшелерінің шопаны. 
Ол да олар үшін жауапты. Әйел кісі күйеуінің үйі мен балала-
ры үшін шопан болып есептеледі. Ол да олар үшін жауапты. 
Сендердің барлықтарың шопансыңдар және өз отарларың үшін 
жауап бересіңдер» 
(Бұхари, Жұма 11; Истикрад 20; Мүслим, Имарат 20)7
Хадиске түсініктеме:
Аллаһ Тағала жер бетіндегі барша нәрсені белгілі бір 
жүйемен жаратқан. Осы жүйенің бұзылмауы үшін адамға жа-
уапкершілік жүктеген. Ол Аллаһтың алдында ерекше беделге 
ие болғандықтан оның жауапкершілігі өте үлкен. Өйткені оның 
мүмкіншілігі мол. Жауапкершілікті сезіне білетін қоғамды ең 
бақытты қоғам десек болады. Осындай қоғамдағы ең үлкен 
жауапкершілік пен міндет оның басындағы басқарушыға 
жүктеледі. Оның әрбір ісі қоғамда ерекше рөл ойнайды. Ол 
қоғам ішінде жақсылыққа қарай бейімдесе, жақсы адамдардың 
саны көбейеді, ал жамандыққа қарай итермелесе онда бей-әдеп 
адамдар қаптай бастайды. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Әрбір 
қиянатшыл адам үшін қиямет күні қиянатының мөлшеріндей 
жалауы беріледі. Ең үлкен қиянат адамдардың басына отырған 
адамның қиянаты» деген. Қоғамның тәртібіне мемлекет бас-
шысынан кейін, әрбір жанұяның отағасы жауапты болады. 
Содан кейін әйел затының да өзіне тән жауапкершілігі бар. 
Әйел адамның жауапкершілігін сезіну бақытты қоғамның 
құрылуына жетелейді. Болашағын ойлаған адам алдын ала 
қамданып, жерге дән сеуіп өлместің қамын жасайды. Ал жарты 
ғасырлық өмірін ойлағандар ағаш отырғызып, оның көлеңкесін 
ойлайды. Бір ғасырдан кейінгісін ойлағандар ұрпақ тәрбиесімен 
шұғылданады. Ұрпақты өнегелі, әрі халыққа пайдасын тигізе-


71
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
тіндей дәрежеде өсіру үшін олар әйел адамға жауапкершілік 
сезімін білдіреді. Мұны істей алмағандар өмірде адам тәрізді 
өмір сүру мүмкіншілігінен айырылады. Жауапкершілікті терең 
түсінген Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) сахабаларға: «Егер сендер 
менің білгенімді білетін болсаңдар көп жылап аз күлетін едіңдер. 
Төсекте әйелдеріңмен ләззат алмайтын едіңдер. Аллаһтан 
қорқып тауға қашатын едіңдер» деген. Хадисті риуаят еткен Әбу 
Зәр «Әттең адам болғанша отын болғанымда ғой» деп, өкінішін 
білдірген екен. Жауапкершілікті сезінген адамдардың бірі Ха-
зіреті Әбу Бәкір (р.а.) құсқа былай тіл қатыпты: «Әй, құс! Сен 
қандай бақыттысың. Ешқандай жауапкершілігің жоқ. Бұтақтан 
бұтаққа қонып, сайрап жүресің. Әттең мен де сен сияқты құс 
болғанымда ғой». Сөйтіп ол өз сезімін осылайша жеткізіп-
ті. Ал шайтанның үрейін ұшыратын Хазіреті Омар (р.а.) өзен 
жағасындағы өсіп тұрған шөпке былайша дауыстайды: «Әттең 
Омар болмай шөп болғанымда. Шөпті ешкілер жеген болар еді. 
Ал оны адамдар!». Міне, осы сөздердің барлығы мұсылмандарға 
жауапкершіліктің өте ауыр жүк екенін ашып көрсеткендей се-
зімге бөлейді. Осыншалықты ауыртпалығына бой алдырмай 
сынақтан дұрыс өту ақыреттегі жағдайды жақсартады. Ал жау-
апкершілікке салғырт қарап, бей-берекет өмір сүру екі дүниеде 
орны толмас өкінішке апарары сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет