Бұл уақиға бір тайпы елдің биі, сұлтаны Жоламанға қатты батқан, іштегі
ыза өшпейтін кекке айналған. Жоламан батырдың Серғазы ханға өте-мөте
өшігуінің де бір себебі осы еді.
Табын руының салты: найза, сойылдарын көлденең ұстап, ертәуіл жігіттер
қоршай шабады.
Ертәуілдер алып келген адамдар: Ақбөкен, башқұрт жігіттері Әшірап пен
Дәулетші.
Бүгін түнде ай бойы әр күні айдай созылып, әбден сары жамбас болып
құшбегінің рабат сарайында күтіп жатқан Қасым төренің балалары Есен-
гелді, Саржан мен Шұбыртпалы Ағыбай бастаған жиырма жігіттің тағды-
ры шешілмек…
Және бүгін Қоқан даруғасы Ләшкәрдің ақылы бойынша құшбегінің арнау-
лы шақыруымен үш ақ пілге шатыр тігіп, кілең қара көк арғымақ мінген,
қасында бір топ ешік — аға, муәдзин, наиб, геджағы бар Қоқан ханы
Мәделіхан (Мұғамет әлім) келген. Ташкент құшбегінің арнаулы қонағы.
Ұратөбе кентінде тұратын Омарханнан он алты жасында қалған, қазір
отызға келген, бүкіл Орта Азияға аты шыққан, алтын айдай толықсыған
сұлу жесір ханша Ханпадшайым, Мәделіханның өгей шешесі.
Саржан мен Есенгелдіні, ұйқыдағы 18 жігітті қапыда өлтірген: Танкент
құшбегісі.
Бегдербектің еске алатын тағы бір гәп ойы: Мәделіханға Ханпадшайым
тоқал шеше еді...
Аман қалғандар: ат қора жақта жүрген, қашуға құл көмектескен Ағыбай
мен Ержан.
Ағыбайдың ең сүйікті қаруы тоғыз буынды, жез сақиналы жуан қайың
найза.
Күншығыс жақтағы кәрі Қаратаудағы Қазықұрт жжағындағы бір биікте
отырған адам: Кенесары.
Нысанбай ақын, ақ кигізге малдасын құрып отырып ап, Қасым төренің
алдында Шыңғыс шежіресінің біраз жерін қисса етіп айтып береді.
Қасым төре Есенгелді менен Саржаннан бір айдан бері хабар ала алмай
Достарыңызбен бөлісу: |