«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде



бет1/9
Дата08.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#123060
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013




ПОӘК

«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

______2013 жылғы

№ 3 басылым



5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде

оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

мамандықтарына арналған
«Ежелгі дәуір әдебиеті»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013


ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің -беті



Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыс

шеңберіндегі тапсырмалар

5 Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі

тапсырмалар

6 Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары

7 Емтихан сұрақтары


ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 3-беті


Глоссарии.


  1. «Томирис»-1) Сақтардың патшасы;2) Сақтардың жерін парсы әскерінің шапқыншылық әрекетінен сақтап қалу тақырыбын жыр еткен шығарма.

  2. «Алып Ер Тоңға»-1) Тұран елінің билеушісі, сақтар әскерінің қолбасшысы;2)Сақтардың тарихынан сыр шертетін қаһармандақ жыр.

  3. Көг өлшемі-түркі тайпаларының байырғы поэтикалық өлшемі.Көне түркі поэзиясының көг өлшемі негізінен а-а-а-ә;б-б-б-ә;в-в-в-ә түрінде болып келеді.

  4. «Атилла»-1) Батыс ғұн империясының әміршісі,әскери қолбасшы;2)Қыпшақ даласының перзенті Еділ (Атилла) батырдың жорықтарын баяндайтын қаһармандық жыр.

  5. Бәйіт-қос тармақты өлең шумағы.Низами, Науаи дастандары бәйіт үлгісінде жазылған.

  6. Ғазал-кемі үш,көбі он екі бәйіттен түзелетін бірыңғай ұйқасы бар өлең.Түркі тілдес әдебиетте ғазалдың айтулы шебері Әлішер Науаи болған.Қазақ поэзиясында бұл өлең түріне Ақан Сері, Әсет ақындар назар аударған.Мысалы Ақан Серінің «Көңіл тілегі» атты өлеңін алуға болады.

  7. Мәснәуи-араб сөзі-қосарланған деген сөз.Араб, парсы, түркі тілді әдебиеттердегі қос тармақты шумақ қолданылатын өлең түрі. Фирдоусидің «Шахнамасы», Низамидің «Хамсасы» (Бес дастан) шығармаларында.Осы үлгі қолданылған.

  8. Наме-шығыс поэзиясының термині.Эпистолярлық жанрдың бір түрі.Хат үлгісінде жазылады.Мысалы:Мәжнүннің Ләйләға;Шырынның Фархадқа хаттары соған мысал. «Наме» сөзі сонымен бірге кітап, дастан, өлеңмен жазылған шығарма деген мағына береді. «Шахнаме», «Бабыр наме», «Оғыз наме»

  9. «Кодекс Куманикус»-латын сөзі «Кумандардың кітабы», «Қыпшақ туралы жинақ»яғни «Қыпшақ тілінің сөздігі»

  10. Шежіре-(арб шәджәрә) халықтың құрамына кіретін тайпа рулардың тегін таратып, бір-бірімен туыстық дәрежесінайыратын тізбе.


Дәрістердің қысқаша сипаттамасы
Дәріс 1 «Сақтардың қаһармандық дастандары»

Дәрістің мақсаты: «Алып Ер Тоңға», «Шу» дастандарының негізгі тақырыптары мен ерекшеліктерін және олардың зерттелуін, насихатталуын түсіндіру.

Жоспар:

1Сақтар-көшпенділер

2«Алып Ер Тоңға» дастаны

3«Шу» дастаны



Дәрістің қысқаша мазмұны

Сақтар-көшпенділер. Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын

сақтар-қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша- б з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер»немесе «азия- лык скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп те жазатын болған.

Адамзат тарихында алғаш жазылған қадым заман кітаптарынын бірі «Авестада» сақтар мен олардың мекенін «Тұр» деп атаған. Фирдоусидің әлемге әйгілі эпопеясы




ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 4-беті

«Шахнамада» сақтар елін «Туран» деп көрсетеді. Ал қытайлар сақтардың отанын «Тукиу» дейтін болған.

Көшпелі сақтар Евксин (Қари теңіз) мен Азов теңізі аралығында жатқан ұлан-ғайыр өлкені де бұдан үш мыңжылдай бұрын мекен еткен екен. Бұл туралы көне грек тарихшысы Геродот жазып қалдырған мол деректер бар.

Біздің заманымыздан бұрынғы IX-III ғасырлар аралығында сақтардың этникалық құрамын қалыптастырған көптеген тайпалар болғаны көне тарихтан жақсы мәлім. Олар: кемерлер, массагеттер, асылар, дахтар, т. б. тайпалар.

Сақтардың Еуропаға қоныс аударған алғашқы легін тарихта «кемерлер» немесе «кемерліктер» деп атап кеткен. Өйткені олар біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырларда-ақ Қара теңіз жағалауын, яғни теңіз «кемерін» өздеріне мекен еткен. Еуропаға алғаш көшіп барған сақтардың осы тобы Қара теңіз бен Азов теңізі аралығында көшіп-қонып жүріп, мал бағумен айналысқан көшпенділер болған.

Бір қызығы- Қара теңіз жағалауында, яғни теңіз кемерінде тұрған сақтарды кезінде «кемерліктер» (орысша «Киммерийцы») дейтінін біз жоғарыда айттьқ. Ежелгі Эллада елінің ұлы ақыны Гомер өзінің «Одиссея» деп аталатын эпопеясында осы кемерліктер, яғни теңіз жағалауында тұратын сақтар туралы зор шабытпен жырлайды:


Біз ақыры терен, мұхитқа жеттік,

Қалың тұмандар арасынан өттік.

Жағалауда кемерліктер тұрады екен,

Күн шұғылалыГелиосқа қарай кеттік.

омер. Одиссея. II жыр)

Шырақ батыр. Парсы елінің патшасы Дарий I 700 мың нөкері бар батыр калың қолмен сақтар еліне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ол кезде мұншалықты көп әскерді көз көріп, құлақ естімеген екен.

Міне, «Шырақ» дастанында сақтардың Дарий әскеріне қарсы қаһармандық күресі аңызға айналған тарихи деректер негізінде жырланған. Алайда дастанның өзі сақталмаған. Тек дастанның негізгі сюжеті ғана проза күйіңде бізге жеткен. «Шырақ» дастанының сюжетін қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізген грек тарихшысы Полиэн (б. з.б. II ғасыр)еді. Ол өзінің«Соғыс тактикасы» деп аталатын кітабында Шырақ батырдың ерлігін осы дастан бойынша жазып отырғанын айтады.

«Шырақ» дастанының сюжеті темендегідей оқиғалардан басталады. Парсы елінің патшасы жер қайысқан қалың қолмен сақтар еліне жақындап келеді. Елдің қауіпсіздігіне қатер төнеді. Сақ әміршілері Омарг, Саксфар, Оамирис жауға қарсы қалай күрес жүргізуді өзара талқылып жатыр еді.

«Алып Ер Тоңға» дастаны

«Алып Ер Тоңға» - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін, көне түркі ауыз әдебиетінің дәстүрлі талаптарына сөйкес емірге келген қаһармандық жыр.

Бүгінгі күнге дейін «Алып Ер Тоңға» дастанының жалпы сюжеті мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де сол үзінді түрінде сақталып келген жыр жолдарының өзінен-ақ бұл дастанның сюжеттік жслісі, басты идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес. Дастанның басты қаһарманы - Алып Ер Тоңға. Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға, Тұран елінің билеушісі, сақтарәскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры. Дастанда оны елдің көреген көсемі ретінде де бейнелейді.

Тұран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын «алып» сөзі сол заманда«күшті», «батыр», «каһарман», «ержүрек» деген мағынаны білдірген. «Алып» - сақтар мен ғүндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың, қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім. Түрік қағанаты тұсында бұл сөз әскери титул мағынасында да қолданылған. Ежелгі түркі халықтары өз батырларының атына



ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 5-беті

«алып» сөзін қосып айтатын болған. Мәселен: Алып Тегін, Алып Арслан, Алып Бамыс (Алпамыс), Көк Алып сияқты қол бастаған батырлар болған. «Алып Ер Тоңға - түркі елінің аты аңызға айналған көсемі, билеушісі, батыры, даңқты қолбасшысы, оны парсылар Афрасиаб деп те атаған».

Бұл дастандағы батырдың есіміне қосып отырған «ер» сөзі ежелден-ақ «батыр», «каһарман», «жаужүрек» деген ұғымдарды білдіретінін аңғару қиын емес. Сақтар дәуірінің осы дәстүрі сан ғасырлар бойы сақталғаны, бертін келе қазақтар да ез батырларына«ер» сөзін қосыпайтқаны жақсы мәлім. Мәселен, «Ер Тарғын», «ЕрҚосай», «Ер Көкше», «ЕрСайын», т. б. батырлар есімі бұл сөзізге дәлел.

Кезінде Тұран мен Иран елдері арасында болған соғыстарда Алып ЕрТоңға сан рет Тұран әскерін басқарып, талай мәрте ғажайып жеңістерге жеткен. Бұл жайында Фирдоуси өзінің әйгілі «Шахнамасында» кеңінен толғайды. Тұран елінің батыры Алып ЕрТоңғаны ұлы шайыр өз дастанында Афрасиаб деп атаған. Көне парсы тілінде «Афрасиаб» сөзі «дүлей қара күш иесі» деген мағына береді.

Біз «Алып Ер Тоңға» дастанының көне тарихи шежірелерде сақталған жұрнақтарын да, Фирдоуси өзінің «Шахнамасында» пайдаланған жеке-жеке үзінділерін де, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітабындағы Алып Ер Тоңғаға қатысты бейіттерін де, кейінгі кездегі зерттеулерде мысал ретінде келтірілген жеке жыр шумақтарын да жинақтау арқылы осы дастанның жалпы сюжеттік желісін айқындай түсуге әрекет жасадық.

«Алып Ер Тоңға» дастанының мүлдем ұмытыла бастаған конструкциясын белгілі бір дәрежеде айқындап алуға Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғ-ат түрік» Жүсіп Баласұғының «Құтты білік», Рашид-дин Фазлалахтың «Маджма тауарих» («Тарихи жинақ»), Әбу Райхан әл-Бирунидің «Сувар-и-акалим» сияқты орта ғасырда жазылған еңбектерінің пайдасы тиді.

Сондай-ақ «Алып Ер Тоңға» дастаны жайындағы мәліметімізді толықтыра түсуге бұл салада жемісті еңбек еткен Түркия елінің Б.Аталай, Р.Арат, И. Ертайлан, Ф. Көпрулузаде, Н.Банарлы сияқты әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдарының еңбектері де көмектесті.

Сонымен, «Алып Ер Тоңға» дастанында айтылатын жоқтау салты араға мыңдаған жылдар салып барып, қазақтың батырлық жырларында, қазақ ақын-жырауларының толғау-өлеңдерінде өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты.



Алып Ер Тоңғаны жоқтау (үзінді)

Алып Ер Тұңға өлді ме?

Опасыз дүние қалды ма?

Заман өшін алды ма?

Енді жүрек жыртылар...
Бектер аты болдырып,

Қайғы оларды солдырып,

Меңді жүзі сарғайып,

Запыран рең сүртілер


Бөрідей жұрт ұлысып,

Айқайын жаға жыртысып,

Өкірген шнін өшіртіп,

Жылаған көзден жас өрер.


Көңілім ішті жандырды,

Жазылған жарар жаңғарды.

Көшкен күндер көзге ұрды,

Күн-түн демей ізділер





ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 6-беті


«Шу» дастаны

«Шу» дастаны - қазіргі түркі тектес халықтардың арғы тегі саналатын сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы.

«Шу» дастанын ғылыми негізде дұрыс пайымдау үшін біздің заманымыздан бұрынғы төрт мыңыншы жылдың орта кезінде сақтар даласында болған кейбір тарихи оқиғаларға назар аударғанымыз жөн сияқты. Ол үшін алдымен сақтар тарихынан мол дерек беретін Берел қорымынан табылған археологиялық олжалар туралы бірер сөз айта кетейік.

Сақтар мен ғұндар дәуірінің ат әбзелдерін,онда бейнеленген мифологиялық құстар мен аңдардың бедерлі бейнелерін көрген соң ғана «Алып Ер Тоңға», «Шу», «Аттила» дастандарының біздің заманымызға жетпей қалған немесе түсініксіз болып келген кейбір оқиғаларды айқындап алуға мүмкіндік туып отыр.Көне дәуірді зерттеп жүрген тарихшылардың айтуыа қарағанда,біз сөз етіп отырған сақтар мен ғұндар дәуірінде ежелгі гректерде де,парсылар да,,қытайлар да ертұрман дегенді мүлдем білмеген.Сақтар мен ғұндардың жоғарыда аталған батырлық жырларында батырдың мінген аты ерекше киелі қасиеті бар,құдіретті күш иесі ретінде бейнеленген.Сақтардың сенімі Қытай жазбалары арқылы жеткеен мәлеметтер бойыншы,сақтар өз мемлекетінің ұлан-ғайыр бір аймағын Шу өлкесі деп атаған екен. «Шу» дастанын ғылыми негізде дұрыс пайымдау үшін біздің заманымыздан бұрын төрт мыңыншы жылдың орта кезінде қазіргі Қазақстан жерінің Шу өзені маңайында болған кейбір оқиғаларды білген жөн.Әлемдік әдебиетттер тарихында түрлі аңыздарды өзінің сюжеттік желісіне арқау етіп алған дастандарды ұзақ жылдар бойы зеттеген ғалым Н.С.Банарлы түрік дастандары негізінен тарихта орын алған маңызды оқиғалардан елес беретінін ескертеді.

Аса даңқты түрік билеушісі,есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшысы Шу батыр сақтар мемлекеттік бірлестігіне қарасты Шу аймағында өмір сүргені мәлім.Ал сақтар-қазіргі Орта Азия ,Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін біздің жыл санауымыздан бұрынғы дәуірлерде мекен еткен тайпалардың бірі.Иран тарихшылары сақтарды үш топқа бөліп қарастырды.Солардың ішінде, Арал теңізі төңірегін, Қаратау мен Жетісу жерін, Яксарт (Сырдария) пен Оксус (Әмудария) өзендеріне дейінгі аймақты мекен еткен сақтарды кезінде парсылар өз тілінде: «Тьяй-пара-дарая» (яғни теңіздің арғы жағындығылар) деп атаған.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:


  1. Сақтар қай жерді мекен еткен?

  2. «Алып Ер Тоңға» дастанының сюжеті не ?

  3. «Дүлей қара күш иесі» деген мағына нені білдіреді?

  4. Алып Ер Тоңғаның түркі халқы тарихындағы рөлі жоқтауда қалай көрінеді?

  5. «Алып Ер Тоңға» ,«Шу», «Аттила» дастандарының түсініксіз болып келген кейбір оқиғаларды айқындап алуға мүмкіндік неден туып отыр?

Әдебиеттер:

  1. Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.

  2. Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»

  3. Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.

  4. Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.

  5. Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.

  6. Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.

  7. Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991

  8. Өтенияз «Атилла» А; – 2000 ж.

  9. Өміралиев Қ. «Оғыз-қоғам эпостың тілі» А; – 1988 ж.

  10. Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.

  11. Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.

  12. Ақыжанов М. «Қазақтың тегі туралы» А – 1962 ж.

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 7-беті


Дәріс 2 Түркі жазба жәдігерліктері. «Күлтегін» және «Тоныкөк»

жырлары

Дәрістің мақсаты: «Күлтегін, «Тоныкөк» жырларының жанрлық сипатталуын, М.О.

Әуезовтың бұл жырларға берген бағасын түсіндіру.



Жоспар:

1.Түркі жазба ескерткіштері

2.«Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары

Дәрістің қысқаша мазмұны

Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды-феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі Түрік қағандығы (552-745) еді.

«Түрік» термині тұңғыш рет 542 жылы аталды. « Түрік» этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата- тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Тарихи аренаға сақтардан кейін шыққан ірі тайпалық бірлестік саналатын үйсіндер мен қаңлылар да түркі тілінде сөйлеген. Түрік қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұлан-ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде-ақ, көне түрік таңбаларына , яғни ру символдарына ұқсас болып келетін түріктердің өз жазуы өмірге келді.Бұл жазу геометриялық пішіндегі 38 таңбадан тұрады.Ең бастысы- бұл жазу түрік тілінің фонетикалық ерекшеліктерін айна-қатесіз дәл жеткізуге мүмкіндік берді. Осы көне түрік жазуы бертін келе « руна» жазуы деп аталып кетті. Скандинавия халықтарының тілінде «рунь» деген сөз «құпия», яғни «сыр ашылмаған» деген ұғымды білдіреді. Өйткені, XVIII ғасырдың 20-жылдарында Орхон-Енисей аңғарынан табылған көне түрік жазуын көпке дейін ешкім оқи алмады. Бұл жазудың сырын Дания ғалымы В.Томсен 1893 жылы ашты.

Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар-« Күлтегін», « Білге қаған», «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлері тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп келеді.



« Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары

Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген )- ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң, Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Моголяны (кейінірек Білге қаған аталған) күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындалды. Күлтегін талай-талай соғыстарды жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытылады.



Көркемдік ерекшелігі: Орхон ескерткіштерінің жанрлық ерекшіліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Бірі Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке , соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі –руна жазуындағы бұл ескерткіштері поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды. Орхон ескерткіштерін, поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі-академик-жазушы М.Әуезов болды.Ол руна жазуындағы ерскерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп, былай деп жазды: « Олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де осыған орайлас. Күлтегін, Тоныкөк

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 8-беті

немесе Суджа жазуларында қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әр алуан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар». Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғаққа, яки ритмге-үннің жүйелі , мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделуі тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет И.В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі-әрі буын, әрі екпін екенін, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ-сол буын мен екпінге негізделеді деп айтты. Мұндай пікірлердің теорялық және практикалық мәні зор еді. Өлеңде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы, яғни аллетирация жырдағы үндестікті, мәнерлілікті күшейте түсетінін ежелгі түрік сөз зергерлері жақсы түсініп, бұл әдісті шебер меңгергені анық. Мысалы:

Қырқыз,құрықан, отуз татар.

Қытай, татабу қоп йағы ерміс.

Қаңым қаған бунча...........

Қырық артуқ иіті йолы сүлеміс

Аудармасы:

Қырғыз, құрықан, отыз татар,

Қытай татабы-бәрі жау еді.

Әкем қаған осынша (жауға)

Қырық жеті рет аттанды.

Мұндай жырлар да қазақ жырауларында да кездеседі. Мысалы Доспамбет жырау ( 16 ғ):

Тоғай, тоғай, тоғай су,

Тоғай қондым, өкінбен,

Толғамалы ала балта қолға алып,

Топ бастадым өкінбен.

Тобыршыға биік жай салып,

Дұшпан аттым өкінбен.

«Тоныкөк» жыры көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытаста 62 руналық жазу жолына сыйып тұр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер 14 циклға,14 хикаяға бөлген. Күлтегін жырындағы сияқты мұнда да әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Қорыта келгенде, түркі елінің V-VIII ғасырлардағы қоғамдық-әлеуметтік өмірін, түрлі түркі тайпаларының әдет-ғұрпын, наным сенімін, өзіндік поэзиясын, танып білуде Орхон ескерткіштерінің маңызы өте зор.



Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.«Түрік» термині атауы тұңғыш рет қай жылы аталды?

2.« Түрік» этнонимі алғашқы кезде нені білдірді?

3.Күлтегін қай жылдары өмір сүрген ?



Әдебиеттер:

  1. Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.

  2. Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»

  3. Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.

  4. Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.

  5. Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.

  6. Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.

  7. Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.

  8. Диваев Ә. «Тарту» А; – 1992 ж.

  9. Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991

  10. Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 9-беті


Дәріс 3 « Қорқыт ата кітабы»

Дәрістің мақсаты: Рухани мұраның зерттелуі мен насихатталуын, Қорқыт туралы аңыз

бен ақиқатты, туындыдағы дидактикалық-философиялық

толғаныстарды меңгерту.

Жоспар:

1.Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат.

2.Қолжазба нұсқалары. Зерттелуі,аудармалары.

3.Композициялық құрылысы



Дәрістің қысқаша мазмұны

Қорқыт ата түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл-кемеңгер, жырау, күйші, қобызшы.Ол туралы деректер 3 түрлі жолмен жеткен:

1.Ел аузындағы аңыздан.

2.Тарихи шежірелерден.

3.«Қорқыт ата кітабынан».

«Қорқыт ата кітабы»- түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра.Қорқыт ата хикаясы-VII-VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық т.б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды.

Мазмұны жағынан сан қилы болып келетін аңыздардың бірінде де Қорқыт ата ажалдан қашып, мәңгі өлмейтін өмір ізейді. Сол үшін өзінің желмаясына мініп алып, дүниенің төрт бұрышын түгел аралайды. Ол қайда барса да алдынан көр, яғни мола қазып жатқан адамдар шыға береді. Олардан: «Бұл кімнің көрі?» -деп сұрайды. Бәрі де бірауыздан: « Қорқыттың көрі»-деп жауап береді. Қазақтың қиындық көрген кездегі сәттерде « Қайда барсаң да Қорқыттың көрі»-деп айтатыны осыдан қалса керек. Қорқыттың өлімге қарсы болған идеясы қазақтың бірнеше жазуында суреттеліп отырады. Ол әсіресе «Қорқыт пен ажал» деген халық аңызын суреттейтін поэмада толық айтылған. Ол былай басталады:

Қорқыт қашып ажалдан,

Аңыратты қобызын.

Қобызында көп арман-

Тоқсан толғау әдемі үн.

Желмаясын желдіртіп,

Ілгері басып келеді.

Тасы құлап жартастың

Жаңғыртты даланы.

Құйын боп та ұйытқыды,

Ну орманды шулатып,

Дауыл боп та жүйткиді.

Көл-өзенді тулатып,

Қас қаққанша кенеттен

Баурап бәрін биледі,

Боздағандай беубеулеп,

Жас төгеді күй легі.

Қорқыт ата мұрасын жан-жақты зерттеу ісі соңғы жылдары мықтап қолға алына бастады. Бұл сөзімізге дәлел: 1999 жылы « Қорқыт ата» деп аталатын энциклопедиялық жинақ жарық көрді. « Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталған. Солардың бірі-қазір Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар



ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 10-беті

қорында сақтаулы тұр. Екінші нұсқасы Византиядағы Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба алты жырдан құралған.

«Қорқыт ата кітабының» Дрезден қаласында сақталған толық нұсқасын зерттеу, Еуропа тілдеріне аудару ісі ХІХ ғасырдың бірінші жартысын бастаға еді. 1815 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Г.Ф.Диц бұл шығарманың бір тарауын- сегізінші хикаясын неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады. Екінші неміс ғалымы Теодор Нельдеке « Қорқыт ата кітабын» неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ ол аяғына жеткізе алмады. Еңбекті өз шәкірті В.В.Бартольдке тапсырды. Ол кітаппен ондаған жылдар айналысты. Сөйтіп, 1922 жылы орыс тіліне аударып шықты.Бірақ ғалымның көзі тірісінде аудармасы жарық көрмеді. Бұл аударма 1962 жылы академик В.М.Жирмунский мен А.Н. Кононовтың редакциясымен басылып шықты.

Қазақстан ғалымдарынан зерттеу, аудару, насихаттау ісіне Ә.Марғұлан,Х.Сүйіншәлиев, Ә.Қоңыратбаев, Б. Ысқақов , М.Байділдашев, Ш. Ыбыраев белсене ат салысып келді.

Кітап 12 жырдан, басқаша айтқанда 12 оғыз-намеден тұрады.«Қорқыт ата кітабындағы» теңдесі жоқ алыптардың бірі-Оғыз Қазылық баласы Игенек. «Оғыз Қазылық баласы Игенек» туралы жырда оны Икенек-Бек деп те атайды. Игенек жырдағы басқа батырлардан ерекшелігі-ол сегіз қырлы, бір сырлы жігіт ретінде суреттеледі. Ол-әрі жойқын қолбасшы, қобызшы, ақын. Ел оны ерекше ұнатқан.Оғыз Қазылық жауға аттанып, соғыста жеңіліп, тұтқын болған еді.Бұл кезде Игенек әлі бір жасқа толмаған екен. Ол он бес жасқа толғанда Баяндүр ханға барып: « Маған әскер берінің, әкемді тұтқыннан босатам»-дейді.Сойтип қол бастап, жауға аттанады. Жолшыбай Игенек түс көреді. Түсінде нағашысы Игенекке « үйіңе қайт, Дюзмюрд қаласына барма» деп кеңес береді. Сонда нағашысына қарата:
Көтеріліп орныңнан тұрғанында,

Жауыңа қарсы жасақ құрғаныңда,

Мөлдір көз жігіттерді шақырмадың,

Бектермен тізе қосып ақылдасып,

«Аттандап» арыстандай атылмадың.

Бес теңгеге жалданған шал-шауқанмен

Қалаға әрең-әрең жақындадың.

Бастан дәйім кетпесе-дәулет жақсы,

Білгенін есте сақтаса-ауыл жақсы,

Қас жауынан қашпаса-батыр жақсы-дейді.

Сонда Игенек жанына тағы күш қосып, жауға аттанып, әкесін тұтқыннан алып шығады. Осылай жыр аяқталады.

Кітаптағы 12 жырдың әрқайсысы өз алдында жеке жыр болып, соңында жинақталып, бір жинақ болып, еңбек болып шықты. « Қорқыт ата кітабының» көне түркі тіліндегі түпнұсқасындағы сөздің ритмикалық құрылысы мен эмоциялық интонациясы үйлесіп,тұтасып жатады.

Сонымен, кітап Көк түріктер дәуірінің сан қилы қоғамдық-әлеуметтік көріністерін, салт-санасын, діни сенімін, әдет-ғұрпын, көркем сөз үлгілерін, ертедегі аңыздарын біздің заманымызға жеткен ғажайып туынды болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет