Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 458/5 қаулысы
Павлодар облысы Әділет Департаментінде № 4498 тіркелді
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының
әкімі А. Вербняк
|
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «24» сәуірдегі
№ 458/5 қаулысымен
бекітілген
|
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141206, Екібастұз қаласы, Павлодарская көшесі, 10 - ғимарат.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел образования акимата города Экибастуза».
11. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
17. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты білім беруді дамыту және азаматтардың білім саласында конституциялық құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
18. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні қалалық деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
19. Міндеттері:
1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, кешкі (ауысымдық) оқыту түрін қосқанда, қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
2) мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың материалды-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
3) білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттер кешенін және қалалық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
4) білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету;
5) қаланың және басқа да өңірлердің ғылыми мекемелерімен білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау;
6) он екі жылдық жалпы орта білім беруге көшу үшін жағдай жасау;
7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру;
8) білім беру желілерін сақтау және дамыту, олардың білім беру үрдісін жетілдіру және білім беру жүйесінің материалды-техникалық базасын нығайту.
20. Функциялары:
1) білім беру саласында қолданыстағы заңнаманың орындалуына, барлық білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қорытынды және аралық аттестациясын өткізу тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету;
2) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізу және оларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру;
3) азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында, кешкі (ауысымдық) оқыту түрлерін қосқанда, міндетті түрде тегін орта білім алуларын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы берілетін орта білім алуларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) үздіксіз білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, халықтың білім алу қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін, оның жағдайын талдау;
5) білім беру желілерінің өзгеріс қарқынын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің санын жобалап, білім беру ұйымдарының жаңа түрлерін дамыту бойынша кешенді шараларды анықтау;
6) оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
7) заңнамаға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және білім беру жүйесі қызметкерлерінің жалпыға міндетті оқуы, әлеуметтік қорғалуы, өмірлерін қорғау және денсаулығын нығайту бойынша шараларды жүзеге асыру;
8) педагогтар мен басқару кадрларының білім беру саласындағы жаңашылдықты енгізуі мен ізденуінде белсенділіктерін ынталандыру тетіктерін жетілдіруге ықпал ету, педагогтық бастамашылдықтың эксперименттік қабылдануын ұйымдастыру;
9) білім беру ұйымдарының материалды-техникалық базаларының сақталуына және дамуына ықпал ету;
10) балалар мен жасөспірімдердің қосымша білім алуларын дамытуға ықпал ету;
11) өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдарында жалпы білім берудің мемлекеттік стандарттары талаптарындағы оқу-тәрбие үрдісінің сәйкестігіне мерзімдік бақылау жасауды ұйымдастыру және жүргізу;
12) педагог қызметкерлердің аттестациясын өткізу және оларға біліктілік санаттарын беру;
13) жұмысшылар мен мамандарды даярлау үшін кәсіптік мектептерде, кәсіптік лицейлер мен колледждерде конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру;
14) жоғары тұрған органдарға мектепке дейінгі, орта, жалпы және бастауыш білім беру мәселелері бойынша статистикалық есептер тапсыру;
15) педагог кадрлардың қайта даярлануын, біліктілігін арттыруды және әдістемелік қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру;
16) қалалық деңгейде білім беруді дамытудың жоспарын әзірлеу және іске асыру;
17) білім беру мекемелері мен басқа да жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметкерлері үшін әдістемелік материалдар, ұсыныстар дайындау және консультациялар мен семинарлар өткізу;
18) өз құзыреті шегінде әкім мен әкімдік үшін талдау материалдарын дайындайды және шолу жасайды;
19) заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды өткізу;
20) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың келіп түсетін өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
21) шалғай елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасын және тәртібін дайындау және бекіту;
22) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бала етіп асырап алуға, қорғаншылық пен патронат тағайындауға байланысты, мемлекеттік қамтамасыз ету;
23) заңнамаға сәйкес оның ағымды шотына ақшалай қаржы аудару жолымен патронатты тәрбиешінің еңбекақысын төлеу;
24) заңнамаға сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-ұстауға қорғаншы немесе қамқоршыларға жәрдемақы төлеу;
25) заңнамаға сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бала етіп асырап алуға байланысты, біржолғы жәрдемақы тағайындау;
26) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеру және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтік көмек беру;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды атқару.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан (келісім бойынша) өз құзыретінің мәселесі бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
2) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына қатысты мәселелер бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекетті іске асыруға;
3) білім беруді дамытуды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
4) білім беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
5) ведомствоға қарасты ұйымдарды басқару мәселесі бойынша актілерді әзірлеуге, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;
6) заңнамаға сәйкес бюджеттен қаржыландырылатын, ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметі мен міндетті жұмыстар (қызметтер) көлемінің басым бағыттарын анықтайды;
7) ведомствоға қарасты ұйымдардың мәні мен қызметінің мақсаттарын анықтайды;
8) заңнамаға сәйкес ведомствоға қарасты ұйымдармен өндірілетін және босатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларына келісім береді;
9) ведомствоға қарасты ұйымдарды дамыту жоспарларының орындалуын қарастырады, келіседі, бекітеді, бақылау жасайды, талдау жүргізеді және олардың орындалуы бойынша есеп береді;
10) ведомствоға қарасты ұйымдардың мүліктерін пайдалануға және сақтауға бақылау жасайды;
11) заңнамаға сәйкес ведомствоға қарасты ұйымдардың мүліктерін қайтарып алуға немесе қайта бөлуге келісім береді;
12) ведомствоға қарасты мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
13) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функцияларына қатысты істер бойынша соттарда қуынушы, жауапкер, куәгер ретінде дербес немесе өкіл арқылы талап қоюға және сөз сөйлеуге;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз өкілеттіктерін орындау үшін қаланың басқа да атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара әрекет етеді.
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру
22. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
23. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын Екібастұз қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
3) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) белгіленген заңнама тәртібінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;
5) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне қатысты бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) органдар мен өзге де ұйымдарда «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін ұсынады;
7) мектепке дейінгі тәрбие мен білім беретін мемлекеттік ұйымдардың, мектептен тыс ұйымдардың, орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негізде қызметке тағайындайды және босатады, марапаттайды және оларға заңнамаға сәйкес тәртіптік жаза қолданады;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмысты ұйымдастырады және оларға дербес жауап береді;
9) қазынашылық органымен бірлесіп «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің төлемдерді жүргізуі бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына тоқсан сайын салыстырып тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
26. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің мүлкi
28. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
29. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
31. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
32. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағында келесі ұйымдар бар:
1) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Абай Құнанбаев атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 4 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 5 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 6 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 7 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 9 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 11 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 12 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 13 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 14 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 16 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 17 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 18 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 21 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С.Торайғыров атындағы № 22 гимназия- мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 23 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 24 инновациялық типтегі жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19).«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 25 қазақ қыздар гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 26 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22).«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 33 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 35 мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мамандандырылған кадет мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің жалпы білім беретін футбол мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ақкөл жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Атығай жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Байет жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қарасор жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қарасу жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Құдайкөл жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Комсомол жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Майқайың жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Әлкей Марғұлан атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Өлеңті жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Төрт-Құдық жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Сарықамыс жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Шідерті жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің жалпы білім беретін Бозшакөл негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
41) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің жалпы білім беретін Шідерті негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
42).«Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Жақсат» жалпы білім беретін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
43) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Құрылысшы» жалпы білім беретін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
44) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
45) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі «М.И. Глинка атындағы балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
46) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Балалар көркемсурет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
47) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Техникалық шығармашылық мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
48) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
49) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 1 «Ромашка» бөбектер бақшасы даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
50) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 2 «Балдырған» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
51) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 3 «Гнездышко» санаториялық бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
52) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 4 «Березка» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
53) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 5 «Жұлдыз» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
54) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 6 «Золотая Рыбка» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
55) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 7 «Ботақан» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
56) «Екібастұзқаласы әкімдігі білім бөлімінің № 8 «Теремок» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
57) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 9 «Радуга» бала бақша-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
58) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 10 «Сказка» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
59) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 12 «Арай» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
60) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 13 «Алтынай» арнайы бала бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
61) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 14 «Малышок» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
62) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 15 «Бөбек» бөбектер бақшасы эстетикалық дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
63) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 16 «Балдаурен» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
64) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің денешынықтыру-сауықтыру улгісіндегі № 18 «Гномик» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
65) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 20 «Мерей» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
66) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 21 «Кішкентай данышпандар» ресурстық орталық» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
67) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 22 «Балбөбек» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
68) «Екібастұзқаласыәкімдігібілімбөлімінің № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
69) «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 24 «Айналайын» бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
70) «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі № 25 «Ақ бота бөбектер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Достарыңызбен бөлісу: |