Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару тетігін одан әрі жетілдіру мыналарды көздеуге тиіс:
келісілген тарифтік, салықтық, кедендік, монополияға қарсы заңнаманы және халық шаруашылығындағы институционалдық өзгерістерді қоса алғанда, ұтымды нарықтық орта құру жөніндегі шаралар;
жер қойнауын кешенді геологиялық зерттеуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру;
мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жолымен минералдық-шикізат базасын пайдалану стратегиясын, ұдайы өндіру қарқынын, одан әрі кеңейту және сапалы жақсартуды айқындау;
жер қойнауы жай - күйінің мемлекеттік мониторингі және жер қойнауын пайдалануды дамыту процесінің басқарылуын арттыратын және ресурс үнемдеуді ынталандыратын перспективалы техникалық регламенттер, ұлттық стандарттар мен нормалар жүйесін енгізу;
инвестициялық, инновациялық және ресурс үнемдеу салаларындағы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануын төмендету саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің стратегиялық бастамаларын ынталандыру және қолдау.
Мемлекеттік басқару әрдайым тиісті мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар, сондай — ақ азаматтар арасында белгілі бір пайда туралы, бұл жағдайда жер қойнауы туралы қалыптасқан қоғамдық қатынастар ретінде көрінеді. Жер қойнауын мемлекеттік басқару мемлекеттік органдар мен жер қойнауы арасындағы басқару жөніндегі қатынастар туралы сөз болып отырғанын білдірмейді. Құқықтың жалпы теориясында құқықтық режим заттар үшін емес, субъектілердің олармен байланысты мінез-құлқы үшін белгіленеді.Басқару жүйенің белгілі бір элементтерінің — субъект пен басқару объектісінің өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырылады.