Жерлерді нысаналы мақсатта пайдалану жіктеуіші
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму Министрлігінің бұйрығымен 2014 жылғы 2 маусым бекілген
Жер учаскелері аумағының функционалдық мақсатының (пайдалану түрі) бойынша:
Тұрғын үй құрылысы
Қоғамдық іскерлік құрылыс
Өндірістік құрылыс
Көлік, байланыс және электрмен қамтамасыз ету
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ, емдеу, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер
Ауылшаруашылығы мақсатында пайдалану
Қала құрылысы қызметіне тартылмаған резервтегі жерлер
Қорғаныс қажеттіліктері және өзге де пайдалану режимдері үшін арналған аумақ
Гидротехникалық және су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындарының және акваторийдің аумағы
Өтініш беруші жергілікті атқарушы органға өтініш жазып, оған қажетті құжаттарды қоса беруі тиіс. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты мәлімделген нысаналы мақсаты ескеріле отырып, сондай-ақ учаске аумағының және онда орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық пайдаланылу түрі мен түрі бойынша айқындалатын болады.Кәсіпкерлік қызмет түрінің және учаскенің нысаналы мақсатының сыныптауыш бойынша сәйкестігін нақтылау үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға (жер қатынастары бөлімдеріне) жүгінуге болады.Жердің нысаналы мақсатының жіктеуіші қабылданғанға дейін кәсіпкерлер өз қызметін ауыстырған сайын әкімдіктің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті қаулысын қабылдау арқылы жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын (мемлекеттік актіні) ауыстыруды жүзеге асыруға тура келді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер учаскелеріндегі ғимараттардың және құрылыстардың (жайлар) функционалдық мақсатының (пайдалану) үлгісі бойынша жіктеліп, топталып анықталады.
Мысалға: Білім беру қызметін көрсету үшін нысаналы мақсаты «Білім беру ғимаратын, құрылысын, жайларын (объектілерін) пайдалану және қызмет көрсету» болып белгіленеді.
Меншік иелері мен жерді пайдаланушылардан Жерді алып қою тәртібі Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңының (30.1.2001.) “Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де құқықтарды тоқтату” туралы 9-тарауында көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |