«экологиялық ҚҰҚЫҚ, менеджмент және маркетинг негіздері»



бет1/2
Дата24.02.2016
өлшемі0.56 Mb.
#16927
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК

042-ххххх


«Экологиялық құқық, менеджмент және маркетинг негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешені, оқытушы үшін пән бағдарламасы

№1 басылым

«____»________2014 ж.




«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ, МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ НЕГІЗДЕРІ»

ПӘННІН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«5В060800» – экология мамандығына арналған

Семей

2014
Кіріспе
1. ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырған Сабалакова А.У. _______«____» _________ 2014 ж.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының аға оқытушысы.

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.

Кафедра меңгерушісі м.а. ___________Толепбергенова А.Е.
2.2. Экономика – құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.

Төраға ______________ ???
2.3. Гуманитарлы - экономикалық факультетін ғылыми кеңесінде

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.

Төраға ______________ Толымгожинова М.К.
3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014 ж.
ОӘК төрағасы, оқу – әдістемелік

жұмыстары бойынша проректор _________ Искакова.Г.К


БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН

Мазмұны


1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курс жұмысы (жобасы)

5 Білімалушылардың өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ


  1. Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйелесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;

  2. Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері;

  3. Табиғи ресурстар – қоғамдық материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның  шаруашылық, т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;   

  4. Табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану;

  5. Қоршаған ортаның сапасы – қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;

  6. Қоршаған ортаның мониторингі – адамды қоршаған ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың  денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар  туралы ескерту;

  7. Қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының  қөрсеткіштері;

  8. Қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының  түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

  9. Экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және нормативтік - техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметте орындауға міндетті шектеулер  мен ондай қызметке тыйм салу;

  10. Экологиялық қауіпсіздік -  жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антрпогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі;

  11. экологиялық жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның  өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.

  12. Түр ішілік – гомотиптік реакциялар. Гомотиптік реакциялар – бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттер

  13. Мутализмге екі жаққа бірдей пайда әкелетін қарым-қатынастар  жатады.

  14. Қоршаған орта- табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым- қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай -ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды және жансыз жиынтығы.

  15. Қоршаған ортаны қорғау- табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс- қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі; қоршаған ортаны қорғау объектілері- қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері.

  16. Табиғи ресурстар-  қоғғамдық материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланатын құрамдас бөліктері.

  17. Табиғатты пайдалану-  адамның шаруашылық жіне өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы.

  18. Қоршаған ортаның мониторингі-  адамның қоршаған табиғи ортаның жай- күйін бақылаужәне адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту.

  19. Қоршаған ортаның сапасын нормалау- адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу.

  20. Қоршаған ортаны ластау- қоршаған ортаны ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай- ақ қоршаған шудың, тербелістің, магниттік өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

  21. Экологиялық талаптар- Қазақстан Республикалық заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және нормативтік- техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге  де қызметте орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым салу.

  22. Табиғатты қорғау- табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қағамдық ауқымдағы іс- шаралар жатады.

  23. Элементар (жергілікті) популяция - табигаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементарпопуляциялардың табигаітагысаны,дамуэволюциясымен үзақтығы биоцсмоздыц күрдслі исмссс қарапайымдылығына, бірегей-лігіне байланысты болады.

  24. Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің үсақтап кетуіне әкеліп соғады.

  25. Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиын-тығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болған-дықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.



2 ДӘРІСТЕР
1 – тақырып. Кіріспе. Экология ғылымының даму кезеңдері .

Мақсаты: Экология ғылымының тарихы, мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. 

Жоспар:

1.Экологиялық ғылымының даму кезеңдері , экологиялық көзқарастың қалыптасуы.

2.Пәннің мақсаты,   міндеттері.зерттеу объектісі


Экологияның қазіргі даму концепциясының негізгі кезеңдерінің сипаттамасы. Қазіргі  экология ғылымының   зерттеу  әдістері, мақсаты мен міндеті. А.Гумбольттың, Д.Дарвиннің, К.Ф Руленің, Н.А.Северцовтың жұмыстары. Биосферадағы адамзат қоғамының ерекше ролі.  А.Тенсли, В.Н.Сукачев, В.И Вернадский, М.И.Будыконың еңбектері Жердегі  тіршіліктің ұйымдасу деңгеилерін, тірі табиғаттың тұрақтылығы т.б зеріттеитін ,жалпы экология негізгі экология немесе  биология болып табылады.

Барлық энциклопедеиялар мен анықтама- сөздіктерден біз экология терминін 1866ж. ірі неміс зоологы Эренст Геккельдің  ұсынғандығын .Бұл терминді 8 жыл бұрынырақ алғаш рет американдық философ, жазушы –романист және кең профилді натуралист Генри Дэвид Торо қолданған,  оның басты кітабы ормандағы шаруашылық.

Экология дербес  биологиялық ғылым ретінде  19 ғасырдың аяғында бөлініп шықты. Экология- биология ғалымының негізінде 19 ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгеиіне  көтерілуі 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басы болып саналады. Алғашқы  экологиялық зеріттеулердің элементерін біз көне дәуір  оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер  мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық,  физиалогиалық бейімделушілерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберіне экологиялық тұрғыдан қарастырады. 20 ғасырдың  екінші  жартысында   экология ғылымы ретінде  ерекше қарқынды дамыды, себебі қоршаған ортаның антропогенді өзгерісінің ұлғайғандығы соншалық, адамның өзі  тіккелей немесе  жанама түрде солардың құрбандығына аиналды.

Экология ғылымының қалыптасуын  негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.



І кезең. Биоэкологиялық зерттеулсрдің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін камтиды. Мосслен, К. Линей (1707-1788), Ж. Ламарк (1744-1825), А. Декандоль( 1806-1893), П. С. Паллас (1741-1811), (1740 1802), Л. Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858),  Л. Северцов Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч. Дарнип (1809 1882), К. МеГшус (1825-1908), Э. Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841 1924), Н. В. Докучаев (1846-1903), Шоқан Уалиханов (1835 1865), т.б. габнгаг зсрттсуші биологтар, систсматиктср, гсоірафгар оздерініц еңбектеріпде эжологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымьшың дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламарктың "Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы", А. Декандольдың "Бота-никалық география", К. Ф. Рульенің "Жануарлар экологиясы", А. Н. Бекетовтың "Өсімдіктер географиясы", Ч. Дарвиннің "Түрлердің шығу тегі", В. Докучаевтың "Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі", т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі - дарвинист Э. Геккель 1866 жылы "Экология" терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е. Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.

ІІ кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.

Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г.Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Г. Ноганзян), топырақтағы организмдер экологиясы (М. С. Гиляров), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклеміиііев), сүтқоректі, қүс және бауырымсн жорғалаушылар экологиясы (Н. И. Калабухов, II. II. Наумов, А. Н. Формозов, Г.А.Новиков, С. С. Шварц), осімдіктер жологиясы (В. Н. Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), еңбектерінен танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың "Өсімдіктср экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), т.б. еңбектер қазірге дсйін маңызын жойған жоқ.

Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми-зерттеу жүмыстарының негізінде монографиялар, оқу күралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар эколоғиясы" (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің "Биология" (1939), Ю. Одумның "Экология және эколо-гия негіздсрі" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология нсгіздері" (1979), Ф. Рамаданың "Қолданбалы экология негіздері" (1981),

Н. Чернова мен А.Былованың "Экология" (1988), В. А. Радкевичтің "Экология" (1977), Н. Ф. Реймерстің "Экология (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық коргсн күнды еңбектер қатарына жатады.



ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология — бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының колданбалы және адам экологиясы бағыттары дими түсуде. Экологияпың жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулср жүргілуде.

2. Мақсаты:-биосфера шегіндегі  ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.

Нысаны: биологиялық және географиялық микро және макро экожүйелер  мен  оның  уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы.

Зерттейтін мәселелері:

-организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы мен қоршаған табиғи ортасы:

-биоценоз, экожүйелердегі  уақыт пен кеңістікке байланысты  туындайтын өзгерістер;

-табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері

-адам, қоғам , табиғаи арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу.

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.       Экологияның даму этаптары? .

2.       Экологияның қазіргі мәселелерді шешудегі ролі қандай?

Әдебиеттер 1, 2, 5, 10, 11, 15, 16

 

2-тақырып. Табиғатты қорғау ісінің  және экологиялық көзқарастың  қалыптасу тарихы.

 

Мақсаты: Студенттерді табиғатты қорғау ісінің  және экологиялық көзқарастың  қалыптасу тарихымен таныстыру .

Жоспар:

1. Экологиялық көзқарас.

3. Экологиялық гуманизм және оның принціптері. 

4. Табиғат қорғау ұстанымдары.


Дүниеге экологиялық көзқарас принциптері

Табиғат байлықтары — жер, су, ауа, өзен-көл, орман-тоғай, тау-тас, қорық, дала, оны мекендеген жан-жануар үкімет меншігіндегі дүниеліктер болып табылады. Бұл орайда, үкімет орындарының табиғатты, қоршаған ортаны қорғау туралы арнаулы зандары мен шешімдері бар. Табиғатты занды түрде қорғау жүйесі негізінен заңдастырылған төрт түрлі іс-шарадан түрады, олар:

1. Табиғи қорларды пайдалану, сақтау жөне қайта қалпына келтіру
мөселелерін заңды түрде реттеу;

2. Табиғат қорғау бағытындағы жұмыстарды қолдау, қаржымен қамтамасыз


ету, мамандар даярлау;

3. Қоғамдық және мемлекеттік бақылау ұйымдастыру, табиғатты қорғауды


жүзеге асуын қадағалау;

4. Заңды бұзғандардың занды түрде жауапқа тартылуы.

Адамзат баласы іс-кимыл, тіршілік ету барысыңда міндетгі түрде өзін қоршаған ортамен байданысқа түседі. Бүл ретте, оны қанша өзгертуге күш жұмсағанмен, адамзат баласы да табиғаттың бір бөлігі екендігін ұмытааған абзал.

2. Экологиялык гуманизм жөне онын принциптері

Гуманизм ұғымының ядросы - зорлық-зомбылық жасамау мәселесі

Конфуций гуманизмінің экологиялық сипаты да, жан-жануарға, үлкен-кішіге кұрметпен сыйластықпен қарау - тым ескіден келе жатқан, әрі қазір де маңызды қажеттіліктің бірі. Осындай көзқарастарға негізделген ежелгі дәуірді дінге сенушілер ағымы біржолата жеңіп шықты. Рухтың, сенімнін мықтылығы, мақсатка жету үшін өзін де, басқаны да құрбан етуге дейін бару - бұл ағымның күші, двигателі іспеттес. Алдыңғы коғамдық құрылысты жеңген соң және қуатты шіркеулер мен мешіттер тұрғызған дін өкілдері құлшылық етіп жалбарыну дәуірінен инквизиция заманына, жаппай қудалауға, еріксіз көндіруге көшті. Нәтижесінде, өкімет билігііе билікқұмар адамдар келді. Бүрынғы идеалдар өзгере бастады.

Экологиялық гуманизм принциптері. Өркениетгі еддерде ғылым мен техниканың күрт дамуына байланысты адамның адамға үстемдік ету денгейі біршама төмендеді де, оның орнына адамзаттын табиғатқа үстемдік етуі белең алды. Табиғатқа жасалған эксплуатация, адамзатка жасаған эксплуатацияны уақытша ауыстырғандай әсер қалдырды.

Сонымен, адамзат қоғамында жүздеген жылдар бойы қалыптасқан барлык кризистерге жауап бере алатындай, экологиялық, әлеуметтік, жекелеген адамдар арасындағы дағдарыстарды шешуге сеп болатындай қағида қажет болды. Мүндай жауапты зкологиялық гуманизм ғана бере алар еді және оның негізгі идеясы - табиғат пен адамға үстемдік жасаудан бас тарту болды.

3.Табиғат пайдалану мен қорғауды жоспарлау негізгі ұстанымдарды сақтай отырып әрбір өндіріс, шаруашылық салаларында негізгі міндеттерді анықтайды.

1. Жүйелік және ғылыми негізділік- өндірістің табиғи ортаға әсерін, табиғаттың кері әсерін жан-жақты бағалауды қажет етеді. Жүйелілік тұрғысынан ешқандай табиғи ресурс басқасына әсер етпей пайдаланылмайды және жеке қорғалмайды. Мысалы, топырақтың құнарлылығын арттыру үшін суландыру су ресурсына әсер етеді, ластанған су төгу су көздерін пайдаланушылардың барлығына әсер етеді, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу атмосфера ауасына, жер, су ресурсына, өсімдіктер мен жануарларға әсер етеді және т.с.с. Әсерлерді болжау және бағалау үшін жоспарлау қажет болады.

Ұтымды табиғат пайдалану (оңтайлы) ұстанымы –экология және экономика салаларындағы заңдылықтарды ескеріп, ең оңтайлы шешімдерді қабылдайды. Ол үшін салыстырмалы бағалау, экономика-математикалық үлгілеу, табиғатқа әсерлерді бағалау, сараптау әдістері қолданылады.              Табиғат ресурстарын қалпына келтіру қарқынын пайдалану, қарқынынан арттыру ұстанымы тұрақты дамуды, үздіксіз табиғат пайдалануды қамтамасыз етеді. Табиғат қорғауды, ресурсын молайтуды, үнемдеп, кешенді пайдалануды, қалдықтарды азайтып, ластауларды шектеуді көздейді.

Табиғат пен өндірістің үйлесімділік ұстанымы - өндірістерді, экономиканы жалпы адамзат қоғамын экологияландыру болып табылады. Оны осы бастан бастап, біртіндеп әлемдік масштабта жүзеге асыра бастау керек, яғни адамзат қоғамы біртіндеп техногендік өндірістен экологиялық өндіріске, одан тұрақты дамуға және одан ноосфераға көшуі керек.

Кешенділік және әлеуметтік қажеттілік ұстанымы табиғатты пайымды, кешенді пайдалануды және қорғауды жүзеге асыру.

Аталған ұстанымдарды іс жүзінде қалыптастыруға және дамытуға табиғат пайдаланудың төлемдігі, жауапкершілік пен мүдделілік (ынталандыру) ұстанымдары қолданылады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Экологиялық көзқарас дегеніміз не? .

2.Табиғат қорғау ұстанымдары қандай?

Әдебиеттер: 4,5,8,9

 

3- тақырып. Экология – ғылыми сала



Мақсаты: Экология ғылымының құрылымымен және зерттеу әдістерімен танысу

1.Экология ғылымының  құрылымы.  

2.Экологиялық  зерттеу әдістері
1.Экологияның ғылыми сала ретіндегі анықтамасы. Экология ғылымының  құрылымы. Экологияның биологиямен байланысы. Экологияның гуманитарлық ғылымдармен байланысы. Экологияның қоғамдық ғылымдармен байланысы. Экология ғылымының салалары

Биоэкологиялық зерттеулер бағыты. Биозкология бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, т.б.



Аутэкология жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байлапыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Жеке организмге табиғат факторлары қалай өсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, рөлі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.

Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық қүрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.

Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі түрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популяция белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэкология, особь, популяция, түр, биоценоз-биогеоценоз (экожүйе) - биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.

Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микро-организмдер) жиынтығын біртүтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің калыптасуы, қүрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалык озгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктердің түрақтылығы і уралы жан-жақты мәселелер қаралады.

Геоэкология - экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Қүрлық пен дүниежүзілік мүхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша  экожүйелердің қүрылымы, бірлестіктері, түрақтылыгы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгсруі, экожуйелер өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер  жиынтығы.

Ғаламлық экология - табиғи және табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфсра шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзғерістер мен кұбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауыткуы, шөлейттену, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар т.б. Осы бағыттағы ірі-ірі бүкіл әлемді (ғаламды) қамтитын проблемаларды қарастырады.

Адам экологиясы - ауыл, село, қала түрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық жәнс халықаралық карым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдарды экологиялық қүқық қорғау жәис этнозкологиялық проблемаларды жап-жактьі зерттсу. Жер шары түргығдарының экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестірсді.

НООЭКОЛОГИЯ -- адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялык жағдайларды, қарым- қатынастарды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең жоғарғы  дәрежедегі жаңа технологиясын жасау, планетадағы адамзат қауымын азық-түлік, энергия жәнс шикізатпсн камтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достықты, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет, мораль, қүқық, т.б. Адам мен биосфера шегіндегі түрақты дамудың адами жоспарларын жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді. Экология ғылымының қазіргі кезеңдегі қүрылымы 1-кестеде керсетілген.

2.Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар.

Далалық зерттеу әдісі - далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу объектілері - особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері, т.б. болуы мүмкін. Кез келген популяциялар тобына экологиялық сипаттама бсру үшін физиология, биохимия, анатомия, систематика, биология, география ғылымдарының зерттеу әдістері қолданылады. Сондықтаи эколог-жаратылыстану ғылымдарының ғылыми-теориялық негіздерін, зертеу әдістерін толық меңгерген білікті маман болуы тиіс.

Далалық зерттеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өчсн-көлдер, т.б. объектілердің жәйі, сандық қатынасы  ,сапасы, ауытқулар мси өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке катысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар, материалдар жинақталды. Материалдарды жинақтау жылдың барлық мезгілдерін, зерттеу объектісінің ареалын, географиялык табиғат аймақтарын камтумен қатар бірнеше жылдарға созылған уақыт пен кеңістікке байланысты жүргізіледі.

Далалык материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Дүние-жүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы - камералар, видсоаппаратуралар, оптикалық приборлар, аналитикалық таразылар, топографиялық қүралдар, термостаттар, хромотография, микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті қүралдармен жабдықталуы тиіс.

Далалық жағдайдағы зерттеулер ғылыми жүмыстың мазмүнын толық аша алмайды. Әсірссс, түр, популяциялардың көбеюге қабілеттілігі, шығыны, жыныстық, жастық ерекшеліктері, морфофизиологиялык қүрылымы, факторларға қатысты организмдегі өзгерістер мен реакциялар, экологиялық зерттеулер, ауа, су, топырақтың ластану дәрежесі, т.б эксперименттік талдау жасауды қажет етеді. Сондықтан зерттеу объектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тожірибслср жүргізілсді. Эксперимент нәтижслері далалық зсрттсу жүмыстарымен салыстырыла отырып, оның ғылыми теориялық және практикалық маңызы қорытындыланады. Әрине, зерттеу объектісінің сипатына қарай далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеулердің бағыттары, зерттеу әдістері өзгеріп отырады.

Организмдерді зерттеудің негізгі көрсеткіштері бар. Олар -жануарлардың кездесу жиілігі, басымдылық дәрежесі, тығыздығы, жамылғы сапасы, биомассасы және өнімділігі. Аталған көрсеткіштердің әрқайсысының өзіндік есептеу тәсілдері, ерекшеліктері бар.

Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Бүл әдістер бойынша белгілі бір популяцияға берілген экологиялық сипаттаманың дүрыстылығы, ауытқу мүмкіндіктері, биомасса сапасының сандық мөлшері нақты тексеріліп анықталады. Қазір экологиялық зерттеулерде информация теориясы, кибернетика, мүмкіндіктер теориясы, сандар теориясы, интегральдық есептеулер жиі қолданылады.

Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен қүбылыстарды модельдеу жиі қолданылып жүр.  Бұл табиғат процестеріне тән қасиеттердің техникалық түрғыда жүмыс істеу үлгісі. Мәселен, жасанды қан айналу аппараты, фотосинтез, клетканың жүмысы, өкпе, бүйрек, бүлшық еттердің жүмыс істеуі, протездер, т.б.

Экологиялық модельдеудің мақсаты - теориялық түжырымдарды, биологиялық жүйелердің жүмыс істеу функцияларын жасанды жолмен тәжірибе арқылы тексеру.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет