«экономика және менеджмент» кафедрасы vk me 3208 «халықаралық экономика»


Модульдік бірлік 4.5. Дәріс №5. Төлем балансы



бет30/31
Дата02.10.2023
өлшемі209.86 Kb.
#479486
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Межд.экономика лекция

Модульдік бірлік 4.5. Дәріс №5. Төлем балансы


Дәріс мақсаты - төлем балансының мәнін түсіндіру және төлем балансына әсер ететін бірнеше әдістерді қамту.


Дәріс жоспары:

  1. Төлем балансының мәні, принциптері мен құрамы.

  2. Төлем балансын мемлекеттік реттеудің әдістері.

  3. Төлем балансының теориялары.

1. Әр мемлекетке өздерінің экономикалық жағдайын білуі үшін оларға кезеңдік статистикалық мағлұматтар керек. Осы мағлұматтарды төлем балансынан көруге болады. Ол-белгілі бір кезеңде елдің экономикалық іс-әрекет балансын айқындайтын статистикалық құжат.
Төлем балансында елдердің сауда-экономикалық операцияларының құрылымы сен сипаты, сандық және сапалық масштабтары көрінеді.
ХВҚ анықтамасы бойынша төлем балансы дегеніміз- белгілі бір кезеңдік статистикалық есеп беру. Ол келесі құбылыстарды көрсетеді:
а) белгілі бір елдің өзінен басқа әлем арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;
б) меншіктегі өзгерістер және сол елдердің алтын-монетарлық арақатынасындағы арнайы резерві (СДР) және де басқа елдерге қарағанда, сол елдің қаржылық талаптар және міндеттемелеріндегі өзгерістер;
в) бір жақты аудармалар және орын толтырушы жазбалар. Олар өзара шешуге келмейтін операциялар мен өзгерістерді бухгалтерлік есеп бойынша теңестіруге қажетті.
Төлем балансының негізі болып табылатын принциптер:
1-ші – қандай да бір елдің белгілі бір кезеңдегі барлық сыртқы экономикалық операцияларды түгелдей қамту (жыл, ай, тоқсан). Сыртқы экономикалық операцияларды ішкі экономикалық операцмялардан айыра білу үшін ХВҚ ең алдымен резиденттер мен резидент емес арасындағы операцияларды түсіну қажет.
2-ші принцип – операциялардың екі қайтара бухгалтерлік жазбасы нәтижесінде бір баптағы дисбаланс келесі баппен теңеседі. Төлем балансы төлемдік операциялардан тыс операцияларды да қамтиды. Осындай төлемге қатысы жоқ операциялардың бірі – біржақты аудармалар (қайта төленбейтін біржақты негіздегі төлемдер);
ХВҚ – жеке мемлекеттерге арнайы ақша резерв беруі;
Алтынның монетизациялануы немесе демонетизациялануы; алтынға деген әлемдік бағаның өзгеруіне байланысты ұлттық валюта резервін қайта бағалау. Сондықтан да төлем балансы тек төлемдер емес төлем операцияларын қамтиды.
Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді есептеу орта ғасырда пайда болған. «Төлем балансы» терминін Шотландық экономист (17 ғ.) Джеймс Стюарт ойлап тапқан. ХХ ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда дами түсті. Төлем балансын құрау үлгісі 1977 жылы ХВҚ-ның шешімі бойынша жасалған.Төлем балансы 112 баптан, 7 топтан тұрады.Қысқартылған түрде оны 3 бөлікке бөлуге болады:

  1. Күнделікті операциялар (блок А). Мұнда тауарлар, қызмет, капитал және ақшалай аударылымдардан түсетін табыстың бар жоқтығын анықтайды.

  2. Капитал қозғалыстары (В+С).

  3. Теңестіруші операциялар (Е+F+G), төлем балансы салмақтандырылатын мемлекеттік органдарының операциялары.

Содан кейін соңғы төлем сальдосы пайда болады. Ол мемлекеттің алтын, валюта және басқа резервтері арқылы қаржыландырылады немесе бөлінеді.
Төлем балансында экспорт пен импорт ФОБ бойынша анықталады, яғни тауар бағасына сақталу және тасымалдау құны енгізілмейді. Ал сыртқы сауда статистикасында СИФ бойынша анықталады, яғни сақталу мен тасымалдау құны есептелінеді. Күнделікті төлем балансының баптарына жататындар: тауарларды жеткізу, әртүрлі қызметтер: жүк, жолаушылар және басқа да тасымалдауф, халықаралық туризм, телекоммуникациялық қызметтер, білім деңгейлік, қаржылық, сақталу, жұмыс түрін кәсіптік және техникалық қызметтер (құрылыс); меншік құқығын қолдануға кететін кірістер меен шығыстар; шетелдегі жеке және мемлекеттік инвестициялардан түсетін табыстар мен сол елдегі шетел инвестициясынан кіретін табыстар; шетел мемлекетінің саяси және әікмшілік операциялары. Сондай-ақ шетел жұмысшыларының, көшіп келушілерінің және т.б. аудармалары; қайтарылмайтын мемлекеттік көмектер жатады.
Тауар қозғалысының балансы В және С блоктарын қамтиды.
Блок В немесе «төте инвестиция басқалай ұзақ мерзімді капитал»:
а) төте және портфельді инвестициялар;
ә) басқа да ұзақ мерзімді капитал.
- ұзақ мерзімді мемлекеттік және банктік несиелер;
- ертеде алынған қарыздарға төленетін пре\оценттер;
- халықаралық банктер мен қаржылық ұйымдардың облигацияларға қол қоюы.
Блок С – қысқа мерзімді капитал. Бұған 1 жылға дейінгі инвестициялар кіреді және қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздар мен міндеметтемелер, банктік депозиттер және қысқа мерзімдік несиеге байланысты банкаралық міндеттемелердің қозғалысын көрсетеді.
Тауар қозғалысы балансы Д блокты қамтиды.
Д «қателер мен ұмтылып қалдырылғандар».
Мұнда күнделікті жиі кездесетін қателер, сонымен қатар, контрабанда және капиталдың заңсыз құйылуы анықталады.
Соңғы баланс талдауында Н блоктан басқа барлық блоктар қаралады.
Блок Е – «Компенсациялаушы бап». Бұл бапта келесі өзгерістер көрсетіледі.
а) монетаризация және демонетаризация арқылы сол елдің алтын қорындағы және алтынға деген әлемдік бағаның өзгерісі;
ә) өз валютасының айырбас курсын өзгерту үшін ХВҚ-дағы резервінің алатын орны және сол елдің үлесі;
б) сол елдегі валюта резерві, сыртқы міндеттемелерді айырбас курсына байланысты ХВҚ алған қарызының өзгеруі.
Блок F – «Жедел қаржыландыру» ең алдымен төлем балансының жеткіліксіздігін жеңілдету операцияларын қарастырады. Олар: ХВҚ берген қайтарылмайтын несиелер, халықаралық қайта құру мен даму банкісінен құрылымдық қайта құру үшін берілген несиелер, төлемдегі уақытты созу, қарыздарды уақытынан бұрын қайтару, басқа мерзімге көшу және күшін жою.
Шетел мемлекеттерінің валюта резервтерінің құрамындағы міндеттемелер (Блок G). Мұнда шетел банктеріндегі мемлекттікк депозиттер мен мемлекттік органдар бойынша шетел құнды қағаздарын сату және сатып алу.
НЕгізінен үш түрлі сальдо болады. Олар: күнднлікті операциялар балансындағы, капитал қозғалысы мен тіркеуге алынған төлеуге міндетті операциялар балансындағы сальдо.

2. Төлем балансының жағдайына ықпал етудің бірнеше негізгі әдістері бар.


Бірінші- тікелей бақылау, регламенттік импортты қосқанда сандық шектеулер арқылы және кедендік т.б. жинақтар, шетелге шетелдік инвестициялар арқылы және ақшалай трансферттер арқылы жеке адамдардың пайда келтіруіне тыйым салу және шектеу; осындай көмектердің күрт қысқартылуы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдың шығарылуы және т.б.
Мемлекеттік ықпалдың келесі әдісі – дефляция (инфляциямен күрес), ішкі экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған, бірақ жанама әсері төлем балансының жағдайын жақсартады. Дәстүрлі дефляция саясат көпшілігінде өндірістің көлемін төмендетеді, импортттың қысқаруына және экспорттың өсуіне әкеп тірейді.
Төлем баланстары төмен елдерде мынадай саясатар қолданылады:

  1. Дефляциялық саясат

  2. Девальвация.

  3. Валюталық шектеу.

  4. Қаржы және ақша-несие саясаты.

  5. Төлем балансына қатысты қолданылатын мемлекеттің ықпалдың арнайы шаралары оның негізгі баптарының сауда балансының қалыптасуына байланысты «көрінбейтін» операциялар және капитал қозғалысы.

3. Елдің төлем балансын мемлекет реттейді. Бұл ертеден келе жатқан теория. Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында шотландтық Д.Юманың стандарт шартына автоматты түрде теңестірілуінің классикалық теориясы өте жоғары деңгейде дамыған.


Бұдан кейін неоклассикалық эластикалық әдіс қалыптасты. Оны Дж.Робинсон, А.Лернер, Л.Мецлер ойлап шығарды. Эластикалық әдіс төлем балансының өзегі – сыртқы сауда болып табылады.
Сауда балансының сальдосы = Рэ / Ри * К болып табылады.
Мұнда: Рэ – экспорттық тауарлар бағасының деңгейі;
Ри – импорттық тауарлар бағасының деңгейі;
К – валюта курсы.
Төлем балансының тепе –теңдікке жеткізу құралы – валюталық курс өзгерімділігі болып табыдады. Осыған сәйкес ұлттық валютаның девальвациясы экспорттық бағаларды төменднтеді, ал ревальвация (құнын арттыру) шетелдік тұтынушылар үшін біздің тауарларымызды қымбаттатады. Ол елде шығарылған тауарлардың бізге әкелуін арзандатады. Ол экспорт пен импорт сұранымының эластикалық коэффициенті болып табылады. Ол жоғарыда аталған өзгерістердің дәрежесін көрсетеді.
Абсорбциондық тәсіл төлем балансы жағдайының жақсарғанын, елдің табысының, оның ішінде абсорбцияның жалпы көтерілгенін, яғни тұтыну мен капиталды салудың өскенін көрсетеді. Бұл жерде кейнсиандықтар қорытындысынша: экспорты ынталандыру, ал импортты ұстау, атап айтқанда, отандық өніммен қызмет көрсетудің бәсекелесуін көтеру қажет. Бұл теориядан басқа да көп тәсілдер бар. Соның ішінде монетаристік тәсіл. Бұл жерде, әрине, елдегі төлем балансының қорытындысы сальдосының ақша айналымына ықпалы қарастырылған ақша факторына айрықша көңіл бөлінеді. Монетаристердің көзқарасы бойынша, елдің ақша рыногындағы тепе-теңдіктің болмауы төлем балансындағы тепе-теңдіктің болмауын анықтайды.
Осыған байланысты үкіметке берілетін басты ұсыныстар: тікелей ақша айналымна ғана емес, сондай-ақ, елдің халықаралық есеп балансына араласпау. Төлем балансының дефицитін болдыртпау үшін, тек қана ақша массасын қатты қадағалау қажет. Бұл проблемаға монетаристер аса көп көңіл бөлмеу керек дейді, себебі төлем балансына деген дефицит – айналымдағы артық ақшадан тезірек құтылу үшін экономикаға көмек көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет