104
Дәріс.
1сұрақ.
Ұлттық шаруашылық - бұл тұтас әр түрлі
экономикалық
байланыстар негізінен біріккен елдің аймақтары мен барлық
салаларының жиынтығы. Осындай халық шаруашылығы кешенінің
пайда болуында ұлттық нарық маңызды рөл атқарады. Ол әріптестер
арасындағы шаруашылық
міндеттерінің кәсіпорындар, салалар және
деңгейлес аймақтармен арасындағы қатынастарды дамытады.
Ұлттық байлық - бұл елде бар, еңбекпен жасалған,
жинақталған
материалдық игіліктердің жиынтығы. Оған мыналар жатады: а)
өндірістік негізгі қорлар (ғимарат, машиналар және жабдықтар) және
өндірістік емес (тұрғын үй, ғимарат және білім беру мекемелерінің
жабдықтары, мәдениет және денсаулық сақтау); б) материалдық
айналымдық құралдар; в) азаматтардың жеке мүлкі.
Макроэкономикалық бағыттағы ұлттық экономиканың құрылымы
нақты қалыптасқан қатынастар ретінде сипатталады:
- елде бар өндірістік ресурстар арасындағы;
- еңбекті қоғамдық
бөлу негізінде ерекшеленген, экономикалық
агенттер арасындағы оларды бөлу көлемімен;
- осы агенттердің өндіру көлемі арасында;
- оны өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерістерінде
қалыптасқан ұлттық өнімнің құрамдас бөлігі арасында.
Экономикалық құрылымның қалыптасуына көп жақты факторлар
ықпал жасайды:
-
қалыптасқан нарықтық жағдаят;
- нарық монополизациясының деңгейі мен сыйымдылығы;
- ұлттық
экономиканың шаруашылық байланыстары әлемі
жүйесіне косылу деңгейі;
- өндіріс күштерінің даму деңгейі;
- ауқымы, сипаты және ҒТП-нің даму қарқыны;
- өндіріс ресурстарының сапасы;
- аумақтың инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі және ұзындығы.
Экономикадағы
құрылымдық
байланыстарды
сипаттайтын,
макроэкономикалық көрсеткіштердің арасындағы
сандық қатынастар
үйлесім деп аталады. Біріктіру дәрежесі бойынша олар мынадай
бөлінеді:
1) жалпы үйлесімі, яғни, еңбекті (ЖҰҚ пен ұлттық табыс
арасындағы, тұтыну мен жинақ арасындағы,
инвестиция мен тұтыну
сұранысы арасындағы және т.б.) қоғамдық бөлу құрылымының
есебінсіз қалыптасатын, агрегаттар арасындағы үйлесім;
2) еңбекті қоғамдық бөлу құрылымын көрсететін үйлесім.
Екінші топтың қүрамында мыналар ерекшеленеді:
- салааралық үйлесім, яғни, өндірістің жалпы көлеміндегі жеке
салалардың үлесін және қаржылық ресурстар мен өндірістік салалық
105
бөлім құрылымдарын сипаттайтын ұлттық өндірістің әр түрлі
салаларындағы үйлесімдер;
- өндірілген құрамдағы бөлек аймақтағы үлесті
салмағын, елдің
пайдаланылған ұлттық табысын және елдің аумағы бойынша
мемлекеттік инвестицияны бөлу құрылымын сипаттайтын және т.б.
ішкі салалық үйлесімдер;
- мемлекетаралық үйлесімдер, яғни, экспорт пен импорт көлемі
арасындағы
сандық қатынастар, әр түрлі елдердің жеке өндіріс
салаларындағы, әр түрлі елдердегі еңбек өнімділігінің деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: