Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы



бет1/34
Дата14.03.2024
өлшемі0.52 Mb.
#495572
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
?ëåóìåòò³ê-ãóìàíèòàðëû? ï?íäåð êàôåäðàñû





Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

044-39/11-
84 беттің беті

Әлеуметтану және саясаттану пәні бойынша дәріс кешені






ДӘРІС КЕШЕНІ


Пәннің атауы: Әлеуметтану және саясаттану
Пәндер коды: AS 2102
БББ атауы: 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Оқу сағаттарының (кредиттердің) көлемі: 120 /4
Курс және семестрлік оқу: 2/3
Дәріс көлемі: 10 сағат

Шымкент, 2022 жыл


1 дәріс


1. Тақырыбы. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтану теорияларына кіріспе. Әлеуметтанулық зерттеулер.
2. Мақсаты: ғылым ретінде әлеуметтанудың нысаны мен пәнін, білім алушыларды әлеуметтанулық идеялардың тарихи қалыптасуы мен дамуымен,әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесі мен классификациясымен таныстыру.
3. Дәрістің тезистері:
1. Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Әлеуметтану ғылым ретінде.
2. Әлеуметтанулық теория. Макро және микро деңгейлер.
3. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э.Дюркгейм, Г. Спенсер).
4. Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.
Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:
Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.
Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пракикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.
Теориялық немесе фундаменталды әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол ашады. Ол әлеметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер туралы білімнің онан әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.
Әлеуметтік білім – теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар мен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстрактіліден нақтылыққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.
Теориялық білім жан-жақты, әмбебапты, ал эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.
Теориялық әлеуметтану – ол алуан түрлі теория мен тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең жан-жақты түсінік береді.
Бұрынғы КСРО-да әлеуметтануды тарихи материализммен шатастырып келді. Бұл дұрыс емес. Тарихи материализм - бұл әлеуметтік философия. Ол қоғамды тек абстрактылы түрде қарап, оны нақтыламады. Ал, әлеуметтану нақтылы әдістермен қоғамды, оның дамуын жан-жақты зерттеп, ғылыми теорияны қалыптастырды. Адам өзінің даму өркениетінде әлеуметтік дамудың алуан түрлі теориясын ашып тұжырымдады. Мысалы, XX ғасырдың ортасында әлеуметтік стратификация (жіктелу), индустриялы қоғам, конвергенция, жалпы әлеуметтік теориялардың арнаулы түрлерін тұжырымдады. Әлеуметтанудың арнаулы теориялары әлеуметтанудың жеке қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарының негізінде пайда болды. Әлеуметтануда бұларды орта деңгейдегі теориялар деп атайды. Қазіргі уақытта мұндай арнаулы орта деңгейдегі теориялардың саны 100-ден астам. Бұл теориялардың негізін салушылар М.Вебер, Э.Дюркгейм, К.Маннгейм, Т.Парсонс. Әсіресе, американдық әлеуметтанушы Роберт Мертонның есімін ілтипатпен айтуға болады. Бұл орта деңгейдегі арнаулы теориялардың пайда болуының тағы бір басты себебі мынада: жалпы теориялақ әлеуметтану қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттей отырып, оның кейбір жақтарының дамуына көңіл аудармауы мүмкін. Ал, әлеуметтану құрамында орта деңгейдегі теориялардың болуы қажет. Орта деңгейдегі теориялар, мысалы, отбасы, әлеуметтік топтар, жіктер, т.б. қоғамның біртұтас жүйесімен өзара байланыс, қатынастарын, даму заңдарын ашып, анықтайды. Қазіргі уақытта орта деңгей теориялары қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуде дұрыс, нақтылы жауап бере алады.
Сонымен, әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:
1. Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым, қағида өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұнын зерттейді.
2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын - экономикалық, саяси, рухани, т.б. салаларын, әрбір салада жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесінде алатын орны мен байланысы туралы білімдер болуы керек. Әлеуметтік топтар деп отырғанымыз – үлкен топтар, кішігірім топтар, кәсіби мамандандырылған топтар, демографиялық және этникалық топтар.
4. Саяси әлеуметтануға кіретін алуан түрлі ғылыми түсініктер, ой-пікірлер, теориялар. Бұған жататын зертеу объектілері:
а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;
ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;
б) қоғамның саяси жүйесінің құрылымы, қызметі және функциясы туралы;
5. Әлеуметтік институттардың (мемлекет, құқық, ғылым, мәдениет, отбасы, т.б.) қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қортындылар;
6. Қоғамның жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.
Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процесттерді терең талдап, кең қортынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік үш негізгі деңгейі бар:
а) жалпы әлеуметтану теориясы;
ә) эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтану;
б) орта деңгей теориялар.
Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмпирикалық зерттеулер деп екіге бөледі.
«Социология» терминін француз философы, позитивизм философиясының негізін салушылардың бірі Огюст Конт (1798-1857) енгізді. Оның басты шығармасы – «Позитивті философия курсы» – 1830-1842 ж. жарық көрді. Орыс тілінде 1899-1900 жж. «Курс положительной философии» деген атпен аталды. (Латын тілінен аударғанда «позитивизм» деген сөз «дұрыс», «жағымды» деген ұғымдарды білдіреді). Социологияны Конт бастапқыда «әлеуметтік физика» деп атады. Ол жеке тұлға мен қоғамды зерттейді. Қоғамда тәртіп болу үшін, жеке тұлға мен қоғам туралы барлық білімді дұрыс түзілген жүйеге келтіру қажет. Білімде тәртіп болмай, қоғамда да тәртіп болмайды деп тұжырымдады ол. Социология әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға бөлінеді.
Әлеуметтік статика әлеуметтік жүйелердің өмір сүру жағдайлары мен жұмыс істеу заңдылықтарын тексереді. Әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйелердің дамуы мен өзгеру заңдарын зерттейді. Қоғам дегеніміз – тірі организм. Оның өмірінде отбасы, мемлекет және дін маңызды рөл атқарады. Отбасы қоғамның негізі болып табылады, ол эгоист (өзімшіл) адамды қайта тәрбиелеуге тиіс. Мемлекет тәртіп үшін қажет, ал дін тәртіптің рухани негізін құрайды. Ол позитивті дінді жақтайды, құдайдың орнына адамзатты қояды. Қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеп, ғылыми тұрғыдан басқару қажет. Социология – бақылауға негізделетін ерекше ғылым деп түсіндірді Конт.
Герберт Спенсер (1820-1903) ағылшын ойшылы, Конттың ілімін алға апарушы. Қоғам – тірі организм. Ондағы сауда – қан айналымы, өнеркәсіп пен егіншілік – қорек, азық, ал көлік – қан тамырлары, т.б. деді ол. Спенсер мен Конт революцияның орнына эволюцияны ғана (бірте-бірте даму) ұсынады. Спенсер социологияның: «жүйелі тәсіл», «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік функция» (қызмет), «әлеуметтік институт», «әлеуметтік контроль» (тексеру) – секілді ұғымдарын жете зерттеді. Ол социологиядағы структуралық-функциялық (құрылымдық-функциялық) тәсілдің негізін салды.
Маркстік социологияны Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) дамытты. Олар қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде танып, білудің бірден-бір ғылыми ілімін жасай берді, қоғамдық формация ұғымын тұжырымдады. Қоғамдық материалдық-экономикалық негізін терең зерттеді. Сол сияқты капиталистік өндірісті қоғамның негізі ретінде зерттеді. Олар қоғамды даму үстіндегі табиғи-тарихи процесс ретінде қарастырды, таптар туралы, қоғамдағы әлеуметтік тартыс, конфликт туралы ілімді жасады. Марксизмнің қазіргі дағдарысы КСРО-да оның догмаға айналу себебімен байланысты тұрды.
Эмиль Дюркгейм (1858-1917), француз социологиялық мектебінің негізін салушы, социология пәні мен оның әдістеріне көп көңіл бөлген. Оның көзқарастарын «социологизм» деп атайды. Мұның себебі оның әлеуметтік нәрсенің өзіне тән белгісіне, ерекшелігіне көп көңіл бөлумен және социология пәнінің ерекшелігін көрсетумен байланысты. Социология пәні – бұл индивидтен бөлек өмір сүретін және оған қатысты ықтиярсыз күшке ие әлеуметтік фактілер. Ол: «Әлеуметтік фактілерді заттар секілді қарастыру керек», – деген. Дінге де көп көңіл бөлген, ал идеология ретінде жұмылып, бірлесуі үшін қажет, сол секілді қоғамның дамуын ынталандыру үшін керек. Өзін-өзі өлтірудің себептерін де зерттеді. Социологияның әр алуан бөлімдерін, нақты әдістері мен ережелерін, оның орындау тәртібін жете зерттеп, тексерді.
Макс Вебер (1864-1920), неміс социологы, экономист, тарихшы. Капитализм – оның айтуынша, неғұрлым ұйымдасқан шаруашылық. Шаруашылық өмірдің, материалдық және идеологиялық мүдденің дінменен байланысын ортаға қояды. Еуропалық капитализм алдыңғы қатарлы болып табылады, себебі ол еңбексүйгіштікке, адалдыққа, үнемшілдікке тәрбиелейтін протестантизм дінімен байланысты.
Италия социологтары Вильфредо Парето (1848-1923) мен Гаэтано Моска (1858-1941) – элита теориясының негізін салушылар. («Элита» «үздік», «жақсы», «іріктелген» дегенді білдіреді). Элита теориясы бойъшша, қоғамды парасатты, ерекше артықшылығы бар топ басқарады.
Ресейде Н.Я.Данилевский (1822-1885), Л.И.Мечников (1838-1888), П.Л.Лавров (1823-1900), Н.К.Михайловский (1842-1904), Н.И.Кареев (1850-1931), Г.В.Плеханов (1856-1918), В.И.Ленин (Ульянов) (1870-1924), П.Сорокин (1889-1968), 1922 ж. шет елге кеткен, т.б. белгілі социологтар болған.
4. Қазіргі социологиялық ой. «Қазіргі» деп кейде бүкіл XX ғасырдың социологиясын атайды, бірақ көбінесе XX ғасырдың барлығы емес, одан азырақ уақыт алынады және ХХІ ғасырдағы, яғни осы кездегі ойлар сөз болады. Әр түрлі социологиялық мектептер, бағыттар, эмпиризмдік социология пайда болды. Социологиялық мектеп дегеніміз – өздерінің дәстүрлері, ережелері негізінде жұмыс жасайтын социологтардың белгілі тобы. Мысалы, Чикаго университеті жанындағы эмпиризмдік социологияның Чикаго мектебі, франциядағы Дюркгейм мектебі, т.б. Социологиядағы бағытпен мектеп өздерінің бір ғана немесе жақын проблеманы зерттеуімен ажыратылады. Мысалы, гуманитарлық бағыт, т.б.
Эмпиризмдік социология біздің ғасырымыздың 20-40 жж. қанат жаяды. Оның отаны – АҚШ. Ол тез қарқынмен дамыған индустрияның қажеттіліктерімен байланысты болды. Оның басы У.Томас пен Ф.Знанецкийдің 1918-1920 жж. «Европа мен Америкадағы поляк шаруасы» атты кітабының жарық көруі еді. Ең алдымен, жеке құжаттарды талдау негізінде (хаттар, күнделіктер, өмірбаяндар, т.б.) олар иммигранттардың жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделуінің әрқилы проблемаларын зерттеді. КСРО-да эмпиризмдік социологияға Сталин кезеңінде, шамамен 1930-1960 жж. тыйым салынды. Белгілі ғалымдар: А.Здравомыслов, Ю.Левада, И.Кон, В.Рожин, Г.Осипов, А.Храчев, В.Ядов т.б.
Структуралық-функциялдық анализ (құрылымдық-функциялық талдау). Эмпиризмдік социологияның қызу дамуы теорияда қорытындылау үшін қажеттілікті туғызды. 1950-1960 жж. структуралық-функциялық талдау қалыптасты. Т.Парсонс, Роберт Мертон – структуралық-функциялық талдаудың атағы шыққан өкілдері. Бұл теорияда қоғамды, оның құбылыстары мен процестерін әлеуметтік жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйелердің өзіндік құрылымы мен соған сәйкес құрылымдық элементтердің өзара әрекет ету механизмі бар және олардың әрқайсысы аталған жүйеде өзіндік рөл атқарады. 80-жылдарда неофункционализм пайда болды.
Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968жж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеуметтік ірі мәселелермен, мысалы, қоғамның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негізгі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобильдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді. П.А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі – қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші - И.А.) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндағы әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негізгі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл – парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде – интуицияның (яғни, жорам-алдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.
П.Сорокиннің әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын анықтау әрекеті, талабы болады. П. Сорокин өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады. 60-жылдары оның бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізгі құрамында болды, өйткені П. Сорокиннің бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы байланыс-қатынастарды және адамзат қоғамының талап-тілегіне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлері мен саяси құрылымдағы плюрализміндегі еңбекті және экономикалық тәртіпті ынталандыру, басқа елдермен қарым-қатынастардың, әдіс-тәсілдерін жоспарлау және т.б. болады. П. Сорокин жалпы адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әр уақытта бірігу бағытына қарай дамитындығын атап көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет