Суйербаева Жазира Едиловна 1- (ілгері) деңгей Е есебі
3 топ 25. 10. 2014
Талдықорған қаласы
Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай білуге болады?
Мен бұл есебімді оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілетін немесе мектептегі тәжірибе кезеңінде енгізілген өзгерістердің сапалық ықпал ету дәрежесі мен қорытындыларын анықтау үшін ұсынып отырмын.
Мектепті дамыту жоспарының жобасын құруда нақты басымдықты алып және сол бойынша атқарылатын қолжетімді іс-әрекетті таңдау керектігін түсіндім. Бұл есебімді жазар бұрын мен алдыма төмендегі сұрақтарды қойып, талдау жасадым.
Жоспарға өзгерістер енгізу барысында қолжетімді мүмкіндіктерді басты назарда ма?, Әріптестердің ішкі және сыртқы мүмкіншіліктерін ескерілген бе?
Оқыту мен оқу үдерісіне жоспардың жобасы бойынша енгізілген өзгеріс тиімді ме?
Мұғалімдер мен оқушылар бұл енгізілген әдіс- тәсілдің қыр-сырын түсінді ме және игере алды ма?
Таңдап алған басымдық бойынша жүргізілген жұмыстардың соңғы нәтижесі қандай болды?
Сонымен «С» есебімде берген мектепті дамыту жоспарым сегіз қадамнан тұрады. Бұл жоспарды құрарда қолжетімді және әріптестерімнің ішкі және сыртқы мүмкіншіліктерін ескеріп жасадым. Оқыту мен оқу үдерісіне жоспар жобасы бойынша оқыту үшін бағалауды енгіздім. Оқыту үшін бағалаудың оқушыларды оқытудағы тұлғаға бағытталған білім берудің құрамдас бөлігі екендігінен, бағалау үздіксіз жүзеге асырылады, соның ішінде сапалы нәтижеге деген қозғалыс үдерісі бағаланатынын ұғындым. Оқыту үшін бағалаудың әдіс- тәсілдерін мұғалімдер мен оқушылар толық игеріп кетті дей алмаймын, бірақ тиімді жағын біліп, қолданысқа енгізгенде түсініп жатты. Егер тәжірибеден түсірмей қолданысқа енгізсе оң нәтиже береріне сенімдері анық. Енді сол анықтап алған басымдықтарым бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесіне тоқталайын.
Өңделген мектепті дамыту жоспарында мынадай табыс критерийлерін құрған едім:
Оқушылар мен мұғалімдер арасында оқыту үшін бағалаудың тиімді әдіс- тәсілдерін танып, білуі.
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.
Оқыту үрдісінде бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
Бағалаудың оқушылардың өзін–өзі бағалауы мен қызығушылығына, білім алуына ықпал етеді.
Оқушылардың өз– өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінеді.
Мұғалімдер оқушымен кері байланысқа түсу арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді;
Осы табыс критерийлеріне жету үшін 6 аптаға құрылған мектепті дамыту жоспарына сәйкес жүзеге асырылған әрбір қадамға сыни баға беру, талдау, толықтыру маңызды екенін түсіндім. Онда сәтті және сәтсіз әрекеттерді, оның себептерін, кемшіліктер мен кедергілерді, жүргізілген толықтыруларды қарастырдым.
Мектепке енгізілген өзгерістердің оқушылардың оқуы мен мұғалімдердің дамуына қалай әсер еткендігін бағалау үшін мектепті дамыту жоспарында жоспарланғандай, оқушылар мен әріптестерден қайта сауалнама алу, «Оқушы үні» атты сұхбат алу, коучингтерге қатысушылардың кері байланыс парақшаларына талдау жасау, жазылған рефлексияларды іріктеу, зерделеу және алынған сауалнама қорытындыларын өңдеу, мониторингілеу сияқты әрекеттерді жүзеге атқардым. Бастапқы деректер жинау кезеңінде сауалнама, сұхбат алуда бір өзім қиналған едім, ал кері байланыс әрекетінде шағын шығармашылық тобым үлкен қолдау көрсете білді. Коучингке қатысушылардың рефлексияларын сұрыптауға, оқушылардан сауалнама алуға, сауалнама қорытындысын өңдеуге олардың тигізген көмегі зор болды. Оқушылардан сауалнама алудағы мақсатым - оқыту мен оқу үдерісінде жүрген өзгерістер туралы көзқарастарын білу, өзгерістің жағымды немесе кері әсері туралы пікірлерін анықтау болатын. Сауалнамаларды талдап, мониторингісін шығару барысында оқушылардың өзгерісті ашық қабылдағанын білдім. (қосымша №1)
Коучым өткізген алғашқы коучингке сыни баға берсем, сәтті жағы:
әріптестер топта белсене жұмыс істеді;
Өз қызығушылықтарымен 19 әріптесіміз қатысты;
Рефлексия сәтті болды, онда мұғалімдер оқыт үшін бағалаудың қандай тиімділігі туралы сұраған;
Келесі коучингтің тақырыбы анықталды;
Өз тарапымнан түрткі болу, бағыттаушы, бақылаушы бола білдім.
Ал коучингті жүргізу барысында кездескен сәтсіздіктер:
Коучинг жоспары өте ауқымды, дерек жинау араласып кеткен;
Постер қорғауда кейбір әріптестер өз ойларын толық жеткізе алмады.
«Оқыту сапасын жақсартатын формативтік бағалаудың тиімділігі» атты екінші коучингтен алынған рефлексияларда әріптестер стратегияларды жақсы түсінгенін, коучингтің жақсы өткенін жазғанымен, коучингтен кейінгі сабақтарды қадағалау барысында оқыту үшін бағадаудың стратегияларын өз мәнінде қолдана алмаған әріптестер де болды. Осы тұста біз неден кемшілік жібердік деген сұрақ туындады. Екінші коучингтің бейнежазбасын қайта қарау барысында коучерімнің кейбір сәтте оқыту үшін бағалауды тек сабақ соңында жүзеге асатындай сипатта көрсеткенін байқадым. Міне, сондықтан болар әріптестер тек сабақтарының соңғы минуттарында «Бас бармақты» қолдана салып, өзгеріс енгіздік деп ойлады.
Достарыңызбен бөлісу: |