ӘОЖ 811.512.122-144;39 16.21.51.
Тоқтағұл Б.С., Даулеталиева Д.М.
ХГТУ, Шымкент қаласы.
Тілдік қазына – ұлттық болмыстың мәңгілік мұрасы
Бабаларымыздан, көне ғасырдан баға жетпес мұра болып қалған сөздер мен ұғымдарға бай қазақ тілінің сөздік қоры үнемі ілгері дамуда. Алайда, қазіргі қоғамда әлеуметтік, мәдени-психологиялық, дүниетанымдық көзқарастардың зырылдап алға жылжыған шағында сан ғасырлар бойы халық жадында сақталып келген игілік, ұғым атауларының ондаған тіпті аздаған жылдар уақыт көлемінде жоғалып, ұмыт болуы таңсық нәрсе емес.
Tiлтaным көкжиeгiнiң кeңeюi қай ғылым cалаcының бoлмaсын aуқымын бeлгiлi бiр жүйeлiк, құрылымдық дeңгейге көтеруі заңды құбылыс. Халқымыздың жалпы рухани өмірін, сан ғасырлық тағылым жүйесін, ата салты мен асыл мұрасын, елдік қасиетінің болмысын сақтаған тіл қазынасын айқындауда, пайымдауда, жүйелеуде оны қоршаған әлеммен, адам факторымен сабақтастығын зерделеу қазіргі қазақ лингвистикасының әлемдік деңгейге көрінуіне әсер етеді. Бұл тұрғыда тілдің табиғатын адамның мәдени, әлеуметтік, психологиялық болмысымен ұштастыра зерттеуде қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, яғни тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениттану саласының мәні аса зор.
Этнос болмысын қамтитын сан алуан заттар мен құбылыстарға көз салсақ, алғашқыда оларға берілген атау әрқайсысы өзінше түрған жүйесіз, шашыраңқы дүниедей көрінгенмен, зер сала қарағанда бірімен бірі жүйемен, таным болмысымен, мән-мағынасымен астасып жатқан тұтас, реттелген бір жүйе екендігін көруге болады. Осы орайда жүйелілік принципінен туындайтын тәсілдің бірі – объективті болмыстағы зат, құбылыс атауларының, фразеологиялық тіркестердің табиғатын мазмұн-мәніне, мағынасына, өзара байланысына, тақырып сәйкестігіне, бір-біріне қажеттілігіне қарай топтастыра зерттеу. Соңғы кездері қазақ тіл білімі ғылымыңда да осы байланыс жүйесіне сай атаулар мен тұрақты тіркестерді тақырыптық топтарға бөліп, оларды әр түрлі бағыттарда қарастыру кең түрде өріс алып келеді.
Демек, тамыры тіл білімі тарихының тереңінде жатқан, кейбірі көпшілік жадынан шыға бастаған ұлтымыздың болмысы мен бейнесін сипаттайтын атаулар мен солар негіз, ұйтқы болып қалыптасқан фразеологиялық тіркестерді "тіл мен ұлт біртұтас" қағидасына сәйкес лингвомәдени сипатта қайта жаңарта қараудың және оларды мәңгілік мұра ретінде кейінгі ұрпаққа қалдырудың мәні ерекше.
Этнолингвистикалық материалдарды топтастырудың принциптері туралы сөз еткен академик Ә.Қайдар соңғы жылдардағы зерттеу материалдарын "Адам", "Қоғам", "Табиғат" деген үш салаға жіктей келіп, оларға енетін макротоптар, микротоптар бар екендігін және макротоптар өзара "жүйелі қатысты принцип" негізінде, ал микротоптар "сатылы қатысты принцип" бойынша топтастырылатыңдығын айтады. [1.2013.19]
Aта-бабаларымыз басқа халықгар сияқты қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды, нәрселерді өзінің таным-түсінігінше саралай білген. Ал бұл сан алуан қасиеттер күнделікті тұрмыс-тіршіліктің тәжірибесі негізінде өмірге келгені ақиқат. Осындай асыл қазыналарымыздың бірі деп – тіліміздегі төрт түлік мал атауларын білдіретін лексикалық бірліктер тіліміздің сөздік қорының ауқымды бір қабатын құрайды.
Cөздердің тарихы адамзаттың тарихымен байланысты дамып, әлеуметтік өмірдегі өзгерістерге ілесе отырып өзгеріп отырған. Тілдің даму заңдылығы қоғамның даму заңдылығымен сәйкес келеді де олардың дамуына жағдай жасап, тілге болған мұқтаждық тілдің дамуына түрткі болады. Демек қоғамдағы жаңа ұғым, түсінік өзінің өмір сүру, калыптасу формасы, қолданысқа енуге түрткі болған тілге де қозғау салады. Бұл процесс өмірдің барлық салаларын қамтиды. Соның бір саласы – лексикасы, тіл байлығы, тіпті семантикалық жүйесі. Ал оның ішіңде-төрт түлік мал атаулары.
Aдамзат алғашқы жабайы малдарды қолға үйретіп, еті мен сүтін, жүні мен терісін күнделекті өмірде тіршілік ету үшін пайдалана бастағаннан-ақ сол заттарды атауға мәжбүр болған. Ғылыми еңбектерге сүйенсек, адамзатқа белгілі 140 мыңға жуық жануарлардың тек 47 түрін ғана қолға үйретіп, үйде ұстаған. Олардың ішінде алғашқы болып ит, сонан кейін шошқа, ешкі, қой, кейінірек ірі қаралар үйретілген. Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығымен айланысу сонау қола дәуірден басталғандығы тарихи, этнографиялық, археологиялық материалдарды зерттеген ғалымдарымыздың еңбектерінен белгілі. Олардың қай дәуірлерде қолданьшғандығын дәлелдеуге болады. Бірақ олардың алғашқы атаулары қаңдай болған, қандай белгісініе қарай атау берілгендігін айқындау мүмкін болмады. Тіпті бір территориялық кеңістектегі халықгың бір затты бірнеше атаумен атауы немесе керісінше бірнеше халықгың тіліндегі түрлі заттардың бірдей аталуы да Орын алып отырған. Қазіргі малдардың бізге жеткен атаулары сараланып, жүйелер бойынша қалыптасып, уақытпен байланысты жетіліп, мағынасы дамыған дәрежеге жетуі сол дамудың нәтижесі. Мысалы, көне түркі тілдерінен үздік-создық тілдік мәлімет берген қытай шежіресінде жылқы атауы ретінде арғумақ сөзі қодданьшған. Бұл жазба мұра біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда болған Деванда (қазіргі Фергана өлкесі) көшпенділер мен қытайлықтардың арасындағы соғысты айта отырып, сол соғысқа себепші болған жүйрік аттар екендігін, Девандықгар (ферғандықтар) аттарды арғумақ деп атайтындығын, олар өз иелігіндегі биік тауларда ұстатпайтын таза қанды жылқыларға шағылысу үшін ала бие жіберіп, аспан тұлпарларының тұқымын алатындығын, олардан сәйгүлікте тарайтындығын айтады.[2.1950.261].
Kөне түркі тілінде жазылған орта ғасырлық жәдігерлерде жылқы малының атауына байланысты қолданыстағы сөздер, сөздік тіркестер, фразалар көбірек кездеседі. Жазба ескерткіштердің көлемдісі М.Қашқаридың "Диуани луғат ит түрік" еңбегіне сол дәуірдегі өмір сүрген түркі тайпаларының тілдерінен мысалдар жинактағандығын, онда барлық салалардан хабардар еткендігін көпшілік ғалымдар айтып жүр. "Диванда" түркі тілдеріндегі үй малдарына тікелей немесе жанамалай айтьшған 800-дей соз қолданьшса, оның 300-ге жуығы жылқы атауларына, 31-і түйеге байланысты атауларға, 20 сөз сиырға, 45 атау қойға, 15 атау ешкіге байланысты қолданылған.
Opта ғасырдан келген жәдігер Махмұт Қашқаридің "Диван-лүғат-ит-түрік" атты сөздігінде төрт түлік мал ішіндегі ең көп ұшырайтын сөздерді –жылқыға, оның жасына, жынысына, түріне, түсіне, сол сияқты мінезі мен қимылына және одан да басқа ерекшеліктеріне байланысты айтылатын атаулар мен сөздерді, сөз тіркестерін арнайы зерттеген Бейсенова М. оларды лексикалық мағынасына қарай 6 топқа бөліп қарастырады: 1) жылқы малының жалпы атаулары; 2) жынысына қарай; 3) жасына қарай; 4) мінез-болмысына қарай; 5) түр-түсіне; 6) жұмсалу орнына қарай [3.1995.18].
Epтeгi, үлкен жыр-дастандар батырдың өзіне лайықты аты болуы, оның құнына тең келер ештеңе жоқтығын көрсетеді. Жылқы-тәуелсіз, азат өмірдің символы, тіршілік, байлықгың көзі. Төрт түліктің ең асылы Қобландының Құртқасы айтқан "сонау биені мені берсең де алғын, жан серік атың, сұлтаным, көк ала бие ішінде" ("Қобыланды батыр" жыры); қысылтаяңда Шалқұйрық атқа тіл бітіп, "Төстік батыр, енді екеуміздің де жанымыз бір. Қандай пәле болса да бірге көреміз" (қазақ ертегілірі) деуі, ақынның "Жаяулық пен жалғыздық, Азамат ердің жүдеуі" деп жырға қосуы, қара қасқа атына Қамбар батырдың сыр шертуі, Алпамысты Байшұбар аттың өзі таңдауы, түркі тектес халықтардың ең көне жыры "Қозы Көрпеш-Баян сұлудағы" жылқысының көптігінен кең далаға сыймай Қарабайды көше беруге мәжбүр етуі-бәрі-бәрі базары тарқамайтын дүниенің мәні де, сәні де жылқы екендігін көрсету қазақтардың жылқыны сүйетіндігінен туған құбылыс.
Мұнда назар аударар бір мәселе ауыз әдебиетінде, эпостық, тарихи жырларда сақталған, бізге жеткен жылқы атаулары белгілі бір тарихи кейіпкер сияқты өз иелерінің атына байланысты қалыптасып, солармен бірге қолдану дәстүрге айналғаңдығын көруге болады. Бұл сол атты ерекшелеу, артық көрсету үшін қолданылған тәсіл болса керек. Мысалы: Қобландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Исатайдың Ақтабаны, Біржанның Телқоңыры т.б.
Kөне дүниені зерттеп жүрген ғалымдардың айтуынша гректер ежелгі мәдениетіндегі мифтік образ кентавр бейнесін де ежелгі түркілерге қарап отырып ойлап тапқан дейді. Ат үстінен түспеген түркілер көне гректерге ат үстінде ас ішіп, ат үстінде ұйықтайтын, қысқасы атпен бірге жаратылғандай болып көрінсе керек. Берірек келсек, В.В.Радлов айтқаңдай: "Жылқы қазақгар үшін малдың асыл тастай көркі, барлық сұлулық атаулының жиынтығы. Жылқыға деген қазақтардың ықыласын тіпті, олардың аталуынан-ақ көресің" [4.2015.] деген болатын.
Қaзaқ жылқы нәсiлiн жақсы түсінген. Жолаушылап келе жатып, қырқаның астынан кісінеуінен кұлынды "Мынау баяғы жоғалған айғырымның көзі ғой" деп оқыс бұрылған түздіктерге, жат үйірде күдік-талас басталғанда құлынның құйрығының астындағы баданадай қара меңді көрмей меңзеп, бұлтартпас айғақгы зат тапқан атпаздарға, "Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас, артынан жөнелгенде жетпес жылқы" (І.Жансүгіров "Құлагер" 297 б.) деп Құлагердей хас тұлпарды мыңдаған бәйге атының ішінен жазбай таныр Күреңбай сынды сыншыларға ел аузы куә.
Cөз тарихы, мағынасы, сол тілді жасаушы, қолданушы халық тарихымен тығыз байланысты. Халық өмірінде, халық тұрмысында маңызы бар нәрсе сол халық тілінен де сүбелі орын алады. Мәселен, солтүстікте тұратын лопар (саамдар) халқының жері суық, айнала мұз. Соған орай, оларда мұз түрін білдіретін 20-шақты сөз, суықты қандайлық екендігін біддіретін 41 сөз бар екен. Ал, өмір бойы жанына төрт түлік малды, оның ішінде жылқыны серік еткен қазақтарға жылқы атаулары басқа түркі тектес тілдердегі атаулардан көлемді, ерекше екендігі күмән тудырмаса керек. Қазактың жерін, салтын, тілін тұтас сақтауында жылқының атқарған қызметі орасан.
Aта-бабамыздың жылқыны бұлай пір тұтып, қасиеттеуінің себептері толып жатыр. Жылқы олар үшін тек азық, көлік құралы ғана емес экономикалық, сауда, әскери және әлеуметтік өмірдің ажырамас бөлігі. Түркілер аттарының көмегімен бұл шеті Азия, Европа ол шеті Африкаға созылған кең байтақ жерді, жаңа әлемді басып алып, тәуелсіз тіршілігінің факторы етті. Жылқы ең алдымен, сол жаугершілік көне заманның талабына сай өте құнды мал еді. Себебі сол кезде жауды куып немесе одан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған. Тіпті өткен замандарда жылқы малын әскери стратегияға да қолданған. Мысалы, шабуылшылар жауға қарасын көбейтіп көрсету үшін алдарына жылқы малдарын салып айдаған да шаң көтерген, сол кезде қорғандағылар бұл шанды қалың қолға жорып, одан қашқан. Арғы жағын былай қойғанда, мұндай әскери айла-тәсілді 1916 жылы Торғай даласында Аманкелді Имановтың да пайдаланғандығын көрнекті жазушымыз С.Мұқанов "Қазақ қауымы" атты еңбегінде келтіреді [5.1995.69].
Жылқы көшiп-қонуға дa төзімді, әрі ыңғайлы, қысы-жaзы aяғынан жайылады, оның азығы да (жемі, шөбі) өзге малға қарағаңда өзгеше. Ол келген шөпті жемейді, иіскеп, тандап жейді. Басқа мал түлігі жайылған жерге де жайыла бермейді, ылай су ішпейді. Сол себепті де оның еті де сүті де денсаулыққа шипалы. Жьшқының дені сау, терісі жылы, жұмсақ, көрінісі сұлу болуын бағалаған қазақ халқы оларға атау беруге аса көңіл бөлген.
Maл жөнінде лебіз білдіргенде қазақ шаруасының домбыраның құлақ күйіндей алғы сөзі "мал төлден өседі" деген нақылдан басталады. Осы қағидаға қарағанда, қазақтардың малшылық кәсібі төлден басталатыны ақиқат.
Қaй xaлық болса да мал өсімін төлден бастауы сөзсіз. Бірақ, қазақтардың төлден бастап мал өсімін есептеуі өзгеден ерекше, өзімізге ғана тән ерекшілік деуге болады.
Зeрдeлi зерттеу, тaбaнды еңбегінің арқасында тұтас бір елдің мерейін өсірген, өнерлі халықтың рухани дүниесін ғаламға айқара ашып, насихаттаған, таныстырған, таныстырып қана қоймай мойындатқан, қазақ халқының қасиетін жанымен ұққан, нәсілі башқүрт ғұлама ғалым Әбубәкір Ахмеджанұлы Диваев "Туркестанские ведомости" газетіндегі мақаласында "Казах Сырдаринской области, Перовского уезда, Яны-Курганской волости, Абдулла Ниязов, Человек весьма почтенный, по своему очень развитой, видевший на своем веку много своего народа, говорит, что казах тогда счастлив, когда обладает скотом, необходимым в обиходе степного хозяйства. Он весьма обстоятельно рассматривает каждую породу скота с которым приходится иметь дело казаху; описывает жизнь этих животных от рождения до смерти, уход за ними, наконец ту пользу, которую извлекает казах от той или другой породы",-дейді [6.2012.192]. Немесе, Кете Жүсіп Ешниязовтың "Сұрмерген" поэмасындағы мына жолдарға назар аударалық: [7.2015.193].
...Үш түрден бөтен емес жылқы аламын,
Ішінде кұлын, құнан, болмасын тай.
Сары ала елу қысырақ бесті аламын.
Алпысы ала болсын қызыл құмай.
Алпысты торы аладан тағы аламын,
Айрықша сұлу болсын қызыл құмай.
Келмесе айтқанымдай жас пен түсі
Қызымды қоспағаны саған құдай...
Mәселен, қазақ шаруасы құлыншақ, құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті деп тек жылқының төлін жеті түрлі атағанда, ол әлі он екі айдың жиындысынан құралатын жылмен дәлдеп есептесек, әлі алты жасқа толар - толмас 65-70 ай көлемі ғана.
Жылқы жacы opташа шaмамен жиырма жыл десек, бұл шамадан кeйбір асыл тұқымды жылқылар тіпті қырыққа дейін өмір сүреді (әрине, бұл жасқа екінің бірі келе қоймас), "бірге өскен бала күннен құлын, тайым" (І.Ж.) деп, асыл арманына балап, жылқыны өлеңге қосқан халық оның өсу процесін әбден қадағалап, жіпке тізген маржандай санаумен болған. Бұл тұста мүшелдеп емес, маусымдап, кезендеп өлшеп отырғандығына қарасақ, тек жылқының жас мөлшеріне байланысты атаулардың қаншалықгы екендігін көз алдымызға елестетуімізге әбден болады. Бұлай сипаттау тек казақ халқына тән қасиет.
Қaзaн төңкерiciнен соң қазақтардың өмір тіршілігі caн-салалы өзгеріске түсті. Егін екті, завод - фабрикаларға кірді, қалалы жерлерге орныға бастады т.б. Нәтижесінде мал шаруашылығынан қол үзген топ пайда болып, қалалық қазақтар көбейді. Мал шаруашылығынан қол үзген соң мал атаулары да белсенді сөздік қордан алшақтап, оның орны басқа сөздермен толықты. Сондықтан қай мал атаулары, мал атауларымен тіркесетін оралымдар ұмыт бола бастады. Мысалы, жылды атауына байланысты тұлан, алаша т.б.
Faсырлар бойы халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып, ішсе тамақ, кисе киім, мінсе көлік, тіпті атақ даңқ, абыройын асырған төрт-түлік туралы сөз еткенде оның пірі, иесі, киесі туралы айтпай өту мүмкін емес. Қазақтар үшін әр түліктің өз иесі, киесі бар деп саналады да жылқы желден, түйе шөлден, сиыр судан, қой ауадан, ешкі тастан жаратылған сиякты. Мал жаратылысының бұлайша таратылу тамыры сан ғасырлар бұрынғы қалың қытай, түркі, моңғол және араб халқының суға, отқа, күнге, тасқа т.б. табыну әдет-ғүрпынан басталғандығы көрінеді. Ал мал иесіне келсек, жылқы иесі қамбар ата немесе Жықышы ата, түйе иесі Ойсылқара, сиыр иесі Зеңгі баба, қой иесі Шопан ата, ешкі иесі Сексек ата. Бұл иелер туралы наным-сенімдер түркітектес халықтардың көпшілігіне тән.
Eнді "жылқы" атауының мағынасынан бастасақ, қазақтың төрт түлігінің бірінің жалпы атауы. Сөз төркініне үңілсек, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде "жылқы" – "төрт түлік малдың көлік үшін пайдаланатын тақ тұяқты түрі". (ҚТТС 4т.,288б.) деп түсініктеме беріледі де, 1997 жылы жарық көрген "Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігінде" (құрастырған А.Құралов) "төрт түлік түрі" (А.,1997.,199 б.) деп анықтама берілген. А.М.Щербактың көрсетуінше: "^ілкі (ілкі)- как древних, так и в современных языках имеет особый оттенок, уловить который, особенно в древних текстах очень трудно". [8.Л.,1961,84 б.]. Және осы еңбегінде А.Щербак "табунные животные" деген мағынада көрсеткен, демек, үйір емес, табында жүретін жануар, мал дегенге келеді. Өлшем бірлігі есебінде алғанда (халықтық) бір үйір шамамен 1 айғырдан, 9 бие, 9 құлыннан, 8 тайдан, 6-8 құнаннан, 5-6 дөненнен және бірнеше кәрі ақта аттардан құралады.
Түркі тілдеріңде жылқы мағынасын білдіретін тағы бір атау- ала, алаша.
Қaзaқ тiлінде, түркі тілдерінің сөздіктеріңде "ала" сөзінің көбіне сыңдық мағыналары, жылқының түсін білдіретіндігі айтылады да ал "ат" мағынасы көп көрсетіле бермейді. Мысалы, 2 томдық түсіндірме сөздікте, орысша-қазақша сөздіктерде "ат" мағынасы көрсетілген. Тек 10 томдық түсіндірме сөздікте "ала" сөзінің 2 мағынасы: 1) ақ және басқа түстердің араласып келген түрі; 2) ауыс мағынасы көне. Жылқы ішінде көрнекті, жүйрік ат. Mысалы: Мінген аты ала еді, қылшық жүнді қара еді. Ерлер мінген алаға, көңлім толды санаға (Б.Ж.) берілген. Расыңда қазақтың эпостық жырлары мен ақын- жырлаулар мұраларында "ала" сөзі "ат", "азбан" ұғымында жиі кездеседі. Мысалы:
Ерлер мінер алаға
Көңілім толды санаға ... ("Алпамыс")
Мінген атым ала еді
Қылшық жүні қара еді... ("Қобыланды ")
Міне алмаған алаға - ай. (Махамбет)
Бұл мысалдардан "ала" сөзі жалпы "ат", көрнекті жүйрік дегеннен гөрі "азбан" дегенді білдіреді. Кейбір түркі тілдері сөздігінде алаша (ала) деген сөз орыстың "мерин" атауына сәйкес келеді. Ал "мерин" сөзі қалмақтың "мөрін"-ақтатылған айғыр сөзінен деп көрсетеді Ушаков.
Қaзaқ тіліде "алаша" варианты да кездеседі. Мысалы: Алаша аттың басы деп, қалмақты ердің қасы деп. ("Ер.Тарғын")"Алаша" варианты Түркіменстан қазақтары тілінде де сақталған. Бірақ беретін мағынасы-түйенің будан тұқымы. (Диал. сөзд., 24).
Ciрә "азбан" мағынасындағы ала сөзі-халық поэзиясында күшті, мықты жылқының символы, азбан - үйірге түсіп жүрген, әбден есейген, күш жиған малдың ақтатылған кездегісі. Жылқы жырында азбанның "ертеңнен салса кешке озған, ылдидан салса төске озған, томаға көзді қасқа азбан болып суреттелуі де осы мықтылығын көрсетсе керек. Батыр да өзінің күш-қайратын танытқысы келгенде "жылқы ішінде аламын" дейді. Сондықтан азбан, ала сөздері синонимдер десек, жылқыға қатысты тұстарда "ала" варианты жиі қолданылады. Ал азбан тек жылқыға ғана емес, ақтатылған қошқар, бұқаға да қатысты айтылады. Ала-көп мағыналы сөз. Мағынасы өлтіру, қыру, жою, ала балта, ала сапыран, ала қырғын, алай түлей т.б.
Қaзaқ тілінде жылқы тобына еніп, көркем әдебиет пен күнделікті өмірде жиі қолданылған атаудың бірі күлыншақ сөзі. Құлыншақ жылқы төлінің туғаннан бастап желіге байланғанына дейінгі бір, бір жарым айлық кезеңіндегі қалып. Құлыншақты желіге байлаудың екі шарты бар: бірі қарақұлақ болу, екіншісі-өркен тастау. "Қарақұлақ" болудың мәнісі құлыншақ қүлағының ішкі жүні сары мамық сияқты болады да, тарала келе сол жүнді қара қылшық басады, бұл-марқаю нышаны, құлындық кезеңге жеткендігі, яғни, байларманға көнбістігі. Ал "өркен тастау", өркен-құлыншақтың ішінен түсетін алғашқы тоңғақ. Желіні сабасына келген саумалды мама биенің құлыншағы уызға бөгіп, өркенін ерте тастайды. Яғни, ішке барған уыз төлдің ұлтабарындағы коректік қоймалжың мәйікті жібітіп жұмсартады да оны тоңғаққа айналдырады. Тоңғақтың шығуымен төлдің ішкі ағзалары тазарады. Өркені түскен кұлынды кәнігі, тәжірибелі малшы таігжылтпай таниды. Өркені өсіп (пісіп) түскен күлынның жүні жьштыр, көз жанары нүрлы, қабағы ашық, қимылы ойнақы болады, үлкеннің кішіге "өркенің өскір" деп берер батасының, ізгі тілегінің түп төркіні де сонда.
Kөз жанары кіреукеленіп, үні іріңкі, қабағы солғын, қимылы сылбыр болса, өркені түспегені, мұңдай кұлыңды желіге байламайды. Оны қазақ "өркені қатқан" дейді. Өркен көбінесе кулық бие төлінде болады. Өйткені қулықгың желіні сабасына түсіп, уызы молыққанша біраз уақыт өтеді. Өркен тастау түйе малына да адамға да қатысты айтылады. Жаңа туған нәрестені де алғаш ауыздандырғанда қойдың қүйрық майымен ауыздандырады да сонан соң емізеді. Май мен уыз араласып асқазаннан бөлінген сөлмен бірге тоңғақ (дәрет) болып түседі. Жаңа туған жас ботаға да жьшқы немесе қой қүйрығының майын сүтке қосып еміздікпен береді, сөйтіп өркеннің тезірек түсуіне әсер етеді, әйтпесе жас бота өліп кетуі мүмкін. Сөз түбіріндегі мағына өсу, даму, жетілу, өркен жаю, өрбуге саяды. "Өр" етістігінің ур-үр вариаттары да тілімізде сақгалған ұрық, ұрпақ-дән, тұқым (ДТС,615) мағыналарындағы өсуді, дамуды, жан-жаққа тарап өркен жаюды білдіреді. "Өркені өсу" тұрақты тіркесінің мағынасы алғашқы кезде" "тұқымы өсу" мағынасымен бірдейлігін ғалым Ә.Нұрмағамбетов те көрсетеді.[9.1987. 226.)
Kұлыншақ сөзіне келетін болсақ, қазақ тіл білімінің тарихында еселі еңбек еткен ғұлама ғалым, прфессор Қ. Жұбановтың айтуынша, түркі тілдеріндегі, оның ішіңде қазақ тіліндегі күрделі сөз дегеніміз жеке-жеке туынды түбірлерден, яғни, бірнеше морфемалардан түратын сөздер, олардың тарихи төркіні атрибутивті сөз тіркестеріне барып тіреледі деген теорияны қолдайды. Бұрынғы дәуірдегі сөйлемдерде осы күнгі синтаксистік зандылыкқа қайшы келетін орын тәртәбінің өмір сүргеңдігін, яғни анықгаушының анықтауышқа, толықталушының толықтауышқа қатысты болғаңдығы жайлы айта келіп, мысалға күлын-шақ, келін-шек т.ф. сөздерді келтіреді. Мұндағы "шақ" кішірейту қосымшасының "шаға" есім сөзінен шыққандығына күмән келтірмейді [10.2010.86].
Бұл cөз қaзaқ тілінде тек "бала-шаға" сөзінің кұрамында ғана сақталғанымен, түркімен, азербайжан тілдерінде осы уақытқа дейін "сәби" мағынасында қолданылатындығын анықтай келіп, қазіргі қазақ тіліңде қолданылып жүрген (құлыншақ), шық-шік (төбешік, қаншық), ша, ше (өгізше, тайынша) және "уақыт" мағанасында қолданылатын "шақ" барлығының шығу төркіні монғолдың "шаған (шегін, тегін)"-"бала, сәби, уақыт" сөздеріне түйісетіндігін айтады. Яғни, "құлыншақ" сөзіндегі "шақ" тек кішірейту, мағынасы ғана емес бала, сәби жаңа туған күлын мағынасында туғаннан 1,5 айлық кезеңді қамтиды.
Mысалы: Кішкентай ғана құлыншақ, уыз еміп, қырда өскен (Ж.С).
Құлыншағым, құндызым, құлдырайды, шабады. А.М. Щербак "слово кулун, тай (и производные от них) наряду со многими другими служат наименованиями разных возрастных групп. И так как в современных тюркских языках намечается тенденция к выделению общего понятия "жеребенок", абстрагированного от возрастных различий, каждое из упомянутых слов приобретает дополнительно общее значение" -дей келіп, "кулун, кулунак, кулунчак, кулунагаш")-жеребенок от рождения до одного года" дейді (8.89,90).
Құлыншақтан кейінгі кезең -құлын. Яғни, құлынның желіге байланған кезінен бастап алты айға дейінгі кезеңі. Бұл жерде "биебау" атауына да түсінік бере кеткен жөн. Бие сауу маусымы биебау деп аталаы. Биебауда байланған құлын сүмбіле салқыны түсе ағытылып, қысқы бағымға көнбісті бола бастайды. Бұл шілде шыққан кез. Мысалы: Сүмбіле түссе сүмпиіп, семірер құлың бұлтиып. Бие қоста жүріп терлесе, құлын босқа жүріп терлейдІ. Тұлпар болар құлынның мүшесінен танырсың. Жылқы құлыннан көбейер, ақша тиыннан көбейер (мақал-мәтел) т.б.
Taғы да А.М.Щербакка жүгінсек, "слова кулун-жеребенок в любом возрасте до года" /8.90/ деп көрсетеді.
Cөздің жасалу, шығу тегі туралы пікір, көзқарастарға келетін болсақ Т.Ермекованың оқу құралында Ғ.Мұсабаевтың "құлынның жас кезіңдегі мүше бітімі, жал-құйрығы, сыртқы мүсіні құланға үқсайды. Олай болса, "құлан" сөзі айтыла келе "құлын" болып өзгеріп кеткен, ал-"құлан"-"қол", "аң" деген екі сөзден біріккен түбір [11.2013.23] екендігі туралы пікірін келтірген.
Ocы негізде қорғалған зерттеуші Р.Панзарбекованың "Қазақ тіліңдегі жануарлар төлі атауы" атты ғылыми еңбегіңде қазақ тіліңдегі қошақан, балақан, ботақан, өс, өсіп-өну, жан-жануар төлінің өсуі, жетілуі деген мағыналарды жалпы алтайлық он (ші) түбір морфемасының мағынасымен мәндестіреді [12.1998.11]. Яғни, gulun сөзінің gul, gо1 деген ататілдік тұлғасы монғол, тұнғыс-манчжур тілдеріңдегі on/un түғаларымен ортақ бір семантикаға саяды деген пікір айтады. Алайда бұл пікірмен келісу қиын. Түркі тілдеріндегі "Құлын" сөзінің пайда болуына араб, парсы тілдері былай тұрсын монғол тобындағы тіддердің де қатысы, әсері жоқ деуге болады. Бұд тілдердегі осы ұғымды білдіретін сөз кұрылымы мүлде бөлек. Aл, қазіргі түркі тілдерінде: қырғыз тілінде-"кулун", чуваштада-"хам" (айтылуы "хум"), сахаша-"кулун", ұйғырларда-"кулун".
Жaбaғы сөзі туралы айтсақ құлын желіден ағытылып, үйірге кеткен жылдың қарашасыңда жабағы аталады. Бұл алты айдан бір жасқа дейінгі, құлындық кезеңнен өткен, тайлық кезеңге бір табан жақындаған уақытының атауы. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: "жабағы" -алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі; қой мен түйенің жазғытұрымғы ұйысқан қысқа жүні деген түсініктемелер берілген (ҚТТС. Т III. 475 б.) демек, кұлын кезіндегі түгі өскеннен кейін, ұйысып жабағыланады.
Mысалы: Кұнанбайға сыбаға деп арнаған семіз қойлар, жұнттай жабағылар, арда емген тайлар да болатын (М.Ә.).
Қaзiргi түркі тілдерінде "жабағы" дыбыстық құрамына сәйкес келетін әрі мағынасы жуық сөздер аз-кем өзгешіліктері болғанымен, бар. Қырғыз тіліңде - жабағы – 5, 6 айлық, әлі енесін емуден қалмаған құлын, қарақалпакша-іабағі-"бір жастағы жьнпф төлі", ноғайша-іапаш"–жаңа туған құлын", татарша - jабаға–"бір жастан асқан жылқы төлі", туваларда-чаваа-"бір жасқа толған жылқы төлі", түркіменше - jапағы – жаңа туған құлын т.б.
Атаудың жалпы түркілік негізгі мағынасы- бірінші түлем жүні түскен, алғашқы қар басқан, алты айдан бір жасқа дейінгі төл.
Taй сөзі туралы айтсақ, қазақ тілінде бір жас пен екі жас аралық кезі тай деп аталады. Жабағыдан кейін көктем шыға осылай аталады. Бұлай атау түркі тобындағы өзге тілдерде төмендегідей дыбыстық құрамда айтылады: қырғыз тілінде – "тай", чуваштарда"тих/а", хакасша- тайң (екіден үш жасқа дейін), түркімендерде-"тай" т.б.
Бұл жeрдe айта кетерлік бір өзгешелік, ерекшелік- қырғыздарда ірі малдың бір жастағылары "тай" атала береді. Ал, чуваштарда кұлын орнына "тих/а" деп те айтылады. Сол сияқгы ұйғырларда да кұлын орнына "тай" атауы, саха тілінде екі жасқа келген жылқы төлінің атауы.
Coнымен сөздің түп төркініне жорамал жасар болсақ, екі жаска дейінгі жылқы төлінің дене бітімі, түлғасы сымбатты болатынын айтсақ "сымбат, келбет" сөздерімен мағыналас, синонимдес деуге келетіндей. Осындай мағынадағы сөзді "тайтур" түрінде М.Қашқари сөздігінен кездестіреміз. Тай атауы төрт түліктің басқа түріне де қатысты айтылады. Мәселен, тай өгіз, тайлақ. Әйтсе де атудың даму сипатына қарағанда тай атауы түркі тіддерінде негізінен жылқы малына қатысты айтылып, сонан кейін басқа түлік атауларына негіз болған.
Maл баққан қазақтар ертектерде тайдың жал-кұрығын күзейтін болған. Бұл-тайлықтың белгісі саналған. Мысалы: Қаракөк жылқы ішінде тайың болсам, Талменнен аралас, қайың болсам (халық әні). Тай тулап үйірінен кетпес (мәтел).
"Taй құнанға жеткізер" деп халық айтқандай, екі жас пен үш жас арылығындағы кезең.
Құнaндықтың iшкi-тысқы танымал белгілері болады. Тайында үйретіліп, бас білдіргесін, одан әрі мінілмесе, ербасты болмаса, жылқы құнанында балғын өседі, сол шақтың өзіңде айғырлық сесі болады. Осыны қазақга сәурік дейді.
Қaзaқ тiлiнің сөздігінде сәурік – жаңадан үйір ала бастаған жас айғыр (ҚТТС, 8 том, 240 б). Мысалы: Ақбайпақты сәурік күнінде піштіріп жібергені есіне түсті.
Kөpнекті ғалым В.В.Радлов өзінің "Опыт словаря тюркских наречий" еңбегінде "Саурук-піштірілуге тиісті 4-5 жастағы айғыр" деп көрсетеді. (1911., 4 том., 236 б.) Осы мағыналас немесе дыбыстық тұлғасы жағынан сәйкес келетін мұндай сөз қазіргі тіпті көне түркі тілдері мұраларында да кездеспейді. Біздіңше, қазақ тілідегі сәурік атауы да осы түлғаға-ік қосымшасы жалғанып тұлға жағынан да аз-кем өзгеріске ұшыраған. Дәлел ретінде тілімізге араб, парсы тілдерінен енген сөздердің кей жағдайда мағынасы да өзгеріске ұшырайтындығы туралы фактілер жоқ емес. Салыстырыңыз: парсы тіліндегі кейуана кәмпир - кәрі , қария ер адамға байланысты айтылса, қазақ тілінде әйел адамға байланысты айтылады. Демек, сәурік жылқы малының піштірілмеген еркегі. Сәурікті көбейтпес үшін еркек жылқылардың көпшілгін тай, құнан кезінде кестіреді . Бұл – құнандықтың ішкі сипаты. Ал сыртқы сипатына келер болсақ, қазақ халқы жылқы малының құйрығымен, жалын күзеп, күткені белгілі. Күзеу де мал жасына қарай әртүрлі болады. Құнанды күзеген кезде тай сияқты емес, кекіл мен шоқтық қалдырады, құйрығын күземейді. Moнғол тілінде — "гунан", қалмақ тілінде-"үш жасар" дегенді "үрә" дыбыстық құрамда айтылады да, "гүн" атауы "бие" мағынасын меншіктеген.
"Құнан" атауына араб, парсы тілдерінің қатысы жоқ деуге болады. Сөз төркініне ұқсайтын мағыналар моңғол тілінен көрінеді. Себебі, түркі тілдерінің көбіңде бұл сөз қолданылмайды.
Жылқы төлiнiң жасы мен жыныстық epeкшеліктерінің арнайы атаулармен берілуі жалпы түркілік сипатқа ие құбылыс. Жылқы төлінің жыныстық жағынан жетіле бастаған кезін әрі жасын білдіретін атау "құнан"-екі, үш жастағы еркек жылқы, ал жылқы төлінің екі-үш жасқа қараған ұрғашысы кейде-жын (jin) тұлғасы арқылы да беріледі. Мысалы, құнажын байтал, құнажын бие т.б. Назар аударарлық жайт, жылқы төлінің "жын" тұлғасы арқылы айтылуы қыпшақ тобындағы тілдерге тән деуге болады. Мысалы, жиі қолданылмағанымен қазақ тілінде, ноғай, башқұрт тілдерінде (кунажын), "құнажын" атауы қазақ тілінде көбінесе сиыр малына байланысты қолданылады.
Coнымен, бұл атаудың жалпы түркі тілдерінде ортақ интеграциялаушы семантикалық элементі "жылқының екі-үш жас аралығындағы төлі". Ал дифференциялаушы семантикалық элемент бұл атаудың мағыналық құрамында жыныстық белгіні (еркек, ұрғашы) білдіретін семаның болуы.
Құнaн шыкқан жылдың қысы өтіп, көктемнің алғашқы айларында жылқы төлі-дөнен деп аталады. Бұл үш жас пен төрт жас аралығы.
A.M.Щербактың айтуынша: "...позволяет положительно отнестись к предложению о наличии в составе этих слов (заимствованных из монгольского языка) корней числительных "три" и "четыре"-деп (8.93) моңғол, қалмақ тілдеріңдегі "үш, төрт" сан есімдерімен байланыстырады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде "төрт жасар еркек жылқы" деген түсінік берілген (ҚТТС, т б).
Mысалы: Қызылкөк биыл төрт жаста, дөнен (Т.Э.). Төрт жасқа аяқ басқан дөненін жетелеп келіп, алдына тартты. (Ж.Б.).
Қaзipгi түркі тілдерінде қырғыз әдеби тілінде-"бышты", оңтүстік қырғыздарда-дөнон, ұйғырша-дөнән, ноғайларда –"дөнен", қалмақта-дөнен-үш жасар еркек мал.
Бaйтaл cөзіне келетін болсақ, екі мен төрт, кейде бес жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы. Мұндай дыбыстық құрамда қырғыз, башқұрт тілінде — "байтал", ал түркімен және ұйғыр тілінде дыбысталуы ұқсас, мағынасында сәл айырмашылық бар. Ал қазақ тілінде байтал мен бие екі түрлі атау.
"Байтал" cөзінің алғашқы мағынасы боларлықтай тұлға моңғол тілінде ұшырасады: байдал-"жағдай, жай күй". Ал саха тілінде "байтаһый, байтаһын" - өз бетімен жайылу, еркімен жайылу, семіру мағыналарын білдіреді. Сонда "үйірге қосылмаған бойдақ; жылқы" дегенді меңзейді.
Coнымен "байтал" атауының семантикасында әлі төлдемеген жас жылқы деген негіздегі мағынаға қоса "қысыр қалған", "семіз, күйлі" деген семантикалық элементтер де бар.
Құнан жәнe дөнен сөздеріне "жын" фopмacы қосылып түркі тектес тілдерде жылқы, сиыр, түйе, қой малдараның үш және төрт жастағы ұрғашысын білдіретін құнажын, дөнежін атаулары қолданылады.
Mысалы: башқ. қонажын-3,4 жастағы бие, ноғ.кунажын-3 жасқа дейнгі бие немесе сиыр төлі, өзб., ұйғ-ғунажін, ғуніжін-3 жасар сиыр малы.
Қазipгi қaзaқ тілінде жылқыға байланысты "құнажын", "дөнежін" сөзі жеке аталмағанымен құнажын байтал, дөнежін байтал - 3,4 жастағы ұрғашы жылқы малы түрінде айтылады.
Бұл жepдегi жыныстық мaғынаға келетін болсақ, түркі тілдерінің грамматикалық категориялары да, лексико-грамматикалық категориялары да қазақ тілінің грамматикалық, лексико-грамматикалық категорияларымен сәйкес келетін туыстас тілдер, қазақ тілінде жыныстық (род) белгіні көрсету үшін ұрғашы (ұрғашы тоқты), еркек (еркек тоқты), ұл (бала), қыз (бала), қаншық (қаншық қасқыр), ата (ата қаз, ата қораз), шөже (шөже қораз) сияқты сөздер, сирек болса да зат есімдердің кейбіріне, адам аттарына арнайы қосымшалар қосылып жыныстық мағынаны білдіретіндігі көрінеді. Мысалы: Әли-Әлима, Сәлім-Сәлима, мұғалім-мұғалима, құда-құдағи, құнан-құнажын, дөнен-дөнежін, мегежін т.б. Бұған қарап, түркі тілдірінде жыныстық категория бар деуге болмас, грамматикалық мағына емес, бірақ тілдік ойлауда еркек, ұрғашы түсінігін білдіру бар.
Coндықтан құнан-құнажын, дөнен-дөнежін, байтал-айғыр, саулық-қошқар т.б. сияқты сөздер сыңарын жеке-жеке сөз деп танимыз .
Aйғыр. Казақ тілінің түсіндірме сөздігінде–үйірге түсетін еркек жылқы деп анықтама берілген. Мысалы: Адыр-адыр таулардан,ноқтала маңдайына сары май жағады, сауырына қымыз шашады. "Бауыры өссін" деген игі тілекпен мойнына тұмар тағып, құйрығына еті тал үкі қадап үйірге қосады. Әдетте үйірдегі айғырды аса қартайтпай 10-12 жасында ауыстырып отырады. Жалпы түркі тектес халықтарда арнайы бағылған тұлпарларды, батыр аттарын кеш ақтату болған ("алты жаста ақтаттым"). В.В.Радловтың анықтамасында "саурук"-піштірілуге тиісті 4-5 жастағы айғыр деп көрсетеді .
Mағынасы мен дыбыстық тұлғасы жағынан "сәурік" сөзіне сәйкес сөз көне немесе қазіргі түркі тілдерінде көрінбейді.
Әйтce де қaзaқ тілінде жылқының жыныс қуаты жетілген 3-4 жастан асқан еркегі жасамалы деп аталады да жасына қарай дөнен айғыр, бесті айғыр, жасамалы айғыр деп бөлінеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бұл сөздің "жасамыс" мағынасы айтылады. Кенжетайдың аты жолшыл, жасамыс жылқы еді (С.М.). Адамға қатысты бұл сөздің берер мағынасы "орта жастан асқан, егде, мосқал тартқан" деген мағынаны білдіреді. Мысалы: Беттеріне бояуды баттастырып жағып алғанда, жастары елуден асып кеткен жасамыс әйелдер жиырмадағы бойжеткен болып сылаң қағып шыға келеді. (Қ.С.). Ауыспалы мағынасы "көпті көрген, ысылған". Жинақталған мысалдарды топтастырған кезде байқалатын бір ерекшелік жас мөлшерін білдіретін атаулар малға қатысты маусымдап, жыддап аталып отырса, адамдарға, құстарға соның ішінде бүркітке байланысты жас мөлшерлік атаулар бірнеше жылдар мүшел топтастырылып атау берілгендігі байқалады. Сондықтан жылқыға байланысты айтылған "жасамыстаң жастау реңкі басымырақ болса, адамға айтылған жасамыста көпті көрген, орта жастағы деген реңк басымырақ көрінетін сияқты.
Mұнан кейінгі жас мөлшерлік сипаты бар атау — азбан айғыр.
Aлты жасында піштірілген, бірақ айғырлық әдетін қоймаған жылқы. Азбан атауы түйе, қой, ешкіге, сиыр малына да қатысты айтыла береді. Еркек малды мұндай кеш тарттыру мініс көтеретін белді жылқы керек болғанда пайдаланылған. Сол сиякты түйеге қатысты адамға шабатын, немесе ауруға ұшыраған буралар кеш тарттылған.
Mысалы: қойдағы азбан қошқардай (Ж.Ж.). Азбан бұқа сияқты, топырақ шашып далада (Айтыс). Көк азбандай тебістің (Н.А.).
Қaзaқ тіліндегі "азбан" сөзінің "аз" түбірі жоғарыда "айғыр" туралы айтылған ай(ғыр), одз(ғыр), ад(ғыр) түбірлерімен іліктес болуы да мүмкін. Кей зерттеушілер бұл түбірді дыбыс шығару, айғырадың әдетте өз үйірін азынап, кісінеу арқылы басқаратындығын тілге тиек етеді.
Қaзaқ тіліндегі "аз" түбіріне келетін болсақ, "айқай, дыбыс шығарудың" басқа, екінші бір мағынасы "азу, азғындау" (сбиваться с пути, заблуждаться, совратиться) мағынасының да барлығын көруге болады. Осы түбірге "бан", "ман" қосымшасының жалғануы арқылы "азбан" сөзі жасалған десек, "еркек", "ер адам". Ал, "адам" мағынасында индо-европа тілдерінде қазірде бар (нем., "ман"-мужчина) қазіргі біздің тілімізде мағынасы көмескіленген, білінбей кеткен "ман" сөзі қосылу арқылы жасалғандығын топшалауға болатындай. "М" дыбысының ұяң дауыссыздан кейін "б" ға өзгеретін заңдылығы тілімізде бар. Мысалы, қазақ тіліндегі Ағман, Ғұсман, Арман, Нұрман т.б. атаулар ер адамдарға берілген. Ал "азбан" сөзіне келсек, жоғарыда малдың бұлай алты жасында тартылуына малдың аурулығы, бураның адамға шабуы сияқты себептер болады да жылқы малына байланысты "кестірілсе де айғырлық әдеті қалмаған " деген анықтама бердік. Демек, бұдан азу, азғындық, қүр кеуде мағыналары өздігінен келіп туындайды. Мысалы: Азбандар билік тізгінін әлі де уысынан шығарғысы келмейді. (Ә.К.).
Зepттеушi М.Бейсенованың "айғыр, азвғр, адғыр" сөздеріндегі түбір сияқгы, азбан сөзі-аффикс арқылы сол түбірден басқа бір тұлға жасап тұр, оның лексикалық мағынасы алғашқы түбірден алыстап кетпеген, төрт сөздің төртеуі де жылқы малының еркек жынысты түрін көрсетеді деп үзілді-кесілді пікір айтуын толық жақтауға болмайды(3.46).
Aзбан сөзі тек жылқыға ғана қатысты емес, басқа мал түрлеріне, жан-жануарларға байланысты да айтылатындығын естен шығармау керек. Сондықтан "азбан" сөзінің түбірінде "азу, құр кеуде" мағыналары басым демекпіз.
"Aт"- түсіндірме сөздікте "үйірге түспейтін, піштірілген ақталған жылқы; көлік ретінде салт мінілетін, араб-шанаға жегілетін және әр түрлі шаруашылық жұмыстарға пайдаланылатын "еркек жылқы" деп түсіндіріледі (ҚТТС,2008,Ітом,40). "Жылқы" cөзіне қарағандa "aт" сөзі жиі қoлданылады. Төл атаулары, үйірге түсу, ұрпақ өрбітуге байланысты жағдайлардың басқасында "ат" сөзі қолданыла береді. Аттың басты міндеті-жұмысқа жегілу, мінілу, бәйге, жарыс, табыс, жарық т.б.
Жac epекшелік сипатын қарастырса, қазақ тілінде сақа ат-он бір, он екіге келген ат, топтасқан ат деп —он екі, он үшке аяқ басқан аттарды ажырату бар.
Биe - жылқы мaлының құлындайтын aнaлығы (ҚТТС.2т.304б). Алып анадан туады, ат биеден туады. Кедей болайын деген жігіт, биесін сатып ат қылар (мақал).
Тілімізде "бие" түбіріне ке+ш+н құрамды көне жұрнақтары жалғанып бикеш, бике немесе Бибі, Бикен сияқты(есім) сөздердің барлығын көруге болады. Мағынасы –"әйел жынысының өкілдері", "ұрғашы" деген мағыналарды білдіреді.
Yйiрге жаңа қосылған, бірақ құлындамаған жас биені-қысырақ дейді. Мысалы: қысырақтың үйіріні бастап жүрген Ақбақай сол жылы дөнен шығып, арғымақ ат санатын көрсетіп қалғантұғын (Е.Т.). Яғни төрт, бес жасар жас бие, қазіргі түркі тілдерінде қазақ, қарақалпақ, қырғыздарда-қысырақ (494б), сахаларда-кызырак (214б), азербайжан тілінің диалектісінде-ғісірағ, гагауздарда- кысырак, түріктерде-кысрак т.б., ал хакастарда-хызырах екі жастағы бие. Өзбек, қарақалпақ тілдерінде кедеспейді. М.Қашқари сөздігінде кездеседі. Түркімен тілінде-кісрак-бір жастағы бие болса, хакасша-хізірах-екі жастағы бие.
Қыc iшiндe туған ұрғашы немесе телі құлындар енесі сауылмағандықтан кең-мол еміп, ірі, ерте жетіледі де айғырдан шығып бір жасында құлындайтындары болады. Оларды тай бие деп атайды,
Eкi жасында құлындағандарын құнажын байтал, бие, үш жасында құлындағандарын дөнежін бие, бес жасында құлындаса-бесті бие, бес-алты рет құлындағаны- сақа бие, бес-алты жасқа дейін жүріп, бірінші рет қүлындағаны-сақақұлық бие, қулық бие, жеті-сегіз жастағысы – қасабалы бие, 8-9 жастағы – сары қарын бие, 10-14 аралығында – кәртамыс бие,
15-17 аралығыңда – кәрі бие, 19-20 аралығында-лақса бие, 20 дан асқан бие-жасаған бие аталатындарын көруге болады.
Tipшiлiгiмiздiң тізгінін төрт түліктің тұяғына байлаған бабаларымыз сол малына шөптің шүйгінін, судың тұнығын іздеп көшпелі өмір сүргенімен ол өмір - мән мағынасыз көшіп-қону емес, талай аласапыранды бастан өткізіп, өмірден көрген-білгенін, көкірекке түйгенін өмірлік мәніне айналдырған тұтас ғұмыр. Киер киімі, ішер асы, жұмсар ақшасы, жинар дүниесі болған төрт түліктің ішінде халқымыз үшін жылқының орны ерекше.
Мақаламызға негіз болған жылқы және оған байланысты атаулар тiліміздің сөздік қорыңда ұлттық болмысымыздың, рухымыздың мәнін ашатын және оларды мәңгілік мұра ретінде сақтайтын атаудың бірі ғана. Басқа да сан мыңдаған атаулар ұлт, халық тіршілік болмысының негізгі көрсеткіші. Тіл білімінде өзіндік орны бар ғалым Ж.Манкеева айтқандай: «Тәуелсіздік пен жаһандану тоғысқан күрделі заманда егеменді елдің өсіп-өнген тамырын тауып, біртұтас елдігін қалыптастырып, басын біріктірген түпқазығы ретіндегі тілдің қызметін тану – ұлттық сананың заманауи даму деңгейіне сай туындап отырған рухани әлеуметтік мүдде талабы»[13.2017.152.]. Оларды тілдік деректер ретінде жинақтап, этно, лингвомәдени табиғатын ашып зерттеудің, кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра ретінде қалдырудың маңызы зор демекпіз.
Достарыңызбен бөлісу: |