Дәрістің тақырыбы. Қазақстандағы этнопсихологиялық көзқарастардың дамуы.
Жоспар:
1.Қазақстандағы этнопсихологияның дамуы.
2.Қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілерінің үлесі.
3.Этникалық ерекшелік туралы түсінік.
4.Қазіргі кездегі этникалық иденттілік өсуінің психологиялық себептері.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап әлемдік масштабта ұлттардың өз тұрмысын сақтауы, тұрмыстық мәдениеттің кайталанбастығының және психологиялық құрылымның ерекшеленуіне, адамның белгілі бір этникалыққа жататындығы - ұлттық сана-сезім немесе этникалық иденттілікке ұмтылыс үрдісі басталды. Барлық континенттердегі көптеген елдердің тұрғындарына әсер ететін бұл құбылыс басында қазіргі күндегі этникалық парадокс атауына ие болды, себебі ол өсіп келе жатқан рухани және материалдық мәдениеттің унификациясымен бірге жүреді. Бірақ казіргі күндегі этникалық қайта тірілу XX ғасырдың екінші жартысындағы адамзат дамуының негізгі белгілерінің біреуі деп қарастырылады. Өз тамырларына деген қызығушылық бөлек адамдар мен бүкіл халықтарда сан алуан формада көрініс табады: байырғы заманғы дәстүрі қайта тірілту тәсілінен бастап, кәсіби мәдениетті фольклоризациялау, «құпия ұлттық жанның» ізденісі мен өз ұлт мемлекеттілігін құру жэне қайта кұруға дейін. Өкінішке орай, бұл заңдық мүдделер басқа ұлттық мүдделермен кездескенде, біз этноаралық конфликтілер жағдайына куә боламыз. Бірақ та егер бүкіл әлемде әр түрлі ғылымдардың өкілдері 30 жылдан аса этникалық қайта тірілуді зерттесе, бұрынғы КСРО-да процесс қарама-қарсы бағытта өтті: ұлттар, қоғамдастықтар керісінше бір-біріне жакындаған, ал ұлттық сұрақ толығымен шешілді деген.
Алайда казіргі кездегі адам өмірінде белгілі бір ұлтқа жататындығын түсіну, оның ерекшелігін іздестіру - соның ішінде психикалық ерекшелігін - онда этникалык фактордың психологиялык аспектісін зерттеу қажет. Этнопсихологияның басқа ғылымдар сияқты (этноэлеуметтану, этносаясаттану) дамуы қажет. Этнопсихологтар түрлі ұлттардың өкілдерінің байланыс орнатуы кезінде бірін-бірі түсінбеу себептерін қайдан табу керек екендігін, мәдениетпен шарталған психикалық ерекшеліктер бар ма, этноаралық конфликтілер өсуін қамтамасыз ететін психологиялық кұбылыстар бар ма екендігін анықтайды. Көптеген осы сұрақтардың ішінде этникалық иденттіліктің өсуінін психологиялық себептері туралы сұрақ та бар.
Қазіргі кездегі этникалық иденттілік өсуінің психологиялық себептері.
Ол жеке ғылым ретінде 19 ғасырдың орта кезінде көріне бастады. Ал, қазақ топырағындағы іргетасы Ш.Уалиханов еңбектерінде қаланды. Оның халық рухы дегені осы ғылымның басты категорияларының бірі болатын. Өйткені бұл өзінің колдануы мен мағынасы жағынан этнопсихология ұғымына жақындайды.
Тәрбиешілер мен ата-аналардың сұраулары бойынша осы ғылымдарға байланысты кейбір әдебиеттерді оқуға ұсынуды орынды санаймыз.
Біз мектепте де, үйде де шәкірттерге этнос тағдырын өз тағдырындай қабылдауды, тұрмыстағы және қоғамдағы этносқа ортақ өмір заңын әр бір мәдениетті адамның өз тәжірибесі ретінде түсінетіндей етіп керек. Мұндай қасиетті бойына дарытпаған, өз этносына тән психологиялық ерекшеліктерді, мінез-құлык ережелерін сақтай алмайтын тұлғаны кемелденген, өзінше дербестікке жеткен азамат деуге, жалпы толыққанды адам санатына қосуға болмайды.
Этнопсихологиялык фактор әртүрлі әлеуметтік кұбылыстарға да ықпал жасап отырады. Мәселен, экологиялық катаклизм зобаландары салдарынан Қазақстан - түрлі ауруларға ұшыраған балалар үшін жасалған материялдық базасы тіпті, ана тіліндегі емдеу, оқу-нұсқау құралдарын әзірлейтін бірде-бір медициналық - педагогикалық лабораториясы жоқ Одақтағы жалғыз республикаға болып отыр.
Негізгі көрсеткіштері жөнінен қазақ мектептері қазірде Одақ бойынша соңғы орында тұр. Қазірде саны мың жарымға жеткен аралас деп аталатын мектептепрдің де келешегі күңгірт.
Оқытумен тәрбиелеу бір парақтың екі беті тәрізді ажырамас қосарлы процесс ретінде кеңестік тәлім-тәрбиеде дәлелденгені мәлім. Бюрократия қасарыса қорғап отырған мектептердің бірде-бірінде білім берудің психологиялық-педагогикалық принципінің үш тірегі-оқыту, тәрбие және дамыту тұтас сақталмай отыр. Аралас мектептерде балалар ана тілінде оқып, білім алғанымен, бүкіл тәрбие жұмысы мен жеке басты дамыту мәселесі тығырыққа тіреліп тұр. Өйткені, бұларда тәрбие жұмыстары шәкірттердің ана тілінде жүрмейді. Ұлттық өзіндік сана, азаматтық сенім мен тұлғаның қалыптасуындағы аса маңызды халықтық озық тәрбие дәстүрі еленбей, окушылардың бір бөлігінің этнопсихологиялық атрибуты ескерусіз қалдырылады.
Сөйтіп, қазіргі аралас мектептердегі тәрбие жұмысының мазмұны. Ресейдің өркениет өкілдері бұдан жүз жылдан астам уақыт бұрын айыптаған миссионер Ильминский жүйесінің өзінше бір түрі болып отыр.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектеріне сипаттама беріңіз.
2.Этникалық ерекшелікті қалай түсінесің?
3.Қазіргі кездегі этникалык иденттілік өсуінің психологиялық себептерін ашып көрсетіңіз.
Әдебиеттер:
-
Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты. Көмекші құрал. Алматы., 1993ж.
-
Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999
-
Жарикбаев Қ.Б. Этнопсихология. Учебное пособие. А.,
-
Лебедев Н.Н. Введение в этническую кроскультурную психологию. М., 1999
Дәрістің тақырыбы. Тұлғааралық белгілер және оның мәдениетпен байланысы.
Жоспар:
1.Жеке тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.
2.Ұлттық мінез бе әлде менталдылық па?
3.Қалыптылық және ауытқу мәселесі
4.Тұлғааралық белгілер және оның мәдениетпен байланысы.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Әлеуметтік ғылымдардың ұлттық мінездің бар екені мәлім. Ол туралы өте жақсы көлемде түсиндірілген Г.Д.Гачев «Халықтың ұлттық мінездемесі, ойлауы, әдебиеті өте «қу» және қиын «материя» болып табылады. Оның бар екенін сезгенімізбен айыруға тырысамыз. Бұл қауіптен құтылып қашуға болмайды, тек әрдайым түсінуге және онымен күресуге болады, бірақ жеңе алмайсың». Алғашқы «ұлттық мінездеменің» сипаты, яғни түсінігі алғашқыда әдебиеттерде,халықтардың өмір сипатын зерттеу мақсатымен барған саяхатта пайда болды. Айта келгенде авторлар ұлт мінездемелерін қортындылай келе, ең алдымен темпераментке және басқа да жеке тұлғаларына,үшіншіден,құндылық қарым –қатынасына көңіл бөледі. Мәдениетті болжауда,толық поттернді» зерттеуде ең басты мәдениеттегі жеке тұлғаның жаңа терминдері (мәдениеттің конфигурациясы, жеке тұлғаның ерекшелігі және модальдық ерекшелік) пайда болады, одан ол қайтадан «ұлттық мінездеменің» түсінігіне оралады. Бірақ қазір қайткенмен де әр түрлі көзқарас кездеседі. Дегенмен де олар өте құнды болып есептеледі ме, жеке тұлғаның элементі яғни әлемдегі барлық адамдарды біріктіреді немесе диференттік бір-біріне ұқсас жеке тұлға болып табылады. Жағдайдың қиындығының себебі, біздің кезіміздегі мінездің ерекшелігі, психолог түсінігі немесе жеке тұлғаның түсінігі. Дегенменде ұлттық мінездемені қарастыра келе, зерттеуші мынандай түсінік береді - өзінің методологиялық және теориялық көзқарасында - сондағы психологиялық ерекшеліктер бір елдің екіншісінен айырмашылығын анық принциппен көрсетеді. Біріншіден, мүлдем анық этностық мінезді көрсетсе - басқа көрсеткіштер мүлдем басқандайын көрсетеді Мұнда тағы да еңбекқорлық халықтың ортақ құндылығы болып табылады, бірақ та сол елдің тарихи құндылықтары сол елдің санасына, мәдениетіне әсер етеді. Әлеуметтік–тарихи интерпретация ұлттық мінездің бізге белгілі «Мәдениет және тұлға» жұмысында орын алды. Мысалы базалық тұлғаның түп тамыры, жеке тұлғаның әр түрлі мәдениет ортасына әсер етеді. Толық мысалда келтірілген «Құпия орыс жанының» зерттеу жұмыстарында алынған. Себебіне қарай оңай түсіндіруге келетін, орыс ұлттарының мінезі екінші дүниежүзілік соғыста, яғни соғыс заманында байқалған.
Оның ерекшеліктері жоғарыда айтылғандай британдық мәдениет антропологы Дж. Горердің жалғасу болжамынан шығады. Бірақ та, болжамды жақтаушылар нәрестелерді қатты байлап қою тәжірибесін патшалық және сталиндік кездегі автократтық саяси интитуттың негізгі себебі болып табылатынын және осы құбылыс орыс халқының маниакалды-депрессивті базалық тұлғаның қалыптасуына әкелетіндігін айтпайды. Керісінше, олар себептің бір жақты тізбегімен шектелмеуін сұрайды. Ал Эриксон, қатты байлап қою әлеуметтік мәдениеттердегі әмбебап дәстүр екендігін түсініп, оны дәл сол Ресейде одан сайынғы алға басқандығын айтады. Осылайша, оның ойы бойынша, орыс адамдардың қалыптасуына шаруа өмірлерінің суық климаттағы толық пассивтілік пен қызметсіздік әсер ететіндігін айтады. Н.А.Бердяев «орыс жанының формалды негізіне екі қарама –қарсы бастау: «Табиғи, тілдік дионистік стихия мен аскеттік–монахтық провасловие» әсер ететіндігін айтады. Неміс философы В.Шубарт та орыс мәдениетінің соңын батыс мәдениетінің ортасымен салыстыра отыра, орыс жанының негізін православие ерекшеліктерінен аңғартады. Психологиялық антропологияда тек қана орыс емес, сонымен қатар басқа да ұлттық мінездердің зерттеу тәсілдері бар екендігін ашты (балаларды тәрбиелеу тәсілі және балалардың тәжірибелерінің ерекшеліктерін бөліп шығару арқылы). Осылайша, Р.Бенедикт жапондық мінездің қарама-қарсылығын өзінің «Хризантема және қылыш» кітаптарында түсіндіруге тырысты. Бұның себебін ол Жапониядағы әлеуметтану ерекшеліктерінен тапты. Мәдениантропологтар ұлттық мінезді зерттеу кезінде неғұрлым «обьективті» әдістер қолданғанда, олар халық мінез туралы жалпы түсінігін жоғалтып, психологтар сияқты қасиеттердің жиынтығын құрастырады. Соңғы кезде «ұлттық мінез» түсінігі базалық және модальдық тұлға түсініктері сияқты психологиялық және мәдениантропологиялық әдебиеттер беттерінен жоғала бастады. Оның орнына этникалық қоғамдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін белгілеу үшін «менталдылық» түсінігі енді. Сонымен қатар этнопсихологияның қалыптасуының алғашқы қадамдарынан-ақ оның ірі өкілдері дәл сол менталдылықты зерттеп, бірақ басқа атпен атаған. Мысал ретінде О.Даунның «Швед менталдығы» кітабын қолдануға болады. Бұнда сандық (психологиялық тест және репрезентативті таңдауларда алынған сұраулар) және сапалық (терең интервью, мәдени-антропологиялық бақылау) әдістері арқылы алынған мәліметтер бірін-бірі толықтырады. Талдау жасау нәтижесінде Даун шведтерді сипаттайтын белгілерді мұқият түрде сипаттады: коммуникация орнатудан қорқу, жасқаншақтық, ұстамдылық, шындарлық, тәуелсіздік, эмоционалды суықтық және мұң. Бірақ «Анналдар» мектебінің тарихшылары менталдылықты қасиеттердің жиынтығы емес, оны бір-бірімен байланысқан түсініктер жүйесі ретінде түсіндірген .
Қалыптылық және ауытқу мәселесі.
Айтылған және басқа да этникалық психоздардың белгілері – еуропалық бақылаушы үшін экзотикалық қасиеттер, интерпретация мүмкіндігі тек олардың туғызған мәдениеттен екендігі.
Мәдениет психикалық ауытқуларды толғанудың формасын береді, әмбебап аурлардың белгісін шарттай отыра және мәдени-спецификалық аурулар пайда болуына жол береді. Қалыпты емес мінез-құлық сферасындағы мәдениет рөлін мойындау диогностика тәсілдерімен индивидтерді емдеуді қайта қарастыруы қажет.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
1.Жеке тұлғаны зерттеудегі этнопсихологиялық мәселелеріне тоқталыңыз.
2.Тұлғааралық белгілер және оның мәдениетпен байланысын ашып көрсетіңіз.
Әдебиеттер:
-
Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999
-
Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы., Білім. 2005ж
-
Кукушкин В.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. Ростов на Дону., 2000г
-
Мид М. Культура и мир детства. М., 1998
-
Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983
Дәрістің тақырыбы. Әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің мәдени функциясы.
Жоспар:
1.Мәдениеттің регулятивті функциясы.
2.Әлеуметтік психологиядағы салыстырмалы-мәдени тәсілдер.
3.Экспрессивті мінез-құлық пен мәдениет.
4.Жеке тұлғалық немесе бірлестік.
Дәрістің қысқаша мазмұны
20-ғасырдың 2-ші жартысында психиканың этникааралық түрінің негізгі факторы болып мәдениет табылатындығында ешкімнің күмәні жоқ. Мәдениет көп аспектілі ғана емес, сонымен қатар көп құрылымды болып келеді. Оның атқаратын көптеген функцияларының қатарына кіретін ең манызды факторының бірі - ол адам мінез–құлығын анықтайтын қызметі. Адам құлықын анықтауда мінез–құлығын жекелеу дәрежесінде реактивті және белсенді компоненттерін қарастырады. Басқа сөзбен айтқанда әлеуметтік мінез-құлыққа әсерін тигізуде мәдениетте бар мінез-құлықтарын ғана анықтайды. Бұл мінез–құлық мәдениеттің типтік бағдарламасын көрсетеді және де мінез–қылыққа жалпылы жағдайда стандартты реттейді, жеке тұлғаны шешілген дара шешімдерден босатады. Әлеуметтік -типтік мінез–құлық белгілі бір өмір жағдайына қабылданған, ол тек адам басқа мәдениет ортасына түскен жағдайда жойылады.
Әрине бұлар негізгі психологиялық типті анықтайтын барлық өлшемі емес. Американдық зерттеушілердің тексеруі бойынша мәдениеттік айырмашылығы уақытта демек, өткен шақ және осы шақ, сонымен қатар болашақ.
Көптеген қазіргі жаңа зерттеулердің пікірі бойынша (Дж.Берри, Г.Грианди, Г.Хофстед және т.б.) мәдениет бір бірлестікке немесе жекелікке бағытталуы тиіс.
Жеке тұлғалық немесе бірлестік.
Жеке тұлғалық және бірлестіктің тақырыбына әлеуметтік психология пәні жақында ғана қызығушылығын танытты. Алайда жалпы психология және әлеуметтік психологияда оның зерттеуіне көп жұмыс атқарған зерттеушілер жетерлік. Дж.Брунер негізгі мәдениет факторының бірі болып жекелей тұлғалыққа бағытталу немесе бірлестікке бағытталуы керек дейді Брункердің айтуы бойынша әлеуметтік интерпретация қимыл актісі мынаған сәйкес келеді, кейіннен уолф тайпасының баласы болашақта өзін таппен санастырады және жеке тұлға ретінде қарастырмайтын болады. Егер адамның ымишараның сұрағына келсек Дарвин мен жаңа айтып өткен психологтар дұрыс айтқан болса, онда көптеген мәдениеттегі бар әртүрлі елдегі адамдардың эмоцияларының пайда болуын қалай түсіндіруге болады. Әр елдің ымишаралары мен символдарында өзіндік ерекшеліктері бар. Оның қиыншылығыда сонда болып табылады. «Бері кел» деп қолымен ымишара жасау, бәрне таныс болып келеді, бірақ әр ұлтта өз сілтемесі бар; орыстар қолын өзіне қарап ары-бері сілтейді, ал жапондықтар қолын алдыға қарай тартып алақанын астына қарай бұрып қозғалтады. Голландиядағы студенттер жүргізген зерттеуде, қытайлықтар мен күрттер тек имишараның мағынасы ғана емес, сонымен қатар олардың жеке мәдениетінде де қолданылатынын зерттеді. Адамның мінез-құлқымен оның жүріс-тұрысына қарап, оның мәдениеттілігін байқауға болады. Мысалы, АҚШ-та кеудесін тік ұстау оның сенімділігімен күштілігімен сипатталады, ал жапон елінде кеудесін көтеріп жүрген адам өзімшіл деп саналады. Өкіншке орай, біз халықаралық мәдениеттерінің ерекшеліктерін вербалсыз адамның коммуникациясын, мінез –құлық системасы арқылы бейнелей алмаймыз. Қазіргі уақытта жоғарыда зерттелгендердің ішіндегі ең көп зерттеу кеңшілік-уақыттың тілдесу мекемесі болып табылады. Үлкен қызығушылық коммуникацияда қиындығы мен көп компонентті салттар мен дәстүрлерді көпжақты зерттеу болып келеді. Әлеуметтік психологияда тілдесу тек ғана ақпарат алмасу болып қоймай, сонымен қоршаған ортадан жаңа танымдар қабылдау болып табылады. Ғалымдар каузалдық атрибуцияларындағы ерекшеліктерін факторлық мағынасы көптен бәрі кездесіп келеді, сонымен қатар әр халықтың каузалдық арибуттары мен мәдениеттері ерекше. Мысалы, Ақш елдерінде азматтар өздерінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайды, орталық Америкамен салыстырып зерттегенде, дәлел ретінде өзінің 1-ші сыныптағы ұлының өмірнен мысал келтіреді: Ол «қақпа»,«ілу»,«Том»т.б сөздерден сөйлем құраған, соның нәтижесінде «қақпаға Том жеңін іліп алды» деген сөз шыққан. Вайнердің мүсіншісі Үндістан, Жопония, Юар, АҚШ және Юглославияда өткен көп ұлттар психологтары арасындағы салыстырмалы мәдениеттік зеттеулерінде қолданылған. Бірақ топтар арасында атрибуттың жетіспеу ерекшеліктері табылған. Әсіресе жапон және үнді шығыс елдерінің мәдениеттері маңызды рөл атқарады. Жапондықтар сәтсіздік деп жорыған, ішкі жағдайлар, ал сәттлікке - сыртқы көбінесе. Ал үнділіктер керісінше сәтсіздікке азырақ, сәттілікке көп мән берген. Егер Чандлер әріптестерімен зерттеген мәдениеттер жауапкершіліктерінің нәтижесін орнықтырмақ болса, онда көпұлттылардың мәдениеттері зерттеудегі көпшілігінің ерекшеліктері каузалды атрибуцияға байланысты мінездемелері шектеулі ғана болады.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
-
Әлеуметтік мінез –қылықты реттеудің вариативтік мәдениетіне тоқталыңыз.
-
Басқа ұлттардың мәдениетінен мысалдар келтіріңіз.
Әдебиеттер:
-
Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999
-
Этнопедагогика және этнопсихология. Алматы., 1994ж
-
Лебедев Н.Н. Введение в этническуюкросс-культурную психологию. М., 1999
-
Мид М. Культура и мир детства. М., 1998
-
Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983
Дәрістің тақырыбы. Топаралық және тұлғааралық қарым-қатынастар.
Жоспар:
1.Тұлғааралық және топаралық қарым-қатынас.
2.Этносаралық қатынастардың психологиялық детерминаттары.
3.Этностық ұқсастықтың когнитивті және аффектілі компоненттері.
4.Әлеуметтік және этностық ұқсастық.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Этносаралық қарым-қатынастар түрлі көзқарастар жағынан талдана алады, сондықтан қатынастарға қатысты мәселелерді зерттеумен көптеген ғылымдар-мәдениантропология, саясаттану, әлеуметтану,экономика, тарих, психология айналысады. Ал біз болсақ олардың тек әлеуметтік-психологиялық талдауымен шектелеміз .
Оқу құралының бірінші бөлімінде айтылғандай, этносаралық қатынастар психологиясы этноспсихология салаларының арасында ерекше орынға ие, өйткені әлеуметтік психологияның құрылымдық бөлігі болып табылады және мәдениантропология, сол сияқты психологияның басқа салаларымен тек жанама байланыста. Тек қана этносаралық қатынастарға тән ерекше психологиялық құбылыстар мен процестердің болмайтындығын есте сақтау қажет; олардың барлығы кітаптың бұл бөлімдегі біз сүйенетін топаралық қатынастар үшін универсальды болып табылады.
Топаралық қатынастардың тұлғааралық қатынастарға ықпал ету деңгейі онда қосылған адамдардың өздерін және басқаларды, ең алдымен, қандай бір топ мүшелері ретінде қаншалықты қабылдайтындарына байланысты. Осылайша, этникалық аз мөлшерлі топ мүшелері оларға деген айналасындағылардың көзқарасы олардың аралық сипаттарының емес, топтық мүшелігінің қабылдауына негізделген деп жиі санайды және көп жағдайда онысы дұрыс. Мысалы, 1995 сауалнама жүргізілген Петерден антипатияның дәл ұлтттық мотивті бойынша кезіккенін баса айтты.
«Адамдар» ұғымындағы көп мөлшерлі этнонимдер де осыны көрсетеді, мысалы, Сібір мен Шығыс халықтары-наанйлықтарда, нивхтерде, кеттерде және басқаларының көпшілігінде. Ал чукчаның өзіндік атауы – луораветландар - «нағыз адамдар». Бөтендерге деген осыларға ұқсас қатынасты, біз өз-өзіндерін deutsch деп атайтын халықтың орысша атауынан табамыз. Көне орыс тілінде неміс сөзімен анық емес, түсініксіз сөйлеген адамды қалай атаса, осылайша шетелдікті де: орысша сөйлемейтін келемсектер негізінен мылқау ретінде қабылданады, олай болса, адам болса да негізінен зияншыл ретінде.
Егер әлемдік әлеуметтік психологияда кең таралуға ие болған британ зерттеушілері А.Тэшфэл мен Дж.Тернердің жіктеу торын қолданғанда Поршнев концепциясында сөз әлеуметтік идентификциялау мен әлеуметтік дифференцияциялауды жіктеу («біз» және «оларға») процестері туралы болып отыр. Түрлі терминдерді қолдана отырып, олар жалпы писихологиялық принципті ұсынады, оған сәйкес жіктелетін топтардың дифференциациясы (бағалық салыстыру) басқа когнитивті процесс-топтық иденфикациямен (топқа тәуелділікті түсіну) үздіксіз байланысты. Поршневтің дәл айтып келтіруі бойынша: «түрлі қарама-қарсылықтар біріктіреді, түрлі бірігулерд қарама-қарсы қояды, қарама-қарсы қою шегі бұл бірігу бірігулер шегі».
Қоса кетсек, ең жалпы мағынада әлеуметтік ұқсастық өз тобын басқа әлеуметтік қоғамдастықтармен салыстыру процесінің нәтижесі болып табылады.
Этностық ұқастықты әлеуметтік ұқсастықтың құрамдас бөлігі деп санай отырып, жаңа заман зерттеушілері дәл сол уақытта тек оған ғана тән ерекшеліктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік жасауда . Осылайша, америккандық этнолог Ж.Девос этностық ұқсастылықты мәдени дәстүрге айналған және осы кезге немесе болашаққа бағыттталған басқа формаларына қарағанда өткенде қалған ұқсастылық формасы ретінде қарастырған. Этностық ұқсастылықтың тағы бір ерекшелігі мифологиялылық болып табылады, өйткені «оның басты тірегі – жалпы мәдениет, құрылу, тарих туралы миф немесе идея» деген Г. У Солдатовамен келісуге болады.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
1. Этносаралық қатынастардың психолоғиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
3. Әлеуметтік және этностық ұқсастық арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз
Әдебиеттер:
-
Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999
-
Жарикбаев Қ.Б. Этнопсихология. Учебное пособие. А., 1998
-
Гумилев Л.Н. Этносфера: история людей и история природы. М., 1993
-
Лебедев Н.Н. Введение в этническую кросс-культурную психологию. М., 1999
-
Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983
Дәрістің тақырыбы. Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдаудың механизмдері.
Жоспар:
1.Этнопсихологиядағы этноцентрлік туралы түсінік.
2.Этностық стереотиптер зерттеу тарихы, қасиеттері, түрлері.
3.Әлеуметтену, инкультурация, мәдени трансмиссия.
4.Әлеуметтенудің салыстырмалы – мәдениетін зерттеу: архивтік, өрістік және эксперименталды зерттеулер.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Көптеген адам жөніндегі ғылым саласындағы мамандар - осы этнопсихологияның жетістіктері әлеуметтенуді зерттеумен байланысты. Кейбір теоретиктер балалык этнографияны еркін тәртіп сапасымен өзіндік теориямен зерттеу әдістерден ерекшелейді.
Қандай да мәселе зерттелгенмен, барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Әлеуметтенуден мәдениетсіздікті бөле отыра, біріншіден тұлғаның адамдық интеграциясын түсіндіреді. Мәдениетсіздік процесінің - тұлғаның ойынша әлемді тану және мінез құлыкты меңгереді, осының нәтижесінде оның эмоционалды жэне тәртіптерінің ұксастығы нақты берілген. Мәдениет пен басқа мәдениетсіздік арасындағы айырмашылық алғашқы мәдени процесс ең алдымен баланың дүниеге келген күнінен бастап және өмірінің соңында аяқталады. Мәдениетсіздік процесінің соңы – адам, тіл жөніндегі дәстүрге байланысты. Херсковиц мәдениетсіздіктің екі бөлімін қарастырады.
-
Балалық шақта - тілдің шыға бастағанында Херсковицтің айтуынша, осы кез мәдениетсіздіктің дамуы болып табылмайды. Ересектер оны жазалағанда, яғни баланы кешіргенде оның таңдау құқығын бөледі.
-
Кәмелеттік шақ - жеткіншек кезге жеткенде мәдениетсіздіктің көрінуі аяқталады. Бірақ мәдени есейген шақта мінез қалыптасады. Херсковицтің айтуынша мәдениетсіздік туралы түсіндіргенде - көптеген зерттеушілер маңызды киындықтарға ұшырайды. М.Мид әлеуметтану арқылы әлуметтенуді түсіндіреді. Ол мәдениетсіздікті «шынайы зерттеу процесі» деп түсіндірді. Мәдениетсіздік әлеуметтенудің жемісі - субъектінің базалық, психологиялық аспектісі. Дегенмен әрбір саладағы зерттеушілер бізді қызықтыратын ұғымды шектейді, оларды бір шешімге келтіреді, әлеуметтенудің ауқымды екенін байқайды. Қазіргі танда этнопсихологияда тағы бір ұғым қарастырылады - ол мәдени трансмиссия. Мәдени трансмиссияны колдана отырып, топ өзінің мүмкіншілігін арттырады. Ол келер ұрпаққа өзіндік айрықша механизмдермен оқытылады. Трансмиссия үш типке бөлінеді.
Ешқашанда мәдениетті талап ететін «әлеуметтен және әлеумет танушылардан жазып иерархия деңгейі» болған емес. Егер де европалықтардың көзқарасы, санасы бойынша қарайтын болсақ, оларда, ата-аналардан ең бірінші шеше-басты және жалғыз әлеуметтанушы болып табылады, барлық бөлінген фунцияларды атқарады. Көптеген дәстүрлер мәдениетте, бала тек кана әке мен шешеге ғана емес, ол бүкіл қоғамдық жерде, өзі тұратын мекенінің карауында, сәйкесінше олардын баланың тәрбиесіне әсері бар. XX ғасырдың ортасында этнографтар көптеген халықтың балаларының «қозғалысын» байқаған. Белгілі бір аралда 50-60 жыддары 61% бала ата-аналарымен бір үйде, бір жанұяда тұрмаған, олар бір жанұядан екінші жанұяға көшіп отырған. Осы кезде осылай әртүрлі жанұяда тәрбиеленушілер дәстүрі көптеп таралған. «Туыс, Әке, Шеше» деген терминді кейбір мәдениетте жаңа европалықтарға қарағанда олардан көп айырмашылық бар.
Р.Ронер өзінің зерттеулерін жүргізу кезінде этнографиялық архивтерді - «адамдардық карым-қатынастарының аймақтық картотекасын» (Human Relations Area Files - HRAF) қолданған, оны 30 жылдан бастап Йельки университетінде (АҚШ) жинайды. Картотеканың материалдары этиологтармен зерттелген мәдениеттерді жэне географиялық топтарды (мәдениеттердің жалпы сипаттамасы) және заттың («мәдени материалдардың» жалпы сипаттауы) принциптеіы туралы мәліметтерді қамтиды. Заттың топтастыру жан-жақты деп саналатын 79 тақырыптық бөлімдерден тұрады, олар өз кезегінде 8 үлкен дәрежелерге топтастырылған: жалпы мінездемелер (библиография, зерттеу әдістері, география, дін және т.б.); тамақ және киім; үй және технология; экономика және қозғалыс құралы; жекелік және отбасылық іс-әрекет; қауым және билік, ауқаттылық, религия және ғылыми; өмірлік ағымдар.
Екіншіден, алты денгей бір-бірінен тәуелсіз екендігін анықтау. Ең соңында зерттеушілерге оларды екі полюскетік тәрбиелеу деңгейлеріне сәйкестендіру мүмкін болды. Бір полюс-уступчивостьқа оқыту (тыңдауға, жауапкершілікке, біртіндеп қамқорлыққа), екіншісі - самоутвержденияға оқыту (жетістікке ұмтылу, өз беттілікке тәуелсіздікке). Басқа сөзбен айтқанда, Барри және оның әріптестерінің ойынша, барлық мәдениетті шектеулі уступчивостің тәрбиелеу бағытынан өзіндік бекітуге дейін ұмтылуын өңдеуге болады.
Келесі сұрақ, неге қоғам сол немесе басқаша тәрбиелеудің практикасын таңдайды? Оған жауапты американдық зерттеушілер іздеген.Олар топтың ең алдымен баланың қажеттілігінің, оларға есейген кезде тұрмыстық іс- әрекетінің анықталған типімен қоғамда қажет болатындығымен қызыққан. Олдардың болжамдары бойынша мал бағатын және жермен айналысатын қозғалатын мүшелері үшін, онжа жыл бойы бірлесіп күш салу арқылы материалдық ресурстар жасалынады және қалыптасады және де олардың молшылықтары болуы мүмкін (қоғам «тағымның үлкен қорымен», олардың терминологиясы бойынша), ең алдымен жауапкершілік консерватизм функциоланған. Ал аңшылардың және жинаушылардың қоғам мүшелері, өздеріне сенімді және тәуекелге барушы болуы керек.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Әлеуметтену, инкультурация, мәдени трансмиссия ұғымдарына сипаттама беріңіз.
2.Әлеуметтенудің салыстырмалы-мәдениетін зерттеулеріне мысалдар келтіріңіз.
Әдебиеттер:
-
Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999
-
Жарикбаев Қ.Б. Этнопсихология. Учебное пособие. А., 1998
-
Гумилев Л.Н. Этносфера: история людей и история природы. М., 1993
-
Лебедев Н.Н. Введение в этническую кросс-культурную психологию. М., 1999
Достарыңызбен бөлісу: |