ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СЕРІК ҚИРАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
СОӨЖ:
4.1. ХІХ ғасыр әдебиеті туралы еңбектердегі теориялық-тәжірибелік пікірлерді сараптау.
4.2. Мұхтар Әуезовтің ХІХ ғасыр әдебиеті туралы еңбектері
Орындаған: Умирбекова Балауса 307-топ
Қабылдаған: Каримова Г. С.
Алматы 2023
4.1. ХІХ ғасыр әдебиеті туралы еңбектердегі теориялық-тәжірибелік пікірлерді сараптау.
XIX ғасыр қазақ халық әдебиетінің нағыз жинаушысы этногроф Әубәкір Ахметжанұлы Диваевтан бастау алады. Одан кейін де біртін келе, көптеген ғалымдар еңбегінде сол ғасырға арналған тұжырымдар, түрлі зерттеулер жарық көре бастаған болатын. ХІХ ғасыр әдебиетінің негізгі бітім-болмысы, саяси-тарихи жағдайлары Х. Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішов, Р. Бердібаев, М.Мырзахмедов. М. Мағауин, А. Жақсылықов, Б. Омарұлы т.б ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Бұлардың барлығы дерлік өзіндік құны бар еңбектерін айта өткен.
Ахмет Байтұрсынов “Әдебиет танытқышта” қазақ әдебиетінің теориялық негіздемесін жасап, терминдік өрісін білгіледі. Сол әдебиеттің XIX ғасырлардағы үлгісі де, айрықша бөлініп, аса нақтылы ғылыми негізделудің фактісі, материалы болды.
Х.Досмұхамедұлы қазақ халық әдебиетінің жанрлық классификациясын жасады. Ол классификацияның да негізгі материалы осы - XIX ғасыр әдебиеті екені анық.
М.Әуезов “Әдебиет тарихында” қазақ әдебиеті тарихын жасаудың қисындарын алғаш рет мақсатты түрде алға тартып, ғылыми дүйенің үлгі негізін ұсынды. “Әдебиет тарихындағы”, “Тарихи жырлар”, “Зар заман әдебиеті”, “Айтыстардың” елеулі арнасы - ХІХ ғасыр әдебиетінің екінші жартысына тән. Сонымен бірге, ХІХ ғасырда ауызша әдебиеттің байырғы үлгілері де қатар жасап отырғанын ескіргенде, “Әдебиет тарихының” барлық бөлімінің ХІХ ғасыр әдебиетіне қатысы бар екенін аңғарамыз. 1927 жылғы “Әдебиет тарихы” оқулығындағы зар заман ақындарына байланысты зерттеуінде Мұхтар Әуезов ХІХ ғасыр әдебиетін әлеуметшілдік, ісшілдік, дән мен мәдениет иісі шыға бастаған кезеңдер аясында қарастырылған. Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесінде ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіндік сипаттарын, негізгі даму бағыттарын, көркемдік ағымдарды қарастыру әр уақытта да назарда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |