Әубәкір Ахметжанұлы Диваевтан



бет2/3
Дата10.11.2023
өлшемі19.65 Kb.
#482917
1   2   3
СӨЖ 19 ғасыр әдебиеті Балауса 307

Сәкен Сейфуллиннің “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” (1931) “Қазақ әдебиеті” оқыту-хрестоматияларында да ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілері молынан қамтылған.
ХІХ ғасырдың соңына қарай қазақ тіліндегі баспасөзде «Түркістан уәлаятының газетасы», «Дала уәлаятының газетасы » беттерінде әдебиет материалдары, оларға қатысты пікір, сыни ойлар жарияланды. Орыс тіліндегі түрлі басылымдарда, қазақ тіліндегі басылымдарда Алекторовтың, Диваевтың, Радловтың, Лютшьтің еңбектеріндегі әдебиет үлгілері жарық көріп жатты.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жөнінде 1942 жылғы “Қазақтың ХІХ ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктері” еңбегінде Сәбит Мұқанов былай деген:

“ХІХ ғасыр әдебиетінің дәуірлері одан бұрынға ғасырлардың әдебиет дәуірлеріндей көмескі емес, айқын, ашық. Мәселен, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет жасалды. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдаран бастап просветительдік әдебиет туды. ХІХ ғасырдан бұрынғы ғасырдың ешқайсысының әдебиетін біз нақ ХІХ ғасыр әдебиетіндегі кезеңді дәуірлерге жүйелей алмаймыз. С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиетінде Айтысқа айрықша тоқталды. Айтыс- ХІХ ғасырда жасаған әдебиет үлгілерінің бір түрі. Мұқанов жіктеуінде, бөлуінде (1942ж) сыншыл реализм атауы жоқ, Абай дәуіріндегі әдебиетті мәдениетке үндеу деп бөледі.


Қазақ әдебиетінің қарастырылып отырған кезеңі туралы бұған дейін жарық көрген зерттеулер мен ғылыми еңбектердің маңызы өте жоғары. "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты тарихи мәні тәлімді академиялық көптомдықтың (Алматы, 1960) бірінші томының кіріспесінде, әдебиет зерттеу саласындағы еңбектерге арнайы байсалды талдау жасалған сүбелі тарауларында қазақ әдебиетінің тарихын ежелгі дәуірлерден бері байыптап саралаған зерттеуші ғалымдар мен олардың кітаптары мен талдауларына кең көлемді шолу ұсынылып, лайықты баға берілген. Ол ғылыми мағлұматтар мен кітаптарды түгел тізіп қайталап жатудың реті жоқ деп ойлаймыз. Әрине, социалистік реализм әдісін ұстанған тұста жарияланған зерттеу жұмысының өзіндік саяси сипаты бар екендігі анық, әйтсе де қазақ әдебиетінің тарихына қатысты сараланған ерекше бай мұралар мен деректер, тұлғалы қаламгерлердің талантты толғамдары мен терең танымдық көзқарастары ұлттық әдебиеттану ғылымының қастерлі қазынасы. Өткенді мансұқтау өзектен үзілу. Сөз болып отырған "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты академиялық көптомдық, басқа талантты еңбектер де әдебиеттану ғылымының айналымынан түспейтіні, әлі де талай зерттеу жұмыстарының өзегіне айналуы күмәнсіз. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде де әдебиет тарихы, оның ішінде ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті тарихы мен теориясы жайлы бірқатар іргелі зерттеу кітаптары жарық көрді. Олардың негізгілері қосымша бөлімде ұсынылып отырған қысқаша библиографиялық көрсеткіште берілген.
ХІХ ғасырдан кейінгіге жеткен әдеби мұра сан жанрлы, даму бағыттарының тарихи-әлеуметтік фоны күрделі, қайшылыққа толы аса бай мұра.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет