4
«Евгений Онегин», С.Торайғыровтың «Қамар сұлуы», «Кім жазық-
ты?» атты шығыармалары осыған дәлел емес пе?!
Қазақ романы тақыр жерде, бір күнде пайда болған жоқ. Ол
халықтың баяндау, әңгімелеу дәстүрінің бай үлгілері негізінде қалып-
тасқан. Ел өмірінің
шынайы суреттерін бейнелеп, қоғамның әлеу-
меттік өмірінің әр қырынан сыр шертетін бұл шығармалар, әдебиет
тарихынан лайықты орын алған туындылар деуге әбден негіз бар.
М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» (1910), Ж. Аймауытовтың
«Қартқожа», «Ақбілек» (1926-1928 ж.ж.) романдары – осы жанрдың
жарқын үлгісі. Әдебиетіміздің кейінгі дәуірлердегі өркендеуіне жол
көрсеткен, көркем прозаның дамуына өз дәрежесінде ықпал жасай
білген, халықтың мәдени өміріндегі
оң өзгерістердің алдыңғы са-
пында болған қаламгерлер шығармашылығының маңызы өте зор
болды.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында бүтін бір қазақ ұрпағының руха-
ни, әдеби шамшырағы Абай еді.
М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов,
М.Әуезов шығармалары – нағыз класикалық әдебиет туындылары:
жекелей ерекшеліктері, стилі, көркемдік жағынан бір-біріне ұқсамай-
тын, хас шебердің қолынан шыққандай ерекше дүниелер. Әдебиеті-
міздің саны емес, сапасы жағынан жаңа белеске көтерілген кезеңі еді.
Адам жаны, оның арман-мүддесі, не үшін өмір кешті, неден қиналды,
неге ұмтылды, кейіпкердің іс-әрекеті неге солай болды, не сезінді,
қандай күйді кешті деген сансыз
сұрақтарға жауап берген осы
шығармалар арада жылдар өтіп халқымен қайта қауышты. Бұл –қайта
оралған әдебиет. Бұл - шыншылдығымен, сыршылдығымен, сөз
кестесінің әсемдігімен, көркем бояуымен сәтті шыққан дүниелер.
Көркемдік стильдік ерекшелігімен, сөзімен ғана есте қалмайды,
адами құндылықтардың мәселесімен есте қалады, бағасы да сонымен
өлшенеді.
Қайта оралған жазушылардың стилі де бір күнде пайда болған
жоқ. Қазақ прозасының жанрлық және стильдік дамуы ғасырлар
бойы дайындалған, сұрыпталған, яғни бұдан бұрынғы қазақ эпостық
жанрының дамуымен байланыста қалыптасқан. ХХ
ғасырдағы қазақ
прозасын жаңа белеске көтерген қаламгер Ж. Аймауытов шығарма-
шылығы әдебиетіміздегі психологиялық роман жанрының бастапқы
үлгілерінің негізін қалайды.
Ғасыр басындағы шиеленісті күрделі оқиғаларды игеруге тал-
пыныс жасаған роман - ұлт-азаттық көтерілістің қазақ даласын дүр
5
сілкіндіруін ғана емес, халықтың рухани дүниесінің жаңғыруын бей-
нелеген шығарма.
Жаңа заманның жаңа кейіпкерлерін бейнелеуде роман жанры-
ның мол мүмкіндіктері бар еді.
«Қазіргі қазақ әдебиеті» оқу құралында бағдарлама бойынша
студенттерге өтілетін ақын-жазушылар шығармаларына тоқталуды
мақсат еттік. Бұл еңбекте М.Жұмабаевтың табиғат лирикасы, поэ-
малары, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», «Қартқожа»
романдары,
Б.Майлиннің «Қара шелек» әңгімесі идеялық-көркемдік жағынан қа-
растырылды. Кеңес дәуірі кезіндегі шығармаларға бүгінгі көзқа-
распен қайта баға беру, образдардың сомдалу ерекшеліктері, орыс
әдебиеті шығармаларымен салыстыру жасау, жазушылық шеберлік,
оның ішінде детальдарға, астарлы сөздерге көңіл аудару мәселелері
сөз болады. ХХ ғасырдың басынан бергі әр түрлі сын, зерттеулерге де
орын берілді.
Достарыңызбен бөлісу: