Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Өкім



бет1/66
Дата17.11.2023
өлшемі409.99 Kb.
#483511
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
clco 31122015 187 doc



ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
АЛҚА


ӨКІМ


2015 жылғы «29» желтоқсан № 187 Мәскеу қаласы
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Дәрілік препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа және медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттардың жалпы сипаттамасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» шешімінің жобасы туралы

1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Дәрілік препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа және медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттардың жалпы сипаттамасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» шешімінің жобасы (қоса беріліп отыр) мақұлдансын және ол Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына ұсынылсын.


2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия


Алқасының Төрағасы В. Христенко

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
КЕҢЕС


ШЕШІМ

« »   20 ж.



қ.

Дәрілік препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа және медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттардың жалпы сипаттамасына қойылатын талаптарды бекіту туралы

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Дәрілік заттар айналымының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 4 және 8-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің функциялары мен өкілеттіктерінің 98-тармағына (Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің № 1 қосымшасы) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі дәрілік заттар айналымының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді іске асыру туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 108 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:


1. Қоса беріліп отырған дәрілік препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа және медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттардың жалпы сипаттамасына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы Шешім, қай күннің неғұрлым кейінгі күн екендігіне қарай, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім күшіне енген күннен бастап не 2015 жылғы 2 желтоқсанда қол қойылған Армения Республикасының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге қосылуы туралы хаттама күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап ерте дегенде күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет