Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. XVII ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясының діни жалауы
болған ілім?
2. XVII ғ. Англияда қанша революция болды?
3.1628 жылғы «Құықықтар туралы Петициясының» мазмұнын ашыңыз.
4. Ағылшын революциясы кезіндегі негізгі оқиғалар мен заң
саласындағы жаңашылдықтарды атаңыз.
5. Ағылшын буржуазиялық революциясы кезінде қызмет еткен «саяси
партияларға» сипаттама беріңіз.
6. Конституциялық монархияның орнауы қандай заңдармен бекітілді?
7. Конституция дегенде ағылшындар не туралы айтады?
8. Англияда министрлер кабинеті мен екі партиялық жүйе қалай пайда
болды?
9. XVII - XVIII ғғ. өткен алғашқы буржуазиялық революциялардың
тарихи маңызы неде болды?
10. Англияда өнеркісіп төңкерісі қай жылдары болды?
11. Өнеркісіп төңкерісінің әлеуметтік нәтижелері қандай?
3-дәріс. Солтүстік американдық революция және
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) құрылуы.
1. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары, олардың жағдайы
2. 1774-1776 жылдардағы континентальды конгрестер, олардың негізгі
шешімдері
13
3. Тәуелсіздік соғысы, оның нәтижесі.
4. 1787 жылғы АҚШ Конституциясы. 1791 жылғы Құқықтар
туралы билль.
Алғашқы ағылшын тұрақты қоныстары қазіргі заманғы Вирджиния
штатының территориясында 1607 жылы пайда болды, ал XVIII ғ. ортасына
таман Солтүстік Америкада 13 ағылшын отарлары болды.
Солтүстік
американдық
отарлардың
әлеуметтік-экономикалық
дамуының маңызды ерекшелігі болған - онда құлдықтың болуы еді. Құлдық
еңбектің бұл отарларда кеңінен пайдалануының негізгі себебі болған –
колонистердің жерді иемденуге жеңіл алуына байланысты болды.
«Ақ» құл күшінің көздері иммигранттар, саяси себептер бойынша
сотталған адамдар, қылмыстық қылмыскерлер, дәрменсіз борышкерлер
болды. Біртіндеп «ақ құлдықты» одан арзанырақ «қара құлдық» ысырып
шықты. Бірақта бұл отарлардың әлеуметтік-экономикалық құрылысында
феодализм элементтері аз болды, сондықтан капиталистік құрылыстың
элементтері тез пайда бола бастады.
Қант қамысы, мақта, темекі өсіретін отарлардың оңтүстік тобында
экономика құлдыққа негізделді. Фермерлік шаруашылықтар және
мануфактуралар дами бастаған отарлардың солтүстік тобында, экономика өте
тез капиталисттік сипатқа ие бола бастады. Отарлардағы ортақ базардың
қалыптасуы және олардың арасындағы экономикалық қатынастардың
күшеюі, капитализмнің дамуы солтүстікамерикандық ұлттық қалыптасуына
әкелді.
Отарлардың экономикалық дамуына қарай метрополия мен олар
арасында қайшылықтар арта түсті. Ағылшын үкіметі отарларды шикізат көзі
және ағылшын өнеркісібінің тауарларын сататын базар деп есептеді және
олардың өнеркәсіптік дамуын тежеу саясатын жүргізді. Отарлар өз кезегінде,
оларға метрополияның Ұлы еркіндіктер хартиясы, Құқықтар туралы билль,
жалпы құқық ережелері, әділеттік құқық сияқты құжаттары таралатын
өздерін ағылшын тәжінің еркін бодандары деп есептеді. Метрополияға қарсы
жаппай қозғалыстың туындауна нақты себеп болған, XVIII ғ. 60-шы жылдары
ағылшын үкіметінің қабылдаған мынадай шаралары: Аллеган тауларынан әрі
жерлерге колонистердің қоныс аударуына тыйым салу, герб салығы туралы
заңның қабылдануы, барлық американдық көпестердің мүдделеріне нұқсан
келтірген, контрабандалық саудамен күрестің кұшеюі. 1765 отарларда
конгресс шақырылды, ол ағылшын парламентінде өкілдері болмаған
отарларға метрополияның салықтар салу құқығы жоқтығын жариялады.
Американ революциясы басында ұлт-азаттық қозғалыс ретінде
басталып, кейінірек тәуелсіздік үшін соғысқа айналды. Бұл революцияның
ерекшелігі - ол бір мезгілде ұлттық-азаттық, ұлттық-біріктіруші және
антифеодалдық қозғалыс болды.
1774 ж. Филадельфия қаласында отарлар өкілдерінің Бірінші континен-
талдық конгресі өтті, ол ағылшын тауарларын бойкоттауға шақырды, бірақта
14
сонымен қатар, олар метрополиямен ымыраға келуге тырысты, сол үшін
корольге қысымдарды тоқтатуды және тәжбен байланысты үзуге сылтау
бермеуді талап еткен петицияны құрастырды. Бұған жауап ретінде ағылшын
үкіметі бүлікшілерге қарсы әскери қимылдарды бастады.
1775 ж. мамыр айында Екінші континенталдық конгресс ашылды. Ол
барлық отарларға баяғы отарлық биліктің орнына жаңа үкіметтерді құруды
үсынды, отарлардың Англиямен соғыс жағдайында екенін мәлімдеді және
тұрақты әскери күштерді құру туралы шешім қабылдады. Американ
армиясының әскери қолбасшысы болып Джордж Вашигтон тағайындалды.
Әрбір отар өзін тәуелсіз республика – штат деп жариялады.
1776 жылдың 4 шілдесінде Үшінші континенталдық конгресс
революциялық сипаттағы Тәуелсіздік Декларациясын қабылдады. Декларация
метрополиядан мемлекеттік тәуелділіктің түпкілікті тоқтатылған туралы және
тәуелсіз Америка Құрама Штаттарының құрылғанын жариялады. Отарлардың
метрополиядан бөлінуі - ағылшын үкіметінің американдықтардың
құқықтарын бұзуымен түсіндірілді. Декларацияда былай делінген еді:
«Барлық адамдар тең болып жаратылған және Құдай тағалла туысынан оларға
ажырамас құқықтар берген, олардың қатарына – өмір, еркіндік, бақытқа
ұмтылуы жатады.Бұл құқықтарды қамтамасыз ету үшін басқарушылардың
келісімімен өзінің әділ билігін алған үкіметтер құрылған. Егер Үкіметтің осы
нысаны негізгі құқықтарды қамтамасыз етпесе, онда халық оны өзгертуге
немесе жоюға және жаңа үкімет құруға құқылы»
Бұл тарихтағы бірінші, формальді түрде халық егемендігі принципін
және халықтың революцияға шығу құқын мойындаған мемлекеттік-құқықтық
құжат.
Тәуелсіздік соғыс барысында штаттардың бірігу қажеттігі туындады,
сондықтан штаттар өкілдерінен тұратын конгресс 1781 жылы «Конфедерация
туралы баптарды» бекітті.
Оған сәйкес штаттар, Америка Құрама Штаттары деп аталған
конфедерацияға мүшелікке кірді. Конфедерация органдарына берілген
құқықтардан басқа, әрбір штат өзінің тәуелсіздігі мен құқықтарын сақтап
қалды. Әр штат бөтен штаттарға көмектесуге және бір-бірінің ішкі істеріне
арласпауға міндеттеме алды. Олардың азаматтарына барлық штаттарда бірдей
дәрежеде сауда және өнеркәсіптік артықшылықтар мен жеңілдіктер, еркін
шығу және келу құқығы берілді.
Құрама Штаттардың ортақ істерін жүргізу үшін Конгресс құрылды. Ол
әрбір штаттан жыл сайын сайланатын саны 2-7 аспайтын делегаттардан тұрды.
Конгреске халықаралық келісімдерді жасау, соғыс және бейбітшілік
мәселелерін шешу, әскери қажеттіліктер үшін штаттардан жиналған қаржыны
пайдалану, армияның басшылық құрамын тағайындау сияқты құқықтар
берілді. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Конгрестің көптеген
шешімдері, барлық штаттардың тоғызы бекіткенде ғана заңды күшке ие
болатын еді. Конгрестегі мәселені шешу барысында әр штат бір дауысқа ие
15
болды. Конгрестегі сөз және жарыссөздер бостандығы, сондай-ақ
депутаттарға қол сұғылмаушылығы қарастырылды.
Конфедерациияның құрылуы тәуелсіз соғысы барысындағы ел күшінің
бірктірілуіне септігін тигізді және оның жеңісіне әкелді. Ұлыбритания АҚШ-
ның толық тәуелсіздігін 1783 жылы жасалған Версаль бейбіт бітімі бойынша
мойындады.
1787 жылғы АҚШ Конституциясы. 1791 жылғы Құқықтар туралы билль.
1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы, оған енгізілген 27
түзетулермен, елде осы уақытқа дейін өмір сүреді.
Оны қабылдау мынадай экономикалық, саяси, әлеуметтік және
идеологиялық жағдайларға байланысты болды: соғыстан кейінгі кезеңнің
экономикалық қиындықтары, жаңа азамат соғысының қауіпі, штаттарды
біріктіру қажеттілігі және билікті орталықтандыру – осының барлығы біртүтас
мемлекетті құруды талап етті.
Конституцияны, 1787 жылы Филадельфия қаласында шақырылған, оған
штаттар 55 делегат жіберген, Конституциялық конвент қабылдады. Бұл
делегаттардың барлығының мемлекеттік-құқықтық және кәсіпкерлік қызмет
тәжірибелері бар еді. Олардың ішінде көрнекті рөль ойнаған А.Гамильтон, Дж.
Вашингтон, Д. Мэдисон, Э. Рандольф, Д. Уилсон.
Конституция билікті заң шығару, атқару және сот билігіне бөлшектеу
принципіне негізделген. Ол өте қысқа, оның көптеген баптары жалпы сипатқа
ие; осыдан АҚШ Жоғарғы сотының прерогативі болып табылатын оны
түсіндірудің ерекше маңыздылығы.
Америка Құрама Штаттарындағы заң шығару билігі парламент -
Конгрестің қолында, ол екі палатадан тұрады: жоғарғысы – сенат, оның
мүшелері 6 жылға сайланады және әр екі жылда оның құрамы 1/3 жаңартылып
тұрады. Бұл палатаның төрағасы елдің вице-президенті болып саналады.
Қазіргі кезде сенатқа сайлау тікелей түрде өтеді, алғашқы кезде оның
мүшелерін штаттардың заң шығару жиналыстары – легислатуралар сайлайтын
еді;
Өкілдер палатасының мүшелері екі жылға сайланады. Бұл палатаның
төрағасы спикер деп аталады.
Екі палатының өкілеттіктері тең болып саналады, бірақта тек сенат ғана
халықаралық келісімдерді ратификациялайды және президентті қызметке
тағайындай алады. Заң шығару бастамасы екі палата мүшелеріне тиесілі.
Конгрестің негізгі функцияларына мыналар жатады:
- біріншісі – заңдарды қабылдау мен бюджетті бекіту;
- штаттараралық және шетел мемлекеттерімен сауданы реттеу;
- сыртқы және ішікі саясатты жүргізу: конгресс соғыс жариялау, қары-
здар туралы шарттар жасасу, армия мен флотты жинақтап оны қаржылау
құқығына ие.
Америка Құрама Штаттарындағы атқару билік президенттің қолында, ол
мемлекет және үкімет басшысы болып есептеледі.
16
Бастапқыда президент жанама жолмен сайланды - оны штаттардың
тұрғындары сайлайтын таңдаушылар алқасы сайлайтын еді. Қазіргі кезде
президенттік сайлау жанамадан тікелей сайлауға айналды.
Мемлекет және үкімет басшысы ретіндегі американ президентінің
өкілеттіктері:
- парламент қабылдаған заң жобаларына қатысты кейінге қалдыруға
құқылы, оны президенттік вето деп атайды;
- заңнамалық бағдарламасы бар жолдауларды Конгреске ұсынады;
- бюджеттің жобасын жасайды;
- елдің қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы;
- халықаралық шарттар мен атқарушы келісімдер жасасады (олар Пар-
ламенттің келісімінсіз және мақұлдаусыз жаслатын келісім-шарттар);
- нақты әскери қимылдарды бастау туралы шешім қабылдайды;
- өзіне бағынышты мемлекеттік аппаратқа сүйене отыра, елді басқара-
ды, әкімшілік өкімдер жариялайды;
не
- жоғары лауазымдарға тағайындайды;
- үкімдерді кешірім жасауға және орындауды кейінге қалдыруға
құқығы бар.
Америка Құрама Штаттарындағы сот билігі Жоғарғы соттың қолында.
Сот билігі қатарына федералдық соттар, штаттар соттары және жергілікті
соттар жатады. Жоғарғы сот басқаратын федералдық соттар жүйесін,
аудандық және аймақтық (апелляциялық) соттар құрады. Федералдық
соттардың барлық судьяларын Сенат келісімімен және мақұлдауымен
Президент тағайындайды. Ең маңызды істер бойынша алқабилер соты
енгізіледі.
Жоғарғы сот кейбір маңызды мәселелерді шешуде жоғарғы инстанция
болып есептеледі, ол одан төмен тұрған соттардың қызметін бақылайды,
сондай-ақ конституциялық қадағалау функцияларын орындайды.
АҚШ-да «Құқықтар туралы билль» деп 1787 жылғы Конституцияға
енізілген алғашқы 10 түзетуді атайды:
-жеке тұлғаның бостандығы, діни сенім, сөз және баспасөз бостандығы,
халықтың бейбіт жиналу және Үкіметке петициялармен жүгіну құқығы
туралы - бірінші түзету;
-халықтың қаруды сақтау және алып жүру құқығы туралы - екінші
түзету;
-бейбіт уақытта сарбаздарды мәжбүрлеп орналастыруға тыйым салу
туралы - үшінші түзету;
-жеке адамға, тұрғын үйге, қағаздар мен мүлікке қол сұғылмаушылық
туралы - төртінші түзету;
-алқа билер соты және іс жүргізу кепілдіктері туралы, жеке меншікті
өтеусіз алып қоюға тыйым салу туралы - бесінші түзету;
-алтыншы, жетінші, сегізінші түзетулер процессуалдық принциптер
және кепілдіктерге арналған, онда алқабилер сотының қатысуымен
қарастырылатын қылмыстық және азаматтық істер шеңбері белгіленеді. Бұл
17
түзетулер шамадан тыс салықтар мен айыппұлдарды енгізуге, сондай-ақ,
қатыгез және ерекше жазаларды қолдануға тыйым салады;
-тоғызыншы түзету Конституцияда тікелей көрсетілмеген азаматтар –
құқықтарын шектеуге жол бермеу принципін белгіледі.
Оныншы түзету азаматтық құқықтарға қатысты емес.
1787 жылғы Конституцияның мәтінінде азаматтық құқықтар және
еркіндіктерге арналған жеке тарау болмағандығы, халықтың демократиялық
бағыттағы тобының наразылығын тудырды. Сондықтан Д.Мэдисонның
үсынысы бойынша, 1789 жылдың маусым айында 1787 жылғы Конституцияға
тарихқта «Құқықтар туралы билль» атауымен белгілі 10 түзету енгізілді. 1791
жылдың желтоқсан айында бұл түзетулер бекітіліп, күшіне енді.
Достарыңызбен бөлісу: |