1
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРІНІҢ
ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ
1640-2019 ЖЖ.
(Дәрістер курсы)
1-дәріс. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі
заман тарихы курсына кіріспе
1. Пәннің мақсаты мен міндеттері
2. Жаңа заман тарихының Еуропа тарихында алатын орны мен маңызы
3. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихының хронологиялық
шеңбері мен кезеңдері
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінің
мақсаты - тарих мамандығы бойынша оқитын студенттерге капиталистік
қатынастар пайда болуынан бастап - ХХІ ғасырдың басындағы Еуропа және
Америка елдерінде орын алған елеулі өзгерістер және тарихи оқиғалар туралы
сипаттама беруге және танып-білуге мүмкіндік береді. Студенттер дүние
жүзіндегі жетекші елдердің ішкі және сыртқы саясаттарында орын алған
принциптік өзгерістер, экономика мен халықаралық қатынастардағы, жалпы
қоғам өміріндегі жаңа құбылыстар мен тенденциялар туралы мағлұмат алады.
Бұл курсты оқу барысында студенттер жаңа және қазіргі замандағы орын
алған елеулі оқиғалар, жекелеген елдердің қоғамдық, саяси өміріндегі
өзгерістер мен саяси-экономикалық даму тенденциялары, дамыған
капиталистік державалардың біріншілік үшін ұмтылысы, дүниені қайта бөлісу
үшін болған I-ші және ІІ- дүниежүзілік соғыстар, дүниежүзілік халықаралық
қатынастардың басты мәселелері туралы мағлұматтар алады.
Дәріс курсының методологиялық негізі - Еуропа және Америка
елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихын оқыту мен тарихқа жүйелі көзқарас
қалыптастыру болып табылады, бұл зерттелетін проблематиканы XV
ғасырдан бастап индустриалдық және постиндустриялық қоғамның қалыптасу
тарихы, эволюциясы, халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесінің
қалыптасуынан – «қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейінгі халықаралық
қатынастардың жаңа жүйесінің пайда болуына дейін қарастыруға мүмкіндік
береді.
Дәріс курсының міндеті - тарихи үрдістің заңдылықтарын анықтау,
жаңа және қазіргі заманның хронологиялық кезеңіне сәйкес Ұлы жағрафиялық
ашуларынан бастап - ХХІ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтитын Европа
және Америка елдеріне ортақ мәселелер мен үрдістерді талдау болып
табылады. Жаңа және қазіргі заман тарихының кез-келген кезеңіндегі тарихи
2
процестің біртұтастылығы мен оның заңдылықтарын, негізгі елдер мен
аймақтардың даму ерекшеліктері туралы көзқарас қалыптастыру.
Дәрісті дайындау барысында ХХ ғасырдың басында қуатты елдер
қатарында болған Германия, Франция, Ұлыбритания, Америка Құрама
Штаттары, Италия және Ресей сияқты елдердің ішкі саяси дамуын,
экономикалық жағдайын, әлеуметтік саладағы жетістіктері мен кемшіліктерін,
сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарын, осы елдердің өзара қарым-
қатынастарында жалпыға бірдей болған үрдістер мен мәселелерді айқындауда
көптеген тарихи зерттеулер мен құжаттарға, ғылыми әдебиеттерге сүйендік.
Дәріс курысында Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
кезеңіне, яғни 1945–2019 жылдардағы Еуропаның жетекші елдеріндегі және
АҚШ мемлекетіндегі аса маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық
мәселелерге жан-жақты сараптама жасау мақсаты қойылған.
Сонымен қатар курс барысында студенттер, Еуропа және Америка
елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихына қатысты негізгі тірек сөздері мен
терминдермен таныстырылады.
Жаңа заман тарихының Еуропа тарихында алатын орны мен маңызы.
Еуропа үшін жаңа заман (XV - XIX ғасырлар) қоғам дамуындағы маңызды
тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи оқиғаларға,
мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман - өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап
алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең
алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның
дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық
өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым -
адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін
байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен
қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны
өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында
басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.
XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені
танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты
қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп
кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді.
Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты
айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы
орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік
тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де
санасып отырды.
Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза
атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер
Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін
жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі
бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін
бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен
3
араласты. XVII ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа
болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп
сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени
құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан
бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес
мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі
мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында
қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды.
Ойымыз дәлелді болу үшін, ғылым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді
қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші.
Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646-
1710) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI
ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастарының бірдей болып шығуын
қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы
біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында
«айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-
теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория
болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын - замана талабы,
қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын
болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани
тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын
немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-
дүниеңмен қабылдау болып табылады.
Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге
жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары
табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен
қатар XVI—XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық
және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және
саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр
ойшылдары: Гоббс, Локк, Спиноза, Гроций және т.б. болды.
Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл дәуірде әлем техникаландырыла
бастады, табыс пен байлыққа ұмтылыс бұрын-соңды болмаған қарқынға ие
болды, капитал күшіне енді. Ең бастысы - ғасырлар бойғы қалыптасқан өмір
салтының бұзылуы адамдардың санасын өзгертіп, жалпы мәдениеттің
дамуына өз ықпалын тигізді. Сондықтан да болар, қоғамда қандай терең
өзгерістер жүзеге асырылса да, жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен
толық шыға алмады. Оның үстіне Еуропалық өркениеттің алға басуы дүние
жүзінің басқа да халықтарын, соның ішінде көне мәдениеттің ошағы болған
ұлы халықтарды (Үндістан, Қытай, Мексика және т.б.) ашықтан-ашық тонау
есебімен жүзеге асырылды. Өркөкірек еуропалықтар өздерінің өркениетгі-
мәдениетті елдерге айналуына тікелей әсер еткен бұл мемлекеттердің мәдени
ықпалын тез арада ұмытып кетті. Еуропалықтар «ұлы географиялық ашулар
заманын» басынан кешірді, жаңа жерлерді игерді, талай мемлекеттерді
экономикалық тәуелділікте ұстады. Бірақ, өкінішке орай, олар жаңа жерлерді
4
игергенмен, халықтардың рухани байлығын игеруді қажет деп санамады.
Демек, жаңа еуропалық мәдениетті бір жақты қарастыруға болмайды. Оның
шоқтығы биік мәдениет екендігін мойындай отырып, оның қарама-
қайшылықтарын, ақтаңдақтарын да шындық тұрғысынан көрсете білуіміз
қажет.
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының
негізгі мәселелерін қарастырғанда негізгі методологиялық мәселе болатын -
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының
кезеңделуі. Ұсынылып отырған дәрісімізде біз мынадай кезеңдеуге
негізделдік:
1. XV ғ. - 1870 жж. қамтитын Еуропа және Америка елдерінің жаңа
Достарыңызбен бөлісу: |