Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет7/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

1812 жылы Ресейге жасалған жорық. Наполеонның Ресейге жорық 
жасаған жасаған жолы, толық апатқа ұшырады. Француз буржуазиясы дү - 
ние жүзіне үстемдік етуге тырысып бақты. Ол қуатты Ресейден қауіптенді, 
сөйтіп Ресейдің күшін Англияға қарсы күреске пайдалану үшін, оны жеңіп 
алмақ болды. 640 мың адамы бар армияны қаруландырып, Наполеон Ресей 
жеріне баса-көктеп кірді. Ресейге қарсы соғысуға зорлап жиналған бұл 
армияда француздардан басқа, неміс, итальян, поляк солдаттары болды.
Соғыстың алғашқы кезінде Ресейдің батыс шекарасында орыс әскерлері 
аз болды, оның үстіне олар бүкіл шекараның бойына бытырап орналасып 
жатты. Сондықтан шегінуге тура келді. Можайскіге жақын Бородино 


28 
селосының түбінде орыс армиясы Наполеонның ңегізгі күшімен шайқасқа 
шықты. 1812 жылдың 7 қыркүйегінде болған Бородино шайқасы ұзаққа 
созылған, табан тірескен, шайқастардың бірі болды, бұл Наполеонның басты 
шайқастарының ішінде тұңғыш рет жеңіліске ұшырағаны еді. Бірақ орыс 
әскерлерінің резервтері болмады. Сондай-ақ Наполеон бір гвардияны ұрысқа 
қоспай сақтады және әскерін қосымша күшпен нығайтып отырды, Кутузовка, 
Москваны жауға қалдырып, шегінуге тура келді. Француз әскерлері Москваны 
басып алған күннің ертеңінде қалада үлкен өрт басталды. Азық-түлік іздеп, 
Москвадан сыртқа шықпақ болған француздарға орыс әскерлері бас 
көтертпей, соққы берді. Француз әскерлерінің Москвадан шегінуіне тура 
келді. 
Наполеон Ресейдің Оңтүстігіндегі азық түлігі мол облыстарға карай 
Калуга жолымен шегінбек болды. Бірақ орыс әскерлері Малоярославец 
түбінде Наполеон әскерлерінің алдынан шығып, жолын бөгеді. 
Малоярославец сегіз рет қолдан-қолға көшті, ең ақырында Наполеон Калуга 
жолын Кутузов бастаған 80 мың солдаты бар орыс армиясы бітеп тастағанын 
білді. Наполеонға Смоленскіге карай француз әскерлері тып-типыл етіп, түк 
қалдырмай тонап кеткен жол бойымен шегінуге тура келді. Француздардың 
соңына түсе отырып, орыс армиясы мен партизандар оларға өлтіре соққы 
берді. Қыс түсіп, аяздың қысуы Наполеонның армиясының қалғанының 
қырылуын тездетті. 
Наполеон соғыстан ұтылғанын көріп, қырылып жатқан армиясының 
қалғанын тастады да, күймемен Германияны басып өтіп, 12 күнде Парижге 
жетті. «Армия қайда?»-деп сұрады одан жұрт. «Армия жоқ», - деп жауап берді 
ол, Наполеонның зор армиясын орыс халқы, ұлы колбасшы, тамаша патриот 
М.И. Кутузов бастаған қаһарман армия түгелімен құртып жіберді. 
Француз әскерлерінің Ресейде жеңілуі француз империясының күш-
қуатын талқандауда зор роль атқарды. 1812 жылғы шетел шапқыншылы- 
ғына қарсы жүргізілген соғыс тарихқа әділетті, Отан соғысы болып енді. 
Шаруалар армия қатарында ерлікпен күресті, партизан отрядтарына қосылды. 
Бірақ халық шетел жаулап алушыларынан отанды азат ету үшін құрбан болып 
жатқан кезде, патша мен помещиктер өз өкіметін аман сақтап қалып, оны 
күшейте беруге ұмтылды. Кутузов партизан қозғалысын қуаттаса, патша мен 
помещиктер оның өрістей түсуіне бөгет жасады. 
Орыс әскерлерінің шетелдік жорығы. Өз өкіметін сақтап қалмақ болып, 
Наполеон жаңадан жиналған, үйретілмеген адамдардан жаңа армияны әзер 
дегенде құрды. Бұл кезде Германияны Наполеон езгісінен азат еткен орыс 
армиясы Берлинге кірді, бұларды халық құшақ жайып қарсы алды. 
Наполеонның Ресейде жеңілуімен және орыс армиясының Берлинге кіруімен 
байланысты, онда француз басқыншыларына қарсы ұлттық қозғалыс күшейе 
бастады. Француздардың асығыс жиналған жаңа армиясы 1813 жылы Лейпциг 
түбіндегі төрт күнге созылған «халықтар шайқасында» тағы жеңілді. Мұнда 
француз әскеріне қарсы Ресейдің, Пруссияның, Австрияның, Швецияның 


29 
әскерлері шайқасты. Шегінген француздар ұзамай-ақ қашуға айналды. 
Лейпциг түбінде 100 мыңнан астам адам өлді, оның 60 мыңы француздар еді. 
1814 жылдың 1-ші қаңтарына қараған түні одақтастар армиясы Франци- 
цияның шекарасынан өтті, сонан соң науырыз айының аяғында Париж- 
ге барып кірді. 
Наполеонды еріксіз тағынан тайдырды. Ол Корсика мен Апеннин 
түбегінің аралығындағы 223 шаршы километрлік кішкентай Эльба аралына 
жер аударылды. Наполеонды Эльба аралының билеушісі етті, тіпті оған мың 
солдат қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет