Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Сурет: Ластау үшін жасалатын төлемақы табыстарының деңгейіне пайыздық



Pdf көрінісі
бет129/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   195
kazakhstanII.KAZ

6.2 Сурет: Ластау үшін жасалатын төлемақы табыстарының деңгейіне пайыздық 
арақатынаста берілген, қоршаған ортаны қорғауға 2002–2006 жылдарда жұмсалған 
жергілікті шығындар 
 
Дерек көзі: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі; Қазақстандық 
экология жəне климат ғылыми-зерттеу институты (Қаз ЭК ҒЗИ). 
Жаһандық экологиялық қор 
2000-2007 жылдар арасында бір елдің қатысуын көздейтін қазақстандық 11 жоба мақұлданды. 
Ұсынылған гранттардың жалпы көлемі 37,6 миллион долларды құрады. Жобалар Қазақстан 
Республикассы Үкіметінің тарапынан қаржыландырудың елеулі көлемдерін көздейді. 
Мақұлданған жобалардың тақырыптамалық салалары биоалуантүрлілікті, климаттың өзгеруін, 
жердің тозуын, озон қабатының сарқылуын жəне тұрақты органикалық ластаушыларды (ТОЛ) 
қамтиды. Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жобаны қаржыландыруға қатысты ЖЭҚ грантын 
атап өту керек (2003–2009 жж.) жобаның жалпы бағасы - 9,7 миллион доллар. 
Бұған қосымша, Қазақстан ЖЭҚ мақұлдаған 2000-2007 жылдарға арналған 12 ортаазиялық 
аймақтық жобалардың шеңберінде көмек алды, бұлар басқалардың ішінде, Каспий теңізінің 
қоршаған ортасын қорғауға, жердің тозуымен күрес жүргізуге жəне биоалуантүрлілікті 
қорғауға бағытталды.
БҰҰ экономикалық комиссиясының Африкаға (ЭКА) арналған ЖЭҚ гранттық 
қаражаттарының сəйкес көлемі 56,4 миллион долларды құрады.
 
Дүниежүзілік Банк 
2007 жылдың соңына қарай қолданыстағы 4 экологиялық жоба болды, олар Халықаралық 
қайта құру жəне даму банкінің (ХҚДБ) Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарыздар беруін 
көздейді:
• 
Ормандарды қорғау жəне қалпына келтіру жөніндегі жоба ( 2005 жылы қарашада 
бекітілді жəне 2012 қарашаға дейін есептелген), Дүниежүзілік банктің 30 миллион доллар 
мөлшерінде қарыз беруі міндеттемесін қоса есептегенде, жалпы бағасы 63,8 миллион доллар; 
• 
Нұра өзенін тазарту жобасы (мамыр 2003 ж. – қыркүйек 2009 ж.) ХҚДБ 40,4 миллион 
доллар қарыз беруін қоса есептегенде, жалпы бағасы 67,8 миллион АҚШ доллары; 
0
5
10
15
20
25
30
проц
ен
ты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет