ҚҒ тбд 2014 пу 5 Редакция №2


Ішкі бақылау жүйесінің мақсаттары, міндетері мен ұстанымдары



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі299.5 Kb.
#125054
1   2   3   4   5   6


    1. Ішкі бақылау жүйесінің мақсаттары, міндетері мен ұстанымдары


  1. Аталған Ереже ішкі бақылау жүйесін келесі үш негізгі облыстар бойынша қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған ішкі бақылау жүйесі қатысушыларының іс-әрекеттері деп таниды:

  1. Операциялық қызмет (жоспарлау және экономикалық талдау, сатып алулар, закупки, займдарды алу және беру, инвестициялық қызмет, тарифтер, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсідік техникасы, қазынашылық, АТ басқару);

  2. қаржы және басқару есептілікті қалыптастыру (табыстар мен шығыстар, негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық қорлар есебі, жұмысшылармен есеп айырысу, қаржылық есептілікті дайындау мен шоғырландыру, салықтар есебі);

  3. заңнаманың талаптарын және ішкі нормативтік құжаттарды орындау.

  1. Ішкі бақылау Қоғамның ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарына жетуіне арналған ақылға сыйымды сенімділікке жетуге бағытталған және келесідей негізгі міндеттері бар Қоғамның ішкі бақылау жүйесін құру арқылы жүзеге асады:

  1. Қоғам қызметінің тиімділігі;

  2. Қоғамның активтерін, ақпараттарын және ресурстарын тиімді пайдаланудың бүтіндігі;

  3. Қоғамның қаржылық және басқару есептіліктерінің толықтығы, сенімділігі және нақтылығы;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасының және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;

  5. тәуекел менеджменттің ұтымды жүйесін енгізу және қолдау есебінен қауіптерді азайту;

  6. негізгі және қосымша бизнес-процестерінің тиімді қызмет етуін бақылау және қызмет нәтижелерін талдау;

  7. оңтайлы ұйымдық құрылымды қалыптастыруға әрекет ету және т.б.

  1. Қоғамның ішкі бақылау жүйесі бірлескен басқару жүйесінің құрама бөлігі, Қоғамның барлық басқару деңгейінде, барлық ішкі процестері мен операцияларында орын алады.

  2. Ішкі бақылау жүйесі Қоғамның процестеріне және күн сайынғы операцияларына жалғасады, қабылданған немесе қабылдануы тиіс және қауіптерге жылдам қарсы тұруға қабілетті болуы тиіс іс-шараларды түзету бөлшектерімен бірге, бақылаудың кез келген маңызды кемшіліктері мен осал тұстары туралы тиісті басқару деңгейінен дереу ақпарат беруге арналған рәсімдерді қамтиды.

  3. Ішкі бақылау жүйесінің сенімді және тиімді қызмет етуі Қоғамның барлық деңгейдегі лауазымды тұлғалары мен жұмысшыларының тұрақты әрекет етуін қажет етеді.

  4. Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесі келесі принциптерге құрылады:

  1. тұтастық - ішкі бақылау жүйесі Қоғамның барлық деңгейдегі басқару жүйесінің құрама бөлігі;

  2. кешенділік - ішкі бақылау жүйесі қоғамның барлық бағыттағы қызметін, басқару жүйесінің барлық деңгейін және барлық бизнес-процестерді қамтиды;

  3. үздіксіз функциялау – ішкі бақылау жүйесінің үнемі және тиісінше функциялауы жоспарланған деректерден кез келген ауытқудың уақытылы алдын алуды және айқындауды мүмкін етеді;

  4. жауапкершілік - ішкі бақылау жүйесінің барлық қатысушылары Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген өз құзыреттері шеңберінде бақылау рәсімдерін тиісті деңгейде орындауға жауаты;

  5. міндеттерді бөлу – Қоғам бақылау функцияларының қайталануын болдырмауға тырысып отыр және бұл функциялар операцияларды ескеріп, белгілі активтермен операцияларды бекітумен, активтердің бүтіндігін қамтамасыз етумен және оларды түгендеуді жүргізумен байланысты функцияларды бір адам біріктірмейтіндей етіп, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмысшылары арасында үлестірілуі тиіс.

  6. ішкі бақылау жүйесінің барлық субъектілерінің есеп беруге тиістілігі – әрбір тұлғаның бақылау функцияларын орындау сапасын ішкі бақылау жүйесінің басқа субъектісі бақылайды;

7) әдістемелік базаның бірлігі – ішкі бақылау аясындағы стандарттарды Қоғамның барлық еншілес және тәуелді ұйымдарына қолдануға бірегей тәсіл;

8) операцияларды тиісті мақұлдау және бекіту – Қоғам өкілетті органдар мен тұлғалардың тиісті өкілдіктері аясында барлық қаржылық-шаруашылық операцияларды бекіту тәртібін орнатуға тырысып отыр;

9) ішкі бақылау жүйесінің әлсіз тұстары және кез-келген қауіпті кемшіліктер жөнінде дер кезінде хабарлау – Қоғам ішкі бақылау жүйесінің әлсіз тұстары және кез-келген қауіпті кемшіліктер бойынша шешім қабылдайтын органдар және/немесе тұлғалар үшін ақпаратты дер кезінде эеткізу бойынша ең қысқа мерзімді бекітуге ұмтылады;

10) үздіксіз даму және жетілдіру – қолданыстағы ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді және оларды үнемі жақсарту аясын айқындауға, сондай-ақ қолданыстағы түзетуші іс-шараларды қолдануға және олардың орындалуына бақылауға бағытталған процедура.



  1. Қоғамның ішкі бақылау жүйесі COSO «Ішкі бақылау – Интеграцияланған модель» моделіне сәйкес құрылады және өзара байланыты бес компоненттен тұрады:

  1. Бақылау ортасы;

  2. Тәуекелдерді бағалау;

  3. Бақылау рәсімдері;

  4. Ақпарат және оны беру;

  5. Мониторинг.

  1. Аталған ереже ішкі бақылау рәсімдерін лауазымды тұлғалармен және ішкі бақылау жүйесі қатысушыларымен өзара байланыты бес компоненттер бойынша жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

  2. Аталған ережеде көрсетілген рәсімдер мен жолдарды ішкі бақылау жүйесіне қатысты барлық жұмысшылар орындауы тиіс. Аталған ереженің кейінгі бөлімдері Қоғамның ішкі бақылау жүйесі шеңберінде қызмет ету және өзара әрекет ету тәртібін баяндайды.
    1. Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру


  1. Қоғамда ішкі бақылау жүйесіне кіретін органдардың құзыреті Қоғамның Жарғысына сәйкес олардың ішкі бақылау жүйесін әзірлеу, бекіту, қолдану және бағалау процестеріне қатынасына байланысты шектеледі.

  2. Директорлар кеңесі және Қоғам Басқармасы Қоғам қызметкерлеріне Қоғам қызметінің барлық басқару деңгейлері мен бағыттарындағы этикалық нормаларды ішкі бақылаудың және сақтаудың маңыздылығын көрсететін және демонстрация жасайтын бақылау ортасын құруды қамтамасыз етеді.

  3. Директорлар кеңесі тәуекелге бағытталған тәсілді қолдана отырып, Қоғамның ішкі бақылау жүйесі тиімділігін бағалау, ұйымдастыру және бақылау үшін жауапты болып табылады.

  4. Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесі туралы Ережені қабылдайды, оған қатысты барлық өзгертулер мен толықтыруларды қабылдайды және оны жетілдіру жөніндегі шараларды қабылдайды.

  5. Ішкі аудит комитеті ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге және оны жетілдіру жөніндегі шаралар дайындауға жауапты.

  6. Ішкі аудит қызметі Қоғамның ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде шығады және ішкі бақылау жүйесін қойылған мақсаттарға, міндеттерге және берілген өлшемдерге сәйкестігін тексеру үшін тікелей бағалап, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жұмыс нәтижелерін Директорлар кеңесіне жуне Ішкі аудит комитетіне тапсырады.

  7. Қоғамның Басқармасы Директорлар кеңесімен бекітілген Ішкі бақылау жүйесі туралы ережені дайындайға және енгізуге, ішкі бақылау жүйесінің сенімді және тиімді қызмет етуіне, ішкі бақылау жүйесін қадағалауға, ішкі бақылау рәсімдерін жетілдіруге жауапты.

  8. Комплаенс–бақылаушы мақсаттарға жету үшін келесідей функцияларды орындайды:

1) Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестігін бақылап қадағалайды;

2) Қоғам қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына қарсы келмеуін және оның салдарын бақылайды;

3) Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарына сәйкес Қоғам құрылымдық бөлімдернің құзыретті органдарға есептіліктер мен ақпаратты тапсыру бойынша қандай бақылау жүргізетіндігін бақылайды;

4) Қазақстан Республикасы заңнамаларына мониторинг жүргізуді бақылайды, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын реттеуші заңнамаларына мониторинг жүргізуді бақылайды және оны жауапты құрылымдық бөлімдерге заңнамаларға енгңзңлген өзгертулер мен толықтыруларды сәйкес түсіндірмелермен жеткізеді;



  1. Комплаенс – бақылаушы Қоғам Басқармасын Қоғамның құрылымдық бөлімдері мен жекелеген жұмысшыларының қызметінде анықталған кемшіліктерді, сондай-ақ Қоғамның құрылымдық бөлімдерінің басшыларының кемшіліктерді жою үшін қолданған шаралары немесе шараларды қолданбағаны жөнінде хабарлайды.

  2. Бизнес-процестердің иелері бақылау рәсімдерін жасауға, құжаттауға, енгізуге, бақылауға және жетілдіруге, сондай-ақ өзіне сеніп тапсырылған бизнес-процестер бойынша өз құзыреті шеңберінде ішкі бақылау жүйесінің тиімді қызмет етуіне жауапты.

  3. Құрылымдық бөлімдердің басшылары өзіне сеніп тапсырылған қрылымдық бөлімдерде лауазымды міндеттеріне сәйкес бақылау рәсімдерін енгізуге, бақылауға және жетілдіруге, ішкі бақылау жүйесінің тиімді қызмет етуіне жауапты.

  4. Қоғамның Тексеріс және бақылау департаменті бизнес-процестердің иелеріне бақылау рәсімдерін жасау, құжаттау, енгізу, бақылау және жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсетуге және ішкі бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған шаралар жоспарын жасауға, оның орындалуы бойынша есептілік қалыптастыруға, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде ішкі бақылау жүйесінің жоғары қатысушыларының шешімдерін жүзеге асыруға жауапты.

  5. Тексеріс және бақылау департаменті Қоғамның құрылымдық бөлімдерінің қаржы-шаруашылық қызметіне ішкі тексерулер жасауға және тексерулер нәтижесі бойынша кемшіліктерді анықтауға жауапты және Қоғамның бизнес-процестері бойынша бақылау рәсімдерін жетілдіреді, сондай-ақ, тексеру объектілері мен жасалған кемшіліктерді жоюға бағытталған түзету және алдын алу іс-әрекеттерінің жоспарының орындауын қадағалайды.

  6. Қоғам өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарында қалыптасқан тәртіпке сәйкес осындай ішкі бақылау жүйесі туралы ережені жасау үшін арнайы шаралар қабылдайды.

  7. Қоғам қажетті деңгейде еншілес және тәуелді ұйымдарда ішкі бақылау жүйесін қалыптастыруға әрекет етеді .

  8. Қоғам қалыптасқан тәртіпке сәйкес, сондай-ақ Қоғамның акционер ретінде ақпарат алу құқығын қолдана отырып, ншілес және тәуелді ұйымдарда ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қадағалайды.


2 ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ КОМПОНЕНТТАРЫ


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет