Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы


Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы



бет8/55
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460991
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55
Квалиметрия

Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы

Дәрістің жоспары:


1 Өнеркәсіптік өнімдердің жіктелуі
2 Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуі

1 Өнеркәсіптік өнім дегеніміз тұтынушының олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен пайдалануға арналған және пайдалы қасиеттерге ие болатын еңбектің қызметтік процесінің материалданған нәтижесі.


Барлық өнеркәсіптік өнім оның сапа деңгейін бағалау мақсатымен 2 негізгі класқа бөлінеді.
1 Пайдалану кезінде шығындалатын немесе жұмсалатын өнім
2 Өз ресурстарын шығындайтын өнім
Тағам өнімдерінің жартылай фабрикаттарын жасау кезінде қолданылатын шикізат бірінші класс өніміне жатады. Бірінші класс үш топқа, ал екінші класс екі топқа бөлінеді.
Бірінші топ – пайдалану кезінде шығындалатын өнімдер.
Екінші топ – материалар мен өнімдер.
Үшінші топ – жұмсалатын бұйымдар.
Төртінші топ – жөнделмейтін бұйымдар.
Бесінші топ – жөнделетін бұйымдар.
Бірінші топқа шикізаттар, табиғи жаңармай. Мысалы: газ, пайдалы тыңайтқыштар,көмір, т.б жатады.
Екінші топқа материалдар мен өнімдер. Мысалы; бензин, химиялық өнімдер, құрылыс материалдары, медицина препаратары және үшінші топқа кірмейтін тағам өнімдері кіреді.
Үшінші топқа бөшкедегі сұйық жаңармайлар, баллондағы газ, жіп, дәрілер, парфюмерлі косметикалық тауарлар, өнеркәсіптік буыптүйілген өнімдер, банкідегі консервілер, кондитерлік бұйымдар, оралған тағам өнімдері.
Бұйым деп өнеркәсіптік өнімнің бірлігін айтады. Ол бір немесе бірнеше пәннен тұрады. Мысалы: радиоқабылдағыш, автомобиль, телефон, телевизор, с.с.
Шығындалатын бұйым өнеркәсіптік өнім бірлігі, бірақ оның саны үзілмейтін шамалардан саналады (кг, м, см), бірақ ол арнайы өнеркәсіптік орамаларға салынып шығарылады. Әрбір орама шығындалатын бұйым болып саналады. Мысалы: қорапша, канистра, бөтелке, т.с.с. Шығындалатын бұйымға мысал ретінде қорапқа салынған үгітілген кофе және бөтелкедегі сусындар жатады.
Төртінші топқа – жөнделмейтін бұйымдар жатады. Көбінесе машина бұйымдары, гайкалар, подшипниктер, кірпіштер.
Бесінші топқа – жөнделетін бұйым жатады. Мысалы: технологиялық құрал жабдықтар. Тасымалдауыш машиналар мен құралдар, тұрмыстық аспаптар.
Сонымен бірінші класс өнімдері тұтыну процесі кезінде шығындалады, яғни қайта өңдеудің қайталанбас процесі жүреді. Мысалы: жаңармайды алсақ оның жануы, ал тағам өнімдерін алсақ – тірі организмдермен сіңіп алуы. Ал, екінші класс өнімдерін қолданғанда, онда ресурстардың шығындалуы жүреді. Мұнда өнім техникалық жағынан тозғанша қолданылады.
2 Өнімнің сапа көрсеткіштерін шешілетін міндеттерінің мақсаты мен сипатына тәуелді, әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болады. Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуі 1 кестеде көрсетіледі.
1 кесте

Жіктелу белгілері

Сапа көрсеткіштері

1

2

1 Функционалдық маңыздылығы

1 Белгілену (технологиялық, экономикалық, технико-экономикалық)

2 Нысанды сипаттайтын қасиеттер бойынша

2 Сенімділік, эргономикалық көрсеткіштер, эстетикалық, технологиялық, тасымалдаушылық, унификациялау, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері

3 Жалпылық дәріжесі

3 Жалпы және жеке

4 Өндіріс процесіндегі функционалды рөлі

4 Нәтижелерінің пайдалығы

5 Басқару процесіндегі функционалдық рөлі

5 Жоспарлық (нормативтік) және бағалық

6 Нысанды сипаттайтын қасиеттердің саны

6 Кешенді, топтық жалпыланған, интегралды

7 Ұсыну формасы мен мәні және көрсеткіштерді анықтау кезеңдері

7 Болжаулы, жобалы, өндірістік технологиялық және пайдалану техникалық

1

2

8 Бағалау үшін қолдануы бойынша

8 Базалық, бағаланатын өнімнің және салыстырмалы

9 Нысанды бағалаудағы маңызы

9 Негізгі және қосымша

Сонымен, өнім қолдану саласы бойынша өндірістік техникалық, халықпен тұтынатын тауарлары және әлеуметтік деп үшке бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет